«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен ондағы жарық көрген мақалалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен ондағы жарық көрген мақалалар

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ» газеті — 1913 жылы Орынбор қаласында жарық көрген ұлттық басылым. Негізін қалаушылар — Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы. Газет қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятып, білім беру, жер мәселесі, саяси дербестік тақырыптарын көтерді. «Қазақ» халықтың мәдени, саяси және әлеуметтік мәселелерін талдап, жаңғыруға үндеді. Газет бетінде білім, жер, саясат, ұлт бірлігі, әйел теңдігі туралы мақалалар жазылды. 1918 жылы өз жұмысын тоқтатты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен ондағы жарық көрген мақалалар

Ғылыми жетекші: сениор лектор:Ауезова Э.Ж

«Тұран» университеті 6В03201 –Журналистика ББ

1- курс студенті Кеңес Мадина

Аңдатпа. «Қазақ» газеті (1913-1918) – А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы негізін қалаған ұлттық-демократиялық басылым. Қазақ халқының саяси, әлеуметтік, мәдени мәселелерін көтеріп, Алаш қозғалысының үнжариясы болды.



История выхода газеты «Қазақ» и опубликованные в ней статьи

Анотация.Газета «Қазақ» (1913-1918) – национально-демократическое издание, основанное А.

Байтурсынулы, Ә. Бокейханом и М. Дулатулы. Поднимала политические, социальные и культурные вопросы казахского народа, став рупором движения «Алаш».

The History of the “Qazaq” Newspaper and Its Published Articles

Abstract.The “Qazaq” newspaper (1913-1918) was a national-democratic publication founded by A. Baitursynuly, Ä. Bokeikhan, and M. Dulatuly. It addressed political, social, and cultural issues of the Kazakh people, becoming the voice of the Alash movement.

Кіріспе.

ХХ ғасыр басында қазақтың ұлттық рухын көтерген «Қазақ» газетін зиялы қауым өкілдерінің топ бастаушысы, ұлттың ұлттығын сақтауда бар күшін салған ұлт ұстазы, күрескер ақын, қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының империялық биліктің қысаң саясатына қарамастан шығарып, қазақ ұлт интеллигенциясымен бірге өткір мәселелерді көтеріп, қаншама қиыншылық көрсе де, басылымды шашауын шығармай шығарып отыру ерлік іспеттес. Ахмет Байтұрсынұлы бес жылдай өмірін осы «Қазаққа» қиды. Газеттің мазмұнды болуына ерекше мән берді. Қазақ халқы үшін сол кездерде құлағы, үні, тілі болып, айналасына ұлт болашағын ойлаған қазақ азаматтарын біріктіре білген «Қазақ» газетін Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың жан жарасына айналған жер, тіл, дін, оқу және тағы басқа мәселелерді көтеретін басылымға айналдырды.Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін шығаруға 1913 жылдың 5 қаңтарында Орынбор генералгубернаторының рұқсатын алды. Газеттің алғашқы нөмірі сол жылы 2 ақпанда Орынбордағы «Кәрімов, Хұсайыновтар баспаханасында» басылып шықты. Газеттің бір жыл болуына орай жарияланған «2-нші феурал» деген бас мақалада тәуекел деп газет шығаруды бастағанда небәрі 750 сом ғана қаражат болғанын, жабылуға шақ қалғанда жұрт болып жабылып көтермелеп басылымның жабылып қалмауына жәрдем бергенін, одан әрі халық игілігіне қызмет етуге жол ашқандығын айта келе: «Жұрт азаматтарының бір сыпыралары пұл жағынан, бір сыпыралары қаламмен білім жағынан, бір сыпыралары екі жағынан да жәрдем етті» деп, «Қазақ» атынан алғыс білдірген. “Қазақ” газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. “А. Байтұрсыновтың шебер басшылығы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында,-деп жазды М. Дулатов,-жоқтан барды жасаған деуге болатын және патшалықполицейлік режимнің ауыр жағдайларында тіршілік еткен газеттің жабылар алдында өз баспаханасы, қағаздың үлкен қоры, шағын кітапханасы болды, таралымы 8000-нан асты”. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстық қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды. “Қазақ” газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, М. Дулатовтың анықтауынша, “қазақ әдеби тілінің мектебін жасаушы”, бірақ ең алдымен –ой өрісі аса кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Азаттық қозғалысының мұраттарына, қазақ халқының топтасуы мен рухани өрлеуі мүдделеріне белгілендік, таңғажайып талант және ғылымның көптеген салаларынан энциклопедиялық білімділік оны ұлт ағартушылары мен рухани аталарының алдыңғы қатарларына шығарды. 1914 жылғы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңсесі М. Дулатовқа “Қазақ” газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті. Құлшынған қызба қанды, әсте ымырасыз, жалынды көсемсөзші, топ көрсе қыранша түлейтін ақын М. Дулатов өзінің ерлік және қайғылы тағдырымен көп жағынан XIX ғасырдағы Махамбет Өтемісұлын еске салатын. “Қазақ” газеті 1918 жылы (№ 261-265) Жанұзақ Жәнібековтың редакциялауымен шықты.

“Қазақ” газеті бұхаралық, хиуалық, қазандық молдаларды, олардың озбырлығын, патриархаттық-рулық соқырсенімдердің тірегіне айналған әдет пен шариғат догмаларын әшкереледі, татарландырудың, арабтандырудың қазақ тілі дамуына, оның рухани келбетіне теріс ықпалын ашып көсетті. “Қазақ” газеті дінді мектеп пен мемлекеттен бөлуді жақтап, діни экстремизмге қарсы шықты, сонымен бірге жыныс, дін ұстану, ұлт айырмашылығына қарамастан, барлық ресейліктердің заң алдында тең екенін жариялап, жеке адамның бас бостандығы мен оның еркіндігіне қол сұқпауды қорғады. “Қазақ” газеті беттеріндегі жарияланымдардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, этнография, мәдениет пен тәрбие, педагогика мәселелеріне, рыногтық жағдайларға бейімдей отырып, халық санасын жетілдіруге арналды. Газет өзінің нысаналы жарияланымдары арқылы ұлттың тарихи санасын қалаптастырды, Абай сияқты аса көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметі үлгісімен ұлттық мақтанышқа тәрбиелеу міндеттерін белгіледі, Абай даналығы деңгейіне көтерілуге, өз халқының қамын ойластыруға, оның дәстүрлерінен, гуманистік принциптерінен таймауға шақырды. Газет демократиялық, тәуелсіз мемлекет орнату үшін бірінші кезекте ана тілі мен әдебиетін білу, кәсібилік ұлттық экономиканың бай болуы қажет екенін дәлелдеді. А. Байтұрсынов былай деп атап айтты: “басқалардан қалып қоймау үшін біз сауатты, бай және күшті болуға тиіспіз. Сауатты болу үшін оқу керек. Бай болу үшін кәсібилік керек. Мығым болу үшін бірлік керек. Осы бағытта жұмыс істеу керек”. Газетке қатысып тұрған бүкіл авторлар ұжымының А.

Байтұрсынов бағдарламасына толық қосылғанын атап өткен жөн. “Қазақ” шын мәнінде бүкіл ресейлік газет болды. Ол халықаралық жағдайға жүйелі түрде талдау жасап, ондағы Ресейдің рөлін анықтап отырды, елдегі және шетелдегі демографиялық жағдайды ашып көрсетіп, бүкіл түрік дүниесінің, мұсылмандар қозғалысының тағдырын қадағалады. Газет Мемлекеттік Думаның жұмысына, оның мінберінен қазақ халқының мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше мүдделілік танытты. Империалистік соғыс, дүние жүзін халықаралық капиталдың жетекші елдері арасында қайта бөлісу басталған кезде өзінің мазасызданғанын жасырмады. Ал мазасызданудың негізі бар еді. 1916 жылғы 16 маусымдағы қазақ жігіттерін тыл жұмыстарына алу туралы патша Жарлығы жай түскендей болды. Газет Жарлыққа дейін де, одан кейін де қазақтарды армияға шақыру туралы мәселені талқылап, оларға казак әскерлері мәртебесінің берілуін талап етті. Ол халықтан империяның боданы ретінде оның ерте болсын, кеш болсын, өз отандастарының Отан қорғау жөніндегі тағдырына ортақтасуына тура келетінін жасырмады. 400 мыңдық армия жасақтай алатын ұлтқа айналған соң ол соғыста жеңген жағдайда империя құрамында дербес автономияға дәмелене алар еді. Газет нақ сол баламаны негізге алып және көп адамның құрбан болуы жөнінде орынды қауіптеніп, 1916 жылғы оқиғалар жөніндеде принципті көзқарас ұстанды. Ол қазақтарды майданға алу мерзімін кейінге қалдыруға дейін барып, жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздестіруді, өкіметпен келіссөздер жүргізуді ұсынды. “Алаш” париясы мен Алашорда бостандықты жеңіп алуға және қазақ мемлекеттігін қайта туғызуға тарих берген мүмкіндікті қайткен күнде де ақырына дейін пайдалануға ұмтылып, тағдырлы шешімдер қабылдаған екі орыс революциясы кезеңіндегі “Қазақ” газетінің рөлі баға жеткісіз еді. «Қазақ» газеті алғашқы сандарынан бастап-ақ ел өміріндегі ең өзекті де өткір мәсеселерді қаузады. «Қазақтың тарихы», «Дін таласы», «Жер іздеген қазақтар!», «Қазақтан солдат ала ма?», «Земство не нәрсе?», «Ұры тию» секілді көптің көкейінде жүрген тағдырлы тақырыптарды сөз етті.Аяғынан қаз тұрып, тәй-тәй басқан, енді ғана ес жиып келе жатқан қазақ елі үшін Ахаң сияқты бірен-саран көзі ашық азаматтардың себебімен оңсолын тануына түрткі болған «Қазақ» газетінің атқарған қызметі ұшантеңіз. Бес жыл бойы сайын даланың төсінде шашырап жатқан оқырманға көкейтесті мәселелерді үздіксіз жариялап, жұртшылықтың таным көкжиегін кеңейтті. Халықтың санасын, саяси өмірге көзқарасын қалыптастырды. Газеттің қамтитын тақырыптары жөнінде 1913 жылғы 2 ақпанда жарық көрген №1 санында «Государственная дума һәм Государственный совет жұмыстары турасында жете хабар беру, ішкі һәм сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, егін-тарап, мал шаруасы жайынан кеңесу; оқу, оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету, адам һәм мал дәрігерлігі жайын жазу» деп көрсетеді. Бес жылға жуық шығып тұрған уақытында аталмыш тақырыптардың барлығы қаузалды. Әсіресе, қалың ұйқыда қапысыз жатқан қазағының сауатын ашып, ілім-білімді болуын қалаған зиялылар осы оқу-ағартушылық төңірегін көбірек сөз етті.

Газет әлденеше рет жабылып, қайта тіріліп, шығынданып, сотталып жатса да көздеген мақсатын түгелімен орындады деп тұжырым жасауға болады. Тіпті кейде бұдан да шығыңқырап, әлемдік ой-пікірге азық болар мәселені де қозғап кеткен сәттері бар.Сын сағатта туып, Алаш автономиясының үніне айналған «Қазақ» газеті халық алдындағы өз міндетін толық орындады. Біріншіден, сол кездегі қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болды. Екіншіден, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шамшырағына айналған, еуропалық үлгідегі ұлттық–демократиялық мемлекеттік құрылымның үлгісін көрсеткен Алашорда үкіметінің саяси үнқағазына айналды. Үшіншіден, қазақ тіліндегі кәсіби газет стилін қалыптастырып кетті. Ахаңның жүріп өткен жолы тіпті де оңай болмағанын азын-аулақ деректерден-ақ байқауға болар. Қит етсе түрмеге жабу, бостандықта жүргенінің өзінде үнемі аңдуда, тексерісте болу. Тіпті басқан қадамын былай қойып, ашқан аузын, жазған сөзін бағып, қия бастырмай тұншықтыруға шыдау үшін адамға қандай күш, жігер, қайрат керек. Өстіп жүріп, тығырықта өмір кешсе де Ахаң елім, жерім, халқым де тыныстауын бір сәтке де тоқтатпаған, ол ел мүддесіне жарарлық, халық санасын ашарлық қыруар дүниені берді. Бұл ел деп соққан үлкен жүректің ыстық махаббатынан ғана туындайтын қазына.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі әлі де жан-жақты зерделеп, жүйелі зерттеуді қажет етеді. Сонда ғана оның ақыл-парасат әлемі, оқығантоқыған білім өресі, қаламгерлік машығы мен қайраткерлік қалыбының басқа да сыр-сипаттары ашылары анық. «Қазақ» газеті – ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық санасын оятқан, қоғамдық-саяси өміріне ықпал еткен ең маңызды басылымдардың бірі. Ол тек ақпарат тарату құралы ғана емес, қазақ зиялыларының идеяларын халыққа жеткізген, ұлт-азаттық қозғалыстың идеологиялық тірегіне айналған газет болды.Газет Алаш қозғалысының үнжариясы ретінде қазақ халқының саяси оянуына, ұлттық бірлігін нығайтуға зор үлес қосты. Онда жарияланған мақалалар қазақ жерінің тұтастығын сақтау, отаршылдық саясатқа қарсы тұру, білім мен ғылымды дамыту сияқты өзекті мәселелерді көтерді.«Қазақ» газеті ұлттың рухани және мәдени жаңғыруына ықпал етті. Ол қазақ тілінде шығу арқылы ана тіліміздің қолданылу аясын кеңейтті, қазақ әдебиеті мен публицистикасының дамуына жол ашты. Сонымен қатар, газеттің ағартушылық рөлі зор болды – онда білім мен ғылымның маңыздылығы, мектептер ашу, әйелдердің білім алуы сияқты тақырыптар кеңінен талқыланды.Газет саяси күрестің орталығына айналып, қазақ халқының мемлекеттік дербестігіне жол ашты. «Алаш» партиясының бағдарламалық ұстанымдары, Қазақ автономиясын құру идеясы осы басылым арқылы халыққа жеткізілді. Бұл кейіннен Алашорда үкіметінің құрылуына негіз болды.Большевиктер билікке келгеннен кейін «Қазақ» газеті 1918 жылы жабылды, ал оның жетекшілері саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Бірақ газеттің идеялары қазақ халқының жадында сақталып, тәуелсіздікке ұмтылыс жолында маңызды рөл атқарды.Қорыта айтқанда, «Қазақ» газеті – ұлттық баспасөздің бастауында тұрған тарихи басылым. Оның көтерген мәселелері өз маңызын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ. Ол – қазақ халқының ұлттық санасын

қалыптастырған, саяси, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал еткен баға жетпес мұра.

Әдебиеттер тізімі

  1. Байтұрсынов А. «Ақ жол» – Алматы: Жалын, 1991.

  2. Дулатұлы М. «Оян, қазақ!» – Алматы: Ел-шежіре, 2004.

  3. Қойгелдиев М. «Алаш қозғалысы» – Алматы: Санат, 1995.

  4. Әбжанов Х. «Алаш және қазақ мемлекеттілігі» – Алматы: Арыс, 2017.

  5. Нұрманова К. «Қазақ» газетінің тарихы мен тағылымы // Қазақ тарихы, 2008.

  6. Тұрысбек Р. «Алаш әдебиеті» – Алматы: Қазақ университеті, 2010.

  7. Омарбеков Т. «20 ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» – Алматы: Қазақ университеті, 2001.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2025
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі