Материалдар / ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ИДЕЯСЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ИДЕЯСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді», - деген болатын елбасы Қазақстан халқына кезекті бір жолдауында. Ендеше ол қазақ халқын биік мұраттар мен әлем елдеріне терезесі тең әріптес бола алатын мақсатқа жеткізетін ұлттық идея - «Мәңгілік Ел».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2022
244
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӘОЖ 241.57

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ИДЕЯСЫ



Жетекші: МЫРЗАХМЕТ Ғ.К.


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы.

Жолдас Перизат Арманқызы



«Тарих» мамандығының 2 курс студенті



«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді», - деген болатын елбасы Қазақстан халқына кезекті бір жолдауында.

Ендеше ол қазақ халқын биік мұраттар мен әлем елдеріне терезесі тең әріптес бола алатын мақсатқа жеткізетін ұлттық идея - «Мәңгілік Ел».

Қазіргі таңда еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін тарихқа жаңа көзқараспен қарау, ондағы белгілі және бұрын белгісіз болып келген тарихты ашу, бугінгі күннің аса қажет ететінін өмірдің өзі дәлелдеп берді.

Егеменді еліміздің тізгінін өз қолына алған қазақ еліне ұлттық сана сезімнің оянуы әсіресе соңғы жылдары айқын байқалуда. Бүгінгі таңда Қазақ елі өзінің тарихи тамырларын тереңнен ыждағатпен қайта тірілте бастағаны белгілі.

Соның ішінде Елбасымыз көтерген осынау өзекті мәселенің бір кілті, яғни «Мәңгілік ел» идеясы – бүгінгі жастарымыздың бойына отаншылдық сезімін қалыптастырып, оларды патриотизмге тәрбиелеу деп түсінеміз біз. «Мәңгілік ел» болуды көздеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызы өте терең бастамасын көкірегі кең көзі ояу жанның бәрі қолдауы тиіс.

Қазақ халқы тарихын тасқа жазған халықпыз. Мемлекет болып қалыптасу, ұлт болып сақталу жолында небір «тар жол тайғақ кешуі» басынан өткізген халықпыз. [1]

Тарихи жадымызды жаңғырту дегеніміздің өзі халықтың өткенімен, бүгінімен, болашағымен, тіліміздің мәңгілігімен, салт-дәстүріміздің тутастығымен, шекарамыздың беріктігімен тығыз байланысты. Әрине мұның бәрі – бабалар салған сара жол.

Тарихты насихаттау, бабалардың ұлы істерін ұлықтау дегеніміз – мемлекеттілік рухын бірте-бірте ұлттық идеологияға айналдыру. «Мемлекеттілік» ұғымы тек мемлекеттік құрылым емес. Яғни мемлекеттілік дегеніміз – әр мемлекеттің дамуы мен қызметін ұйымдастыруға қажет идеялар мен көзқарастардың тұтастай жүйесі. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық-мемлекеттік идеяның іргетасы болатын, елдің болашағына қызмет ететін жасампаз идея болып отыр.

Жүз отызға жуық ұлттар мен он сегіз конфессиялық топ өкідерінің береке-бірлігіжарасып, ынтымақтастықта өмір сүріп жатуы – еліміздің ұстанып отырған бейбітшілік пен келісімді сақтау жолындағы ұтымды саясаты мен жүзеге асырып отырған ауқымды әрекеттерінің көрінісі.

Сонау «Керей мен Жәнібек және Асан Қайғы Қазақ хандығының негізгі қалаушы тұлғалар. Олар қазақ деген этникалық атуды өмірге әкелген нағыз қайраткерлер. Қазақ сөзі – идея болса. Қазақ кім? Қас-сақ. Бізді ерте кезде көп мемлекет «Қас-сақ» деп түсінген болатын. Мәселен моңғолдар бізді «Қассақ», қытайлар «Қассақы», орыстар «қырғыз-қайсақ» деген екен. Сонда «сақ» деген – нағыз сақ. Яғни біздер нағыз сақтардың мемлекетін құрып отырған елміз. Идея деген рәміз болады. Қазақ деген идея болған. Енді әрине, оның рәміздері болған. Ұраны болған, ол – Алаш. Содан кейін мықты идеологиясы болған, ол – жерұйық. Асан Қайғының Жерұйығы – осы жаңа мемлекеттің идеологиясы.

Қазақ хандығының дәл қай жылы шаңырақ көтергенін ғалымдар әлі анықтаған жоқ. Әзірге әр ғалым өз болжамын алға тартумен келеді. Мысалы, А.П.Чулошников қазақ хандығының пайда болуын XV-XVI ғасырлар аралығы деген болса, С.К.Ибрагимов А.А.Семеновты құптай отырып, бұл мерзімді XVI ғасырдың 30-40 жылдары деп көрсетті. Ал Т.И.Сұлтанов Қазақ хандығы XV ғасырдың 70 жылдарынан бұрын құрылған жоқ десе, К.А.Пишулина бұл мерзімді сәл ілгері жылжытып 60 жылдардың ортасынан бұрын емес дегенді айтып отыр.

Шу, Талас өңірлері ерте заманнан-ақ адам баласына құтты қоныс, жайлы мекен болған. Қазақ кең далада көшіп-қоны өмір салтын ұстанумен қатар, орнықты отырықшылыққа да бой ұрған болатын. Қала салған, қолөнермен айналысқан, мал өсірген, егін еккен. Мұның дәлелі ретінде әлі де зерттелмеген Хантауы аумағында ауқымды жерді алып жатқан, асты, үсті, жаны тастан қашап жасалған бейіттер мен мазарларды айтуға болады. Археолог-ғалым Карл Байпақовтың айтуынша, бұл жерде біздің дәуірімізге дейінгі мың-екі мың жылдар бұрын ірі көлемді отырықшы ел болған дейді..

Аңыздарға да, нақты тарихи деректерге де, археологиялық қазба дәлелдерге де сүйенсек, қазақ хандығы осы Мойынқұм жерінде бастау алған екен. Мұны тарих айтып тұр. Өйткені, 1456 жылдары Керей мен Жәнібек султандар бір тумен елімен, төрт түлік малымен қопарыла көшіп, Шу бойындағы Мойынқұмда қыстап, Қозыбасының Тұлпарсаз жайлауында Керейді ақ киізге орап, ел жабыла қозы сойып топтанып етін жейді, бас сүйектерін бір жерге жинайды. Сөйтіп, бас көп үйілген жерді Қозыбасы деп атаған. Қозыбасы жөнінде әлі айқындалмаған, айқындауды қажет ететін талас тудырып отырған жайлар мен жайыттар бар. М.Х.Дулати өзінің «Тарихи Рашиди» еңбегінде Керейдің хан сайлауы Шу бойы, Қозыбасы, Тұлпарсаз қыстауы Мойынқұм құмы деп көрсеткен екен. Бұл аталған атаулардың барлығы қазіргі Мойынқұм жерінде жатыр. Қозыбасы Шу бойында, Жамбыл тауы баурайындағы үлкен алаң. Ортасында Қозыбасы шоқысы. Төменгі жағында, 10-15 шақырымдай жерде Шу өзенінің арнасы, оның бойында ұзындығы 15-20 шақырымдай аумақты алып жатқан Тұлпарсаз жайлауы бар. 1998 жылы атақты жазушы, мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаев, көрнекті тарихшы ғалым Манаш Қозыбаев, археолог-ғалым Карл Байпақов бастаған ғалымдар тарихи орындарды аралап өтіп, көріп, Қозыбасы шоқысына шығып, міне, Мұхамед Хайдар Дулатидың көрсеткен Қозыбасы осы болуы керек деген пікірге тоқталған еді. [2]

Ғалымдар мұны қазіргі жыл санауға көшіргенде, 1465-1466 жылдар деп жүр ғой. Қазақ деген елді қалыптастырған хандарымызға лайықты құрмет көрсете алмай жатырмыз. Тарихшылар өзара мәміле жасап, осынау ұлы оқиға дерегі туралы бір тоқтамға келетін мезгіл өтіп барады.

Осыдан бес ғасырдан астам уақыт бұрын Көк Орда билеушісім Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайы ханға бағынудан бас тартып, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы атты қоныста дербес хандықтың туын көтерді. Еркіндік аңсаған елін азаттық ұранымен жігеррлендірген батыр бабаларымыз Керей және Жәнібек сұлтандардың соңына еріп, қазақ болып бөлінген халықтың саны екі жүз мың адам екен. Сол заман үшін бұл санның да көп халық болғанымен, байтақ ұлысты жайлаған қазақтардың қандастары бұдан орныққаннан соң бүкіл Көк Орда жерін түгел қайтару жолындағы жорықтарын бастад. [4]

Көнеден келе жатқан небір тарихи деректерде бугінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасы алып жатқан ұлан-ғайыр аймақ ежелден-ақ қазақ халқының этникалық негізі болып табылатын қазақ тайпаларының атамекені болған.

15 ғасырда Ақ Орданың орнына құрылған Әбілхайыр хандығының (1428-1468) халқтарының арасында қарлық, қоңырат, үйсін, найман, өкіреш найман, қият, маңғыт, шынбай, күрлеуіт, ишкі, итжан, тапғұп, дұрман, отаршы, шап, қытай, барақ, ұйғыр, тубай, таймас, күшті, ишкі-маңғыт, тұман, т.б. тайпалардың болғандығы бізге мәлім.

Қазақ хандығынығ құрылуының қарсаңында, әрбір қазақ тайпасының өріс-қоныстары ұлан-байтақ территорияны алып жатты. Олар:

Наймандар – 14-15 ғасырларда Ұлытаудан Есілге дейінгі аудандардың көпшілігінде қоныстанды.

Қоңыраттар – 14-15 ғасырларда Түркістан мен Қарату аудандарында мекендеді.

Арғындар – 14-15 ғасырларда Ертістен батысқа қарай орталық Қазақстанды, ішінара Сырдарияны және батыс Жетісуды мекен етті.

Керейлер – 14-15 ғасырларда Жетісудда және Тарбағатайда, сондай-ақ Ертіс бойында, Зайсан колінен Ом және Тобыл өзендеріне дейінгі өңірде өмір сүрген болатын.

Дулаттар – 14-15 ғасырларда Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Ыстықкөлден оңтүстікке қарай, сондай-ақ оңтүстік Қазакстанда «Отырар жасыл алқабын» мекендеді.

Қаңлылылар Қарату баурайы, орта Сырдария және батыс Жетісудағы өздерінін ежелгі мекенінде болды.

Үйсіндер өздерінің байырғы заманнан бергі мекені жетісу өңірінде қоныстанды. Тарихи деректердің айтуынша, Әбілхайыр хандығында да үйсіндер болған.[3]

«Тарихи Рашиди» мен «Раузат ас-сафаның» деректеріне қарағанда, 14-15-ғасырларда Іленің сол жағында және Янги (Тараз) ауданында керейіттер (керейлер), Шу өзенінің оң жағасында арғындар мекендеген. Қазақ хандығының құрылуы осы ұлан-байтақ өңірді қоныстанған қазақ тайпаларының және қазақтың этникалық территориясын біріктірді. Қазақтың өз алдына халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.[4]

Ендеше әртүрлі саяси оқиғаларды бастан өткерген хандық құрылымның Қазақстан тарихындағы орны ерекше болатын. Себебі осы кезеңде қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының іргетасы қаланды.

Сондықтан да Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін біз жастар бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуіміз тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғананын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. [5]

Қорытындылай келе Мәңгілік Ел бұл –болашақтың жобасы, сондықтан ол ұрпақтар сабақтастығы мен жалғасатыны мәлім. Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құндылықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа ұлағат болатындай игі істер атқару –бүгінгі біз жас ұрпаққа міндет, ал келешек ұрпаққа –аманат.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Тарақты Ақселеу «Көшпенділер тарихы» -Алматы: Атамұра–Қазақстан, 1995.

  2. Есенаман Ошақбаев, Егемен Қазақстан №21 наурыз 2015ж.

  3. Жылқыбай Жағыпарұлы, Егемен Қазақстан №1 қаңтар 2015ж.

  4. Мұратхан Қани «Қазақтың көне тарихы» ҚХР Шинжан халық баспасы 1987ж.

  5. Жорабек Дәуренов, Егемен Қазақстан №17 ақпан 2016ж.





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!