Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ» газетінің тарихи маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала «Қазақ» газетінің тарихи маңызы туралы. Сонымен қатар, газетті шығаруға атсалысқан қайраткерлер туралы сөз болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ» газетінің тарихи маңызы

1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынбор қаласында шығып, бес жыл бойы халықтың көзі, құлағы һәм үніне айналған «Қазақ» газеті бүгінгі күні өзіне лайықты тарихи маңызға ие бола алды. Тек бүгінгі күні ғана емес, шыққан күннен бастап- ақ халықтың ыстық ықыласына бөленді десек артық айтқандық емес. Қазақтың қайталанбас зиялысы Мұхтар Әуезов өз кезегінде газеттің тарихтағы орнын «... Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек- жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын» деген пікірімен дәлме- дәл анықтап айтады. Ал, Халел Досмұхамедов 1931 жылы ОГПУ тергеушілеріне берген жауабында «Қазақ» газеті туралы былай деп пікірін білдірген болатын:«Қазақ» газеті бірінші орыс революциясы оятқан қазақ халқының белгілі қауымын ұйымдастыратын және оған басшылық жасайтын орталыққа айналды. Газет қазақтың саяси өмірі жөнінен маңызды мақалалар беріп тұрды және сол кездегі қоғамдық- саяси ойды бір арнаға бағыттаушы болды».

Газеттің алғашқы санындағы бас мақаласында Ахмет Байтұрсынұлының «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет... Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік»- деп толғағаны халық көкейіндегі тереңде тұншығып жатқан ұлтшылдықтың ұшқынын селт еткізді. Одан кейінгі жарияланған мақалалар да халықты рухтандырып отырғаны анық. Ұлтымыздың қазанасына айналған «Қазақ» газеті көтерген әрбір мәселе халықтың мұң- мұқтажымен, қоғамдағы өзекті тақырыппен тікелей байланыста болғаны да қалың көпшіліктің еңсесін көтере білді.

«Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп ұлты үшін ғұмырын құрбан еткен, «Қыр баласы» деген лақап атпен қоғамның ащы шындығын сөзбен өрнектеп жеткізген Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов та «Қазақ» газетінің қалыптасуына орасан зор үлес қосты. Жоғарыда есімі аталған ұлы тұлғаларымыздан бөлек, «Қазақ» газетінің тұрақты авторлары ретінде- Ғұмар Қарашев, Мұхаметжан Тынышбаев, Жаһанша Сейдалин, Асылбек Сейітов, Таһир Жомартбаев сынды қоғамның қайраткерлерін де айтуға болады.

«Қазақ» газетінің тарих сахнасынан ойып тұрып алған орнының қалыптасуына тікелей ықпал жасаған тұлғалар жетерлік. Есімдері ел аузында қалу үшін емес, келер ұрпақтың тәуелсіздіктің ақ таңын қарсы алуы үшін әрекет еткен тарихтың өзі «тұлға» деп ат берген зиялыларымыз қаншама. Олар өз міндеттерін мүлтіксіз орындады. Ендігі кезек, мына біз жас ұрпақта. Тарихты ұмытпай, дәріптеп өз міндетімізді мінсіз атқарайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.02.2022
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12