Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
«Жангелдин ауданының білім бөлімі
Аманкелді атындағы жалпы
білім беретін мектебі» КММ-нің
7 – сынып оқушысы
Серікбай Ақерке Елдосқызы
Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Мақалада қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні қарастырылады. Ертегілер – халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесінен туындаған рухани мұра, ұрпақ тәрбиесінің құнды құралы. Мақалада ертегілер арқылы бала бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, еңбекқорлыққа, мейірімділікке, әділдік пен адалдыққа баулу жолдары талданады. Сонымен қатар, халық ертегілерінің бүгінгі білім беру мен тәрбие үдерісіндегі маңызы айқындалып, олардың тұлға қалыптастырудағы рөлі көрсетіледі.
Кілт сөздер: қазақ халық ертегілері, тәрбие, адамгершілік, рухани құндылық, ұлттық тәрбие, тұлға қалыптастыру.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде ерекше орын алатын ертегілер ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінің негізгі құралы болып келген. Ертегі – халықтың арман-мұраты мен өмірлік тәжірибесін жинақтаған көркем туынды. Онда адамның бойындағы жақсы қасиеттер дәріптеліп, теріс мінездер сынға алынады.
Ертегілердің басты тәрбиелік мәні – жас ұрпақты адамгершілікке баулуында. Әрбір оқиғаның түбінде үлкен өмірлік сабақ жатыр: адалдық пен еңбектің нәтижесінде жетістікке жету, жалқаулық пен қулықтың түбі жақсылыққа апармайтынын көрсету. Халық қиялы арқылы жасалған мұндай ойлар балалардың дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына ықпал етеді.
«Қазақ айтатын қиял ертегісінде адамзаттан мерген араласса немесе ғажайып жар «ай десе-аузы, күн десе -көзі бар» күн астында Күнікей сұлу, не алтын шашты қыз араласса, солармен қатар жалмауыз, жеті басты жалмауыз және неше алуан алып араласады. Қиял тудырған жануар затынан – айдаһар, жеті басты жылан, қара құлақ, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын арты күміс киік сияқты заттар араласады. Бұлардың бір тобы ертегінің еріне дос болып, бір тобы ұдайы қас күш есебінде әрекет етеді»[1.64 б.]
Сонымен қатар, ертегілердің мазмұнында елін, жерін қорғау, ата-ананы сыйлау, достықты қадірлеу, кішіпейілді болу сияқты қасиеттер кеңінен насихатталады.Бұл – жас буынды отансүйгіштікке, намысшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің таптырмас тәсілі. Ертегіні тыңдау арқылы бала жақсылық пен жамандықты ажыратып, өмірде дұрыс жолды таңдауға дағдыланады.
Ертегілердің тағы бір маңызды қыры – қиял мен ойды дамытуы. Балалар ертегідегі оқиғаларды елестете отырып, шығармашылық қабілетін дамытады, болашаққа сеніммен қарауға үйренеді. Бұл қасиет қазіргі қоғамда да аса қажет, себебі ойы ұшқыр, қиялы бай адам кез келген қиындықты жеңе алады.
Қазақ халық ертегілері – жас ұрпақтың мінез-құлқын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратын үлкен тәрбие мектебі. Әрбір ертегі кейіпкері тек қиялдан туған бейне емес, ол шынайы өмірдегі адамдардың жақсы не жаман қылықтарының көрінісі. Сондықтан мектептегі "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының айлық тақырыптарын халық ертегілерімен байланыстыра отырып түсіндіру оқушылардың бойына ізгілік, отаншылдық, әділдік сияқты қасиеттерді дарытуға мүмкіндік береді.
Мәселен, қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы. Бұл айда «Қасқырдың жасаған қамқорлығы» ертегісіндегі жанашырлық іс-әрекеттерді еңбекқорлықпен байланыстырып, шынайы өмірде адал еңбек арқылы ғана құрметке ие болуға болатынын түсіндіруге болады.
Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы. «Аюалпаң, Судыалпаң, Таудыалпаң» ертегілеріндегі алып кейіпкерлерді ел қорғаушы батырлардың бейнесімен байланыстыру оқушыларға отаншылдық рух сыйлайды.
Қараша – әділдік және жауапкершілік айы. «Жақсылыққа жамандық» ертегісіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы әділ болудың, аманатқа адал қараудың маңызы айқындалады.
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы. «Ұлар мен қарға» ертегісі ынтымақтың жоқ жерінде қиындық көбейетінін, ал бірлік бар жерде ғана жеңіс болатынын үйретеді.
Қаңтар – заң және тәртіп айы. «Арыстан мен түлкі» ертегісіндегі әділетсіздік пен айлакерлік оқушыларға шынайы өмірде заңға бағынудың және тәртіп сақтаудың қажеттілігін көрсетеді.
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы. «Бұлбұл, жарқанат және қарақұс» ертегісіндегі батылдық пен шынайы көзқарас жаңашылдыққа жетелейтін қасиет екенін бейнелейді.
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы. «Аюалпаң, Судыалпаң, Таудыалпаң» ертегілеріндегі алып кейіпкерлерді ел қорғаушы батырлардың бейнесімен байланыстыру оқушыларға отаншылдық рух сыйлайды.
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы. «Түлкі мен тырна» ертегісі арқылы еңбекқорлық пен адал еңбектің арқасында ғана құрметке бөленетінін айқындау маңызды.
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы. «Қасқырдың жасаған қамқорлығы» мен «Ұлар мен қарға» ертегілерін біріктіре отырып, мейірім мен бірліктің қоғамдағы орны түсіндіріледі.
ЖИ көмегімен әр айға арналған фотосуреттерде ертегі кейіпкерлері шынайы адам бейнесінде бейнеленіп, күнтізбеге қойылады. Бұл әдіс балаларға ертегіні тек тыңдап қана қоймай, оның тәрбиелік мәнін көзбен көріп,шынайы адам образымен саналы түрде қабылдауға жол ашады.
Қорыта айтқанда, қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні – халық даналығын жас ұрпаққа жеткізіп, оларды адал, әділ, еңбекқор, елін сүйетін азамат етіп қалыптастыруында. Сондықтан ертегі – тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі тәрбиенің де аса құнды құралы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз