Қазақ мектептеріндегі білім беру үдерісін цифрлық трансформациялау болашағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ мектептеріндегі білім беру үдерісін цифрлық трансформациялау болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргідей жаһандану мен цифрландыру заманында білім беру жүйесін жаңғырту – тек технологияны енгізу ғана емес, оны тиімді құралға айналдыра білу. Цифрлық трансформация – білім беру үдерісін жаңа деңгейге көтеру, оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттер мен сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік беру. Бұрын білім қағаз бен қалам арқылы игерілсе, бүгінгі күні виртуалды шындық, жасанды интеллект, онлайн платформалар секілді құралдар уақыт талабына жауап беретін жаңа тәсілдер ұсынады. Бұл оқушыларға әлемдік білім ресурстарына еркін қол жеткізіп, өз қарқынымен білім алуына мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ мектептеріндегі білім беру үдерісін цифрлық трансформациялау болашағы

Көзейбай Қанат Дахирұлы

Қызылорда қаласы

N174 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог – зерттеуші


Қазіргі заманда цифрлық трансформация – білім беру саласындағы ең маңызды жаһандық трендтердің бірі де бірегейі екендігі рас. Бұл құбылыс ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды дамуы мен олардың күнделікті өмір мен экономиканың барлық салаларына енуінен туындап отыр. «Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын,» – деп Әлихан Бөкейханов айтпақшы, цифрлық дәуірдің білім беру жүйесіне қоятын талабы – сөзден іске көшіп, білім мазмұнын жаңа заманауи қажеттіліктерге сай бейімдеу. Уақыт алға жылжыған сайын ғылым мен технологиялар адамзат өркениетінің негізіне айналып, білім беру саласы да осы өзгерістерден қалыс қалмауы тиіс. Қазіргідей жаһандану мен цифрландыру заманында білім беру жүйесін жаңғырту – тек технологияны енгізу ғана емес, оны тиімді құралға айналдыра білу.

Цифрлық трансформация – білім беру үдерісін жаңа деңгейге көтеру, оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттер мен сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік беру. Бұрын білім қағаз бен қалам арқылы игерілсе, бүгінгі күні виртуалды шындық, жасанды интеллект, онлайн платформалар секілді құралдар уақыт талабына жауап беретін жаңа тәсілдер ұсынады. Бұл оқушыларға әлемдік білім ресурстарына еркін қол жеткізіп, өз қарқынымен білім алуына мүмкіндік береді.

Цифрлық трансформацияның негізгі мақсаты – технологияларды пайдалана отырып, қызмет көрсету сапасын арттыру, үдерістерді оңтайландыру және инновациялық шешімдер енгізу арқылы заманауи талаптарға сай болу. Білім беру саласында бұл үрдіс білімнің қолжетімділігін арттыру, оқытудың тиімділігін жақсарту және оқушылардың заманауи технологиялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында қолданылады. Жаһандық деңгейде цифрлық трансформация елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуының қозғаушы күшіне айналды. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, цифрландыру экономикалық өсімді жеделдетіп қана қоймай, білім беру саласында теңсіздікті азайтуға ықпал етеді. Мәселен, Бүкіләлемдік банк деректері білім беру жүйесін цифрландырудың нәтижесінде оқушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға болатындығын көрсетті [1]. Демек, цифрлық трансформация арқылы педагогикалық қызметтің сапасын арттырып, оқыту әдістерін жаңғырту мүмкіндігі туған шақта жайдан – жай дәстүрлі білім беру жүйесінің шеңберінен шықпау- тек білім деңгейінің төмендеуіне, тұтас мемлекеттік даму процесін тежейтіндігін ескергеніміз дұрыс.

Білім беру саласындағы цифрлық трансформацияның жаһандық маңыздылығы келесі негізгі факторлармен анықталады:

1. Білім беру үдерісін икемді ету: АКТ-ны пайдалану оқыту үдерісін жеке оқушының қажеттіліктеріне сай бейімдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, онлайн оқыту платформалары оқушыларға өз қарқынымен білім алуға жағдай жасайды.

2. Қолжетімділікті кеңейту: Цифрлық технологиялар білім алуға географиялық, экономикалық немесе әлеуметтік шектеулерді жоюға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік білім беру платформалары (Coursera, Khan Academy және т.б.) арқылы әлемнің кез келген нүктесінен білім алуға болады.

3. Инновацияларды енгізу: Виртуалды шындық (VR), жасанды интеллект (AI) және деректерді талдау (Big Data) сияқты заманауи технологиялар оқыту тәсілдерін сапалы жаңа деңгейге көтереді. Мәселен, жасанды интеллект құралдары мұғалімдерге жеке оқу бағдарламаларын құруға және оқушылардың үлгерімін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді [2].

Сонымен қатар, цифрлық трансформацияның маңыздылығын COVID-19 пандемиясы кезіндегі білім беру саласының жаһандық өзгерістері айқын көрсетті. Мектептердің жабылуы және қашықтықтан оқытуға көшу білім беру жүйесінің цифрлық ресурстар мен технологияларға тәуелділігін арттырды. ЮНЕСКО деректері бойынша, пандемия кезінде әлемдегі 1,5 миллиард оқушы қашықтықтан білім алу жүйесіне көшті, бұл жағдай цифрландыру үдерісінің қаншалықты маңызды екенін көрсетті [3].

Цифрлық трансформация тек білім беру сапасын жақсартумен шектелмейді. Ол сонымен қатар оқушылардың болашақ кәсіби бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болмақ. Заманауи еңбек нарығы технологияларды жетік меңгерген және өзгерістерге бейім мамандарды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп деңгейінде цифрлық сауаттылықты дамыту – елдердің тұрақты дамуы мен инновациялық экономика құруының негізгі алғышарты.

Цифрлық трансформацияның білім беру саласындағы маңыздылығын түсіну оның жаһандық және ұлттық деңгейлердегі қажеттілігін айқындайды. Қазақстан үшін бұл үдеріс ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру мен еліміздің халықаралық білім беру рейтингтерінде бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды құралы ретінде қарастырғанымыз жөн.

Қазақстандағы цифрландырудың рөлі бірнеше негізгі аспектілерде көрініс табады. Біріншіден, цифрлық технологиялар білім беру процесін икемді әрі тиімді етеді. Мәселен, электронды оқулықтар мен цифрлық білім беру платформалары мұғалімдер мен оқушылардың уақытын үнемдеп, оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда “BilimLand” сияқты цифрлық білім беру платформалары мұғалімдерге заманауи құралдарды пайдалануға жағдай жасап, оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуде маңызды рөл атқаруда [4].

Екіншіден, цифрландыру оқыту әдістерін жаңғыртуға ықпал етеді. Қашықтықтан оқыту жүйесі, әсіресе COVID-19 пандемиясы кезеңінде, Қазақстан мектептерінде цифрлық технологияларды пайдаланудың маңыздылығын айқындады. 2020 жылы Қазақстанның барлық аймақтарындағы мектептер шұғыл түрде онлайн оқыту жүйесіне көшті, бұл жағдай елдің білім беру инфрақұрылымының цифрлық трансформацияға толықтай дайын еместігін көрсетті. Алайда бұл жағдай оқыту құралдары мен технологиялық платформаларды жедел жетілдіру қажеттілігін туындатты [5].

Үшіншіден, цифрлық трансформация ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанда 7 000-нан астам ауылдық мектеп бар, олардың көпшілігінде қажетті заманауи инфрақұрылым жеткіліксіз. Осыған байланысты, цифрлық құралдарды енгізу арқылы оқушылардың білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету – басты мақсаттардың бірі. Мәселен, Қазақстанда 2021 жылдан бастап “Цифрлық білім беру орталықтары” пилоттық жобасы жүзеге асырылуда, бұл жоба ауылдық мектептердегі білім беру сапасын арттыруды көздейді [6].

Цифрлық трансформация білім беру үдерісіне жаңа тәсілдер мен инновацияларды енгізуге кең жол ашады. Ол тек оқыту үдерісін жаңғыртып қана қоймай, білім беру сапасын арттырудың стратегиялық құралы ретінде қызмет етеді.

Мультимәдениет пен көптілділікті қолдау мақсатында онлайн ресурстар мен оқу материалдарын автоматты түрде аударуды жүзеге асыратын жасанды интеллект негізіндегі жүйелерді енгізу. Бұл барлық оқушыларға ана тілінде сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Мысалы, ағылшын тіліндегі EdTech платформаларында қолданылатын автоматтандырылған аударма құралдарын қазақ тілінде дамыту ұсынылады.

Қазіргі уақытта мектептерде оқу сапасын бақылау көбіне тестілеу және емтихан нәтижелеріне негізделеді. Алайда бұл тәсіл оқушылардың нақты қабілеттерін толық қамти алмайды.

Үлгерімді тексеруге арналған бейімделген цифрлық бағалау жүйесін жасау. Мұндай жүйе:

• Оқушылардың пән бойынша даму динамикасын бақылайды.

• Жеке дағдыларды анықтап, қосымша көмек қажет ететін салаларды көрсетеді.

• Мысалы, Эстонияда қолданылатын “E-School” платформасы оқушылардың үлгерімі мен мінез-құлқын бақылау арқылы ата-аналар мен мұғалімдерге нақты ұсыныстар береді.

Қазақстан үшін мұндай жүйені енгізу білім сапасын бақылауды автоматтандыруға және нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі білім беру көбіне академиялық дағдыларды дамытуға бағытталған, ал эмоционалдық интеллект (EQ) назардан тыс қалып жатады. Дегенмен, эмоцияларды басқару, қарым-қатынас дағдылары және командада жұмыс істеу – қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие қабілеттердің бірі. Цифрлық платформалар арқылы оқушылардың эмоционалдық интеллектін дамытуға арналған бағдарламаларды енгізу. Мысалы:

• Онлайн тренажерлер арқылы оқушыларды түрлі әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.

• Психологиялық қолдау жүйесін автоматтандыру.

• Жасанды интеллект көмегімен оқушылардың эмоционалдық жағдайын талдайтын жүйелер жасау.

Жапониядағы “Empathy Bot” жобасы оқушылардың эмоцияларын талдап, стресс деңгейін төмендету үшін кеңестер береді. Қазақстанда осыған ұқсас платформаны қазақ және орыс тілдерінде енгізу оқушылардың психологиялық денсаулығын жақсартуға ықпал етер еді.

Виртуалды шындық (VR) және кеңейтілген шындық (AR) технологиялары дәстүрлі оқытуды жаңа деңгейге көтереді. Олар оқушыларға күрделі концепцияларды көрнекі және интерактивті түрде түсіндіруге мүмкіндік береді. Қазақстан мектептерінде VR/AR технологияларын қолдану арқылы физика, химия, биология пәндерінде виртуалды тәжірибелер жасау. Мысалы:

Биологияда: виртуалды микроскоп арқылы жасуша құрылымын зерттеу.

• Физикада: гравитация немесе электр құбылыстарын визуализациялау.

• Тарихта: тарихи оқиғаларды виртуалды түрде көру.

Оңтүстік Кореядағы VR зертханалары оқушыларға күрделі тақырыптарды жеңіл әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Қазақстанда осындай технологияларды қолдану ауылдық мектептерде жабдықтардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектеседі.

Үлкен деректер (Big Data) технологиялары оқыту нәтижелерін болжауға және оқушылардың әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді. Білім беру деректерін жинап, талдайтын ұлттық платформа жасау. Бұл жүйе:

Оқушылардың оқу нәтижелерін болжайды.

• Білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалайды.

• Аймақтық деңгейде білім беру ресурстарын тиімді бөлуге көмектеседі.

Сингапурда білім беру нәтижелерін болжау үшін жасанды интеллект пен Big Data пайдаланылады. Бұл үдеріс оқушылардың болашақтағы жетістіктерін жоспарлауға және қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

• Мектептерде “цифрлық көшбасшылар” рөлін енгізу: Бұл мамандар мұғалімдерге жаңа технологияларды қолдануда практикалық қолдау көрсетіп, әдістемелік көмек береді.

Оқушылардың басым бөлігіне компьютерлер мен интернет ресурстары қолжетімді болғанымен, оларды тиімді пайдалану деңгейі төмен. Бұл жағдай оқушылардың цифрлық құралдарды тек ойын немесе әлеуметтік желі үшін пайдалануынан байқалады. Нәтижесінде, білім беру мақсатында технологияларды игеру қалыпты деңгейде емес.

• “Цифрлық инновациялар” пәнін енгізу: Бағдарлама аясында оқушыларға бағдарламалау, робототехника және деректерді талдау негіздерін үйрету қажет. Эстониядағы “ProgeTiger” бағдарламасы мектеп оқушыларын осы бағыттар бойынша оқыту арқылы елдің технологиялық даму деңгейін едәуір көтерді [7].

• Практикалық дағдыларды дамыту: Оқушыларды технологияны тек тұтынушы ретінде емес, оны құрушы ретінде пайдалануға ынталандыру. Мысалы, оқушыларға қарапайым веб-сайт құру немесе бағдарламалау жобаларын жасау тапсырмаларын беру арқылы олардың қызығушылығын арттыру.

Мемлекеттік деңгейде цифрландыруды қолдау бойынша бірнеше бағдарламалар іске асырылуда, бірақ олардың тиімділігі біркелкі емес. Көптеген бастамалар орталықтандырылған тәсілмен іске асырылып, әрбір аймақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл мәселелер білім беру саласын трансформациялауда нақты стратегиялық жоспарлаудың жоқтығын көрсетеді.

• Мемлекеттік және жеке серіктестікті күшейту: Цифрлық білім беру саласында жеке сектордың инновацияларын пайдалану. Мысалы, Финляндияда мемлекет пен IT-компаниялар арасындағы серіктестік арқылы интерактивті оқыту платформалары кеңінен енгізілді.

Аймақтық ерекшеліктерді ескеру: Әрбір аймақтың қажеттіліктеріне бейімделген жобаларды жасау. Бұл аймақтар арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуға көмектеседі.

Ұсынылған шаралар білім беру сапасын арттырып қана қоймай, оқушылардың заманауи еңбек нарығына дайын болуын қамтамасыз етеді:

1. “Цифрлық инклюзия” бағдарламасы ауыл мен қала арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтып, барлық оқушыларға тең мүмкіндіктер береді.

2. Цифрлық әдістемелік орталықтар мұғалімдерге жаңа технологияларды оңай игеруге және оны күнделікті сабақ беру процесінде пайдалануға мүмкіндік береді.

3. “Цифрлық инновациялар” пәні оқушылардың шығармашылық және аналитикалық қабілеттерін дамытып, олардың технологиялық салаларға қызығушылығын арттырады.

4. Жеке оқу траекториясын құру жасанды интеллект арқылы оқушылардың әртүрлі оқу деңгейлері мен қабілеттеріне бейімделген бағдарламаларды жасауға жол ашады.

Ең алдымен, цифрландыру оқушыларға пәндер арасындағы өзара байланыстарды түсінуге көмектеседі. Мысалы, математика мен бағдарламалаудың, биология мен деректерді талдаудың байланысын көрсету арқылы оқушыларды пәнаралық зерттеулерге ынталандыруға болады. Бұл тәсіл тек академиялық білім берумен шектелмей, оқушыларды шешім қабылдауға, мәселені шешу жолдарын табуға және инновациялық идеялар ойлап табуға баулиды. Сонымен қатар, цифрландыру арқылы әр оқушының үлгерімін дербес бақылау мүмкіндігі артады. Қазіргі технологиялар оқу барысындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, оларды түзету бойынша нақты қадамдар ұсынады. Бұл, әсіресе, үлгерімі төмен оқушыларға қосымша қолдау көрсету үшін аса маңызды.

Цифрлық трансформация тек технологиялық құралдарды енгізумен ғана шектелмейді. Бұл – білім беру саласының барлық мүдделі тараптарының – мемлекет, қоғам, ата-аналар және бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылатын күрделі процесс.

Мемлекет бұл үдерісте басты рөл атқарады, себебі ол қажетті инфрақұрылымды құруға, мұғалімдерді дайындауға және цифрлық ресурстарды дамытуға жауапты. Алайда қоғамның белсенді қатысуынсыз бұл бастамалар тиімді нәтиже бермейді. Мысалы, ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыру, олардың балалардың білім алуына қолдау көрсетуі цифрлық білім беру жүйесінің табысты болуын қамтамасыз етеді.

Бизнес секторын тарту да маңызды. IT-компаниялардың цифрлық білім беру платформаларын дамытуға қатысуы мектептерді инновациялық шешімдермен қамтамасыз етеді.

Цифрлық трансформацияны сәтті енгізудің басты нәтижесі – білім беру сапасының жаһандық стандарттарға сәйкес деңгейге көтерілуі. Бұл үдерістің жетістіктері төмендегідей болуы мүмкін:

• Жеке оқыту тәсілдерін жетілдіру: Әр оқушының қабілеттері мен қажеттіліктеріне бейімделген білім беру сапасын жақсарту. Бұл тәсіл оқушылардың білімге деген ынтасын арттырады және олардың өз мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік береді.

• Оқушылардың жаһандық еңбек нарығына дайын болуы: Бағдарламалау, цифрлық аналитика және деректерді өңдеу сияқты дағдыларды игеру арқылы оқушылардың болашақ мамандықтарына дайындық деңгейі жоғарылайды.

• Ауыл мен қала арасындағы білім беру алшақтығын жою: Цифрлық платформалар мен қашықтықтан оқыту құралдарының енгізілуі ауылдық мектептерге қалалық деңгейдегі білім беру ресурстарына тең қолжетімділік береді.

• Инновациялық педагогика: Мұғалімдерге арналған интерактивті әдістемелер, автоматтандырылған бағалау жүйелері және цифрлық ресурстар оқу процесін сапалы түрде өзгертеді.

• Экономикалық өсімге ықпал: Цифрлық сауатты, шығармашылық ойлайтын және инновацияларға қабілетті жастар елдің технологиялық және экономикалық дамуына үлес қосады.

Қазақстанның қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдайында цифрлық трансформация білім беру жүйесін дамытудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Ол төмендегідей қажеттіліктерді қанағаттандырады:

• Еңбек нарығының талаптарына сәйкестену: Болашақ экономика технологияға негізделген салаларға бағытталады. Сондықтан мектеп оқушыларына цифрлық сауаттылық, деректерді талдау және инновацияларды құру дағдыларын үйрету маңызды.

• Білім беру жүйесінің икемділігі: Пандемия сияқты жаһандық дағдарыстар кезінде қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері білім беру үдерісін үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік береді.

• Жаһандық білім беру жүйесіне интеграция: Цифрлық технологияларды қолдану арқылы Қазақстанның білім беру жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес деңгейге көтеріледі.

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар – надандық, еріншектік, залымдық,» – деп Абай айтқандай, білім беру жүйесінің басты мақсаты – осы үш кеселден арылтып, ұрпақтың бойына білім мен біліктілікті, еңбекқорлық пен әділдікті сіңіру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда цифрлық трансформация – адамзаттың ойлау жүйесін жаңғыртып, заман талабына сай бейімделуге мүмкіндік беретін қуатты құрал.

Цифрлық трансформация білім беру жүйесіне жаңа тыныс береді. Ол білім алушыларға тең мүмкіндік ұсына отырып, аймақтық және әлеуметтік теңсіздіктерді жоюдың сенімді жолына айналады. Заманауи технологиялар арқылы әр оқушының қабілеті мен қажеттіліктерін ескеретін жеке оқыту траекториясын құру мүмкіндігі туады. Бұл тәсілдің артықшылығы – оқытудың тиімділігі артып, оқушылардың шығармашылық әлеуеті ашылады.

Абайдың еріншектікке қарсы айтқан сын-пікірі де бүгінгі цифрлық дәуірдің өзектілігімен үндес. Цифрлық білім беру ұрпаққа тек білім ғана емес, өздігінен іздену, еңбекқорлық пен табандылық секілді қасиеттерді дарытады. Жасанды интеллект, виртуалды шындық және үлкен деректерді талдау сияқты технологиялар дәстүрлі білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, оқушыларды заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ете алады. Бұл тек жеке тұлғалардың емес, тұтас ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттырудың кепілі.

Дегенмен, цифрлық трансформацияны тек технологиялық жаңалық ретінде қарастыру жеткіліксіз. Бұл – терең ойластырылған мемлекеттік саясатты, қоғамның белсенді қолдауын және білім беру саласының үздіксіз дамуын талап ететін күрделі үдеріс. Цифрландыру дәуірінде надандық – технологияны қолданудағы сауатсыздық, залымдық – цифрлық білімнің игілігін тек белгілі бір топтардың пайдасына бұру, еріншектік – осы мүмкіндіктерді іске асыруға құлықсыздық арқылы көрініс табуы мүмкін. Сондықтан білім беру жүйесі осы кедергілермен күресіп, ұрпақтың бойына ізденіс пен ілгерілеуді сіңіруі қажет.

Цифрлық трансформация – тек қана технологиялық құрал емес, ол – сананы өзгерту, ойлау жүйесін жаңғырту, жаңа әлемге бейімделу жолы. Бүгінгі ұрпақ үшін цифрлық сауаттылық – тек білім емес, өмір сүрудің дағдысы. Бұл болашаққа жасалатын ең үлкен инвестиция, ұлттың өркендеуі мен ұрпақтың кемел келешегі үшін жасалған қадам. Білім берудің цифрлық негізін нығайту – надандықтан арылудың, еріншектікті жеңудің, әділетті қоғам құрудың ең сенімді жолы. Осы арқылы біз Қазақстанның білім жүйесін халықаралық деңгейде лайықты орынға көтеріп, жас ұрпақтың жаһандық өркениет көшіне ілесуін қамтамасыз ете аламыз.


Қолданылған дереккөздерге сілтемелер:


  1. World Bank. (2020). The impact of digital transformation on global education. [Дереккөзі: https://www.worldbank.org/]


  1. Oxford Insights. (2021). Artificial intelligence in education: Global trends and implications. [Дереккөзі: https://www.oxfordinsights.com/]


  1. UNESCO. (2020). Education during COVID-19 and beyond. [Дереккөзі: https://www.unesco.org/]


  1. BilimLand платформасы. (2023). “Цифрлық білім беру платформалары”. [Дереккөзі: https://bilimland.kz/]


  1. UNESCO. (2021). “COVID-19 кезінде Қазақстандағы қашықтықтан оқыту тәжірибесі”. [Дереккөзі: https://www.unesco.kz/]


  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі. (2021). “Цифрлық білім беру орталықтары туралы”. [Дереккөзі: https://edu.gov.kz/]


  1. Estonian Ministry of Education. (2021). “ProgeTiger: Coding and robotics in schools”. [Дереккөзі: https://www.hm.ee/]
















Негізгі ақпараттар


1

Аты - жөні (толық)

Көзейбай Қанат Дахирұлы

2

Жұмыс орны, қызметі (толық атауы, қала, аудан, облыс)

Қызылорда облысы

Сырдария ауданы

N174 орта мектебі

3

Байланыс телефоны

87714806330

4

E-mail

kozeybay1984@bk.ru


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі