Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ халқының музыкалық аспаптарын насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
-
Камзина Назерке Айбаровна
Атырау облысы, Махамбет ауданы
“Нұршуақ” бөбекжай-бақшасының музыка жетекшісі
Қазақ халқының музыкалық аспаптарын насихаттау арқылы
ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Еліміздің дамуы мен әлемге танылуы үшін маңызды басты қағидамыз рухани құндылықтарды сақтау болып табылады. Олай болса, ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын әлемге танытып, қазақ атын шарықтату үшін, біз ең алдымен өз ұрпағымызға ұлттық құндылықтарды насихаттауға тиіспіз. Ал рухани мәдениеттің бір бөлігі музыкалық өнер болып табылады.
Рухани мәдениеттің қайнар көзі – музыка. Музыканы жүрекке жеткізетін – музыкалық аспаптар. Қазіргі таңда саналуан музыкалық аспаптар қолданыста. Дегенмен біз бүгін балалардың ұлттық санасын, патриоттық сезімін оятатын, ұлттық құндылықтарды насихаттауға негіз боалтын қазақ халқының музыкалық аспаптарын назарға алып отырмыз. Қазақтың музыкалық аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні (әуенділігі мен саздылығы), орындаушылық дәстүрі бар.
Мектеп дейінгі ұйымдарға арналған Үлгілік бағдарламада балалардың жас ерекшелігіне сәйкес музыкалық білім беру мазмұны жүйелі сипатталған. Бағдарламада музыкалық аспаптармен таныстыру және аспаптарда ойнау бөлімі қарастырылған. Осы бөлімнің іс жүзінде нәтижелі қолданыс тауып, балалардың қызығушылығын оята білу педагогтің шеберлігіне байланысты. Музыкалық кәсіби шеберлігімізді балалармен жұмыс жүргізуде насихаттай білу біздің негізгі міндеттеріміздің бірі.
Мектепке дейінгі балалық шақ – баланы әсемдік әлеміне баулитын ең оңтайлы кезең. Сондықтан осы кезеңнен-ақ қазақ халқының музыкалық аспаптарын насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға болады. Музыкалық даму жалпы дамуға теңдесі жоқ әсер етеді: эмоционалдық өрісі қалыптасады, ойлауы жетіледі, музыкалық қабілеті дамиды. Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер музыкалық мәдениетті қалыптастыруды мектепке дейінгі жастан бастау қажеттігін дәлелдеп отыр.
Олай болса, мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда қазақ ұлттық музыкалық аспаптарын қолдану маңыздылығын қарастырып көрелік. .
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі (саз, қос, қамыс және мүйіз сырнайлар, сыбызғы, адырна, ұран, керней), ішекті (жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыралар, қобыз), шалып ойнайтын (шаңқобыз), соқпалы (даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, асатаяқтың бірнеше түрлері) болып бірнеше топқа бөлінеді.
Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті-шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. |
Қылқобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге — үш, төрт ішектілері және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар. Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы-балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Шаңқобыз — бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлакка жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады, Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаңқобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Шертер — екі немесе үш ішекті, саусақпен шертіп ойнайтын аспап. Шертердің шанағы терімен қапталады, сондықтан дауысы қоңыр, әуезді, тембрі ерекше. Шертердің атауынан-ақ түсінікті, шертіп ойналады. Оны көбінесе мал бағатын бақташылар тартатын болған.
Жетіген — қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылған. Аспаптық үні өте нәзік, құлаққа жағымды. |
Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Дауылпаз — ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланылған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен қапталады. Иыққа асып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.
Асатаяқ — сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы — 110-130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Асатаяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. |
|
Асатаяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды.
Қоңыраулы асатаяқ - асатаяққа қоңыраулар ілініп, сілкіп ойнайды.
Желбуаз — үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны, әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі болады. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі композитор Н. Тілендиев «Отырар сазы» оркестрінде қолданды.
Қоңырау — қазақ халқының ертеден келе жатқан сылдырмақты музыкалық аспабының бірі. Бұл аспап дыбысы сыңғырлап шығатын металдардан әр түрлі көлемде жасалады. Сырт көрінісі шар тәріздес, іші қуыс, ортасында тілшесі болады. Аспаптың жеті музыкалық дыбыс қатары бар. Ертеде үй тұрмысында, малшылар арасында көп қолданылған. Далада бос жайылып жүрген малдың мойнына қоңырау таққан, өйткені қасқыр металдан шыққан дыбыстан қатты қорқады. Қоңырауды сол сияқты мектепте де қолданады. Бұл аспап арнайы кішкене балғашамен ұру арқылы дыбысталады.
Мектепке дейінгі жас - тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің маңызды сатысы. Бұл баланың айналасындағы қоршаған әлемді тануға баулитын кезең, оның бастапқы әлеуметтену кезеңі. Осы жас кезеңінде балалардың дербес ойлау белсендендіріледі, танымдық қызығушылығы мен байқампаздығы дамиды. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік талғамдарын тәрбиелеу, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, олардың сұлулық сезімін ұғынуы, музыкалық мәдениетін тәрбиелеу өзекті болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка жетекшісінің атқаратын ролі мен міндеті зор, ал оның педагогикалық ұжыммен және ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс жүргізе білу қабілеті маңызды. Шығармашылық тақырыбымды ашу үшін үш бағытта жұмыс жүргіздім: педагогтермен жұмыс, балалармен жұмыс, ата-анамен жұмыс.
Педагогтермен жұмыс бағытында мектепке дейінгі ұйымдарда қолданыс тапқан Үлгілік бағдарламаға шолу жасадық. Осыған орай музыка жетекшісі ретінде балабақшамыздың педагогикалық ұжымына «Балалардың музыкалық қабілетін айқындау және дамыту», «Музыкалық тәрбие берудегі музыка жетекшісінің мамандармен өзара байланысы» секілді кеңестер өткіздім. Педагогтерге «Дәстүрден тыс аспап дайындау жолдары» тақырыбында шебер-сынып өткізу және көрме ұйымдастыру жоспарланды. Ол үшін тәрбиешілерге ата-анамен байланыс орнату маңызды. Осы топ тәрбиешілерінің ықпалымен ата-анамен жұмыс өз нәтижесін берді.
Ата-анамен жұмыс. Ата-аналарға да «Балаңыздың музыкалық қабілеті бар ма?» тақырыбында сауалнама жүргізіп, «Баланың шығармашылық қабілетін дамытудағы отбасының ролі» атты кеңес берілді. Сондай-ақ ата-аналармен бірлесе отырып, дәстүрден тыс музыкалық аспапар дайындалады, нәтижесінде «Ғажайып аспаптар» көрмесі ұйымдастырылады.
Топ ата-аналары балаларымен бірлесе отырып өз қолдарымен музыкалық аспаптарды түрлі қалдық материалдардан дайындап, балалардың қызығушылығын оятуға, қажеттілігін қанағаттандыруға көмектесе алады. Бұл жұмыс ата-анаға да, балаларға да қызықты.
Балалармен жұмыс балабақша бағадарламасы аясында жүзеге асады. Музыка іс-әрекетіне көңіл бөлінеді, шығармашылық дағдыларды дамытуды көздейді.
Музыкалық білім беру мазмұнын ұсынудағы негізгі мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын дамыту болып табылады. Бағдарламада ән тыңдау, ән айту, би қимылдарына үйретумен қоса, музыкалық аспаптарда ойнау бөлімі қарастырылаған. Барлық жас ерекшелік топтарында музыка тыңдау музыкалық аспаптарды орындау арқылы жүзеге асады. Біздің көздегеніміз қазақ халқының музыкалық аспаптарын насихаттау, олай болса, бағадарламаға сүйене отырып, ұлттық аспапты қолдану барысын талдаймыз. Ересек топта (4-5 жаста) халықтық домбыра аспабының дауысын қабылдау міндеті қойылған. Демек осы топта Домбыра аспабымен таныстыру және оның дауысын тыңдату жүзеге асады. Балалардың Домбыра дауысын басқа аспаптардан ажырата білуіне көңіл бөлінеді. Осыған орай мен өз іс-тәжірибемде «Бұл қандай аспап?», «Ненің даусы?» т.б. музыкалық-дидактикалық ойындар қолданамын.
Одан әрі мектепалды дайындық топтарында (5-6 жаста) - қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру; ұлттық аспаптар - домбырада және қобызда орындалатын "күй" жанрымен таныстыру, күйші-композитор: күйші Құрманғазы, қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру. Қазақ халқының музыкасын қабылдау –міндеттері қарастырылады. Сонымен қоса балалардың музыкалық аспаптарында ойнауға, оның ішінде қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету жүзеге асады.
Осы жүргізілген жұмыстардан күтілетін нәтиже:
- Қарапайым жанрларды ажыратады (күй, өлең, би, марш);
- Қазақтың ұлттық саз аспаптарын (домбыра, қобыз, асатаяқ, дауылпаз т.б.) дыбысынан ажырата алады.
- Балаларға арналған музыкалық аспаптарда жеке және бүкіл топпен ойнай біледі.
- Балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игерген.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда, қазақ ұлттық музыкалық аспаптарында: тұяқ, асатаяқ, дауылпаз және т.б. ойнау дағдыларына ие;
- Қазақ ұрмалы аспаптарда ойнаудың бастапқы дағдыларын игерген: асатаяқ, тоқылдақ, қоңырауы бар жыланбас; фортепианоның сүйемелдеуімен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ансамбльде ойнайды. Ырғақ суретін бере отырып, үйлесімді, әннің бастамасын ойынмен сүйемелдеп ойнай алады.
Ұлттық құндылықтарымыз қазақ мәдениетінің негізгі қайнар көздері екені мәлім болды. Осыған орай мектепке дейінгі ұйымда балаларға ұлттық аспаптарды таныстыру арқылы ұлттық құндылықты қастерлеуге тәрбиелеу жолдарын қарастыруды жөн көрдім.
Қорыта келгенде, қазақ халқының музыкалық аспаптарын насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндігі зор. Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары балалардың музыкаға деген ынта-ықыласын арттырып, олардың сезімталдығын, кішіпейілділігін, ұйымшылдығын, эстетикалық құштарлығын тәрбиелеуге қызмет етеді. Өсе келе балалардың бойындағы табиғи дарын, қабілет, талант мүмкіндіктерінің сөзсіз әсері болады, өйткені бәрі де бала кездегі тәрбиеден басталады. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей еліміздің болашақ патриот, ұлтжанды, дарынды ұл-қыздарын тәрбиелеу өз міндетім деп есептеймін.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары / З.С. Жәкішева – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2015. – 232 бет
-
Ербол М. Қазақ музыкасындағы фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің қалыптасуы мен дамуы («Хассақ ансамблінің негізінде»): өнертану ғыл. магистрі…дис. қолжазбасы: 6М040400. – Алматы, 2018. – 80 б.
-
Щенникова В.Н. Роль пособий и музыкально-дидактических игр в развитии творческой активности детей. – В кн.: Художественное творчество в деском саду. М., 1994
-
Кочемасова Е.Е., Тютюнникова Т.Э., Откуда берется звук? // журнал «Музыкальная палитра», №5, 2006 г.
-
Кононова Н.Г. «Обучение игре на детских музыкальных инструментах в детском саду» М-2001
4