«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымының шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі "әдет" заңына бағынып келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР»

Шурабекова Айнур Берденалиевна

Түркістан қаласы, «Farabi - School» ЖШС


ҚShape1 азақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымының шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі "әдет" заңына бағынып келді.

Қазақ хандығында «Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдардың болғандығы тарихтан белгілі.

1Shape2 465 жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерін жүйелеп "Қасым салған қасқа жолды" тұжырымдап берді.Shape3 Қасым ханның қасқа жолы – қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хандық құрған кезде құқықтық ережелерді (1511 - 1523) ел басқару ісінде қолданылған. Негізі орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «ярғу» заңынан (қазақша «жарғы» - хақиқат деген ұғымды білдіреді) алынған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық билерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Ол бес тараудан тұратын:

Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. XVII ғасырдың алғашқы жартысындағы мемлекет және құқық туралы түсініктердің дені «Есім ханның ескі жолы» атты ережелерімен байланысты. Ел аңызындағы сақталған деректерге қарағанда, Есім хан тұсында «қасқа жолға» қосылған жаңалық: «хан болсын, ханға лайық заң болсын, жорық болсын, жорық жолы мақұл болсын; абыз болсын, Абыз сыйлау парыз болсын; би болсын, би түсетін үй болсын» деген ережелер екен. Бұл Қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екендігі байқалады.




Есім хан (1598-1645 жж.) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді" қаз-қалпында сақтағаны үшін оған халық "Есім ханның ескі жолы" деген ат берді. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал.

Shape5 Shape4





Shape6


ЕShape7 сім ханның мақсаты мемлекет негізін нығайту, қоғамда төрелердің орны мен белсенділігін күшейту, ішкі сепаратизмді болғызбау еді.Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды. Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқы «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп атаған, атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деседі.

Өз заманында Тәуке хан (1680-1718 жж.) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар "Тәуке ханның жеті жарғысы" деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді. Жаңа билеуші көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды. Қазақ елінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармайынша өзге елге жем болып кететінін анық білді.

Тәуке хан тұсында билер мәжілісі ерекше жағдайларда, аса маңызды мәселелерді шешуге ғана шақырылған. Бұл жиындарда қазак елінің басты мәселелері: кай жерде кыстау, кай жерде жайлау, ел тыныштығын калай ұстау, т.б бүкіл ел болып акылдасатын мәселелер талқыға түсті. Билер кеңесі әрдайым Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде,Сай­рам қаласының маңындағы Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген. Күлтөбеде күнде кеңес деген сөз осы кезде айтылса керек.


Қалқама дәуірлеп күшейген уақытта жаңа саясат жүргізу керек еді. Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билерінің қатысуымен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, сондай ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды.

Билердің мүддесін көздей отырып, Тәуке өз билігін нығайтты. Мұның бар­ы қазақ тайпалары мен көшпелілер арасында жоғарғы билікті күшейтуге мүмкіндік берді. Сонымен, қазақ қоғамындағы ішкі саяси қайта құрулар хандық өкімет билігін орталықтандыруға тырысқан әрекет болды.

«Жеті Жарғы» заңдар жинағын жасауға үш жүздің атақты билері қатысты. Бұл заңдарды жасауда, осыған дейін қолданылып келген «Қасымханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» сияқты заңдар пайдаланып, онан әрі дамытылды. Көсем тілді, көреген ойлы данагөй шешендермен бірге құрастырған «Жеті Жарғыда» атақты Қасым хан мен Есім хан тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып, заң қағидаларына жаңа толықтырулар енгізіліп, бір жүйеге түсірілді. Осы заңдарға қаскөйлеу бір нормалар, ескірген баптар жаңа заман талабына сай, келешекпен байланыстырыла өзгертілді. «Жеті Жарғы» қазақ қоғамының сол кездегі бүкіл өмірін қамтып, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық нормаларды заң жүзінде бекітті. Сонымен катар Тәуке хан өзінің билігі мен саясатында «би-батырлар тірегін» кеңейтуге тырысты. Кеңеске барлық рулардың қатардағы билері мен әскербасылары және батырлары көптеп шақырыла бастады. Сырдария өңіріндегі Тәукенің хандық билігі берік болды, оның астанасы Түркістан қаласы еді.

Әз Тәуке заманында билік құрылымы бірнеше сатыға жүйеленді. Көшпелілердің әуел бастан демократиялық тәртіптері қайта жанданып, жалпы халықтық мәслихат, жиындар жыл сайын өткізіліп отырылатын болды. Бұл жиындарға тек қарулы ер азаматтар ғана қатысуға құқықты еді. Оның тәртібі «Жеті Жарғыда» нақты бекітілді.

«Қасқа жолдың» бұрынғы бес тарауына тағыда екі тарау қосылды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң және құн дауы туралы заң еді. Өлім жазасы сол кездің өзінде құнмен алмастырылуы үлкен прогрессивтік құбылыс еді. Қазақ құқығында: өлім жазасы, түрмелер мен зындандар, бас бостандығынан айыру, денеге зақым келтіру түрлері, қылмыстық жазалар болған жоқ. Барлық даулар және ең күрделі қақтығыстар азаматтық құқықтық сипатқа ие болып, олар үшін мүліктік, мүліктік емес, ұялтатын, масқаралайтын, бітімгершілік және өзге де жазалау нысандары қолданылды. Жазалаудың, жауапкершілікке тартудың үш негізгі түрі қолданылды: «құн төлеу» (кісі өлтіргені үшін немесе кісі өлтіруге теңестірілген қылмыстар үшін төленетін төлем), «тоғыз» - (тоғыз санына теңестірілген мүліктік жауапкершілік), «айып» (кешірім айыбын төлеу). Бұлардың барлығы мал, әсіресе, жылқы басынан тұратын заттық сипатта болған. Әрбір жазаға тартарту, өзара бітімге келу шарты түрінде сақталынды, кейде тіпті дау-тартыс, жауапкершілік некелік мәмілелер мен бітіскен. Кісі өлтіргені үшін жауапкершіліктің түр-түрі болған. Ол өлген адамның қадыр-қасиетіне сай «құн» төлеген. «Ер құны» (әскер өлтіргені үшін), «сүйек құны» (кісі өлтіргені үшін), «өнер құны» (өлген кісінің өнердегі білімі мен қабілеті үшін), «ар құны» (ар намысқа тигені үшін). Жазаның мөлшері өлген адамның әлеуметтік жағдайына да байланысты болды.

Қазақ халқының құқығындағы жауапкершілікпен жаза түрлері аса бай, әрі көп түрлі болды. Олардың түрлерінің көптігі соттардың әрекеттерінің кеңістігін қамтамассыз етті. Сонымен қатар бұл билерге өз шешімінің логикалық, адамгершілік негізділігі үшін ерекше жауапкершілік жүктейді.

Тәуке хан заңдары XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ қоғамындағы ішкі тәртіпті күшейтіп, ел бірлігін дамытып, шыңдауға негізделді. Тәуке хан «Ережесінің» жалпы бағыты-қазақтың феодалдық жоғары тобының артықшылық жағдайларын, оның саяси үстемдігін қорғау, феодалдық меншікті және патриархаттық әулетте үстем болған тәртіптерді қорғау, мұсылман дінін қолдау. «Жеті Жарғы» қазақ халқының дәстүрлі мемлекеттік және құқықтық мәдениетінің алтын орнына сақталған қымбат қазына.

Қорыта айтқанда қазақ хандығы тұсында тұжырымдалған құқықтық нормалар жиынтығы бүкіл қазақ хандығы тұсында кеңінен қолданылып, мемлекет пен қоғамның тіршілігін үйлестіретін негізгі заң қағидаларының жинағы немесе ұлттық танымның айшықты айнасы.

















































Пайдаланылған әдебиетттер:

  1. Г.В.Кан, Н.У.Шаяхметов Қазақстан тарихы оқулық. Алматыкітап баспасы 2009ж

  2. С.Жолдасбайұлы Ежелгі және орта ғасырдағы қазақ елінің тарихы. «Кітап» баспасы Алматы 2010ж

  3. Қазақстан тарихы (бес томдық энциклопедия) ІІ-том

  4. С.Д.Баққұлов Құқық негіздері оқулық Алматы 2004

  5. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі.-Алматы: «Қазақстан» және «Сана», 1991-52б

  6. Қазақтың көне тарихы. Алматы: Жалын, 1993.-318б

  7. Артықбаев Ж.О. «Жеті Жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші. Оқу құралы.-Алматы: заң әдебиеті, 2004.-51б




4


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2022
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі