2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚАРҚЫНЫ
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚАРҚЫНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ даласындағы ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны туралы мақала.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

қазақ даласындағы Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны


Автор: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Журналистика факультетінің студенті

Сәбитова Асылай

Кеңесші: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы

А.Н. Сагинаева


1920-1930 жылдары Кеңес үкіметі социалистік қоғам құру мақсатында ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатын жүргізді. Бұл саясаттың басты мақсаты – жеке шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіріп, оларды мемлекет меншігіне айналдыру болды. Ұжымдастыру Қазақстанда үлкен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге алып келді, бірақ оның салдары ауыр болды.

Ұжымдастыру бірнеше негізгі әдістер арқылы жүзеге асырылды. Бекен Қайратұлы өзінің «Қазақия қалай отарланды?» атты деректі-публицистикалық зерттеуінде: «Жаппай ұжымдастыру және байларды әлеуметтік топ ретінде құрту – қазақтарды жалпы ұлттық апатқа ұшыратты», - дейді. «Қазақ жерінде революцияға дейінгі ескі салттарды жою үшін ұйымдастырған арнайы іс-шаралар ойдағы нәтижені бермей жатыр-мыс»,- деп, «байлар һәм хан-сұлтандар ұрпағы Кеңес идеологиясын насихаттауға қарсы жұмыс жасап жүр. Ауылдар мен елді мекендерде үкіметке қарсы сөз сөйлеп, рушылдық пен ұлтшылдықты тудырып, республиканың мәдени және экономикалық дамуын тежеп тұр деп 1925 жылы қыркүйек айында қазақ даласына келе сала Ф.И.Голощекин «Кіші Қазанды» ұйымдастырғанын да айтады.

Сонымен қатар, «1931-1933 жылдардағы Қазақстандағы аштық пен ұжымдастыру» атты жинақта «таптық күресте кедей-кепшік, жоқ-жұтаңдарды тәуелділіктен босату үшін Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті және Халық Комиссарлар Кеңесі бұйрық шығарды. Бұйрықта: Қазақ АКСР-де (Адай округі және бұрынғы Жетісу, Сырдария губерниялары мен Қарақалпақ автономиялық облысының мақталы аудандарынан басқа) ауылды «советтендіруге» қарсы, әлі де феодалдық көзқарас ұстайтын барлық жергілікті байларды қудалау керек, делінген».

Тәркіленуге тиіс адамдарды Бекен Қайратұлының көрсетуінше үш топқа жатқызған: Бірінші топ төңкеріске қарсы адамдар, бұларды бірден тұтқындап, ісі сотқа берілді. Екінші топ ірі байлар жатқызылды. Бұл топқа енгендерді дереу тәркілеп, өздерін алыс аудандарға жер аударды. Үшінші топ байлардың отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыру аудандарындағы колхоздар бөлген жерлерге қоныстандырды. Осындағы бірінші топқа жаңа үкіметтің ісін жақтамайтын сауатты орта шаруа адамдарда іліккен.

Тәркілеу науқаны басқа республикаларға қарағанда Қазақстанда өте қарқынды жүргізілді. Зерттеуші Ә. Әбдәкімұлының мәліметінше, 1928 жылы еліміздегі шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ұжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни, ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70-тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылған екен.

Ұжымдастыру кезінде зорлықпен жиналған мал қаралмай жаппай қырыла бастады. Оның үстіне малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға кетті. 1929 жылы 1 қаңтардағы архив құжаттарындағы мәлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4,5 миллионы қалды.

Американдық тарихшы-зерттеуші Марта Брилл Олкоттың пайымдауына қарағанда, қазақтарды күштеп ұжымдастырудан бұрын Орта жүз қазақтарының әр отбасына шаққанда орта есеппен 100 шақты қой, 30-50 жылқы, 15-25 сиыр, 20-25 ешкі болған. Ал, жеке байлардың малында қисап жоқ делінсе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның алты облысында (Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстары) малдың саны 40 млн-ға жеткені жайлы ақпараттар сақталған.

Ал, 1916 жылы Қазақ жерінде 4 млн 340 мың жылқы, 733 мың түйе, 5 млн ірі қара, 18 млн қой-ешкі қалған екен. Бұл мал сол кездегі 6 млн қазақ халқы үшін аз дүние емес еді.

1916 жылы 4,3 млн жылқы болса, 1990 жылы 1,5 млн жылқы болған. Яғни, 2,9 есе кеміген. Әсіресе, 1921 жылғы аштық кезінде мал шығыны көп болды. 1923 жылғы санақ бойынша жалпы мал санының 1916 жылмен есептегенде тек 25-30 пайызы ғана қалған екен.

1928-1934 жылдар аралағында қазақ халқының қолындағы мал саны 7 есе кеміген. Қасым Тәукеновтың көрсетуінше, 1934 жылы жоғарыдағы қыруар малдан бар болғаны 1590 мың ірі қара, 2261 мың қой-ешкі, 440 мың жылқы, 80 мың түйе қалған.

Қазақстанда ұжымдастыру өте жедел қарқынмен жүрді. 1928 жылы басталған бұл процесс 1932 жылға қарай толық жүзеге асырылды. Осы кезеңде Қазақстандағы барлық шаруашылықтардың 70%-ы колхоздарға біріктірілді. 1929-1932 жылдар аралығында республикадағы мал саны 40 миллионнан 4 миллионға дейін күрт азайды. Көшпелі және жартылай көшпелі халық мәжбүрлі түрде отырықшылыққа көшірілді. Миллиондаған адам ашаршылыққа ұшырады, шамамен 1,5-2,3 миллион қазақ қырылды немесе шетелге босып кетті. Дәстүрлі шаруашылық жойылды – Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты тоқтап, қазақтардың экономикалық құрылымы өзгерді. Халықтың сандық және сапалық шығыны – Қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналды, себебі ашаршылық пен көші-қон нәтижесінде халық саны күрт азайды. Қазақ халқының рухани және мәдени күйзеліске ұшырауы – Ұжымдастыру кезінде діни мекемелер жабылды, қазақ зиялылары қуғын-сүргінге ұшырады.

Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты кеңестік экономикалық реформалардың ең қасіретті кезеңдерінің бірі болды. Бұл процесс социалистік ауыл шаруашылығын құру мақсатында жүргізілгенімен, қазақ халқы үшін орны толмас трагедияға айналды. Миллиондаған адамның өмірін қиған бұл саясаттың салдары ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүйесін жойды. Бүгінде бұл тарихи кезеңді зерттеу мен оған әділ баға беру маңызды.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі