Қазақ халқының көне дәстүрлері.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ халқының көне дәстүрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүр-әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар. Әбіш Кекілбаев
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқының көне дәстүрлері.

Дәстүр-әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар.

Әбіш Кекілбаев


Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса (айдар тағу, қонақ кәде, бастаңғы және т.б.), кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес.

Асату. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» деген кітабында толық баяндалған. Дастарқан басында ет жеп отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатады. Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп қонақ келген үйдің қасында жүретін-ді.

Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, өлген адамның жылында сол атты әкеліп сояды.

Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты болсын айтады.

Босаға майлау. Жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.

Қалау айту. Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына соған лайықты бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден қалаған бір заттың бар ма? Қалауыңызды айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сыйлайды.

Қазақ халқының бүгін де ұстанып келе жатқан дастарқан дәстүрі көне замандардан бері қалыптасқан салт болып табылады. Әсіресе қонақ келгенде айтылатын сөздер мен жасалатын жөн-жоралғы – ежелден қалыптасқан ережелердің нақ өзі. Қазақтар келген қонақты «төрге шығыңыз», «төрлетіңіз» деп, кірген есіктің тура қарсысына, дастарқанның ең жоғарғы жағына яғни қазақша айтқанда «төрге» шығарады. Төр – қазақтың салт-санасында ең құрметті адамдар отыратын орын. Сондай-ақ Қазақтар өзінің сыйын, қонақты құрметтегендігін көрсету үшін оны төрге шығарады. Төрге әдетте бас қонақ, ауылдың ақсақалы, құдалар отырады. Бұлардан басқа төрге төркіндеп келген қыз отырады. Аталардан қалған «Қыз бала – төр иесі, ұл бала – үй иесі» деген сөз бар.

Егер басқа қонақтар бар болса, жолы мен жасына, атағы мен дәрежесіне сай төрдің оңы мен солына отырады. Ал сыйлы қонақтар көп келетін үйді, «төрт босағасы түгел төр» деп айтатын болған. Бір қызығы кешігіп келген қонақ сыйлы болса да, көбінесе алдыңғы отырған ретті бұзып, жаңа келген қонақты төрге шығара бермейді. Мысалға ел аузында айтылатын әңгімеге қарағанда, бір отырысқа Мұхтар Әуезов кеш барып, төрден алыстау жерге отыруға тура келіпті. Сонда жастар «Аға төрге шықпадыңыз ба?» дегенде, «Мен отырған жер төр болады» деп жауап берген екен.

Төрдің қарсысы есік болып саналады. Төрмен есіктің арасындағы адамның отырған орны оның қоғамдағы дәрежесі мен сый-құрметін білдіреді. Мысалға қазақтың бір мақалы былай дейді:

Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер.

Төрде негізінен қолына билік ұстаған ел басы, ел ағасы, елдің үлкені отыратын болғандықтан және төрде отырған адам төрелік айтатын болғандықтан келе-келе төрдің «билік» мағынасы да шыға бастаған. Осы тұрғыдан қарағанда, «мәңгі елді» орнатқан «Көк Түріктер» мен оны қайта қалпына келтірген Шыңғыс тұқымы «төрелер» арасында байланыстың болуы әбден мүмкін. Яғни «түрік» я да «төрік» атауымен «төре» атауының түбірі бір болуы ықтимал. Екі атау да төр сөзінен тарап, төрде отыратын, төрелік айтатын, ең маңыздысы билік жүргізетін дегенді білдірсе керек. Тағы бір қызықты жайт, бүгінгі маңғол тілінде «төр» сөзі «мемлекет» деген мағынаны білдіреді. Енді бір жағынан латын тілдерінде тақты «трон» деп атауы да кездейсоқ емес секілді.

Демек, төре сөзінің түбірі де төр болып табылады. Міне осындай мән мағынасы тереңде жатқан әр дәстүрімізді жаңғыртып, ауыз толтыра айтып жүрсек саналы ұрпақ көбейері сөссіз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2025
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі