Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ эпостары мен жырларын тарихи қолданудың ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұзақ уақыт дәурендеген отаршылдық езгі мен үстем саясат халқымыздың ұлттық саясат ойлау жүйесін орасан талқандап, жасқаншақ, құлдық психологияны ұлт санасына терең кірді. Ол ата-бабалырымыздан қалған, кейінгі ұрпаққа қалдырар рухани мұраны, ұлттық тұрғыдан, халық табиғатымен бірлестіре зерделегенде ғана туған әдебитініздің тарихы мен табиғатын тануда шындыққа жақындай түскендігімізді ойлатпады. Дегенмен де бұл жалпылық мән алатын, баршаға ортақ шындық емес. Ұлттық әдебиетімізді халқымыздың төл тарихымен сабақтастыра отырып зерттеп, әр дәуірдегі әдебиетті тексергенде, сол дәуірдегі барлық немесе басым көп санды әдеби нұсқалардағы ортақ ойын тауып, оны сол дәуірлік әдебиеттің сипатын анықтаудың өлшемі ету керек деп пікір білдірген ғалымдарымыз болды. Алайда бұл ізденістер өзінің заңды жалғасын таба қалды . Қаншалықты құнды болуына қарамай , бытыранды пікір күйінде қалып , ортақ теорияның тууына , дұрыс тұжырымның жасалуына қызмет ете алмады .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ эпостары мен жырларын тарихи қолданудың ерекшелігі

Кемпирова А.А.- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Нұр-Сұлтан қ. «ASTANA POLYTECHNIC» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»


Ұзақ уақыт дәурендеген отаршылдық езгі мен үстем саясат халқымыздың ұлттық саясат ойлау жүйесін орасан талқандап, жасқаншақ, құлдық психологияны ұлт санасына терең кірді. Ол ата-бабалырымыздан қалған, кейінгі ұрпаққа қалдырар рухани мұраны, ұлттық тұрғыдан, халық табиғатымен бірлестіре зерделегенде ғана туған әдебитініздің тарихы мен табиғатын тануда шындыққа жақындай түскендігімізді ойлатпады. Дегенмен де бұл жалпылық мән алатын, баршаға ортақ шындық емес. Ұлттық әдебиетімізді халқымыздың төл тарихымен сабақтастыра отырып зерттеп, әр дәуірдегі әдебиетті тексергенде, сол дәуірдегі барлық немесе басым көп санды әдеби нұсқалардағы ортақ ойын тауып, оны сол дәуірлік әдебиеттің сипатын анықтаудың өлшемі ету керек деп пікір білдірген ғалымдарымыз болды. Алайда бұл ізденістер өзінің заңды жалғасын таба қалды . Қаншалықты құнды болуына қарамай , бытыранды пікір күйінде қалып , ортақ теорияның тууына , дұрыс тұжырымның жасалуына қызмет ете алмады .

XIX,XX ғасырлардың өлaрасында өмір сүрген Ш. Уәлиханов, В.Радлов, Ы. Алтынсарин сынды қазақ халықының ауыз әдебиетін жинаумен шұғылданған ғалымдар өздері жинаған ауыз әдебиеті үлгілеріне жазған түсініктерінде қазақ әбиетінің тарихына қатысты теориялық тұрғыдан жалпылама пікірлер білдірген болатын . Ш.Уәлиханов қазақ халық поэзиясының түрлерін жіктей келе, «өлең қазақтың негізгі поэзиялық түрі емес, кейін татар поэзиясы арқылы кірген жаңалық, ол қазақтың жыр үлгісін ығыстырды деп қараған.»

Ол үшін қазақ әдебиетіндегі эпостарды, жырларды, аңыздарды тарихи дерек ретінде тарихи даму кезеңдеріне қарай жүйелеу қажет. Көне Қытай жазбаларында сақталған бұрын ескерусіз қалып келген деректерге талдау жасап, көне түрк әдебиетіне тән материалдарды іріктеп келтіріп, түсірудің маңызы зор.

Әр дәуірдегі әдебиеттің өзінен бұрынғы және соңғы дәуірдің әдебиетімен ұқтастығын анықтауға септігі тиетін дерек көздерін табуға құлшыныс жасаудың мүмкіндігі зор. Өткен дәуірдің әдебиетін сол тұстағы нақты тарихи - әлеуметтік шарт аймен салыстыра отырып, өзіндік белгілерін анықтаудан қаншама құнды тарихи алардың кезеңі, мерзімі, сатылары анықталатыны күмәнсіз .

Әдебиетті жалқы құбылыс ретінде қарамай, этностың рухани жақтан толысуы, этникалық сананың қалыптасу басқыштарымен бірлестіре қарайды. Халықтың өнер түрлері, діни сенімі, фәлсапалық көзқарастары, салт - дәстүрі, тарихи шежірелері әдебиетте айқын көрініс табатынын назарда ұстайды. Демек әр халықтың эстетикалық талғамы әр басқа болғандықтан, дүниені сезіну, түйсіну, оны қайтадан бейнелеу әдістері де әр басқа болады. Осы даралық бейнелеу қасиеті әдебиетте ғана емес, басқа өнер түрлерінде де, тұрмыста да көрініс табады. Ғалым бұған халық әдебиеті мен тілдік факторлардан тыс салт - дәстүр, жер аттары, ел аттары, түрлі бейнелеу өнерлерін жатқызып, «Ежелгі жырлардағы ерлік бейнелер, кісі ел аттары, олардың тарихи негізі», -деп, көркем шығарманың «тарихи, этнографиялық, әдеби негіздеріне» тұжырым жасайды. «Қазақтың халық өлеңдерінің жанрлық функционалдық ерекшеліктерін ашу, туу,даму,есею,кемелдену сатыларын анықтау үшін тарихи, әдеби, этнографиялық, археологиялық материалдарға сүйену керек. Ю. М. Соколов: «Халықтың поэтикалық творчествосын зерттеймін деген адам әрі фольклорист , әрі этнограф болу керек» дегенді тауып айтқан ғой . Әдебиет тарихын зерттеуде бұл аттап өтуге болмайтын шындық

Ә.Марғұлан осы ұстанымы бойынша қазақ эпостарын « архайникалық эпостар», «Оғыз -қыпшақ дәуірінің эпостары», «ХІІІ - ХІV ғасырлардағы Шыңғыс жорығына, Жошы ұлысына байланысты эпостар», «Жоңғарға қарсы күрес оқиғасына байланысты жырлар», «ХІХ ғасыр оқиғасына байланысты жырлар» деп жіктейді. Адамның сүреті салынған мүсін тасты халық сол кезден ерекше қадірлеген және бір ғажап жері – олардың аты тек қана мүсін таста сақталып қоймай, жер аттарына да қойылып отырған». Алайда «Қозы - Көрпеш» жырының жырлануы түркі дәуірінде болса да, ол сюжеттің тууы онан әлдеқайда ары, сақтар дәуірінде болған деген қорытынды жасайды.

Әр халықтың батырлық жыры ең алдымен сол халықтың басынан кешірген сан қина тарихи оқиғалармен тікелей байланысты. Бұлардың барлығы да ел тарихына, жер тарихына ғасырлар бойы қазақ даласында қоныс тепкендердің рухани дүниесіне үңіліп, елінің, жерін тарихынан хабардар болғысы келетіндер үшін ой саларлық жырлар .

М. Мағауин « XV – XVII ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары» ( 1965 ) аталатын зерттеу еңбегінде жыраулар поэзиясының қазақ әдебиетінің тарихындағы және қазақ халқының рухани өміріндегі орнын дөп басып көрсетуден тыс , жырауларды тарни сахнасына шығарған дәуірдің ерекшелігіне сәйкес, жыраулық поэзияның ішкі табиғаты мен даму басқыштарын өте тамаша ашып берген. Автогенді принцип негізінде жыраулар жырының ішкі көркемдік сапасына талдау жасаған.

Эпостық жырлардан біз қазақ халқының тағдыр – талайын, тарихи және көркем ойлау ерекшеліктерін, сонымен қатар рухани - интеллектуалдық деңгейін де байқаймыз. Эпос - мәдени құбылыс. Бірақ оның арқауында нақты бір ру, тайпалардың этникалық тарихы жатады. Осы белгісі мәдениеттің де белгілі дәрежеде этникалық қызмет атқаратынын байқатады. Эпостық жырлардың тарихилығын зерттеу, оларды тарихи дереккөз ретінде бағалау Т.А. Гуриев, В.Я. Евсеев, А.М. Линевский, И.Б.Молдобаев, Ж.Ш.Хошниязов еңбектерінен анық байқалады. Эпостың тарихилығын сөз еткен ғалымдар тұсында Н.И.Кравцов пікірлеріне де елеулі орын беріледі. Эпосты поэтикалық өңдеуден өткен туынды емес, тарихи айғақтың ел санасында сақталып дамуының айрықша жолы ретінде бағалаған ғалым: « В сербском эпосе упоминаются сотни городов , сел , областей , чем он отличается от эпосов других народов» [ 5 ; 107 6 ] - деп , мәселенің түйіні әр халықтың эпостық жырларнң табиғатына барып тірелетінін анықтаған. Соңғы ондаған жылдар көлемінде сонау бір жылдары ғылыми оралымнан шығарылып тасталған бұл бағыт қазақ эпостану ғылымынан да орын алып, күн тәртібіне қойыла бастады. Соның бірі - эпостың тарихилығы каһармандық жырлардың өмірде болған оқиғаларға қатысы және эпосты тарихи дереккөз ретінде пайдалану мәселесі де осы ғылыми арнамен сабақтасып жатады .

Қазақ халқының ертеден келе жатқан мұралары Қара Қыпшақ Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Едіге, Қамбар батыр « Ер Көкше », « Ер Қосай », « Ер Сайын» жырларын жатқызамыз. Бірнеше жырдан тұратын «Қырымның қырық батыры» деген үлкен көлемді эпопеяның өзі - ақ қазақ халқының қаһармандық жырға қаншалықты мән бергенін көрсетеді .

Батырлар жыры көбінесе Отанын сыртқы жаулардан қорғау, өз елін басқаларға тәуелді сшеу тілегін қамтиды, сол идеяны берік ұстайды.

Қазақ эпостарының қай - қайсысын алсақ та, қыпшақ, ноғайлы қазақтары қызылбастарға, қалмақтарға қарсы күреседі. Бұл жырлардың көпшілігінде ноғайлының жерін қалмақтың жаулап алмақшы болуына байланысты үлкен оқиғалар көрініс тапқан .

Жырларда қазақ тархының дерек көзі деп бірден таныған, зерттеулерінің иесі С.Сейфуллин жазатын: «... Орыстың кейбір тарихшылары: «Қазақтың ертеден ол туралы алғашқы қалған өзінің әңгіме - жырлары жоқ , Ертедегі батырлар жырлары деп өзінікі қылып жүргендері Ноғайдікі ... дейді » деген кезеңдер болған .

«Едіге» жырындағы негізгі оқиғалар өрiстейтiн мекен - Алтын Орда мемлекетінің шегі. Негізгі кейіпкерлер өмірде жасаған, өз кезінде кеңінен танылған нақты адамдар , бұлардың жырға өзек болған іс - әрекеті араласқан оқиғалары – тарихи шындық ауқымында . [ 6 ; 19 - б ]

«Қобыланды батыр» жырындағы оқиғалар қыпшақтар мен қызылбастар, қалмақтар арасында болды . Келтірілген эпостағы жер аттары, қыпшақ елі, бәрі де тарихи деректер. Демек, бұл жағынан жыр мен тарих арасында еш қайшылық жоқ. Бұл жырда аталған кез, ондағы оқиғалар шындыққа сәйкес келеді .

Олай деуімізге бірнеше дәлел келтірейік: «Қобыланды батыр» жырының Марабай, Мергенбай, Біржан, Досжан жырлаған нұсқалары қыпшақтар мен қызылбастардың арасында көп заманға созылған қарым - қатынастарды, алыс - тартыстарды көрсетеді. Қыпшақтардың Қобыланды бастаған батырларының шетелдік жау қызылбастарға қарсы жүргізген ерлік күресі суреттеледі. Сонда қыпшақ еліне бірінші болып ұрынатын Қызылбастың Қазан ханы болады. Мысалы , жырдың Мергенбай айтуындағы нұсқасында: «Қызылбасты елінен ,

Қазан деген ер шықты .

Жан білмеген жер шықты .

Ноғайлының көп елін ,

Ол жайпап , шауып жаншыпты .

Бағынбаған адамын

Қырып - жойып таусыпты ... » – делінеді .

«Қобыланды батыр» жырына арналған сын мақаласында Ә.Бөкейханов оны Тоқтамыстың тоғыз батырының бірі ретінде атап, XIV ғасырда өмір сүрген деп мөлшерлеген. Эпостық жырдың арқауында ежелгі ру - тайпалар тарихы жатады деген ойды М.Әуезов еңбектерінен де аңғарамыз. Эпос ноғайлы , қыпшақ , қырғыздар бір болып жүрген кездері туған деген ғалым халықтық топонимияға сүйеніп , Қобыландыны тарихта болған адам деп біледі. Жалпы қазақ эпосындағы батырлар тұлғасына келгенде М.Әуезов олардың бәрі «Ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да - анык тарихи оқиғаларға негізделген ал басты -басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар».[ 8 ; 157 -б ]

Бүгінгі күннің талабы халқымыздың осы мол мұрасын өткен тарихымызды зерттеуін дерек ретінде пайдалануға бола ма , болса қалай пайдаланамыз деген мәселелерді алдымыз қоюда. Бұған біз дерек ретінде пайдалануға толық болады деп айтар едік . Бұл деректердің артықшылығы бар : оларды халықтың өзі қалдырғандығында .

Бұл реттен белгілі эпостанушы ІШ.Ыбраевтың : « Эпостың негізі – тарихи шындық . Әсіресе , ол эпосты тудырған ортаға , халықтың жер - су атауларына тікелей қатысы бар » - деген пікірінің маңызы зор .

Әдебиетке және қазақ тарихына қатысты барлық материалдарды түгел қамту мүмкін болмады . Сондықтан әдеби нұсқалардың тарихи жақтарын , мән - маңызын Ол уақыттың түсіндіру үшін тарихи талдауға көбірек жүгінуге тура келді . еншісінде . Қазақ эпостары - қазақ тарихының келелі кезеңдері оқиғаларынан хабар , дерек бере алатын рухани қазына . Тарихтың аты - тарих . Оны бір арнайы жазылған жұмыста және осындағы ой - түрткіні жеткізіп беруге мүмкін емес .

Сондықтан бұл мақалада қазақ эпостарындағы қазақ тарихының кейбір мәселелерін қарастырып , оны тарихи дерек , тарихи шындық екенін дәлелдеуге тырыстық .


Пайдаланылған әдебиет :

1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары . Алматы : Жазушы , 1985. -559 б . 2. 1Əуезов М. Әдебиет тарихы . Алматы : Ана тілі , 1991. -240 б .

3. Уақатов Б. Қазақтың халық өлеңдері . Алматы : Ғылым , 1974. -287 б .

4. Қазақ ССР тарихы . ІІ том . Алматы : Ғылым , 1982. -558 б .

5. Қаратаев М. Туған әдебиетіміздің толымды тарихын жасайық . Қазақ әдебиеті , 1988. - 2 қыркүйек . ) .

6. Марғұлан Ә . Ең ескі дәуірдегі халық аңыздары . Жұлдыз . 1983. - №5 , -170-177 б

7. Тілепов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры . Алматы : Білім , 1995. -189 б .

8. Батырлар жыры Қамбар батыр » . Алматы , 1986 , 186б

9. Анасова А.Б. Қазақ эпостары - тарихи дерек ретінде . Қостанай . 2012 жыл , 342 - б

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2021
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12