Ағылшын және қазақ халық ертегілерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Аннотация
Қазақ, ағылшын ертегілерін түр-түрге бөліп салғастырмас бұрын бұрын бірнеше жалпы түсініктер айтып өту қажет. Жалпы, ертегі фольклоры жайындағы негізгі ғылымдық, жүйелік мәселелер зерттелген. Әр елдің батыр жырлары, салт жырларында, әсіресе ертегі, легенда сияқты мұраларында бір-бірімен ұқсас жақтары болып отырады. Бұндай жанрлар мен универсалдар қазақ, ағылшын ертегілеріне жат емес. Бұл ұқсастықтардың негізгі себебі шаруашылық, қоғамдық, салт-саналық жағдайлары бір дәрежеде, біркелкі ұқсас халде болғанда - сол елдердің әрқайсысы өз топырағында ұқсас шығармалар туғызады. Онан соң шаруашылық қарым-қатынасы аралас, жақын елдердің ертегілері бірінебірі ауысып келіп жатады. Мәселен, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікпен халықтары мен қазақ халқына ортақ ертегі әңгімелер көп-ақ. Сол сияқты Еуропа халықтарында да ұқсас ертегілер көптеп кездеседі. Бұл ғылыми жобада қазақ, ағылшын халықтары ертегілеріне салғастырмалы- тақырыптық талдау зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
Аннотация
Прежде чем разобрать казахские и английские сказки на разные виды, необходимо рассказать несколько общих понятий. В целом изучены основные научные, системные проблемы сказочного фольклора. В героических песнях, обрядовых песнях, особенно в сказках, легендах, у каждой страны есть свои сходные стороны. Такие жанры и универсалы не чужды казахским, английским сказкам. Основная причина этих сходств заключается в том, что хозяйственные, общественные, ритуальные условия в той или иной степени находятся в однородном сходном состоянии-каждая из этих стран создает на своей почве сходные произведения. А потом, когда у нас смешались хозяйственные отношения, в одну из стран ближнего зарубежья стали приходить сказки. Например, есть много сказочных историй, общих для киргизского, узбекского, Уйгурского, тюркского народов и казахского народа. Так же у европейских народов много похожих сказок. Актуальность исследования в данном научном проекте показывает сопоставительно - тематический анализ сказок казахского и английского народов.
Annotation
Before analyzing Kazakh and English fairy tales into different types, it is necessary to tell a few general concepts. In general, the main scientific, systemic problems of fairy-tale folklore have been studied. In heroic songs, ritual songs, especially in fairy tales, legends, each country has its own similar sides. Such genres and universals are not alien to Kazakh, English fairy tales. The main reason for these similarities lies in the fact that economic, social, and ritual conditions are more or less in a homogeneous similar state - each of these countries creates similar works on its own soil. And then, when our economic relations got mixed up, fairy tales began to come to one of the neighboring countries. For example, there are many fairy-tale stories common to the Kyrgyz, Uzbek, Uighur, Turkic peoples and the Kazakh people. European nations also have many similar fairy tales. The relevance of the research in this scientific project shows a comparative thematic analysis of the fairy tales of the Kazakh and English peoples.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі: бұл зерттеудің өзектілігі балаларды мектептеп қабырғасынан бастап шет тілін оқыту қажеттілігімен байланысты. Ағылшын ертегілері өте үлкен пайда әкеледі, олар ерте жастан бастап ағылшын тілін оқытудың тиімділігін ең жоғары деңгейге шығара отырып, баланың тілдік кедергісін еңсеруге көмектеседі және оған шет тіліне деген сүйіспеншілікті оятады. Ағылшын және қазақ ертегілерін салыстыру, олардың ұқсастықтарын тауып, баланың қиялының дамуына қандай әсері бар екенін айқындау. Сауатты және білімді жастарды тәрбиелеу-бұл педагогтардың бірінші мақсаты. Қоғамда жас ұрпақтан бастап өмір сүру дағдыларын дайындау қажет. Жасөспірімдерді тәрбиелеу процесінде қоғаммен мәдени және құзыретті қарым-қатынасты меңгеру қажет, өйткені жастардың дамуына қол жеткізу деңгейі-бұл шығармашылық білімді меңгеру.
Ертегілер мен аңыздар біздің сенімді серіктеріміз ерте кезден ертегілер адам баласының қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенім арттырады. Мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді. Үлкен әжелеріміздің аңыз әңгімелері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып өскелең жеткіншектерге өнегелі тәрбие беруде. Мысалы, менің іжемнің аузынан шыққан ертегі үлбіретіп, кесте тоқығандай мені баурап алады. Оның ержүрек батырдың зәлім де іші тар жауларын жеңуі байлық бар жердегі ақыл ойдың үстемдігі, халық ішінен шыққан қарапайымды, ақылды, сұлу бойжеткен туралы аңыздарды ақырын суыртпақталып өз тыңдаушысын үйіріп әкетеді.
Ертегі қай халықтың болмасын сүйіктісі. Ертеде қазақ ауылдарында ертегілерді той жиындарда алтыбақан басында жиі естуге болатын. Әрбір ауылдың өз ертегісі болатын. Әрбір ауылдың өз ертегі аңызшылары болған. Ертегілер ақындар мен жыршылар айтатын. Ертегілер әжелерімен, аталарынан мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Ертегі айтуға жас балаларды ән айтуға үйреткендей ерте жастан баулыған.
Ертегіге деген осыншама сүйіспеншілік қайдан келеді.Олар осы заманға дейін қалай сақталып келген, өйткені ертегі халықтың ақыл мен арман тілегі. Өте ертеде пайда болған ертегілер осы күнге дейінгі өзінің жеңіл сиқырымен, кейіпкерлерімен бірге ерлік жасап, әртүрлі қызықты оқиғаларымен, кейіпкерлерімен бірге ерлік жасап, әртүрлі қызықты оқиғаларымен таңғалдыруда. Ертегі өз отанын сүюге, оны қор,ауға қиыншылықтардан және қорықпауға ата анасын қадірлеуге үйретеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ағылшын ертеіглері мен қазақ ертегілерінің ұқсастықтарын табу, айырмашылықтарын ғылыми жоба барысында көрсету
Міндеттері:
Ағылшын тіліндегі және қазақ тіліндегі ертегілердің жалпы талдауы;
Баланы тәрбиелеуде ертегінің рөлі мен әсерін анықтау және оның балаға ең жақсы әсер ету әдістерін анықтау;
Ағылшын ертегілері мен қазақ ертегілерін салыстыру,ұқсастығын табу;
Диалогтік сөйлеуді қалыптастыру; қарым-қатынас жасауға үйрету ;
Сөйлеу материалын түсіну, есте сақтау туралы сөйлей білу.
Зерттеу болжамы: Ертегілерді зерттеу, күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Зерттеу кезеңдері:
1. Тақырып талдау
2. Материалдар жинау
3. Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
4. Байланыстыру
5.Материалдарды жинақтап, жүйелеу.
Зерттеу әдістері: мониторинг, талдау, салыстыру, сараптама, синтез.
Ғылыми ақпарат көздері: ғылыми әдебиет, мұрағат материалдары, Интернет, баспа өнімдері.
Зерттеу жаңалығы: Ертегілерді насихаттауда 3D анимациялық бағдарламаның қолданылуу, қазақь және ағылшын ертегілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары алғаш рет оқушы тарапынан зерттелуі
Ғылыми жұмыстың құрылымы:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
Дүниежүзіндегі халықтардың бәрінің де айтып жүрген ертегілері жалғыз сол халықтың өзі ғана тудырған ертегілер емес, қайта өзге де көп-көп халықтарға ортақ мүлік боп шығауы жиі кездеседі. Мысалы: әр елдің ертегілерінде өзіндік жаужүрек батырлары мен әділ хандары менн ханшайымдары көптеп кездеседі. Осымен қатар айтылатын тағы бір негізгі пікір — ертегі бір елдің фольклоры көлемінде тексерілу үшін, оның тек қана осы елдің өз ішінде туған төл ертегісі болуы шарт емес. Көптеген халық ертегілері әлем халықтары ертегілеріне айналып, ортақ фольклор саласында қолданыс табуда. Тіпті қазіргі кино индустриясы дамыған заманда, бұл ертегілер жаңа нұсқада ұсынылып, өңделіп, әр халықтың мәдениеті мен әдет ғұрыптары арқылы беріліп жүргендігін байқау қиын емес. Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филологғалымдар да еңбек еткен.
Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап, олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты. Негізінен, ертегілерді қай жақта туып, қай шеттен келсе де, белгілі ертегіні бір халық өз тілінде халық болып әңгіме етіп, айтып жүрсе, сол жеткілікті.
Бұл халықта ол ертегіні өз ертегісі қатарында зерттеп, тексеріп, тел ертегісіндей танитын болады. Белгілі ертегіні қазақ ертегісі қатарында тексерумен қатар, оның түбі қай тілден шыққанын айта отыру қажет. Көп халықтарға тараған ертегі болса, қай халықтың молырақ, көркемдірек етіп айтатынын да атап өтуге болады. Мысалы, "Мың бір түн" әңгімесін, "Тотының қырық тарауын" ауызша айтып келген шығыс халықтары қалай әңгімелейді?
Шығыс халықтары арасында Орта Азия елдері қандайлық жаңалықтар қосып айтады? Өзбек, қазақ, қырғыз, түрікпен сияқты елдердің қайсысы молырақ, көркемдірек әңгіме етіп жүр? Немесе осы елдердің бәріне ортақ аңыз әңгіме — күлдіргі әңгіме Қожанасыр жайын қай ел қаншалық өзгешелік өрнек, көркемдікпен жетілте айтады? Осы жайдың бәрін салыстыра тексеру, нақты тану — фольклорды зерттеуші ғалымның ардақты міндеті.
Бүгінгі ғылыми жобамда қазақ және ағылшын ертегілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсететін боламын!
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ және ағылшын ертегілерінің зерттелу тарихы
Қазақ ауыз әдебиетінің ертегі жанрын Аймуытов Ж., Әуезов М., Жұмалиев Қ., Ғабдуллин М., Марғұлан Ә., Бердібаев С., Қасқабасов С., Қорабай С. және т.б. ғалымдар қарастырған болатын. Қазақ ауыз әдеби жанрында Ертегіні жанр ретінде қарастыру Совет Одағы тұсында түпкілікті зерттеуге мүмкіндік болған еді[1, 2]. Ағылшын халық ертегілерінің алғашқы топтамаларын жинақтау XIX ғасырдың соңында басталған. 1854-1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа тиесілі болған [3, C.134].
Әйтседе, Ресей, Германия және Франция елдеріне қарағанда Англияда ертегілерді жинақтау және жазып алу жұмыстары әлдеқайда кеш басталғандығы туралы фактілер бар. Британия аралдарында халық ертегілерінің жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы орындалған діни рәсімдерге сенген және дамытып барған. Осыдан христиандардың дүниетанымының басталуы қалыптасқан.
Ағылшын халық ертегілеріндегі әділ ханзада мен ханшайым, жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Кезінде, ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді. Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды.
ХIX-XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс, Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген.
Барлық ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу өнері болмаған аузша шығарған күрделі шығармасының бір түрі ертегілер.
Ертегілер көбінесе қара сөз ретінде айтыладындықтан, оны халықтың ерте заманында шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек кәсіп ету тұрмыс тіршілік құру тәжірибиесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген етедегі адамдар әр нәрсесін қиял еткен өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым түсініктерін наным сенімдерін әңгімелеп айтатын болған.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп ол ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құралы ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсесінің өзі әдейі өзгертіп көрсету, ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан көркемдеп бейнеленген.
Қазақ, ағылшын ертегілерін түр-түрге бөліп салғастырмас бұрын бұрын бірнеше жалпы түсініктер айтып өту қажет. Жалпы, ертегі фольклоры жайындағы негізгі ғылымдық, жүйелік мәселелер зерттелген. Әр елдің батыр жырлары, салт жырларында, әсіресе ертегі, легенда сияқты мұраларында бір-бірімен ұқсас жақтары болып отырады. Бұндай жанрлар мен универсалдар қазақ, ағылшын ертегілеріне жат емес.
Ғылым дүниесінде ертегіні түр, жанр жағынан жіктеу әлі белгілі бір жүйеге түсіп, қалыптанған жоқ. Орыс ғалымдары әр елдің ертегісін тексергенде ертегілерді әртүрлі жолмен жіктеп жүр. Проф. Н.П. Андреев Арненің халықаралық ертегілер каталогі негізінде орыс ертегілері сюжетінің көрсеткішін жасады. Бұл көрсеткіште бұған дейінгі орыс ертегілерінде жіктеулердің бәрін сыннан өткізіп, ертегілерді негізгі үш тақырыптық топқа бөледі:
Хайуанаттартуралыертегі (сказки о животных).
II. Нағызертегі (собственные сказки).
III. Күлдіргі сөздер (анекдоты). Екінші топтың өзі төрт жікке бөлінеді: а) қиял ғажайып ертегі (волшебные сказки); б) аңыз ертегі (легендарные); в) әңгіме ертегі (новеллистические); г) ақымақ шайтан туралы ертегі (сказки о глупом черте) [5] .
Бұл жіктеулер әлі толық зерттеліп, ғылым жолымен дәлелденіп жетпеген, алдын ала сырт белгілеріне сүйеніп жасалынып отырғанын айтады Андреев [5]. Осы қазақ ертегілерін баспаға дайындаумен байланысты оның өзін төрт тақырыптық салаға бөлген едік:
1) қиял-ғажайып ертегілер;
2) сыни ертегі; 3) күлдіргі ертегі;
4) өтірік ертегілер.
(Алайда, қазақ әдебиеті тарихының 1-томын жазумен байланысты ертегілеріміздің ерекшелігі кеңірек тексерілді, оны жіктеуді негізінен үшке тақырыпқа бөлген екен:
1) қиял-ғажайып ертегі;
2) хайуанат жайындағы ертегі;
3) сыншыл ертегілер.
(Ал сыншыл ертегілер қазақ фольклорында ең көп болу себепті оның түрлері де әр алуан. Сондықтан сыншыл ертегілер өзара үш тақырыптық топқа бөлінеді:
а) салт ертегілер;
б) күлдіргі ертегілер;
в) аңыз ертегі.
Әрине, бұл тақырыптық жіктеуді түпкілікті белгілі бір әдебиет заңы деп санамаймыз; қолда бар материалға сүйеніп айтқан алғашқы тексерудің, бақылаудың қорытындысы ғана.
2.2 Қазақ және ағылшын ертегілерінің ұқсастықтары
Жалпы, қазақ, ағылшын ертегілерінде кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра бергені туралы ертегілер көптеп кездеседі. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды. Бұл арадағы ең үлкен еңбек баспадан басып шығарушылармен аудармашылардың еншісіне тиді.
Аудармашылардың еңбектері халыққа ұнады. Өйткені ертегілерді оқып-түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілін қолданылды. Қазақ, ағылшын ертегілерін салғастыра зерттесек, кейбір айырмашылықтар да бар. Мысалы: ағылшын халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Бұндай персонаж, адам жегіштер туралы ертегілер қазақ ертегілер тізімінде кездеспейді. Джек өте күш-қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. «Adventures of Jack the Giant-Killer» ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады [3, 174б.].
Ал, қазақ ертегісіндегі «Қожанасыр» кейіпкері сандаған юморлық ертегілерге себеп болған персонажа ағылшын ертегісінде кездестірмедік. Кейбір персонаждар өзіндік жаман, жақсы қасиеттері арқылы салғастыру арқылы анықтала алады. Мысалы: Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: «Molly Whuppie» ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және «Jack and the Beanstalk» ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды [3, 175б.].
Ағылшын халқына тән күлкілі кейіпкерлерді яғни юморды да осы ертегілерден таба аламыз. Ағылшын халық ертегісі барлық кезде байқаған болсаңыз, өте бақытты және баянды аяқталады. Ертегілердегі кейіпкерлердің ертегі соңында қайғы-қасіретке ұшыраудан аулақ болады. Ертегінің соңында ешқашан жаман мотивтерді қолданбайды. Мұның бәрі ертегі оқушыларының тәрбиесіне жақсы әсер етеді. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты мақсаттарына жетуді армандайды. Ертегі қатарында, қара сөзбен айтылатын аңыз әңгіме боп келген, тарихта болған кейбір адамдар жайындағы мұраларды да тексереміз. Әсіресе бұл адамдардың дәлді болған тарихтағы кездері анық еместігін және жұрт әңгімесі олар жайындағы сөздерді ертегіше өскелең, еркін қиялмен бейнелегендіктен осы топқа қосамыз.
Ағылшын халық ертегілеріндегі әділ ханзада мен ханшайым, жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Кезінде, ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді. Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды. ХIX-XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс, Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген. Жалпы, қазақ, ағылшын ертегілерінде кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра бергені туралы ертегілер көптеп кездеседі. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды.
ІІІ. Зерттеу бөлімі
3.1 Қазақ және ағылшын ертегілерін салыстыру
Ғылыми жоба барысында ағылшын және қазақ ертігелірінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттедім. Зерттеу барысында ұқсастықтары бар екенің дәлелдедім. Көптеген ертегілерді оқып салыстыру жұмыстарын жүргіздім.
Қазақ хадық ертегісі «Түлкі мен қасқыр»
Ағылшын халық ертегісі «The wolf and the fox» («Қасқыр мен түлкі»).
Екі ертегінің ұқсастықтары қасқыр мен түлкі орманда өмір сүреді,
Айырмашылықтары қасқыр мен түлкі ағылшын ертегісінде фермерді тонап кетеді.
Қазақ ертегісінде түлкі мен қасқыр бұрын дос болған деседі, ағылшын ертегісінде түлкің қасқырға қызмет еткен, қасқыр оны бағындырған, содан түлкі қасқырдан құтылуды ойлаған.
Қазақ ертегісінде қасқыр қақпанға түсіп, түлкі етті жейді. Ал ағылшын ертегісінде түлкі қасқырды зынданға апарады, фермер қасқырды өлтіреді.
Түлкі әртүрлі халықтардың жануарлары туралы ертегілердің басты кейіпкеріне айналды. Ол тапқыр және абайсызда өтірік айтады, жиі ең керемет өнертабысқа құмар, кекшіл және кекшіл.
Ағылшын ертегілерінде Қасқыр қатыгез өліммен өледі. Орыс, қазақ халық ертегілерінде Түлкі алдап қасқырды алдайды.
Ертегінің ұлттық ерекшеліктерін халықтың фольклорлық дәстүрлері айқындайды. Ертегілер осы ертегілер пайда болған елдің өсімдіктері мен фаунасын көрсетеді.
«Lazy Jack» және «Мақта қыз бен мысық» ертегілерін салыстыру.
Бұл екі ертегінің ұқсастығы мысық пен Джектің адал еңбек етуінде. Мысық көптеген кедергілерден өтіп өз мақсатына жетті. Алдымен ол сиырға барып, айран сұрады. Сиыр жапырақ сұрап, мысық терекке келді. Терек су сұраған соң, ол қыздарға барды. Қыздар сағыз сұрап, мысық дүкееншіге келді. Дүкенші жұмыртқа сұрады. Мысық тауыққа барды. Тауық тары сұрады. Мысық алған бетінен қайтпай, тышқаннан тарыны алды. Сүйтіп, мысық өз көздеген мақсатына жетіп, құйрығын қайтарып алды. Ертегі соңы бақытты аяқталды. Ал Джек болса әркімге жалданып жұмыс жасап, үйіне ештеңе әкелмей құр қайтып келседе ертегі соңы бақытты аяқталды. Бұл екі ертегі баланы еңбекке, адал табыс табуға баулиды.
«Құйыршық» және «Tom Thumb» ертегілерін салыстыру
Бұл екі ертегіде де ата мен әженің балаларының болмауы. Олардың баланы зарығып күтуі. Армандарының орындалып, балалы болуы. Екі отбасының балаларының басқа балалардан ерекшелігі олар өте кіп-кішкентай болатын. Олардан көз жазып қалу өте оңай еді. Сондықтан да бұл екі кішкентай балалар көптеген қиыншылықтар мен кедергілерге тап болады. Ертегі соңында екі кейіпкерімізде отбасына аман-есен, оралып, бақытты ғұмыр кешеді.
«Мақтаншақ қыз» және «Tom tit tot» ертегілерін салыстыр.
Бұл екі ертегіде де ұқсастықтар өте көп. Екі ертегіде кедей қызға хан үйленеді. Екі ертегіде де қыз қолынан бәрі келеді деп алдайды. Хан оны тексеру мақсатында тапсырма береді. Қыз не істерін білми дал болып отқанда адам да емес, жануарда емес, жәндікте емес бір мақұлық келіп қызға көмектесетінін айтады. Тек қана бір шарт қояды. Егер мақұлықтың атын тапса жайына қалдыратынын айтады, ал таппаса өзімен бірге алып кететінін айтады. Қыз неше түрлі есімдерді айтып таба алмайды. Бірақ хан жорыққа кеткенде әлде бір мақұлықтың әндетіп өз есімін айтып отырады. Қыз осылайша мақұлықтың есімін біліп алады. Мақұлық келіп, оның есімін айтқан кезде мақұлық жоқ болып кетеді. Осылайша, қыз бен хан баққытты өмір сүрген екен.[8:28б]
3.2 Ертегілерді 3D анимациялық бағдарламадада жарнамалау жеке тәжірибемнен
Сауатты жарнама жасауды мектеп қабырғасынан бастап үйретуіміз қажет. Мәселен Абай атамыздың өлеңдерін Қазіргі заманда информатика мен it жүйе барлық салада өз орынын ойып алды десек болады. Қазіргі таңда жарнама жасауда осындай анимациялық мән-мағынасы бар видео мен 3 д кейіпкерлерді жасау туралы зерттеу жүргізіп жүрміз. Зерттеу практикамыз бойынша мынадай анимациялық кейіпкерлерді осындай онлайн бағдарлама көмегімен жасап сіздерге соның зерттеу қортындысын ұсынып отырмыз.
3Д экплейнер анимациялық онлайн бағдарламасына осы сілтеме бойынша https://www.renderforest.com/ru/template/3d-explainer-video-toolkit кіреміз.
Кез-келген салаға немесе кәсіпке арналған түрлі осындай мән-мағынасы бар анимацияларды және қазақ тіліндегі ертегілерді өзіңізде сюжет бойынша жасай аласыз. Бұндай сюжеттер арқылы ертегілерімізді мултьсериалдар ретінде анимациялық сюжеттер жасауға болады.
Сол себептен жобаның қорытындысы ретінде және ұсынысы ретінде
3 D анимациялық сюжеттерге көптеген сюжеттер жасап үйретуге болатын тәсілді сіздерге ұсынып отырымыз. Бұндай 3 D анимациялық сюжеттерді тезірек қолға алып қазақ ертіглерін жазып, оқушылардың көзін осы бағдарламаға тез үйретсе, қазақ ертегілерін тез жаттап алады деген ойдамыз.
1-зерттеу тәжірбиесі
3 D эксплейнер анимациялық онлайн бағдарламаға кірген соң, сізге осындай терезе шығады. Создать деген батырманы басып, анимациялық мән-мағынасы бар жарнама сюжеттерді жасаудың практикасын бастаймыз.
Бұндай онлайн бағдарлама біз сияқты жас тілге қызығушылығы бар оқушыларға үлкен көмектерін берді. Себебі түрлі-қызықты анимациялық сюжеттер мен жарнама жасау арқылы біздің зерттеуге деген ерекшеліктеріміз оянды.
2-зерттеу тәжірбиесі
Онлайн анимациялық бағдарламаны ашқан соң, бізге осындай таңдау бойынша түрлі сюжеттік кейіпкерлер беріледі. Мысалы болашақта біз осындай мықты кейіпкерлердің отандық бренд түрлерін жасау ойымызда бар.
Мысалы: сіз бір оқиғаны немесе өзіңіздің кәсіп түріне қазақша қызықты жарнама жасағыңыз келсе, қызықты сапалы сюжеттік анимация жасағыңыз келсе 3 D эксплейнер онлайн анимацияға жүгінуіңізге болады. Добавить сцены деген батырманы басып, өзіңіздің тақырып бойынша мән-мағынасы бар кейіпкерлерді біріктіру арқылы анимациялық сюжеттік жарнама видео жасай аласыз.
3-зерттеу тәжірбиесі
Күнделікті өмірге және қоғамдық орындарға көрсетуге болатын қызықты жарнама сюжеттерді ұсынып бізде жасап көрдік. Бұны оқушы және мұғалімдерде сабақ барысында тиімді акт құрал ретінде де пайдалана алады.
4-зерттеу тәжірбиесі
ҚАЗАҚ ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН АНИМАЦИЯЛАУ
Қортынды
Қорыта келгенде, ертегі - халық шығармасы, халық мұрасы. Бірақ ертегілер әр замандағы белгілі бір тарихи уақиғалар мен әлеуметтік салтсанаға (идеяға) байланысты жарыққа шыққаны жоғарғы талдаулардан байқалады. Ертегіде халықтың ескі наным, ұғымдары, ғайыптан болатын уақиғаларды шын деп сенушіліктері бар. Сонымен бірге ертегіге үстем тап қауымдарының да (хан, бай, молдалар) әсер етіп отырғанын аңғаруға болады. Ертегіде айтылатын шындық пен ескі қиялды қазіргі жұртшылық әбден айырып таниды, сын көзімен қарап оқиды.
Ертегі - ескі мәдениет мұрасы. Расында, біз ескі мәдениет мұрасын әр уақыт бағалаймыз. Сонау көне заманынан бермен қарай адам қоғамы тудырған нелер асыл мұраларды — мифология ертектерден бастап, батырлық жырларын да, тағы басқа ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін қадірлейміз. Халықтың ой-арманы тудырған мәдени мұраны бағалап, оның керекті, жақсы жағын, демократиялық нәрін іріктеп, барынша мол пайдаланамыз. Ертегілерде дерексіз қиял, ескі наным, діни ұғымдар сарыны үнемі кездескенімен, оның халықтық қасиеті, мәдениеттік, көркемдік қасиеттері ешбір кемімейді.
Ертегі — халық әдебиетінің бай, құнды саласының бірі. Қазақ, ағылшын ертегілеріндегі тамаша көркем тілдің байлығы, сұлу, тапқыр сөз шеберліктері әдебиетші, жазушы ақындарға үлкен үлгі болады. Ертегілерді алдымен керемет фантазия, қиялдың, ойдың шалқыған өрісі бар. Бұл қияли ойлар адам баласының реалды санасынан туған. Ертегі өткен феодалдық замандардың қаталдығын, жеркенішті әдет-ғұрыптарын батыл әшкерелеп, соларға қарсы бүгінгі жұртшылықтың ыза, кегін де қозғайды. Ертегі халық ертегілерінің, халық данышпандығының тамаша бейнелерін, мәңгі өлмес типтерін алдымызға тартады.
Әрине, бұл тақырыптық жіктеуді түпкілікті белгілі бір әдебиет заңы деп санамаймыз; қолда бар материалға сүйеніп айтқан алғашқы тексерудің, бақылаудың қорытындысы ғана. Қиял-ғажайып ертегілердің екі түрлі айқын саласы бар. Біреуі — қазақ ескілігінен келе жатқан, өз тумасы. Екінші түрі — неше алуан жолдармен, әлденеше елдерді аралап кеткен келген ертегілер. Қорыта келгенде, ертегі - халық шығармасы, халық мұрасы. Бірақ ертегілер әр замандағы белгілі бір тарихи уақиғалар мен әлеуметтік салтсанаға (идеяға) байланысты жарыққа шыққаны жоғарғы талдаулардан байқалады. Ертегіде халықтың ескі наным, ұғымдары, ғайыптан болатын уақиғаларды шын деп сенушіліктері бар. Сонымен бірге ертегіге үстем тап қауымдарының да (хан, бай, молдалар) әсер етіп отырғанын аңғаруға болады. Ертегіде айтылатын шындық пен ескі қиялды қазіргі жұртшылық әбден айырып таниды, сын көзімен қарап оқиды. Ертегі - ескі мәдениет мұрасы. Расында, біз ескі мәдениет мұрасын әр уақыт бағалаймыз. Сонау көне заманынан бермен қарай адам қоғамы тудырған нелер асыл мұраларды — мифология ертектерден бастап, батырлық жырларын да, тағы басқа ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін қадірлейміз. Халықтың ой-арманы тудырған мәдени мұраны бағалап, оның керекті, жақсы жағын, демократиялық нәрін іріктеп, барынша мол пайдаланамыз. Ертегілерде дерексіз қиял, ескі наным, діни ұғымдар сарыны үнемі кездескенімен, оның халықтық қасиеті, мәдениеттік, көркемдік қасиеттері ешбір кемімейді. Ертегі — халық әдебиетінің бай, құнды саласының бірі. Қазақ, ағылшын ертегілеріндегі тамаша көркем тілдің байлығы, сұлу, тапқыр сөз шеберліктері әдебиетші, жазушы ақындарға үлкен үлгі болады. Ертегілерді алдымен керемет фантазия, қиялдың, ойдың шалқыған өрісі бар. Бұл қияли ойлар адам баласының реалды санасынан туған. Ертегі өткен феодалдық замандардың қаталдығын, жеркенішті әдет-ғұрыптарын батыл әшкерелеп, соларға қарсы бүгінгі жұртшылықтың ыза, кегін де қозғайды.
Ғылыми жобам бойынша қортынды Ұсынысымыз:
Мектеп оқушыларына қазақ және ағылшын ертегілері туралы әдістемелік кітаптар шығарылса
Қазақ және ағылшын ертегілеріне байланысты танымдық мульфильмдер көрсетілсе
Теледидардан ағылшын ертегілерін қазақшаға ауарып көрсетсе
Оқушылар арасында қазақ және ағылшын ертегілерін театрландырудан байқау-сайыстар өткізілсе
Балаларға арналған ағылшын ертегілерін оқу бойынша сайттар ашылса
Қолданылғанәдебиеттер:
1.Гордон Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим посредством зеркала. — СПб.: Белый кролик, 1999, — 252б.
2. Ысмайылов Е, Қазақ ертектері / Әдебиет майданы. 1939. №1. 139-148-бб. Кенжебаев Б. Қазақ ертектері туралы / Әдебиет және искусство. 1940. №1. 78-86-бб.
3. Әуезов М. Қазақ ертегілері // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. Алматы, 1949. 58- 100-бб. Әдебиет және искусство. №2,
3. 1956.
4. Джекобс Д. English fairy-tales. – UK,- 1999, – 208б.
5. Андреев Н.П. Указатель сказочных сюжетов по системе Арне. Издание Государственного русского географического общества. Л., 1929
Кіріспе
Ертегі — халық ауыз әдебиетінің ең көне әрі көркем жанрларының бірі. Әр халықтың ертегілерінде ортақ сюжеттер мен кейіпкерлердің кездесуі — адамзаттың дүниетанымдық және мәдени байланыстарының айғағы. Қазақ және ағылшын халықтарының ертегілерінде де осындай ұқсастықтар жиі байқалады. Бұл ғылыми жоба екі халықтың ертегілерін салыстыра отырып, олардың тәрбиелік, эстетикалық және мәдени мәнін ашуды мақсат етеді.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі ертегілерді алғаш жүйелі түрде зерттеген ғалымдар қатарында М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Қасқабасов, Е.Ысмайылов сияқты зерттеушілер бар. Олар ертегілердің жанрлық ерекшеліктерін, тарихи негізін және тәрбиелік маңызын анықтаған. Ал ағылшын халық ертегілерін XIX ғасырдың соңында Джозеф Джекобс жинақтап, алғаш рет екі том етіп жариялаған. Ағылшын ертегілерінің көпшілігі Еуропа халықтарының ортақ сюжеттерінен бастау алады.
2.2 Қазақ және ағылшын ертегілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Қазақ және ағылшын халық ертегілерінде басты ортақ белгілер — жақсылық пен жамандықтың күресі, әділдік пен еңбектің маңызын дәріптеу, және батырлық пен тапқырлықты жоғары бағалау. Мысалы, ағылшын ертегілеріндегі Джек образы мен қазақ фольклорындағы Қожанасыр бейнесі өз елінің халық қаһармандары ретінде әділдік пен ақылдылықты бейнелейді. Айырмашылығы — ағылшын ертегілері көбіне христиандық құндылықтармен, ал қазақ ертегілері көшпелі өмір салты мен түркілік дүниетаныммен астасып жатады.
III. Зерттеу бөлімі
Зерттеу барысында қазақ және ағылшын халық ертегілері салыстырылып, кейіпкерлер жүйесі, сюжет құрылымы және тәрбиелік мазмұны тұрғысынан талданды. Қазақ ертегілерінде қиял-ғажайып элементтер мен тұрмыс-салт көріністері көбірек байқалса, ағылшын ертегілерінде әлеуметтік және отбасылық мораль басым келеді.
3.2 Ертегілерді 3D анимация арқылы насихаттау
Қазіргі цифрлық дәуірде халық ертегілерін жастарға қызықты түрде жеткізудің тиімді жолдарының бірі — оларды 3D анимациялық форматта бейімдеу. Renderforest және басқа да онлайн платформалар арқылы қазақ және ағылшын ертегілерінің кейіпкерлерін заманауи визуалды бейнелер арқылы көрсетуге болады. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып қана қоймай, ұлттық және әлемдік мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, қазақ және ағылшын халық ертегілері мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, екеуінің де түпкі мақсаты — адамгершілік, еңбексүйгіштік және әділдік сияқты мәңгілік құндылықтарды дәріптеу. Ертегілерді зерттеу арқылы біз халық даналығының, ұлттық мәдениеттің және тілдің байлығын танимыз. Сондықтан да ертегілерді қазіргі білім беру және мультимедиа салаларында кеңінен қолдану — жастардың рухани дамуына жол ашады.
Ұсыныстар
1. Қазақ және ағылшын
ертегілеріне арналған әдістемелік оқу құралдары дайындалсын;
2. Танымдық мультфильмдер мен анимациялар әзірленсін;
3. Екі халық ертегілері бойынша театрландырылған қойылымдар
ұйымдастырылсын;
4. Балаларға арналған ертегі оқу платформалары
құрылсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ және ағылшын халық ертегілерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз