Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен болашағы
ХХІ ғасыр – ғылымның шарықтау ғасыры.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау,білімді ұрпақ тәрбиелеу.Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі –мұғалім.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады»,- деп айтылған.Осы мақсатта жақында қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназияда «Жаңарған білім беру мазмұны білімнің жаңа сапасының кепілі» тақырыбында жас директорларға арналған семинар болып өтті. Семинарға Алматы қаласындағы бірнеше ауданның жаңадан бекітілген мектеп директорлары қатысты. Кіріспе сөзді қалалық Білім басқармасының жалпы орта білім бөлімінің жетекшісі Темербекова Максима Нуреевна алып, семинарға қатысушыларды өткізіліп отырған шараның мақсаты мен жүргізілу барысымен таныстырды.
Сондай-ақ семинарға арнайы келген ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім беру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызы «Орта білім берудің жаңартылған бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасында 2016-2017 оқу жылында жаңадан еніп отырған білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңа бағдарламаларға түсінік беріп кетті. Мектеп табалдырығын жаңадан аттап отырған шәкірттердің «Сауат ашу» оқулығының қалай оқытылып жатқаны жайында ойымен бөлісті. Өзінің «Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның 1-ші сыныптарының сабақтарына қатысқан кездегі әсерімен бөлісті. Шолпан Мырзақасымқызының айтуынша, оқушылар жаңа бағдарламаны толықтай игеруге мүмкіндігі бар, әсіресе,бастауыш сынып мұғалімі Жатақбаева Айнұрдың сабақтарына қатысқан кезде толықтай көзі жеткендігін қуанышпен айтты.Өйткені мүғалімнің шеберлігі,оқушылардың ынтасының жоғары екендігі мені қатты қуантты деп, өзінің ризашылығын білдірді. Семинарға Алматы қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Рысқұлбекқызы Әсима Дәулетбекқызы да келіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, ұстаздарға «Бастауыш білім берудің жаңарған мазмұнының тұжырымдамалық негіздері мен оны меңгеруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» деген тақырыптағы баяндамасы ұстаздарға көптеген мағлұмат берді. Семинарға қатысушылар өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, қызу талқылау болды.
Содан кейінгі сөз кезегі «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Мәнекеева Гаухар Бозжігітқызына беріліп, мектептің тыныс-тіршілігі мен жетістіктері жайында айтып, жаңадан жұмыс бастап отырған жас директорлармен өз тәжірибесін бөлісті.Қазіргі мектептердегі проблемалар мен оны шешу жолдары жайында тұшымды ойларымен бөлісті. Жаңалыққа жаны құмар білім ордасының басшысы қазіргі уақытта министрлік жаңадан енгізіп отырған критериалды бағалау жүйесін , сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері жүргізіп отырған 12 балдық бағалау жүйесін гимназия бірнеше жыл бұрын бастап жібергенін айтты. Қазір ұстаздар да,тіпті, оқушылар толықтай меңгеруде деді.
Мектеп басшысының баяндамасынан кейін гимназияның тәжірибелі ұстаздары Білім беру ісінің үздігі Жатақбаева А.,физика және информатика пәндерінің мұғалімі «Үздік педагог» байқауының жүлдегері Шажабаева К., ағылшын тілі пәні мұғалімі Досқожаева Н., жас маман Джексенбаева Г., химия пәні мүғалімі Алтаева Ә. өздерінің жаңа формация үлгісіндегі сабақ беру тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында айтылған мәселелерді қорытындылау мақсатында «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, әркім өзін толғандырып жүрген мәселелерді ортаға салып, пікір таластырды. Елбасы ұсынып отырған «Үштұғырлы саясат» мәселесі ,көптілді білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижесі - бірнеше тілде сөйлеу іс-әрекетін жүзеге асыра алатын тұлға екендігін талдап, саралады.
Кез келген дамушы елдердің нысаны- өркениетке қол жеткізу.Сондықтан «Нұрлы жолды» таңдаған нұрлы Қазақстан үшін ХХІ ғасырда экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін білім беру жүйесі қажет.Міне , сол үшін де қазіргі кезеңде біздің мемлекет әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Махатма Ганди «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деп тұжырымдама жасаған.Олай болса, біздің алдымызда тұрған келелі міндеттердің бірі – тәрбие мен оқыту үрдісінде жаңаша технологияларды қолдана отырып, саналы, тәрбиелі де тәртіпті, білімді де білікті, жан-жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаның келбетін жасау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз