Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе .........................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
-
Қазақ қолөнерінің даму тарихы ........................................................................8
-
Ағаш өңдеу технологиясы ...............................................................................14
-
Домбыра жасау технологиясы .........................................................................46
2 ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ПРАКТИКАСЫ
2.1 Бейнелеу өнері сабағында оқушыларға ағаш өңдеу техналогиясын үйрету тәсілдері .....................................................................................................................58
2.2 Оқушыларға домбыра жасау технологиясын үйрету тәсілдері ...................61
2.3 Ұлттық ою – өрнекті оқушыларға оқыту тәсілдері ...................................... 64
Қорытынды ............................................................................................................... 72
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................... 75
Қосымша ................................................................................................................... 76
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Болашағынан зор үміт күтетін кез-келген тәуелсіз елдің, азат өмір сүру жолындағы кез-келген ұлттың ең қастерлі міндеті - өткен тарихымен үндес бола алатын, жас ұрпақтың санасын шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Ал мұндай білім жүйесі сол ұлттың төл болмысымен санасу арқылы жүзеге асады. Өйткені, өткен тарихтың сын көзінен өткен құнды ұлттық дүниетаным мұралары жас буынның рухына негіз болып қаланып, болашаққа бағыт жасап отырған жағдайда ғана ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілмейді. Жастарды халықтық тәрбиенің негізінде оқытуда ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу қажеттілігі туып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бұл заңында: «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі белгіленген [1]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын. Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып – біліп, салт – дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ – өткен тарихты білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл – Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері. «Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп, М.Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсу – педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі[2].
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі, өзекті мәселені туындатып отыр. Оқушылар үшін өз бетіндік жұмыстарға көп көмек беру, ұлттық нышанда орындалатын жұмыстардың пайдасы мол. Осындай жұмыстар көмегімен оқушылардың дербестегін, шығырмашылық қиялын дамытуға болады. Қолөнер бойынша әдебиеттер, сурет салуға арналған парақшалар, бұйым үлгілері, әдістемілік оқулықтар, газеттер, журналдардағы, педагогикалық ақпараттық – әдістемелік басылымдардағы іс – тәріжибелер, мақалалардың алар орны зор. Зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік материалдарды жинақтап, өндеу. Ағаш өңдеу техникасындағы жұмыс түрлерін көрсету. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін педагогикалық және әдістемілік бағыттағы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, жұмыс түрлерімен танысу. Жұмыс технологиясын оқып – үйрену.
Археологиялық қазбалар мен жазба ерекшеліктерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы метал, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптерімен күнделікті тұрмыс қажетіне жаратып, қолөнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзендер аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден – ақ, әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай – ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М.А.Леваневский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады.
Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өте зор. Өйткені, қазақ халқының қолөнері – жалпы алғанда халық мәдениетінің ішіндегі негізгі саласы. «Қазақтар – тек ою – өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп, академик Әлкей Марғұлан айтқандай, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдерінде ата – бабаларымыздың тұрмыс – салт дәстүрі бейнеленгені шындық. Халықтың тарихын, шежіресін, географиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтіндей. Бұл өнер халықтың болмысымен бірге туып, бірге қайнасып келеді. Қазақтың ұлттық қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақстан жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Өнердің барлық саласы адамға этно – мәдени қызмет атқарады. Соның ішінде, адамның қажеттілігіне қызмет ететін ағаш бұйымдары. Ғасырлар бойы өкшелеп, көркемдік сапасы артып, күні бүгінге дейін жеткен қолөнер қазіргі заманмен ұштасуда. Халық шеберлері жеке адамның ғана мұқтажын өтеп қойған жоқ, ұлттық өнерді дамытуға ерекше үлес қосты. «Өнер түрлі елде мол, өнім сыры жерде мол» дегендей өнер түрлері халықпен жасай береді, қазіргі кезде де бай мұраларына жаңаша сипат беріп, оларды жасаудың технологиялық әдістері ел арасында кең тараған. Қазақтың ұлттық өнердегі эстетикалық талғамды дұрыс өз мәнінде түсіндірудің маңызы зор.
Зерттеу мақсаты – халық өнер құралдары арқылы мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруды ғылыми – теориялық, әдістемелік тұрғыдан зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:
- халық өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың теориялық негіздерін ашу;
- бастауыш мектепте халық
өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы сыныптан тыс
жұмыстың ерекшелігін анықтау;
- бастауыш мектепте оқушылар сыныптан тыс жұмыстарда халық өнері
дүниетанымын қалыптастырудың жүйесі мен құрылымдық моделін
жасау.
Зерттеу
пәні: Қолөнер. Қазақтың ұлттық
аспабы – домбыра.
Зерттеу объектісі: Қоңыр үні құлаққа жағатын қазақ халқының көне аспабы – домбыра. Ол ғасырлар бойы халықтың басынан кешкен мұңын, қайғы-қасіретін жырлап, қиын қыстау заманда демеу болған. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекет алдында, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден, ең негізгісі-ұлттың этнопедагогика мен этнопсихологияның озық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.
Жетекші идея: Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Оған қоса ғасырлар сынынан өткен, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан халық мұраларындағы озық үлгілер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесі мол тәжірибесі негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттілігі. Оқушыларды халқымыздың ұлттық игіліктері мен адамзат мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу мен оқыту және оның дүниетанымының қалыптасуына жан – жақты мүмкіндік жасау.
Зерттеу көздері: философ, психолог, педагогтардың дүниетаным, қазақ қол өнері туралы зерттеу еңбектері; Қазақстан Республикасының Заңы, Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, Үкіметтің қаулы – қарарлары, бағдарламалары; халық өнерін оқытудағы этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты тақырып бойынша өнертану, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, халық өнері мұраларына теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту.
1. Қазақ қолөнерінің технологиясын оқыту теориясы
1.1 Қазақ қолөнерінің даму тарихы
Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ жерін мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы да басқа көне түрік тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы. Қазақ халқы-кең байтақ жерімізде ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғарғы денгейге көтерілді. Ревалюцияға дейін қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік- эканомикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Ресеймен, сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі - сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысы болмады. Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, негізінен, халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қолөнер шеберлері, көбінесе, кедейлер әулетінен шыққанты. Олардың белгілі бір қолөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің күн көріс көзіне айналатын. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі жете бағаланбады. Сондықтан, қолөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Кейде, өнер иесі еңбегін алдын ала сатып, ауқатты адамдардан, айталық: «Балаңа ер қосып берем» немесе «Сықырлауық жасап берем»,- деп қарызға мал алып, қажетіне жұмсады. Нәтижесінде, айтулы шеберлердің өзі малды адамдарға қарыздар болып, соны өтеу жолында өмірлері өтетін еді. Қазақ қолөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебі – олардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмауы. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа ұсақ – түйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы - жазы, өзінің тұрғын үйінде немесе жасатушының мекен – жайында жатып істеді. Мұндай шеберлердің бұйым жасайтын шикізаты да, құрал – саймандары да көш – қонға қолайлы шағын, сыйымды болды. Сондықтан олар жазды күні елмен бірге жайлауға көшіп, өзінің шағын киіз үйінде – ақ істей берді. Ал енді, киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер мен арба – шана, жерағаш сияқты көлемді құралдар мен бұйымдар істейтін шеберлер, темір ұсталары, тас өңдеушілер, көбінесе, қысқы мекенінен кете алмай жатақта қалады. Сондықтан, бұлардың кейбіреулерінде, әсіресе ұсталарда, арнайы қарапайым дүкендер болды. Ал тастан там салып, құлпытас және басқа бұйымдар қашайтын шеберлер мен үйшілердің арбашылардың жұмыс орны қыстаудағы қора бұрышында, шошалада немесе арнайы жасалатын лапас астында орналасады. Мұндай шеберлердің жазда жайлауға көшуіне, бір жағынан, көліксіздік, кедейлік мүмкіндік бермесе, екіншіден, олардың негізгі кәсібінің өзі көш – қонға тым қолайсыздық туғызды. Айталық, ауыр тастарды былай қойғанда, киіз үй мен арба – шана, тағы да басқа шаруашылық саймандарын жасайтын шикізаттарды, оларды өңдейтін құрал – саймандарды көш – қонның кезінде өзімен бірге ала жүруге мүмкіндік болмады. Қазіргі уақытта ревалюцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан – жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор[3]. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Маркстік – лениндік ілім қағидалары бойынша, үлкенді – кішілі қай халық болсын дүниежүзілік мәдениет қорына өз әлінше үлес қосады. Олай болса, қазақ халқының да ұлттық мәдениеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері де жан жақты зерттеуді қажет ететін бағалы мұра. Партиямыз бен үкіметіміз халық қолөнер дәстүрлерін мәпелеп сақтау және олардың сан алуан салаларын қазіргі жағдайда қолөнерді дамыту мәселесіне ұдайы көңіл бөліп келді. Мәселен СССР министрлер Советі 1966, 1968 және 1986 жылдары халықтық көркемөнер кәсібін дамыту мәселесіне арналған қаулылар қабылдады. Бұл қаулыларда халықтың күнделікті тұтыну заттарын өндіру ісін одан әрі арттыру, жергілікті жұртшылықтың ұлыттық ерекшеліктерін ескеру, әсіресе, қолөнер кәсібінің өнімін молайтумен бірге өнім түрлерін де мейлінше көбейту мәселесін көтерді. Сондай –ақ, халықтық қолөнердің ағаш, тас, керамика, метал түрлерін көркемдеп өңдеу, кілем тоқу, кесте тігу сияқты сан алуан дәстүрлі түрлерін мұқият зерттеп, оны жаңа жағдайға ыңғайлап, дамыту шараларын белгілеп берді. Осы қаулылырда көрсетілген нұсқаларды орындау барысында Қазақстанда көптеген көркемөнер кәсіпорындары іске қосылды. Көркемөнер кәсіпорындарының шығаратын өнімдерінде қазақтың дәстүрлі қолөнер туындыларының үлгілері мұқият ескерілді.
Коммунистік партия мен Совет үкіметінің халық өнерінің одан әрі дамуына әкелік қамқорлығының тағы бір айғағы ретінде КПСС орталық Комитетінің халық көркем қолөнері туралы 1975 жылғы 29 қаңтардағы қаулысын атап ату қажет. Бұл қаулыда халықтық дәстүрлі көркемөнер салаларын одан әрі дамытудың жолдарын көрсетумен бірге оны социалистік мәдениеттің маңызды саласы ретінде ғылыми тұрғыда зерттеудің қажеттілігін ескертіп, барлық одақтас республикаларға ос мәселені талқылап, нақтылы шаралар белгілеуді тапсырды. КПСС Орталық Комитетінің бұл қаулысын Қазақстан Комунистік партиясының Орталық Камитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советі талқылап, республика көлемінде көркемөнер кәсібін дамыту шараларын белгіледі. Бұл қаулыда халықтық қолөнер салаларының тарихы мен болмысын ғылыми тұрғыда зерттеудің қажеттілігі көрсетілді. Жоғарыда көрсетілген қаулылардың алғашқы нәтижелері тез арада бой көрсетті. Қазақстанда халықтық қолөнері негізінде мамнданған он шақты өндіріс кәсіп орны, көптеген цех ашылды. Партия мен үкіметтің қаулыларындағы көрсетілген міндеттерді, шын мәнісінде, жоғары деңгейде орындау үшін, халық мәдениетінің өткені мен бүгінгісін ғылыми тұрғыда зерттеу керек болды. Міне, осы жағдайларға байланысты қазақ халқының қолөнерін зерттеу қолға алынды. Өмірдің қай саласында болмасын оның қазіргі қалпын жақсы түсіну үшін өткен тарихын, зерттеп білудің қажеттілігі белгілі.
Революцияға дейінгі жарық көрген көптеген этнографиялық жазба мұра ішінде тікелей қазақтың қолөнеріне, әсіресе, тек қана ер адамдар айналысатын шеберлік болмысына арналған мүлдем жұмыстар болған жоқ. Әр уақытта, әр түрлі жағдайларға байланысты Қазақстанда болып, жалпы қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті туралы жазған авторлар өз еңбектерінде жергілікті шеберлер жасаған бұйымдар туралы жалпылама мағұлматтар берумен ғана шектелді. Бұл жазбаларда, әсіресе, ел арасында оте жиі кездесетін киіз басу, тоқымашылық, сырмақ сыру, ою – өрнек сияқты әйелдер өнеріне байланысты жайларды баяндауға көп көңіл бөлінді. XIX ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уәлиханов, Мұса Шорманов, Мұхамет Салық Бажанов, Құдабай Қостанаев сияқты қазақ авторлары халық өмірін этографиялық тұрғыда қалыптастырып, біршама еңбектер жазды. Олардың қазақ қолөнеріне байланысты біраз деректер берілді. Ғасырлар бойы екшелеп, көркемдік сапасы артып, күні бүгінге дейін жеткен қолөнер қазіргі заманмен ұштасуда. Халық шеберлері жеке адамның ғана мұқтажын өтеп қойған жоқ, ұлттық өнерді дамытуға ерекшк үлес қосты. Қазақтың ертедегі бізге беймәлім шеберлерін былай қойғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қолөнер дәстүрін жалғастырушылар: Жүсіп, Махамбет, Әбдіғалі, Шаяхмет, Сейтен, Аяған сияқты халық шеберлерін атауға болады. Қолөнерді өрбітуге елеулі үлес қосқан шеберлер Мырзахмет Елікбаев, Хамза Жанбосынов, Садық Ыбыраев, Ғани Ілиясов, Омар Нұржобаевтардың есімдерін ерекше атай аламыз. Құрбан аманжолов ақсақал зергерлік өнердегі кәсіби шеберлігімен таңғалдырса, Сәлима Әзірбаева тоқыма өнерімен есімін республикаға паш етті. Әбдіқас Тәжімаратовтың «Шебердің қолы ортақ» атты еңбегінде халық шеберлері өнерінімен толығырақ танысуға болады. Қолөнердің қазіргі жай кұйі туралы айтқанда, оны дамытуға ерекше үлес қосып жүрген Дәркенбай Шоқпарұлының мектебін атауға болады. Әсіресе, Б. Сарыбаев пен Д. Шоқпарұлының ерең еңбегі мен ерекше ынтасының арқасында қайта қалпына келген Алматы қаласындағы Ықылас атындағы қазақтың ұлттық музыка аспаптары мұражайындағы аспаптарды айрықша атап, мақтан тұта аламыз. Халық шеберлерінің мектебін жалғастырушы Д. Шоқпарұлы туындыларын ұқсатып жасаумен қатар әрі этнограф зерттеуші ретінде оқырмандарын халықтың қолданбалы өнер түрлерімен сусындатып келеді. Соңғы кездері музыка аспаптарын жасап, дамытуда озық жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жас буын шеберлер Ж. Тұрдығұлов Н. Абдрахмановты атауға болады.
Республиканың әрбір азаматының байырғы қазақ халқының дәстүрлі өнері және оның бүгінгі өркендеген деңгейі жайлы танымдық түсініктері болуы шарт. А..Янушкевич өзінің еңбегінде қазақ ауылдарының салт-санасы, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсібі туралы өзінің ой-пікірін білдіреді. Онда көшпенділердің өзіндік мәдениеті салт-дәстүрі бар, шешендік, ақындық өнерге келгенде «ақыл-ой тапқырлығы» жағынан Европаның ең мәдениетті деген елдерінен де асып түседі деп дәріптеді. Қазақтың қолөнерін, ас беруі мен ат баптауын, ойын-тойын, ақындар айтысы сияқты әдет-ғұрыптарын терең сипаттап сүйсіне сөз еткен. Сондай-ақ, В.В. Радлов «Түрік көшпенділері» атты еңбегінде қолөнер кәсіпшіліктеріне бірінші кезекте қазақтардың ағаштан жасаған заттарын айту керек болады. Әлбетте қазақтар өздері тұтынатын бұйымдарды әзірлеумен шектелмейді. Олар ағаштан киіз үйдің керегесін, уық, шаңырақ, есік,сандық, ас үйдің саймандарын: ожау, құмыра, шелек жасайды, сондай-ақ піспек пен ер-тоқым жасауды айта кеткен жөн[4]. Қажет болған жағдайда әрбір қазақ осы бұйымдардың кез келгенін жасай алады, алайда осы заттардың бәрін мейлінше шеберлікпен жасайтын әрбір рудың өз ағаш ұстасы бар екендігін айтқан.
Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын, өткені мен бүгінгісін жүйелі түрде этнографиялық тұрғыда зерттеу Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының құрамына этнографиялық бөлімінің қалыптасуына байланысты жүргізілді. Қазақстанның әр өңірінде мекендейтін қазақ жұртшылығының материалдық мәдениетін, шаруашылық мәселелерін, жалпы мәдениеті мен тұрмысын зерттеу негізінде И.В. Захаров, В.В. Востов, Р.Д. Ходжиев сияқты этнографтардың бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрді. Бұл жұмыстар қазақ қолөнеріне толық арналмағанымен, олардың әрқайсысынан қолөнере байланысты нақтылы деректер табуға болады.
Қазақ халқының киіз үйі туралы академик Ә.Х. Марғұланның көлемі шағын еңбегі мен М.С. Мұқановтың альбом – кітабы, сондай ақ, қазақ өнері мен қолөнері туралы Н. Нұрмұхамедовтың еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектердің қай – қайсысын болмасын кезінде оқушы қауым жақсы қабылдады, олардың әр – қайсысы өнер тарихын зерттеуге айтарлықтай үлес қосты.
1.2 Ағаш өңдеу технологиясы
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылдыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста» деп даралады. Ал, бұл шеберлердің әрқайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да ұсақ – түйек бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе, «ұста» атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысты.
Қазір ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандықтардың түрлері көп. Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген. Үйші деп негізінен киіз үйдің сүйегін, яғни кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салатын жастық ағаш, жүк аяқ, төсек ағаш, кебеже тәрізді үй – іші, мүлкі аяқ – табақ оятын іскерлерді оймашы деп атаған. Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе, балық ұстау үшін тағы да басқа түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шынта шарбақ өрушілерді тоқушы деп атаған. Алайда бұл бөліңістің тиянақты шегі жоқ, себебі өмірде балташы үйшілікпен, ал үйші тоқушылықпен немесе тоқушы оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтан ежелгі ұғымды, ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберді ұста деп атаған. Ал ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшелігіне орай темір ұстасы , ағаш ұстасы болып бөлінеді. Бұл бөлініске қарамастан , нағыз ұста , ұсталық өнердің жоғарыда аталған екі түрінде жете меңгерген. Сондықтан оң саусағынан өнер тамған әмбебап шеберді ғана халық ұста деп атаған. Халқымыз айтулы ұсталар соққан заттарды кие тұтқан. Атап айтқанда , қас шебердің қолынан шыққан заттарды ырым етіп іліп қою бүгінге дейін сақталған. Еліміздің нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты қазіргі кәсіптік техникалық мектептерде әмбебап ұсталар даярлау қолға алынды. Олар ағаштан, темірден, басқада конструкциялық материалдардан әшекей бұйымды жасауды үйренеді. Бұйым жасау барысында бірнеше ағаштардың түрлері қолданылады.
Үйеңкі — әдемі жапырақты
бұталы немесе ағаш тектес өсімдік.
Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка,
Еуропа, солтүстік Африка, Азия аймақтарында таралған.
Қазақстанда негізінен “Татар
үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек
өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр
аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген
саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Түстері
түрлеріне қарай жасыл, сары және қызыл болады. Үйеңкіні әдемі
жапырақтары үшін көгалдандыруда кеңінен қолданады. Жазда жасыл
қанатты жемістерін береді. Күзде қанаттары қоңырқай тартқанда,
жемісі пісіп жетіледі. Үйіңкі – өзі аттас
тұқымдасқа жататын жапырақ тастайтын
ағаш не бұта. Солтүстік жарты шардың
қоңыржай, субтропиктік және тропиктік жылы аймақтарына тараған
150-ден аса түрі белгілі. Қазақстанда таулы жерлерде,
өзен бойларында, сай-салаларда, орманды жерлер
мен бұталар арасында жабайы өсетін 2 түрі:
қара
үйеңкі (А. tatarіcum) және Семенов
үйеңкісі (А. semenovіі) бар. Бұдан басқа 5 түрі
(дала
үйеңкісі, жалғаншар
үйеңкісі, өзендік
үйеңкі, шағанжапырақ
үйеңкі, шынартүс
үйеңкі)
қолдан өсіріледі. Биіктігі 5 — 40 м, қабығы жылтыр, сұр не сұрғылт
тартқан. Жапырағы қарама - қарсы орналасқан, оның жиегі бүтін, кейде ойық,
жыл сайын түседі. Сарғыш, жасыл түсті гүлдері ұсақ, 4 — 5 мүшелі,
қос не дара жынысты,
қалқанша не
шашақ тәрізді гүл
шоғырына
топталған. 150 — 200 жылдай жасайды. Үйеңкі
ағашы бағалы үй жиһаздарын, музыка аспаптарын жасауға
пайдаланылады. Күзде жапырақтары алуан түсті болғандықтан
саябақтарда, көше бойларында әсемдік үшін өсіріледі. Күн
көзінде немесе ала көлеңкеде де өсе береді. Суыққа төзімді, алайда
кейбір сұрыптарын жел өтінен қорғаған жөн. Ылғалдылықты жақсы
көретіндіктен жиі суғарып тұруды қажет етеді, мүмкіндік болса су
маңына еккеніңіз абзал[5].
Ақ қайың – түрі ақ. Аққайыңның шпон кесіндісі саз аспаптар жасау саласында ою – өрнекке, әшекейлерге қолданылады. Ағаштың құрылысы кейде біркелкі жылдық салалары шағылыс арқылы бәсең көрініп, кейде сарғыш қоңыр көзге едәуір ілініп тұрады. Қайың жалпы біртектес түс береді, пышақпен жақсы өңделеді, өте тығыз ағаш, бояуды жақсы қабылдайды. Боялғаннан кейін қызыл тектес ағаштың бейнесін елестетеді. Мысалы: жаңғақ, қоңыр үйеңкі тағы да басқа.
Емен – көлденең кесіндісінен өте айқын бірден көзге түсетін ағаш сақиналарының бейнесін байқауға болады. Ағаш өзектерінің каналдары, өзек ұшқындарыда басқа ағаштарға қарағанда ерекше байқалады. Көлденең кесіндісінен өзек ұшқындарынан басқа тағы жіңішке ашық сызықтарды байқауға болады, ал тангентальды кесіндіден ол сызықтар қара-қоңыр болып көрінеді. Ағаштың түсі ақшыл – сары немесе сарғыш – қоңыр, сұр және жасылдау көлеңкені елестетеді. Емен ағашы өте қатты тығыз және өте қиын кесіледі, бояуды жақсы қабылдайды, лактағаннан кейін түсін өзгертпейді. Бұйым жасауда өте кең қолданылады, өте құнды ағаш.
Қарағай – қылқан жапырақты ағаштың тобына жатады. Бұрыңғы Кеңес Одағы жерінен 1,6 бөлігін алып жатыр. Көлденең кесіндісі ашық күлгін, ал көктемгі түсі ақ сарғыш болып келеді, өзек сақиналары қызыл сары жолақтарымен көзге түседі. Жалған өзек көрсеткен кезде ағаштың түсі көшпелі ағаш салаларымен ерекшеленеді. Ағаш жеңіл, оңай өңделеді, бояды жақсы қабылдайды. Өндірісте өте кең көлемде қолданылады.
Шырша – ақ түсті срағыш және оның көлденең кеспесінен жылдық сақиналары әзер көрінеді. Кіші бұтақ түбірлері өте көп. Физика – механикалық қасиеті қарағайға қарағанда өте төмен. Құнды ағаштар қатараына жатады.
Көктерек – түрі сүттің бетіндей, жұмсақ әрі жеңіл біртектес тығыз ағаш. Ақшыл – жасыл, көгілдір түсті көлеңкені көрсетеді. Ағаштың беті женіл, жұмсақ, жылтыр, сарғыш шағылыс береді. Жылдық сақиналары онша көрінбейді, тек сарғыш-қоныр түспен көзге ілінеді. Бұйым жасауға өте қолайлы,жақсы майысады, онайшылықпен сынбайды. Бұл ағашты негізінде боямаған жөн, лактағанда өз түсін өзгертпей қалдырады да әдемі,әсем көрініс беріп тұрады. Құнды ағаштың бірі болып есептеледі.
Қарағаш – әсіресе тангентальды кесіндісінде үлкен өзекті каналдармен жылдық сақиналарымен, анық айқын түсімен ерекшек көзге түседі және өте ірі күрделі көрініс береді. Толқынды келген ағаш сақиналары және өзек ұшқындары басқа ағаштарға қарағанда өте ерекше шағылысып тұрада, ағаштың түсі қызыл – қоңыр болып келеді, әрі жасыл – күрең немесе көкшіл шағылыс байқатады. Бұл ағаш өте қатты, тығыз әрі жақсы өңделеді. Бұйымдарға ерекше бейне беріп, өзінің құрылысымен сәнді көрінеді. Саз аспаптарынынң барлық түрлеріне кенінен қолданылды.
Шетен – түсі ақшыл және күлгін сары түсті көлеңке береді. Көлденең кесіндісінен қорек өткізетін дөңгелек каналдарын, айқын көруге болады, өте мықты және қатты болып келеді. Ұзыныннан кесілген ағаштың құрылысын жылдық сызықша, қара, қоныр сақиналарынан анық көруге болады. Оңай қесілмейді, бұл ағаш емен ағашына ұқсас, жақсы майысады, сынбайды. Құнды ағаштар тобына жатады.
Самырсын – берік, мықты, қылқан жапырақтары да, бұтақтары да қалың өсетін ағаш. Діңі сарғылт қызыл түсті, кепкен кезде көлемін жоғалтпайды, жылдық сақинасы айқын көрінеде, жақсы кесіліп ойылады. Қолөнерде және мүсін оюға, музакалық аспаптар жасауда кеңінен қолданылады.
Майқарағай – сыртқы түрі пішіні, жеңілдік, жұмсақтық қасиеттері шыршаға ұқсайды. Діңінің қиығында жылдық сақиналары біркелкі екені аңғарылады. Беріктігі нашар, тез жарылып,кепкен кезде майысып кетеді. Сондықтан тұрмыста аз қолданылады.
Балқарағай – көп өмір сүретін ағаштардың қатарына жатады. Қарағай мен шыршаға қарағанда биік, қатты, діңі қызыл қонырқай түсті,жылдық сақиналары айқын, анық көрінеді. Бұл ағашты жоғарыда айтылған тұрмыс жағдайлардың бәрінде қолданылады. Сонымен қатар токарлық жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Карелия қайыңы – ақшыл сары түстес келеді, күлгін немесе ақшыл қызыл, кейде қоныр көлеңке бейнесін елестетеді. Ағаштың құрылысынан, яғни оның көлденең кесіндісінен ұзынша – қысқалау, ашық қоныр түсті сызықшаларды байқаймыз. Бұл ағаш мықты әрі қатты, құрғақ кезінде өндеуге және кесуге қиындау.
Ақ түсті акация – бұрынғы Кеңес Одағына Оңтүстік Америкадан әкелінген. Оның жалпы бейнесі сарғыш түстен жасыл қоныр түске дейін немесе сарғыш қоныр болып келеді, ол өзінің көлденең кесіндісінде әдемі көз тартарлық, жылдық салаларымен көрініс береді.Жылдық сақиналарының ерте аймағы көзге айқын көрінеді,ал кеш жетілетін табалдырық аймағы,сызықша болып, көзге бірден ілінбейді немесе кішкене сызықша,нүкте ретінде көрінеді. Ал жіңішке өзек ұшқындары жібектің шағылысындай жарық беріп тұрады. Бұл көріністерді көлденең кесіндіден аңғаруға болады. Ағаш өте қаттылығымен, мықтылығымен бағаланады. Өте қиындықпен кесіледі, бояуды жақсы қабылдайды.
Ағаштың қасиеті. Бұйымға материалды тандау ісі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді, өйткені оның әсемдігі төзімділігі, ұзақ пайдаланылуы және құндылығы таңдап алынған материалға байланысты. Мысалы: бесік, әшекей сандық, асадал тағы да басқа ою арқылы ойылып жасалатын бұйымдарға бүтіндей ағаш өңін бұзбаған материалдар болуға тиіс. Көрмемделіп өңделетін ағаш бұйымдарын таңдай білу үшін сол бұйымдарды жасауға қажет материалардың қасиеттерін жақсы білуі керек. Ағаштың сыртқы түрі, оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашанда ақшыл болады. Әр ағаштың жеке – дара түрі, түр – түсі, өзіне тән иісі болып, табиғатта ақшыл түрден бастап қызыл, қара түрлерге дейін кездеседі. Көктерек, қайың, жөке ақ болса, алма, емен, қоңыр, сұрғылт түсті болып келеді. Осы ағаштардың өздерін бояулар, морилкалар арқылы басқа түске өзгертуге болады. Ағаштың жылтырлығы әбден кепкен, айнадай болып тазарғанда көрінеді. Бұл құбылыс таза ысқыланып жасалған заттарға жарық сәулесі түскен кезде жақсы байқалады. Жылтырауық қасиеті ағаштың негізгі тегі мен қаттылығына байланысты. Емен, шамшат, шаған ағаштарынан жасалған бұйымдар өте әдемі және жылтыр болады, ал лак ағаштың осы қасиетін күшейте түседі. Ағаштың табиғи сүрегі – ағаштың бұл қасиеті оның арамен ұзынынан кескеннен кейін кептіріп, тазалап, ысқылап, май жаққан қезде өте жақсы көрінеді, оған бір ерекше көркемдік сән береді. Бұл сүреттің бәрі жылдық сақиналардың сәл көлбеу кесілуінен ерекше әдемілене түседі. Неғұрлым ағаштың жылдық сақиналары бірдей болмай қисық жасалған заттың өң – түсі, өрнек – оюсызақ ерекше құлпырады. Қылқан жапырақты жұмсақағаштардың кесінділерінің табиғи сүректерері өте қарапайым, ал жай жалпақ жапырақтың табиғи сүреті күрделі және қайталанбас таңбалармен берілгендігін байкаймыз.
Ағашты көркемдеп өңдеуде қолданылатын құрал–жабдықтар. Ұсталар ағашты кесу жұмыстарында ара мен балтаны, шабу ісіне түрлі шоттарды (шаппашот, тесешот, ойыс жүзді шот), тегістеу, типылдау үшін – үстіртті, қырғыны, жонғыны, түрпіні, ішінара қашауды, ойып өрнек салу үшін бәкіні, пышақты – ойма, пышақ, қуыс құрақ, қашау, тесу үшін – бұрғы мен үскіні пайдаланған. Әдетте ұсталар өзіне Қажетті құрал – жабдықтарды өздері жасап алатын. Кәзір ағаш өндеу механикаланған. Механикаланған құрал –сайманға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, элетрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Жинақталған кескіш бәкілермен қатар метірлік өлшегіш, сызғыш, ішкі өлщеуіш, деңгейлік рейсмус деп аталатын өлшеу-белгілеу аспабы, ұста балғасы, ағаш балға, қысқаш, іскенже, егеу тәрізді көмекші аспаптар да қажет. Ағаш оюға қажетті ең басты құрал – қашау (стамеска). Қашау, тік жүзді қашау, құрсақты қашау (құрсақ ауқымы, яки жүзінің доғалық шенбері түрліше бола бреді), бұрышты қашау (жүзі үшбұрышты, тағы да басқа), қиғаш қашау (жүзі қиғаш) болып бөлінеді. Ою ойған кезде әрбір құралдың өз мүмкіндігін ескермей болмайды. Қашаудың ұзындығы 80 – 120 мм жүзінің ауқымы 2 – 3мм – ден 40 – 50 мм – ге дейін болғаны ыңғайлы. Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін балтаны, қашауларды, сүргілерді, бұрғыларды, балға түрлерін пайдаланады. Ал материалды көркемдеп өңдеуге арнайы дайындалған құрал түрлерін қолданады.
Ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті, шынайы талғамды керек ететін түрі – киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Мұны халық тілінде «үй басу» деп те айтады. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары, көбінесе, өзен жағасында өсетін әр түрлі талдан жасалады. Мәселен, оған Қазақстанның әр өңірлерінде өсетін сәмбі тал, көк тал, қара тал, боз тал, құба тал сияқты түрлері пайдаланылады. Тал, халық тәжірибесі бойынша, киіз үй сүйегін жасауға ең қолайлы ағаш түрі деп танылған. Біріншіден, жиі өсетін тал тоғайлы ішінен кереге мен уыққа жарайтындарын таңдап алу қиынға түспейді, екіншіден, өңдеуге өте қолайлы және одан бабымен кептіріліп жасалған уық – керегелер өте жеңіл және берік болады.
Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты, көбінесе үйшілердің өздері ерте көктемнен бастап әзірлеп, кемінде бес – алты ай, кемінде, тіпті, жыл бойы көлеңкеде кептіреді. Киіз үй сүйегіне арналып дайындалатын ағаштың ұзындығы мен жуандығы кереге – уық жасауға жарамды болуы қажет, ал олардың қисықтығына онша мән берілмейді. Шаңырақ үшін дайындалатын қайың мүмкіндігінше түзу, бұтақсыз болуы қажет. Кейде мұндай ағаштар тым жуан болса, оларды кесіп, ұзынынан жарып, ыңғайлап шауып қояды. Үй ағашын кесіп, бұтақтап, қабығын сыдырады. Бұлай етудің өзіндік себептері де бар. Біріншіден, жаңа кесілген жас тал қайыңның қабығы оңай сыбдырылады, көп еңбекті қажет етпейді; екіншіден, қабығы алынбаған ағашты көлеңкеге жайып қойса, ол жуыр маңда кеппей, қабығы астында құрт пайда болып, ағаш борсып, шіри бастауы ықтимал. Сондықтан, кесілген ағашты жылдам аршып, бас –аяғын тегістеп отап, керегеге жарайтындарын бір бөлек, уыққа арналған әлдіректерін бір бөлек 20 – 30 ағаштан бір – бір бума жасап, көлеңкеге бірінің үстіне бірін жинай береді. Мұндай бумаларды, әдетте, сыдырылған тал қабығының өзімен – ақ буады. Үй ағашын бұлайша бумалап кептірудің де өзіндік себебі бар. Біріншіден, тасымалдауға ыңғайлы, екіншіден, көлеңкеге жиналған көп бумалардың бәрін дұрыс, біркелкі кептіру үшін оларды әлсін –әлсін аударыстырып, астын үстіне, ортасындағысын шетіне шығарып қозғап отырады. Ал, барлық бумаларды бір шамада жел қақтырып отыруға немесе шыжыған ыстықтарда ағаш тез қурап, жарылып кетпеу үшін оларға су бүркетіндей етіп бумалап жинау тым қолайлы болады. Осндай әдіспен әбден кепкен үй ағашын үйшілер: «Қақсал кепкен ағаш»,- дейді және ол жоғары бағаланады.
Үйшіге қажет жабдықтар: тез, сықаурын, жоңғы, қуыс жоңғы, тісті жоңғы (сызғы, ырушы), тесе шот, балта, қашау, қол ара, ою – пышақ, үскі сияқты саймандармен біре кереге, уық және шаңырақ жасауға арналған әр түрлі қарапайым қалыптар мен кепкен ағашты жібітуге арналған қоз, мор, обын атанатын ыстық «пештердің» де болуы аса қажет. Осы айтылған саймандар мен жабдықтардың барлығын да тәжірибелі шебер үйшілер, көбінесе, талғамдарына сай етіп, өздері жасап алады.
Керегеге арналған ырғақ болсын, үш қазықтан тұратын уық қалпы болсын үйші жұмысының өнімділігін арттыруға себебін тигізеді. Уықтың иініне де, кереге сағаналарының мүсініне де көзі қаныңып, әбден дағдыланған тәжірибелі үйші жасап жатқан бұйымның белгілі үлгі деңгейіне дөп келді - ау деп ырғаққа не уық қалыбына салғанда, көбінесе, жаза баспайды, ішінара үйлесінкіремей қалған жерлерін дереу жеріне жеткізе жөндеп жібереді. Осы айтылған станоктар еңбек өнімділігін, сапасын арттырумен қатар үй сүйегі бөлшектерінің біркелкілігін, формасының беріктігін қамтамасыз етеді. Үйші жұмысқа кіріспес бұрын неше қанат үйдің сүйегін жасайтынын біліп, соған қарай дайындалған ағаштарының қажеттілерін іріктеп, ыңғайлайды. Жұмыс орны, саймандарын жөнге келтіріп алып, көбінесе таң сәрәден іске кіріседі. Әрине, шебер үйшілердің бос отыратын уақыты болмайды, негізгі күнкөріс осы кәсіппен байланысты болғандықтан, олар әдетте, бір үй сүйегі бітсе, екіншісін бастай береді. Соның өзінде үй сүйегі әркімнің тапсыруы, алдын ала келісімі бойынша жасайтындықтан оның әрқайсысын әркімге арнап іске кіріседі. Өйткені әркімнің қалауы әр түрлі болады. Айталық, біреуге – 4, біреуге – 6, енді біреуге – 8 қанат не одан да үлкен үй керек болады. Біреулерге тым сәнді, әшекейлі үй қажет болса, енді біреулерге қарапайым баспана болса болғаны. Осы жағдайлардың бәрі үйші еңбегіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Киіз үй сүйегінің ең күрделісі де, қыруар еңбекті қажет ететіні де кереге болғандықтан, үйші ең алдымен кереге сағаналарын дайындауға кіріседі. Ол үшін алдын ала дайындалған қозға немесе мор мен обынға, керегеге арналған ағаштардың оншақтысын салып, әбден жұмсартады. Жақсы кепкен ағашты қозға салар алдында суға малып алса, ол тез жұмсарып, бабында балқиды, ағаштың сырты күймейді де. Қозда жатқан ағаштарды біртіндеп алып өңдеуге кіріседі. Ең алдымен ағаштың қисық жерін тезге салып, түзетіп алады. Ол үшін қоздан шыққан ыстық ағашты биялай киен сол қолмен ұстап, оның қисық жерін тездін кертпегіндегі қазықшаның тұсына апарып ұстайды да, оны сықаурын алқанымен жанши отырып түзетеді. Сықаурынды оң қолмен ұстап тұрып, сабы жағын жұмбасқа салып,Сықаурынды оң қолмен ұстап тұрып, сабы жағын жұмбасқа салып, бір босатқан уақытта түзетілетін ағашты ретіне қарай аударыстырып, қозғап отырады. Оның ұзына бойындағы олпы – солпысын түзетіп шығады да, бас – аяғын шапашотпен шауып, сағаналар ұзындықтарын біркелкі етеді. Одан соң ағаштың жуан басының екі жағын түзеу жонғымен тегістейді, тісті жонғымен ыру сызықтарын жүргізеді. Кереге сағаналарының қалған ұзын бойын түгелдей қуыс не ойыс жонғымен жұмырлай жонады. Жону, түзеу жұмысы біткен соң тезге салу арқылы кереге сағаналарына арнайы мүсін бере, әр жерінен белгілі мөлшерде иіндер жасайды. Осының нәтижесінде кереге сағаналарының басы сәл шалқақтау болады, мойын тұсы ішке еніңкі, бүйірі сыртқа теуіп шығыңқы келеді. Ал, бір жағы біртіндеп ішке тартып, төменгі ұшы тіп – тік келуі қажет. Кереге сағанасын тігінен койғанда оның басы етегінің ең төменгі ұшы бір түзу боында болуы шарт. Мұның өзі киіз үй сүйегінің орнықты және берік, әсіресе, киіз үйдің салмағына керегенің шыдамды болуының басты шарты. Кереге сағанасының осылайша мүсінделуі бүкіл қанатының әдемі болуына айтарлықтай әсерін тигізеді. Мүсінделген кереге сағаналарын көлеңкеде тұратын ырғақ үстіне қатарлап қоя береді. Шалқасына қатар жатқан кереге сағаналары ұзындығы, жуандығы және иіндерінің үйлесімділігі жағынан егіз қозыдай ұқсас, біркелкі болуы қажет. Мұндай біркелкілік болмаса, кереге қанатын дұрыстап көктеу мүмкіндігі де болмайды. Ал, әуреленіп көктеген күннің өзінде керегенің жиналып – жазылуының өзі қиынға соғады, көрер көзге де сиықсыз, олпы – солпы болумен бірге тым осал келеді, әсіресе, оның көгі шыдамай үзіле беретін болады.
Киіз үйдің ең көп таралған негізгі түрі – алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз – алты керегелі үй деген сөз. Сондай үйдің үлкен – кішілігі оның қанат санымен анықталады. Қанат санына қарай кереге бастарының саны, кереге басына қарай уық саны әр түрлі болып келеді. Мұнымен бірге кереге көздерінің үлкен – кішілігіне қарай тор көз кереге (жұдырық сиярлықтай ғана) және жел көз кереге (қос жұдырық сиярлық кең көзді) болып екіге бөлінеді. Олай болса, тор көз және жел көз керегелі киіз үй сүйегінің кереге басы, оған қарай уық саны да әр түрлі болады. Мәселен, Қызылорда, Алматы облыстарынан өзіміз ел арсынан жинаған деректерге қарағанда, тор көзді 12 қанат үйде – 180 бас. 8 қанат үйде – 130 бас, 6 – қанат үйде 90 бас, 5 қанат үйде 80 бас, 4 қанат үйде – 60 – 65 бас болса, жел көз керегелі 6 қанат үйде – 72 бас, 5 қанат үйде – 60 бас болды. Тор көзді керегенің біреуінде (яғни, қанатта) 15 – 16 бас, 6 қанат үй керегелерінің үшеуі 15, қалған үшеуі 16 басты болып келеді, яғни үйдің қанат саны қанша өскенімен, оның жартысы 15, жартысы 16 бастан тұратындығы заңдылық. Ал, жел көзді керегенің біреуінде 12 – 13 бастан болады, ал оның жартысы 12, қалған жартысы 13 бастан тұрады. Бұлай болу себебі, қанаттарды бір - бірімен қосқан, яки үйді тіккен уақытта екі керегенің бір – бір басы бірігіп, бір бас болып шығады да, тігілген үйдегі керегелердің әрқайсысының басы тор көзді керегеде 15 тен, жел көздіде 12 ден шығады. Бұл арада айта кететін тағы бір заңдылық – киіз үй сүйегнің қанат саны 6 дан артқан соң оның керегелері әрдайым тор көзденіп жасалады, ал жел көз керегелі үйлер, әдетте, 4, 5 және 6 қанаттан аспайды. Көп қанатты үлкен үйлердің сүйегі салмақтырақ болады. Үйдің көлемі үлкейген сайын жауын - шашын, дауыл, құйын көздерінде үй сүйегіне сырттан түсетін күш те көбірек. Сондықтан, өз салмағы мен сырттан түсетін табиғи күштердің тегеуріні үлкен үйлердің сүйегі төтеп беретіндей орнықты, әлді болуы қажет. Тор көзді үлкен үйлер сүйегінің жасалуы күрделі, бағасы да қымбатқа түсетіндіктен, оларды ауқатты адамдар ғана жасатты. Ал, жел көзді шағын үйлердің сүйегі жеңіл, жасалуы оңай, бағасы да арзан болғандықтан, орта шаруалар қауымының басым көпшілігі осыны қанағат етті. Алты қанат киіз үйдің бір тор көз керегесіне жұмсалатын сағаналардың үлкен – кішісін түгел қосқанда жалпы саны 42 шыбықтан тұрады. Оның ең ұзын ерісінің саны 18 болса, қалғандары сағанақ атанады да, қос –қостан барған сайын қысқара береді. Оның жалпы саны 24 – ке жетеді. Кереге ерісінің ұзындығы 2 метр болса, сағанақтың ең ұзындары 1,6 метр, ең қысқалары 30 сантиметр шамасында болады. Жасалып жатқан киіз үй сүйегінің керегелеріне жетерліктей түгел сағаналар түзетіліп, жонылып, мүсінделіп, ырулар жүргізіліп болған соң, олардың барлығына да көк өткізетін көздер тесіп шығу қажет. Әрбір кереге сағанасына қанша тесік жасалғандығы керегенің тор көз не жел көз болып жасалуына байланысты. Кергенің басы қанша болса, керегенің қанатында жоғарыдан төмен қарай сонша көз бар, ал әрбір кереге ерісінің соншама көк тесігі жасалады. Айталық, 15 басты керегенің әр ерісіне 15 тесік жасалу керек. Шын мәнісінде, оның 13 – і тесіледі де, екеуі тесілмейді. Тесілмейтін екі орынды «азат» дейді. Көк тесіктері арасынан азат қалдырудың өзіндік мәні болумен бірге, белгілі тәртібі де бар. Азат қалдырмай керегенің барлық көздерін көктесе, кереге қанаты жиылып жазылмайтын болады. Олай болса, бір қанатының екі деңгейінен азат қалдыру арқылы оңай жиылып жазылуын қамтамасыз етеді, әрі жинауға да қолайлы болады. Кереге сағанасына жасалатын 15 тесіктің аралары тең болуы қажет, бұл жағдай кереге көздерінің біркелкілігін қамтамасыз етеді. Кереге ерісінің бас жағынан төмен қарай 5 тесік жасалып, 6 – сы тесілмейді, одан әрі 3 тесік жасалып, 10 сы тесілмейді, одан әрі керегенің етегіне дейін тағы 5 тесік қатар тесіледі. Кей уақытта 18 басты тор көз керегк ерісіне 15 тесік жасалып, 4 азат қалдыратын жағдай да кездеседі. Мұндай жағдайда әрбір үш тесіктен соң бір азат қалдырып отырады. Керегедегі көз санының өсуіне байланысты азат саны да артады. Азат қатары жиі қайталанса, керегенің жиылып – жазылуын жеңілдетеді. Азат қатары бір үй сүйегінің барлық қанаттарында бірдей болуы қажет. Кереге сағаналарының көк өткізетін көздері үскімен түгелдей тесіліп болған соң ғана оның қанатын көктей бастайды. Ол үшін, ең алдымен, көктеген кереге астына арнайы төселетін жастық ағашты орнықтырып, оның үстіне көктелетін кереге сағаналарын орын – орына қояды. Содан кейін кереге көктеу ісіне кіріседі. Кереге сағаналарының ең ұзын ерісін екі қатар етіп қиғаштап орналастырады да, ұзынды – қысқалы сағанақтар ерісінің екі жағынан, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары келесі қанатқа дәл қиылысатындай болып көктеледі. Әдетте, керегенің бір ерісінен ұзынды – қысқалы екі сағанақ шығады. Керегені көктеу үшін түйе сірісінен алдын ала тілініп дайындалған жалпақ, ұзын таспаны су бүркіп жібітеді. Содан кейін бір ұшын арнайы мүйіз ине көзінен өткізіп, екінші жағына кішкене тесік жасап, одан ине арқылы таспаны түгел өткізгенде, оның соңғы ұшында түйін пайда болады. Түбі түйінделген ұзын таспаны екі қабатталған кереге сағаналарының тесіктерінен төменнен жоғары қарай өткізіп, таспаны тартыңқырап тұрып түбінен керегеге тигізе тесіп, одан таспаның инелі ұшын қайта өткізеді де, қиып алады. Екі жағы нық түйілген түйе сірісі аз уақыттың ішінде тас болып қатады да қалады. Мұндай көк тозып үзілмесе, өз бетімен ешқашан шешілмейді, кереге сағаналарын біріктіріп мықты ұстайды, жуыр маңда тозбайды да. Бір үй сүйегіне қажетті кереге қанаттарының бәрін көктеп болған соң, оның басқа бөлшектерін жасауға кіріседі. Кереге сағаналарының көгі мен уық алақандары тесіліп болған соң, оның әрқайсысы майда түрпі, темір қырнауыш немесе шыны сынықтарымен мұқият өңделіп, көбінесе, жосамен боялады. Ал, шамасы келгендер кереге мен уықтарды түгелдей қызыл, жасыл, көк түсті май бояулармен боятады, сонда олар сырлы үй атанады. Тек қайыңнан жасалған киіз үй сүйегін мұқият өңдегеннен соң өсімдік майын неше қайтара сіңіре жағады. Содан барып өте ұнамды ағашының өзіндік табиғи түсін сақтайды. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уәлихановқа әкесі арнайы жасатқан 10 қанат киіз үй сүйегінің боялмағандығы, мұқият өңделгендігі, керегелерінің өте әдемі мүсінделгендігі туралы 1865 жылы Шоқан өлгеннен кейін Шыңғыс ауылында болып, осы киіз үйде жатқан генерал А.К. Гейнс мұндай тамаша киіз үйді бұрын – соңды еш жерден көрмегендігін баяндайды. Міне, дәл осы Гейнс көрген Шоқан үйінің қайыңынан жасалғандығы туралы академик Ә.Х. Марғұлан еңбектерінен де көреміз[13]. Ал, сән – салтанат қуған, әсіресе, сауда саттықпен, қаламен байланыста болған қазақ әкімдері мен ірі байлары кейде сырлы үйлерді місе тұтпаған. Олар кереге бастарын, уық алақаны мен қаламдарын күмістетіп, сүйектетіп те әшекейлететін болған. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында адай руынан шыққан Талпақов Қаражігіт деген бай киіз үйінің сүйегін таза күміс, күмістелген темір және өрнектелген сүйек әшекейлерімен мейлінше мол безендірген екен. Сол туралы осы күнге дейін ел арасында тамсана сөз етеді екен. Қазақ әкімдерінің әр уақытта Россия патшаларына сыйлаған немесе әр түрлі көрмелерге жіберген киіз үй сүйектерін айтулы шеберлерге жасатқан, сыр, күміс, сүйек сияқты әшекейлермен түрлендіре безендірілген. Осындай қымбат үйді XIX ғасырдың бірінші жартысында Бөкей ордасының ханы Жәңгір бірінші Николайға сыйға тартқандығы туралы П. Столянски жазса, XIX ғасырдың екінші жартысында Зайсан қазақтары Бірінші Николайдың баласы Николайға сыйлаған үй де нағыз өнер туындысы болғандығы туралы академик Ә.Х. Марғұлан жазды.
Кереге мен шаңырақ арасын біріктіріп, киіз үйдің төбесін шығарып тұратын иінді ұзын ағаштарды уық деп атайды. Бір үй сүйегіне арналған уық саны кереге бастарының жалпы санына тең болады. Олай болса, уықтың саны да, әрқайсысының ұзындығы да, әлділігі де киіз үйдің көлеміне, яки қанат санына, керегенің тор көз не жел көзділігіне тікелей байланысты болады. Әдетте, киіз үйдің маңдайшасына алты уық байланады. Сонда кереге бастарының санына 6 маңдайша ұяларын қосып, жалпы уық санын есептеп шығару қиынға түспейді. Орта есеппен 6 қанат үйдің ұзындығы 12 – 13 қаыстай болады. Әрине, әр жағдайда, әсіресе, шаңырақ көлеміне қарай уықтың ұзындығы жоғарыда көрсетілген мөлшерден аздап ұзарып, не қысқаруы да ықтимал. Қанат саны өскен сайын уықтың ұзындығы да арта түседі. Мәселен, 8 қанат үйдің уықтары 15 – 16 қарысқа дейін барады. Уықтың иіні иінділеу келсе, яғни 130° - 135° доғал бұрыш шамасында болса, үй төбесі күмбезделіп шығады, ал иіні аздау болса, яғни 145° – 150° доғал бұрыш шамасында болып, уық алқаны қысқалау келсе, үй төбесі конус тәрізді шошақтау болады. Көп жылдар бойы ел арасынан жинаған деректерімізге қарағанда, Жетісу өңірінің уықтары иінсіздеу, шаңырақ шағындау келеді де, үй төбесі қалқам үйі тәрізді шошақтау болады екен, Қазақстанның қалған өңірінде уық иіндірек, шаңырақ көлемділеу болады да, үй төбесі күмбез тәрізді жалпақтау келеді. Академик Ә. Х. Марғұлан дәл осындай талдау жасай келіп, төбесі конус тәрізденген киіз үй конструкциясын киіз үй сүйкгінің кқне түрі ме деген болжам жасайды. Шынын да, жалпы киіз үйдің пайда болу, даму процестеріне ой жүгіртсек, бұл болжамның дұрыстығына шүбәлануға болмайды. Уықтың ұзына бойын қазақ халқы төртке бөледі: алақаны – кереге басына байланып бекітілетін жалпақтау түбі; иіні – алақанға жалғаса иілетін тұсы; қары – иінінен ұшына дейінгі оқтығы; қаламы – шаңырақ тесігіне еніп тұратын уықтың төрт қырлы ұшы. Уықтың алақанының бетін түзу жонғышпен ыру жүргізеді. Уық түбін шапашотпен доғалдап шауып, үскімен уық бау өткізетін тесік жасайды. Уықтың қарын ойыс жоңғымен жұмырлап жонады. Уық иінінен бастап қаламның дәл ұшына дейін біртіндеп жіңішкере береді. Уықтың мұндай конструкциясы, үйшілердің айтуынша, тегін қалыптаспаған. Біріншіден, уықтың жеңілдеу болуына әсерін тигізеді; екіншіден, шаңырақ шеңбері де онша жуан болмайтындықтан, оған жасалатын көптеген тесіктер саусақ сиятындай ғана болып жасалатындықтан, уық ұшына қарай жіңішкере беру керек; үшіншіден, дөңгелене құрылған кереге бастарына киіз үй аумағының 1̸3- дей көлемде болатын, дөңгелек шаңыраққа қарай жарыса ұмтылатын уықтардың кереге басына бекітілетін алақан аралықтары алшақтау болады да, уық қаламдары сұғынатын шаңырақ ұяларының арасы 2,5 – 3 сантиметрден аспайды. Олай болса, уықтар аралығындағы кеңістік те, уықтардың өздері де төменнен жоғары қарай біртіндеп жіңішкере беріп, шаңырақ шеберінде тыныштық тапқандай келісті көрністі аңғартады. Мұның өзі халық шеберлерінің ғасырлар бойы эстетикалық талғамы дамуының нәтижесі; төртіншіден, қаламның жуандығы оның алақанымен тең болса, жоғарыдан түсетін салмаққа шыдымайды. Сондықтан, уықтардың төменгі жағының жуан, әлді болумен қатар жоғары қарай жеңілдеп, жіңішкеруі заңды қажеттіліктен туған өнер үлгісі. Уықтың ең жоғарғы жіңішке ұшынан оның 7 – 8 сантиметрдей төрт қырлы болуы мен түбінен ұшына қарай жіңішкере беруі уықтың аунамауына және шаңырақ ұясына оның нық сұғынып, орнықты болуына ең қолайлы жағдай туғызды. Төрт қырлы уық қаламын шапашот және түзу жоңғы арқылы теп – тегіс етіп шығарады, оның біркелкілігіне мұқият көңіл бөледі. Уық ағаш керегеге арналған ағаштан көрі ұзындау, әлділеу болуы қажет. Уық басу үшін оны да қозға салып жібітіп алады, содан кейін тезге салып түзетеді. Одан соң жоңғылармен әдемілеп жонады, қырнауышпен не шыны сынығымен қырып мұқият өңдейді. Уық иініне тезге басып иеді де, тақыр жерге белгілі тәртіп бойынша қағылған қалып қазықтар арасына қыстыра береді. Мұндай қалыптың болуы үйшінің уық біркелкілігін сақтай отырып, жылдам істеуін қамтамасыз етумен бірге, жаңа иілген уық иінінің қатпай жатып жазылыңқырақ кетуіне мүмкіндік береді. Уық алақанның ішкі бетіне жүргізілетін ырудан басқа артық ою – өрнектер жүргізуді уық ағашы көтермейді, сондықтан ағаштар көбіне жосаланып, кейде сырланып немесе күміс, сүйек әшекейлермен көркемделеді. Әбден жасалып біткен уықтарды 20 – 25 тен біріктіріп, бас – аяғын жіппен байлап, көлеңке жерге қояды, олар үй сүйегі түгел біткенше тұрады.
Шаңырақ – киіз үйдің төбесін төбесін шығарып тұратын шеңбер. Шаңырақты, көбінесе, тұтас немесе 2 – 3 бөлек қайың кесіндісінен, кей жерлерде қара талдан да жасайды. Шаңыраққа арналған ағашты да алдын ала дайындап, сыртқы қабығын сыдырып, көлеңкеде кептіреді. Шебер үйшілер шаңырақты тұтас ағаштан да, екі не үш бөлек кесінділерден де жымын білдірмей, дөп – дөңгелек етіп иіп жасайды. Шаңырақ ағашының диаметрі 7 – 8 сантиметр болғандықтан, оны сындырмай дұрыс шеңбер етіп ию де оңайға түспейді. Дегенмен, қазақ үйшілері өздерінің тым қарапайым қалыптарына салып, шаңырақ шеңберін, яғни тоғынын, шын мәнісінде, мінсіз етіп шығарады. Ел арасында жиі кездесетін шаңырақтардың диаметрі 1 – 1,8 метрдей, кейде 2 метрге де жететін шаңырақтар болады. Диаметрі белгілі болған шаңырақ тоғынының (шеңберінен) ұзындығын табу қиын емес, яғни шаңырақ тоғынының ұзындығы оның диаметрінен 3 есе артық болады. Сонда шаңырақ тоғынының ұзындығы 3 – 5 метр шамасында болады десек, қателесеміз. Шаңырақ ағашын шаппа шотпен ыңғайла, астыңғы бетін шығара шауып, жоңғымен мұқият тегістеп болған соң, оны құрым киізге орап, дымқыл жерге көмеді, содан он шақты тәуліктен соң, шаңырақ ағашы өз бойына жеткілікті ылғал тартып үлгереді – ау дегенде, оны қазып алады. Осыдан кейін үстіне себілген су бойына сіңген кезде дайын тұрған қозға көмеді. Ыстық қозда бие сауым уақыт (1 – 1,5 сағаттай) жатып әбден жібіген шаңырақ ағашын кірпіштен не арнайы жасалған қалыпқа салып иеді. Айталық, жасалатын шаңырақ диаметріне сай етіп жер бетіне дөңгелентіп кірпіш қалап қатырып қояды. Немесе жуандығы жеңді білектей ағаш кесінділерін қатарластырып қойып, бір – бірімен кепіл ағаштар арқылы біріктіріп, оның шет – шетін арамен дөңгелентіп, шаңырақ диаметріне дәлдеп кеседі де, шаңырақ қалпы ретінде пайдаланады. мұндай шаңырақ қалпын – байтес дейді. Арнайы қалыптың болуы үйші жұмысын жеңілдетіп, көптеген қолайлықтар туғызады. Шаңырақ тоғынының жасалатын екі басын астастыру ісі де осы қалыпқа кигізіп қойып жасағанда оңай орындалады. Шаңырақ тоғынын екі не үш бөлек ағаштан құрастырғанда кейде оның әрқайсысына белгілі мөлшерде иін жасау үшін ішінара тезді де пайдаланылады. Шаңырақ көздерінің саны киіз үй сүйегінің уық пен керегелер басының санына байланысты жасалады. Оның тоғынның төменгі жиегімен жоғары қарай төрт қырлап тесіп шығады. Бұл тесіктер уық қаламдарының нық және бөгетсіз сұғынуына сай асқан дәлдікпен жасалуы тиіс. Сондықтан, шаңырақтың сыртқы және ішкі жиектерінің көз тесілетін жерлерін алдын ала белгілеп алып, үскімен тесіп алады, содан кейін оны жіңішке қашаумен төрт қырлап кеңітіп шығады. Одан соң көздердің біркелкі болуы үшін уық қаламындай етіп соғылған «қалам – темір» не «көзеу» деп аталатын аспапты отқа әбден қыздырып алып, шаңырақ көздерін күйдіріп, жөндейді. Бұл күйдіру жұмысын үйшілер тілінде «көзеу» дейді. Шаңырақ төбесін шығарғанда түндікті төмен түсіріп, алмас үшін оған күлдіреуіш орнатады. Шаңырақ шеберлерінің диаметрімен бірге жоғары қарай көтеріле иіліп, бір – бірін дәл ортасынан кесе өтетін шыбықтарды күлдіреуіш дейді. Күлдіреуіштің әр қатарында 3- тен 8- ге дейін шыбықтар орнатылады, оларды арнайы жасаған қарғаша, немесе бақалақ деп аталатын кепіл ағаш тесіктерінен өткізіледі. Кепіл ағаш саны әр күлдіреуіштер тобында екіден не төрттен жасалады. Кейде оларды күлдіреуіш шыбықтарының төменгі жағынан әрқайсысына шегемен жапсыра бекітеді. Күлдіреуіштің бұлайша жасалу тәсілі – қазақ арасында ертеден келе жатқан дәстүрлі өнер. Қазақстан оңтүстік өңірінде шаңырақ күлдіреуішін жасау тәсілінің кейінірек қалыптасқан басқаша түрі де болды. Оны халық табақты күлдіреуіш дейді. Шаңырақтың төбесін алақандай табақ тәрізденген қалың дөңгелек тақтайша шығып тұрады, 5 – 6 имектеу күлдіреуіштер оны шаңырақ шеңберімен біріктіреді. Табақтың төменгі бетінің ортасында шаңырақ көтергенде бақанның басын тірейтін саяздау ұя жасалады, оның айналасына ою – өрнек ойылады. Күлдіреуіштің мұндай түрін жасау оңай - ақ, бірақ коркемдік және беріктік жағынан дәстүрлі күлдіреуіш түрінен әлдеқайда төмен. Көпшілік бұқараға арналған шаңырақтар ешқандай әшекей жасалмайды, тек жосалаумен шектеледі. Ал, сән қуған байлар шаңырақты үйдің басқа сүйектерімен қосып сырлатады немесе шаңырақ бөлшектерінің үй ішінен көрініп тұратын беттерін мүмкіндігінше саяз сызықтар жүргізу арқылы әр түрлі өрнектермен көркемделеді. Ою – өрнектер, негізінен, геометриялық, символдық, өсімдік және зооморфтық мотивтер элементтерінен тұрады. Шаңыраққа ою – өрнек жүргізетін құралдың негізгісі үшкір пышақ сияқтанып темірден соғылатын арнайы аспапты қобы дейді. Шаңырақ бөлшектерін сырлау, оюлаумен бірге күмістеу, сүйектеу тәсілдерімен де көркемдейді.
Киіз үйге арналған дәстүрлі «сықырлауық» ағаш – есік: екі ашпалы есіктен, маңдайшадан, екі босағадан және табалдырықтан тұрады. Осы есік бөлшектері бөлек – бөлек жасалады, керек болған жағдайда арнайы жасалған тетіктері арқылы үйлесе бірігіп, біртұтас «сықырлауық» есік болып шыға келеді. Сықырлауық есік бөлшектерінің бір – бірімен шегесіз біріктірілетіндігі көш – қонның кезінде қолайлылық туғызады. Киіз үй есігінің биіктігі тігілген үйдің керегесінің биіктігіндей, яғни орта есеппен 170 – 175 сантиметр, ал ені 120 – 122 сантиметр шамасында болады. Маңдайшаның ені 10 – 12 сантиметрдей, екі босаға мен табалдырықтың ендері 7 – 8 сантиметр. Маңдайша, босаға және табалдырық ағаштары жарылмай кепкен, бұтақсыз қайыңнан шабылыды. Маңдайшаның енділеу келетін себебі – оның жоғарғы жағынан уық байлайтын түзу бұрышты 6 тесік қашалады, кейде маңдайшаның үстінен уықтың алақаны сыйып тұратындай тереңдігі 3 – 4 сантиметр шамасында ұялар жасалады. Маңдайшаның астынғы жағының, табалдырықтың үстіңгі жағының екі бастарынан қос босағаның бас – аяқтары сұғынып тұратын түзу бұрышты екі ұя болады. Ал, ашпалы есіктердің топсасы есебінде олардың босаға жағынан, жоғары және төменгі шеттерінен маңдайша мен табалдырықта арнайы жасалған дөңгелек ұяларға кіріп тұратын «сықырлауық» атты жұмыр дөңестер шығарылады. Киіз үйдің екі ашпалы ағаш есігінің «сықырлауық» атануы, бәлкім, осыдан да болар. Сықырлауықтың ашпалы есіктері әр түрлі әдістермен жасалады. Бірде есіктің әр ашпасы тұтас қайың не терек ағаштарының жалпақ тақтайларынан жасалса, енді бірде жіңішке қарағай тақтайлардан құрастырылып жасалады. Киіз үй есігі мен маңдайша, босағаларының ішіне қарайтын беттеріне ою – өрнектер ойылып, түрлі – түсті бояулармен сырланып, сүйектеліп безендіріледі. Кейде бәсекелес төрелер мен байлар киіз үй есіктерінің ішкі жағын түгелдей әр түрлі өрнекті сүйек, күміс әшекей және түрлі түсті асыл заттармен де сәндейтін болған. Әдетте, маңдайша мен босағалардың сыртқы беттері, табалдырықтың екі жағы да ешбір ою – өрнек, әшекейлермен безендірілмейді. Оның есесіне ашпалы есіктердің ішкі және сыртқы беттеріне жүргізілетін ою – өрнектер екі түрлі болады, ішкі беттеріндегі оюлар өте күрделілек келеді. Кейде ашпалы киіз үй есігінің әр ашпасын ұзынды – қысқалы тақтайлардан түзу бұрышты рама тәріздендіріп құрастырады. Ортасына тақтайдан шаршы не соқпақтау 2 – 3 табақшалар орнатады немесе есік ашпасының үстінгі жағының 1̸3 бөлігіне тақтай табақша орнына жұмырланып безендірілген бірнеше таяныштар тігінен орнатылады. Ал, басқа табақшаларға ою – өрне нобайын үш қырлы саяз сызықтар жүргізу арқылы немесе түрлі – түсті бояулармен көркемдейді, кейде осы айтылған өрнектеу әдістері қатар жүргізіліп әсемделеді. Киіз үй есіктерінің ішкі беттеріне ою – өрнектің сан алуан түрлерін бедерлеп оймыштау тәсілі сирек кездеседі. Дегенмен, Қазақстанның батыс және оңтүстік батыс өңірлерінде ішінара кездесіп отырады. Мұндай есік беттерінің ою – өрнектің өзі безендіріліп ойылады. Оның түрі әжептеуір тереңдікке дейін түгелдей қашалып, сәнді өрнек айқындала түседі. Бедерлі оймыштың әр өрнегі өте нәзік болады, бірімен – бірі астасып келеді, өткермеленіп жатқандай бейнеде орындалады, ол өрнектердің әрқайсысы фоны түрлі – түсті бояулармен боялғанда бұйымның әсемдігі артып, нағыз өнер туындысы дерлік дәрежеге жетеді. Мұндай есік бетіндегі ою – өрнек өзі бедерленіп ойылады, сәнді өрнек айқындала түседі. Бедерлі ою – өрнекті қашау рақылы орындау тәжірибелі шебердің ғана қолынан келеді. Олар өз ісіне өте жауаптылықпен қарап, жасалған есіктерінің өте сәнді болуын көздейді. Қалың бұқара киіз үй есіктерін ешбір ою – өрнексіз – ақ жасата берді. Тіпті, кейбіреулердің ашпалы ағаш есіктері де болмайды ғой, оның орнына «есік ергенек», «ит кірмес» атанатын ағаш шарбақтармен – ақ күн көрді. Оның есесіне, әр үйдің есігінің сыртынын жабылатын киіз есіктері болды. Көшпелі елдің шаруашылық жағдайына қарай, жорық немесе көшіп – қон кезінде уақытша тігілетін баспананың негізгі түрі – қос. Оның қаңқасын жасау киіз үй сүйегіндей сүйегіндей қиынға түспейді. Қос қаңқасының құрамы ұзындығы 3 метрдей 30 – 35 уықпен диаметрі 1 метрдей шағын шаңырақтан ғана тұрады. Қосқа арналған қарапайым шаңырақтың киіз үй шаңырағынан кішілігі болмаса, басқа айырмасы шамалы. Ал, қос уықтары тіптен өзгеше болады. Олар көбінесе қарағай мен шырша ағаштарынан жасалады. Бұл ағаштар оқтай түзу және кепкен уақытта өте жеңіл болады. Қос уығына ұзындығы 3 метрдей, түп жағының жуандығы 5 сантиметр шамасында болатын қарағай кесіндісі жарай береді. Мұндай сырықтардың бұтақтарын шауып, қабығын жонып, жіңішке ұшынан төрт қырлы қалам шығарса болады, қосқа арналған әлді уық шыға келеді. Осындай 30 – 35 уықтың қаламдарын шағын шаңыраққа сыртынан көлбете сұғындырғанда, конус тәрізді қостың қаңқасы қалыптасады. Мұндай қостарға ағаш салынбайды, сыртынан жабылатын киіз есіктері ғана болады. Қостың киіз жамылышы екі үзік пен бір түндіктен тұрады. Өзі жеңіл, жылы, жиюы мен тігуі де оңай мұндай қостарды ревалюцияға дейін, көбінесе, даладағы жылқышылар баспана есебінде пайдаланған.
Сөйтіп қазақтың үйшілер өнері сонау көне замндардағы көшпелілік өмір салтына байланысты қалыптасты, ғасырлар бойы даму, жақсару процесінің нәтижесінде шынайы халықтық өнер дәрежесіне жеткен. Үйші өнері XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында нағыз үй кәсібіне айналды, онда еңбек бөлісінің нышаны да бой көрсете бастады. Э.А. Масановтың зерттеулеріне қарағанда, XIX ғасырдың соңында жәрмеңкесі жақын немесе қалалар төңірегіндегі ел арсында, әсіресе, ағашы мол жерлерде киіз үй сүйегін жасаудың өзі – «керегеші», «уықшы» және «шаңырақшы» сияқты мамндықтарға бөлінген. Киіз үйдің жоғарыда көрсетілген негізгі құрамдарын жасауда көп өзгешеліктер болмаған. Ал, мұндай еңбек бөлінісінің бой көрсетуі оның өте сәнді екі ашпалы есік ағаш есіктерін (сықырлауық) жасауда бой көрсеткен. Әрине, бұл пікірден Қазақстанның барлық өңірінде үйшілер кәсібінде түгелдей еңбек бөлісі үзілді – кесілді жеңді деген ұғым тумаса керек. Өйткені, XX ғасырдың басында ел арасындағы үйшілердің басым көпшілігі үй сүйегінің барлық құрамдарын түгелдей өздері жасай біледі. Әр үйшінің шеберлік мүмкіндігі, көркемдік талғамы әр түрлі болғандықтан, солардың қолынан шыққан үй сүйектерінің сапасы бірдей емес. Нағыз өнер иесінің жасаған кейбір үй сүйектерінің ешбір ою – өрнегі, күрделі нақышы, қымбат әшекейлер болмаса да, ісінің жатықтығымен, бөлшектерінің үйлесімділігімен – ақ көздің жауын алады. Киіз үйдің үлкен – кішілігі ондағы кереге қанаттарының санына байланысты болады. Ел арасынан өзіміз жинаған деректерге қарағанда, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ арасына ең көп тараған киіз үйдің түрлері 4 қанатты, 12 қанатқа дейінгі үйлер болды. Ал, академик Ә.Х. Марғұланның зерттеулерінде 18 – 30 қанатты үйлердің де бір кезде болғандығы сөз болған. Тіпті, әріректе, орта ғасырларда қазақ даласын мекендеген көне тайпаларда төрт аяқ арба үстінде киіз күркелер тігіп жүрудің болғандығын орта ғасырлық тарихшы Рузбихон өз еңбектерінде атап өткен. Әрине, Рузбихон айтқандай, арба үстінде тігілетін киіз күркелерді біздің ұғымымыздағы үлкен киіз үйлер деудің қисыны келмейтін сияқты. Өйткені, ол уақыттағы жер бетінің рельефі қазіргіден өзгеше болмағанын, тегістелген кең жолдардың жоқтығын ескерген жөн. Оған қоса, ең шағын деген 4 қанат үй сиятын арбаның өзі қандай кең болуы қажеттігі және ең бастысы, бірнеше құрамынан тұратын киіз үй қанқасының арба үстіне тігіліп, жол азабына тігіліп төтеп беру мүмкіндігінің тым аздығынын еске алу керек. Рузбихон айтқан арба үстіндегі күркелер бірлі жарым адамдарға жол бойында жауын – шашыннан баспана, күннен көлеңке болған сияқты. Кейініректе арба үстіне күрке тігу дәстүрі үстем таптың қыз келіншектеріне арналған күймелі арба ретінде сақталды.
Ежелден көшіп – қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі түрі – салт ат болды, ал соған орай, ер – тұрман жабдықтарының алатын орны да өзгеше еді. Халық басынан өткен сан қилы оқиғаларға сай мұның да өзінше даму, өзгеру процесі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қолөнерінің қандай дәрежеде болғанын аңғартады. Ер – тұрман жабдықтарын зерттеудің ғылыми маңызын өнер туындысы ретінде бағалаумен қатар, көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасқан еңбек құралы есебінде қараған жөн. Сонда ғана оның өмірдегі орны жан – жақты қамтылады. Ер – тұрман жабдықтарын өндіру тәсілдері мен оның өмірде күнделікті пайдалану жолдары қазақ қауымының ежелден бергі әлеуметтік –экономикалық қарым – қатынас мәселелерімен де тығыз байланысты. Сондықтан, бұл жайларды этнографиялық тұрғыда жан – жақты зерттеудің ғылыми мәні айрықша дәлелдеуді керек етпейді. Жұмыстың бұл бөлімінде Қазақстан жеріне тараған қазақ ер – тұрманын сан алуан түрлерін анықтаумен бірге, олардың жасалу техникасындағы ерекшеліктерінің нақтылы деректер негізінде дәлелдеп, сол өзгешелердің қалыптасу себебі мен оның халық арасынан таралу мөлшерін әлеуметтік – экономикалық қатынастармен байланыстыра отырып талдау мақсатын көздедім. Ауқатты қазақ отбасылары өз бетімен салт жүруге жаралған барлық балаларына түгелдей ер – тұрманмен дайындалған. Ал, қайсыбіреулері баласы туысымен – ақ атақты ершілер қосқан тамаша ер, сәнді тұрмандарын дайындауға қамданатын. Сондықтан, қазақ даласының қай жерінде болмасын ер қосу ісі кең өріс алған. Сонымен бірге, олардың өнері жоғары бағаланды, тәжірибелі ершілерді қысы – жазы бірдей қолдан – қолға тигізбей ер қостырып отырды. Қалаға жақын жердегі ершілер, әдетте, ер тұрмандарын үйінде өз заттарынан жасап, базарға шығып сатады. Ал, қаладан жырақ, көшпелі халықтың арасындағы ершілер өз үйінде де, кісі үйінде де істей береді. Өз үйінде, көбінесе, ердің соқа басын ғана қосты, ал басқа жабдықтарын тек ер істеушілердің өз заттарынан жасап беретін. Әрине, бұдан ершілердің барлығы ер қосумен бірге, оның басқа жабдықтарын да түгелдей жасай береді екен деген ұғым тумайды. Өйткені, ер – тұрмандарды толығымен, көңілдегідей сәнді етіп жасау тек ағаш ісімен қоса былғары, қайыс, күміс, темір заттарын өңдей білетін халық шеберлерінің ғана қолынан келетін. Бұл арада алтын, күміс және әр түрлі асыл тастармен безендірііп жасалатын ер – тұрмандар ғана әңгіме болып отыр. Ал, енді мұндай қымбат ер – тұрмандарды жасатуға шамасы келмеген кедейлер мен орта шаруалар ердің соқа басын ғана алып, қалған жабдықтарын өздері жасады. Ешбір әшекейсіз, тек ағаштан ғана ер қосу ісімен айналысатын ершілер, көбінесе, өз үйінде, ешкімнің тапсыруынсыз – ақ жасай берді. Бұлар бірнеше ердің бөлшектерін қатар шабатын да, дайын болғанын шетінен сатып отырды. Ершілердің қостырушы үйінде тұрып істеуі түрлі жағдайларға байланысты болды. Біріншіден, ершілердің ер қосу шеберлігіне қоса ердің басқа жабдықтарын түгелдей жасай білуіне және оларды күмістеу, сүйектеу өнерін толық меңгергендігіне байланысты болса; екіншіден, қымбат ерлерді жасауға көп уақыт керек және оған керекті заттарды ер жасаушының өзі тауып беретіндіктен, сән іздеген әуесқой шебер ершілерді өз үйінде ұстап, басқа іске алаңдатпай, жұмыс істеуді тиімді көрді. Шынында да, мұндай жағдайлар ер тұрман жабдықтарының көңілдегідей жасалуының басты шарты. Базарға шығарған ер – тұрман жабдықтары, көбінесе, ақшаға сатылады. Ал, үйден қосылатын ердің өз басы бір бойдақ (қой) деп бағаланды. Басқа жабдықтарының күмістетіп жасатқан уақытта ершінің еңбегіне құлынды биеге дейін береді. Дегенмен, зергерлік өнермен безендіріліп жасалатын ер – тұрманға сіңірілетін еңбек қазақ даласында жете бағаланбады. Олай дейтініміз, 5 – 6 ай бойына тапжылмай көз мойын тауысып, шынайы өнер үлгісі боларлықтай етіп жасалған ер – тұрманға төленген бір жылқы мен шебердің ішіп – жегені немесе базарға шығарып сатқанда алатын 20 – 30 сом ақшасын оның өнерлі еңбегінің нақтылы бағасы деуге, тіпті болмайды. Ер – тұрман жасаушы шеберлердің құрал – саймандарын негізінен, үш топқа бөлуге болады. Ердің соқа басын ғана әшекейсіз қосу үшін ара, балта, шот, ойыс, жүзді шот, қуысқұлақ, үскі, ынғыру, пышақ, түрпі, қашау, балға, тістеуік сияқты құралдар қолданылса, оның жұмысқа жабдықтарын жасау үшін пышақ, біз, мүйіз сызғыш; былғары бетіне өрнек түсіру үшін темір талшықтарымен өрнекті ағаш қалыптары пайдаланылады. Ал, ердің темір және күміс әшекейлерін жасау үшін темір ұсталары мен зергерлердің саймандары толық жеткілікті болады. Қазақ ершілерінің құрал – саймандарының бұлайша жіктелуі олардың арасындағы еңбек бөлісу мәселесінің болғандығын көрсетеді. Шынында да, көпшілік жағдайда біреу ердің ағашын тауып жатса, екінші біреу қайыс, былғарыдан істелетін жабдықтарын жасады. Ал, ұсталар, зергерлер, күміс әшекейлерін жасап берді. Олай болса, мұның өзі үш түрлі мамандықты бірдей меңгеріп, ер – тұрман жабдықтарын түгелдей өз қолынан шығаратын шеберлер аз болған жоқ. Қазақ ершілерінің шеберлік өрісінің соншалықты кеңдігіне дәлел болатын тағы бір жағдай, жалпы ер – тұрмандарын жасауға: ағаш, темір, жез, алтын, күміс, түрлі асыл заттармен түсті шынылар, сүйек, былғары, қайыс, көн, шұға, барқыт, киіз, қыл, тарамыс, желім, бояу және тоз сияқты заттардың жұмсалатындығы даусыз. Өйткені, осы заттардың әрқайсысы ертеден – ақ әр түрлі шеберлікті, сан қилы тәжірибе мен білімді талап етеді.
Қазақстан жері өте үлкен, халық сирек қоныстанғандықтан, қазақ өмірінің қай саласында болсын айтарлықтай жергілікті ерекшеліктер қалыптасты. Мұндай жергілікті ерекшеліктер ер – тұрмандарында байқалады. Бұлардың бір – бірінен негізгі айырмасы – олардың жасалу тәсілі мен сыртқы көрністерінде. Осы ерекшеліктеріне қарай: «қазақ ер», «шошақ бас ер», «үйрек бас ер», «қан бас ер» деген атаулар да қалыптасқан. Бұлардың ішіндегі ел арасына кең тарап, Қазақстанның көптеген аймақтарын қамтыды. Қазақ ері қайыңнан шабылып, екі қас, екі қаптал және орта ағаш деп аталатын бөлшектерден қосылады. Ердің орта ағашы мен екі қапталына қайыңның бұтақсыз түзу кесінділері, ал екі қасына, көбінесе, жуандау қайыңның екі айырылған тұсы қолданылады. Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарындағы ершілер ердің қастарын жуан қайыңның шірімеген түбінен де шабады. Бұл үшін бірнеше қайың кесіндісінің қабығын аршып кептіреді немесе шірімеген қайың түптері кездессе, оның топырағынан арылтып, арамен ескілеп, қас шығатын жерлерін таңдап алады. Біраз уақыт жел қағып, дегдігеннен кейін дайындалған кесінділердің барлығын балтамен немесе салмақтылау шотпен жеңілдетіп алып тағы да кептіреді. Ер бөлшектері әбден нобайланып шабылып, тек өңдеу жұмысы қалған уақытта біз қазан тұзды суға бие сауым қайнатады да, көлеңкеде кептіреді. Ершілердің айтуынша, тұзды суға қайнатылған ағаш еш қашан жарылмайды. Ердің барлық бөлшектері өңделіп, дайын болған соң, оларды арнайы жасалған қалыпқа салып қиыстырады да, қас етектерімен қапталардың астасатын тұстарын қуыс құлақпен тесіп, шегелейді. Шегені әдетте, қаңылтырдан немесе жезден түтікше тәріздендіріп жасайды. Мұндай шегелердің бір жағын төске тіреп, екінші жағын балғамен асықпай еппен ұрса, қаңылтыр не жез түтіктер жазылыңқырап жуандайды да, қаптал мен қас тесігіне берік кептеледі, ал түтік ұштарын тойтарудың нәтижесінде пайда болған бүркеншіктер ердің мықтылығын арттыра түседі. Ердің орта ағашы әр уақытта таспамен жан – жағынан көктеліп орнатылады. Кейде қазақ ерлерінің барлық бөлшектері бір – бірімен таспамен көктеу арқылы да біріктіріледі. Осылайша қосылған ердің сыртын түрпімен, пышақпен тегістеп, шыны сынықтарымен қырнап өңдейді. Сөйтіп қазақ ерлерінің жалпы қосылу техникасынан жергілікті өзгешеліктер байқалмайды. Бірақ, оның сыртқы пішіні мен әшекейлеу тәсілінде айтарлықтай ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер әр жерде қалыптасқан ердің жалпы кескіні мен әшекейлеу тәсілінен байқалады. Қазақстанның қай облысында болмасын әйелге арналған ер өзінің үлкендігімен де, әдемілігімен де көзге түседі. Әйел ерінің сүйегі ауыр, әшекейі де мол болады. Сондықтан олар олар сирек кездеседі. Өткен ғасырдың 70 – 80 жылдарының өзінде әйел ер – тұрманы некен – саяқ ұшырасатын. Алматы, қарағанды және Қостанай мұражайлары ел арасынан табылған деректерге қарағанда, әйел ер – тұрмандарын жасауға ершілер – өнерін, жасатушылар – қаржысын аямайтындықтары байқалады. Мұндай ер – тұрмандарға негізінен, алтын, күміс, асыл тас, сүйек, мүйіз, былғары, шұға және барқыт пайдаланылған. Бұл әшекейлер ердің сыртын түгелдей жауып тұратын, сондықтан оның ағаш негізінен жете өңдеуге көп көңіл бөлінбеді. Ал ердің, сыртқы пішініне келсек, алдыңғы қасы өте биік, артқы қасы жалпақ келеді. Әйел ерлерінің өте кең және жайлы болатындығы туралы 1877 жылы В. Потто өзінің қазақ даласына келген сапары жайындағы жол жазбаларында көрсеткен болатын. Әдетте, әйел ер – тұрман жабдықтары (тоқым, үзеңгі, құйысқан, өмілдірік, жүген мен айыл, тартпалары) түгелдей бір ғана шебердің қолынан шығатындықтан, олардың ісі біркелкі, жатық ьолумен бірге өте мол әшекейленеді. Әйелге арналған ердің алдыңғы және артқы беті түгелдей күміс шабылған темір пластинкалармен немесе қақталған таза күміс әшекейлермен безендіріледі. Қолда бар деректерге қарағанда, әйел ерлерін әшекейлеудің бірнеше тәсілі болғандығы анықталды[15]. Көбінесе мұндай ерлердің беті, әр түрлі темір әшекейлермен белгілі бір симметриялылық тәртіпті сақтап тұтас жабылады. Ол үшін әр әшекейдің бетіне тұтасынан күміс шауып, содан кейін арнайы жасалған өткір бізбен түрлі өрнектерді (қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, геометриялық фигуралар және өсімдік тәріздес бейнелер) ойып алады. Мұндай жалған қаралау әдісін, кейде ою, кейде түр ретінде қолданады. Бұл тәсілдерді ұқыпты орындаса, ердің әшекейі күміске қарала жүргізгендей әсем болып шығады. Әйел ерін әшекейлеудің тағы бір кең тараған түрі – оймалы өрнек. Ол үшін темір әшекейлердің ортасынан әр түрлі өрнектерді немесе өрнектің түрін ойып тастап, қалған жеріне күміс шабады. Әдетте мұндай әшекейлердің астына түсті былғары (көксауыр), шұға немесе барқыт салынады. Олар ойылған өрнектерден айқындалып, көрініп тұрады. Күмістің өңін ашатын түсті былғары, шұға болмай қалған кезде, ердің қасын әбден өңдеп ашық сары бояумен бояп немесе бірнеше қайтара өсімдік майын жағып, жылтыратып та қояды. Мұндай ердің бір данасы Қостанай өлкетану мұражайында сақтаулы. Кейде ер күмістелген темір әшекейлермен немесе әр түрлі құйма бейнелермен ойыстыра безендіріледі. Мұның алды – арты да бірдей айшық тәрізденген бір – бірден ғана күмістелген темір әшекейлер бар. Ердің әшекейленетін басқа жерлеріне түгелдей күміс жабылған, үстінен белгілі тәртіппен күміс бейнелер орнатылды. Күміс әшекейлердің барлығының беттеріне түгелдей сызу арқылы әр түрлі оюлар жүргізіледі. Бұл ердің жалпы кескінінен, оның сыртына жүргізілген оюлы өрнектерінен тым ертеректе жасалғандығы байқалады. Ер әшекейлерін алтындау тәсілі күмістеуден гөрі өзгешелеу болады. Күмісті темір бетіне шабу, қақтау не құю тәсілдері арқылы жүргізсе, алтындау тек жалату арқылы орындалады. Еркектерге арналған қазақ ерлерінің сүйегі жұқа және ықшам болатындықтан, олар өте жеңіл келеді, оның ағаш үстіне көп көңіл бөлініп, жете өңделетін де. Күміс әшекейлері тым шағын, бірақ өте ұнамды болады. Әсіресе, Қазақстанның солтүстік аудандарында ерді қайыңның безінен шабатын ершілер басқа әшекейлерді көп қолданбайды. Өйткені, бұйраланған қайың бізінен қосылған ерлерді мұқият өңдеуден кейін таза өсімдік майымен бірнеше қайтар сіңіре майласа болды, ағаш реңі теңбілденіп, ешбір әшекейді керек етпейді. Мұндай жағдайда екі қас пен қапталдың айнала шеттерінен көмкеру тәріздендіріп жиек шығарады да, оны қара бояумен бояйды. Мұндай ерлердің алдыңғы қасының маңдайына орнатылған айшық пен қапталдың шеттік пен қанжыға өткізетін қос тесіктерінің үстінен күмістелген темір әшекейлер шегеленеді. Мұндай әшекей күмістен соғылса, оның бетін қаралау әдісімен күрделі ою – өрнектер жүргізеді. Айшық ортасына көбінесе, түсті тастардан көз орнатылады. Ерлерді әшекейлеуге мүйіз бен сүйек те жиі қолданылды. Мұндай заттарды алдын ала дайындап алып, бетіне сан түрлі өрнектер жүргізіп, көбінесе, ердің алдыңғы қасына ойып орнатылды. Сүйек әшекейлері орнатылатын ерлер мүйізі түсін ашатындай басқа түсті бояумен боялады. Бұлай жасалған ерлер өте сыпайлығымен көз тартады. Бұл туралы өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ даласын көп аралаған генерал А.К. Гейнс те атап көрсеткен болатын. Жоғарыда баяндалған қазақ ерлерінің көлемі мен салмағында және әшекейінде ерекшеліктер болмаса, олардың жалпы қосылу тәсілі мен сыртқы пішінінде көп айырмашылықтар байқалмайды. Бұлардың жалпы кескіні етегінен жоғары көтеріледі де, дәл төбесі дөңгеленіп бітпей, үсті түзеуленіп, иығы бұрышталып шабылады. Артқы қасы алдыңғы қасына қарағанда кейін қарай сәл ғана көлбеу орналасады. Әдетте, мұндай ерлер төрт бөлек ағаштан шабылады, орта ағаш қапталдығынан тұтас шығарылады да, бір – бірімен қайыс таспа арқылы көктеп біріктіріледі. Қазақтың басқа ерлерінен мұның негізгі айырмасы атауынан – ақ көрініп тұр. Дегенмен, мұның жасалу тәсілінде жалпы қазақ ерлерімен кейбір ортақтық байқалады.
Құранды ер – көбінесе Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысының шығыс жағы, Қостанай және Алматы облыстарының оңтүстік өңірінде кездеседі. Ердің бұл түрі бірнеше бөлек ағаштардан қосылады, сондықтан ол құранды ер атанған. Жоғарыда көрсетілген облыстардың қайсысында болсын құранды ер бір үлгімен жасалған. Біздің жинаған деректерге қарағанда, ауыл арасындағы қазақ ершілері құранды ерді 18 – 20 бөлек ағаш кесінділерінен құрастырылғаны байөалады. Құранды ердің мұншалықты көп бөлшектерден құралу себебі: біріншіден, ер қосуды кәсіп еткен шеберлер қолынан шығатын ерлердің біркелкілігін көздейді. Екіншіден, қолда бар ағаш кесінділерінің қандайын болсын қажетіне жарата береді. Ал, ондай материалдардың табылуы да оңайға түспейді. Бұл жағдай ағаш аз өсетін облыстарға ерекше үлкен мүмкіндіктер туғызатын. Құранды ер жасау үшін терек, жиде, тал сияқты жұмсақ әрі мықты ағаштар қолданылады. Мұндай ағаштарға желім тез сіңіп, жақсы желімденеді. Құранды бөлшектерінің тұтас ағаш кесіндісінен жабылатыны тек екі қапталдары ғана. Олай болса, құранды ердің көптеген негізгі бөлшектері оның екі қасын құрастыруға жұмсалады. Сондықтан, ең алдымен, әр қасты өз алдына жеке құрастырып алады, содан кейін оларды қапталдарға орнатып, ердің орта ағашын қиыстырады. Бұдан соң ер мүсініндегі артығын алып, кем кетігін қондырма желімдеп өңдейді де, көлеңкеге біраз кептіріп алады. Әдетте, мұндай ердің толып жатқан бөлшектерін бір – бірімен біріктіру үшін олардың астасатын жерлерін алдын ала мұқият тегістеп алып, содан кейін желім жағады, біраз дегдігеннен соң желімді тағы да қайта жағып біріктіреді. Осылайша желімденген бөлшектерін әбден кепкенше ауыр затпен бастырып немесе арнаулы қысқышпен қысып қояды. Құранды ер жасауда негізгі материалдардың бірі – желім. Қазақ ершілері желімді сатып алумен бірге, өздері де жасай білген. Сатып алатын кәдімгі ағаш желімін «сары желім», қолдан қайнатылған желімді «қара желім» дейді. Мұны жасау үшін көтерем малдың сүйегінен сылынған еті мен түйенің көнін турап, бір қазан суға ет езілгенше қайнатады да, ет пен көнді түгел сүзіп тастайды. Қалған суды суалғанша қайнатады. Мұны ыстықтай басқа ыдысқа қотарып, суыған соң желім орнына пайдалана береді. Құранды ер бөлшектерінің өзіне тән атаулары болады. Алдыңғы қастың негізгі болып есептелетін оқпан екі бөлек ағаштан құралады да, қастың оң жақ және сол жақ беті деп аталады. Оқпанның арт жағынан жапсырылып, екі беті біріктіретін, тұтас ағашты желкебасар десе, алдыңғы қастың бүркіт қабақтанған екі айыр басын қас, ал аттқы қасты көбінесе керсен дейді. Оның ортасы бір бөлек шабылады да, екі шетіне қанат деп аталатын қосымша қондырмалар желімдейді. Екі қасты қапталдармен ұштастыру үшін ердің екі жағынан ұзыншақтау қоспа ағаш қиыстырады. Ал, ердің үстін жауып тұратын бөлшнгін ортанбел ағаш дейді. Алдыңғы қастың екі бетінің түбінен, қаптал басының үстіңгі жағынан кішкене кепіл ағаштар жапсырылып, артқы қас пен қапталдың екі аралығынан тіреуіштер қойылады. Қоспа, кепіл ағаш, тіреуіштер екі – екіден болады. Ердің негізгі сүйегі кепкеннен кейін, оған тарамыс – талшықтары араласқан желім үш қайтара жағылады. Ер сүйегінің қосылуына қарай тарамыс талшықтарын қолмен жағады. Алғашқы желім қабатын жүргізгенде, тарамыс – талшықтары ағаш ыңғайына көлеңкеде түсіп отырса, келесісінде, керсінше, алғашқы тарамы талшықтанып, көлденең түседі. Ал, үшінші қабаты да осы тәртіппен жағылады, тарамыс – талшықтарының үш қабаты тор көздене түсіп, ердің желімделген бөлшектерінтырп еткізбей берік ұстайды. Әрбір желім қабатын көлеңкеде ұстап, самалда асықпай кептіреді. Тәжірибелі ершілердің айтуынша, ыстықта, күннің көзіне кептірілген желім қабаты жарылып кетеді де, ердің беріктігіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, қысты күні желім жағылған ерді пеш қызуына жақындатпай, жылы үйде кептіреді. Алғашқы ердің тұрған жерлерінің ыстығына қарай күніне 2 – 3 рет су бүркеді. Өйткені жаңа жағылған желім қабаты үстіңгі бетінен кебе бастаса, ол жарылғыш келеді де, сыдырылып түсіп қалады, ал бетіy су бүркіп, әлсін – әлсін дымқылдап отырса, желім қабаты астынан кеуіп, жарылмайтын болады. Үш қайтара желім жағылған ердің сыртынан бір түсті тоз қабатын жапсырады. Бұл үшін жұқалап сыдырылған тозды ер бетінің ыңғайына қарай мүйіз аспаппен сызып алып, қайшымен қияды да, тоз қиындысына желім жағып, біраз уақыт оның сіңіуін күтеді. Бұл уақытта ердің тоз қиындысы жапсырылатын жеріне ғана су бүркіп, отқа қарып алады. Сөйтіп, ер бетіндегі желім қабаты су мен от қызуының әсерінен сәл жібіңкіреген кезде тоз қиығына желім жағып, оз орнына қиюластыра жапсырып отырады. Осы тәртіппен ердің сыртына түгелдей тоз жапсырылып болған соң, қиындылар, арасынан шығып тұратын желімді жылы сумен жуады. Содан кейін ерді асықпай кептіреді.
Сонымен, жоғарыда баяндалған деректерге қарағанда, қазақ халқының ер – тұрман жабдықтарын жасаушы халық шеберлерінің көркемдік талғамының жоғары болғандығын байқаймыз. Ер - тұрмандардың барлық жабдықтарын ойдағыдай етіп түгел дайындау ершілерден әр түрлі өнер түрлерін меңгеруді талап етеді. Ердің өзін ғана қосу ершінің ісі делік, ал түрлі материалдардан жасалатын әшекейлерін дайындау үшін ұста, зергер болу керек. Ал, қайыс немесе былғары жабдықтарын жасау үшін тоқымшылық, тебінгішілік және өрімшілік өнерлерін меңгеру қажет. Мұндай жан – жақты өнер, көбінесе, бір кісінің қолынан келе бермейді, ендеше қазақ ершілерінің арасында ежелден - ақ еңбек бөлісінің болғандығы анық. Бұдан, әрине айтылған қыруар өнер түрлерінің бәрін бір өзі менгерген, ер – тұрмандарын түгелдей өзі жасайтын ершілер қазақ арасында мүлде болмады деген ұғым шықпаса керек. Өйткені, ондай он саусағы өнерге толы шеберлер ел арасында жиі кездеседі. Қазақ халқының ер – тұрман саймандарында жергілікті ерекшеліктердің де болғандығы анықталды. Бұл әсіресе ер қосу ісіне тән.
Киіз үйдің жабдықтары. Киіз үйдің жабдықтары ағаш пен теріден жасалған зат, бұйымдар мен кілемдерден тұрған. Көп таралғаны киізден жасалған кілем «текемет» еді. Оюланған кілем – «сырмак», тоқылған «кілем» еді. Кілемнің екі түрі бар: қабырғаға ілетін бай тұс кілемдер әр түрлі ою-өрнектерден жасалған, оларды «тұскиіз» деп атаған. Ыдыстар, ас үй құралдары жоғарғы жақта сумкада сақталған, киізден жасалған сумкаларда да сақталған. Әрбір киіз үйде «сандық» болды. Ағаштан жасалған бұйымдар – азық – түліктің қорабтары, ілгіштер әртүрлі ою – өрнектермен өрнектелді. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығысында тұрғын үйлердің түрлері болды. Олар тастан, ағаштан, кірпіштен жасалынған үйлер. Ыдыс – аяқтар. Қазақтар көшпенді ел болғандықтан олардың ыдыс – аяқтары терімен ағаштан жасалынған. Сынатын ыдыстарға арнайы теріден қап жасаған. Теріден жасалған ыдыстарды көп пайдаланған. Арнайы ысылған жылқының терісінен саба жасалынған, кей кезде сиырдың терісінен жасаған. Соғым кезінде жақсы сойылған малдың терісін саба жасауға қойған. Жүнді теріден сылып тастайды. Ашыған сүтке теріні салып илейді. Тазалап жауып, көктемге шейін сақтап қояды. Көктемге қарай оны ыстайды. Қымыз құятын ожау әр – түрлі боялған және күміспен немесе сүйекпен сәнделген. Ас үйдің ыдысы темірден жасалған қазан болған. Қазақтың мал бағатын ауылдары керамикалық ыдыстарда қолданған. Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар кебеже, абдыре, кереует, жастық ағаш жүкаяқ, түс киіз, кілем. Енді төселетін бұйымдар Алаша, текемет, сырмақ, бірсалақ тулар құрақ көрпеше жер жастық. Тұтынатын заттар аяққап, кесе қап, тұлып. Ыдыс аяқтардан қазан, кесе, тостақ, қасық, ағаш аяқ ожау, елеуіш, күбі келі, торсық, қыш ыдыстар, қол диірмен. Кілем сәнді тоқылатын баспананың жылулығын сақтайтын және дыбысын бәсеңдететін арнайы үй жиһазы. Қазақ кілемінің шығу тарихы байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан басталған деседі. Қазақ кілемдерінің кейбір түрлері түрік кілемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас келеді. Оларды тоқылу ерекшелігіне қарай түсті кілем, тақыр кілем деп бөледі. Сырмақ (сыру деген сөзден шыққан) ою бастырып немесе жіппен өрнектеліп сырыған төсеніш үй жиһазын айтады.
Кебеже, көшіп, – қонып жүргенде сүр ет, құрт, май сақтайтын ағаш тақтайшасынан жасалынып бетін ою – өрнектерімен әшекейленген сандықша ыдыс. Ертеде түйеге тидеп, жас балаларды соған отырғызып көшкен. Кейбір ыдысаяқ түрлеріне тоқталсақ олар соба, торсық, месбақыр, келі, күбі, ожау, кесе қап, қыш ыдыстар. Соба ертедегі көшпелі қазақтар ас сақтайтын ыдыстардың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені соба малшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар собаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Собаға биенің сүтін сауып жинап, құйып қымыз ашытқан. Сүйретпенің өгіздің терісінен жасайды. Оған қымыз ашытатын болған. Ешкі терісінен тігілген қымыз немесе айран құятын ыдыс торсық деп аталады. Торсықты жолаушылар, малшылар қанжығасына байлап жүрген. Бие сүтін сауатын теріден жасалған ыдысты көнеп, ал құдықтан су тартатын шелекті қауға дейді. Келі – түрлі дәнді – дақылдар түюге арналған құрал. Келі екі түрлі болған: тақта келі және шұңғыл келі. Күбі ағаштан жасалған. Ожау ағаштан жасалған.
1.3 Домбыра жасау технологиясы
Добыра туралы аңыз. Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап – шалдығып, келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына кояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Содан бері, халық арасында бұл «шайтан тиек» деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.
Домбыраның халық арасында кең тарауының бірнеше себебі бар. Біріншіден, домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы епті адам ағаштан демде жасап ала береді. Екіншіден, домбыра тарту, үйрену басқа аспаптарға қарағанда аса қиын емес. Үшіншіден, домбырада үйде отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де ойнауға болады. Төртіншіден, домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше, «домбыра» сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқылы жасалған. Бұл – белгілі бір логикаға сүйенген, қызықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен кездестіруге болады. Ғалымның пікірінше, «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып «домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді. Яғни «домбыра» сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді. Кейбір деректерде «домбыра» сөзі арабтың «дунбаһи бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Мұндай болжамға, шамасы, домбыраның шанағының сүйірленіп барып қозы құйыршықтанып бітетіндігі негізге алынған болуы керек[17].
Домбыра – қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық – эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз – әңгiмелердiң желiсiне сүйенуге болады. «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген қыз егiзiн iздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбiне келiп, демалады. Құлағына күмбiрлеген сарын естiледi. Қайдан шығатын әуен екенiн бiлгiсi келiп ағаш үстiне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетедi. Ағаш, түбiнен басына дейiн iшi қуыс екенiн көредi. Екi басында бұтақтан – бұтаққа керiлiп қалған iшектердi көредi. Екi iшек самал желмен тербелiп, одан әуен шығады екен. «Егiз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған iшегi бостау, шығысқа қараған iшегi қаттылау керiлген екен. «Астыңғы iшек – жiңiшке дауысты қызым Зарлық, ал, үстiнгi iшек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екi iшекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» дейдi аңыз – әңгiме туралы еңбегiнде Ө. Жәнiбеков.
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық – фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі - аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай - ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл - Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек[6]. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей,Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге, ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен – ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті. Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай – ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз. Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12—14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7—8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.
Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс – салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған. Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау». Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар.
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай – ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек). Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады. Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз.
Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешеге дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті домбыралар жайында жазып қалдырған еңбектеріне жөнді мән бермей келген еді. Ал Семей облысынан үш ішекті аспаптар мен үш дауысты бірегей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің қүрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішекті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр. Бұрынғы кезде көп ішекті домбыралар Қазақстанның түрлі облыстарында болыпты. Мұны А. Алекторовтың, Д. Исаевтың, П. Юдиннің және басқа этнографтардық мәліметтерінен көреміз. Осындай мақалалардың бірінен мынадай жолдарды кездестірдік. «Қырғыздардың музыкалық аспаптары қызығарлықтай емес. Олардың бар болғаны бубен, джибизги және думбралар (думбра — үш немесе төрт ішекті аспап, біздің балалайкаға ұқсайды)». Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін. Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтің репертуарында ондаған күйлер болыпты. Ол кісі, мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты күйлерді нақышына келтіре орындаған. Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен немересі Исраил үш ішекті домбыраны шебер тартқан екен. Исраилдің өзі де бірнеше күй шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер бізге жетпеді. Қазір Семейдегі республикалық әдеби – мемориалдық Абай музейінде үш ішекті домбыра сақтаулы. Көп ішекті және екі ішекті домбыралардың құрылысында ұқсастық көп. Көп ішекті домбыралардың мойны қысқа, пернелері жылжымалы болған. Шығыс облыстарда кездесетін екі ішекті домбыралардың да мойны нақ осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі ішекті домбыралар да кездеседі. Кейбір домбыраға сым ішек тағыла бастайды. Кейін жылжымалы пернелер тұрақты мыс пернелермен алмастырылды. Қосақталған екі сым ішекті және пернелері тұрақты бірегей домбыра 1967 жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданынан табылды. Ол бұл күнде автордың музыкалық коллекциясында сақтаулы. Екі ішегі аспаптың шанағының және мойнының ішінен өтетін домбыралар да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ болады. Құлақ екеу болғанда ішектер мынадай ретпен тағылады: екі ішектің ұштары мойынға шалынады да мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик арқылы сыртқа шығарылады, одан соң сырттан керіліп екі құлаққа бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бір мезгілде күйге келтіріледі. Дина Нүрпейісова атындағы халық аспаптары оркестріне қатысушы Қапар Темірәлиев 1960 жылы жасаған домбырада төрт ішек бар. Олардың екеуі шанақ пен мойынының ішінен өтеді. Төрт құлақ болуы арқасында әр ішек жеке күйге келтіріледі. Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі. Мойынның сағасының бір бөлігі ашық қалдырылады, ол ішек үзілген кезде жаңасымен ауыстыру ыңғайлы болуы үшін қажет. Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос – қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді. Қостанай облысының Боровское ауданында шанағының ішіне қоңыраушалар ілінгек домбыралар да кездесті. Мұндай домбыра жасаушы шебердің бірі — Саубай Ахметов екен. Таулы Алтай автономиялы облысының Қосағаш ауданында бұрын халық композиторы Бейсен деген кісі тұрған екен, ол үш дауысты күй шығарыпты. Үш дауысты күйлерді алғаш зерттеп көргеннің өзіндет – ақ олардың өзгеше әуезділігі байқалады. Музыка зерттеушісі Л. Тарасова үш дауысты «Сылқылдақ» күйікің ладо – тональдық, метрикалық, құрылымдық және басқа сипаттарын талдай келіп: «бұл күй бізге бұған дейін: белгілі күйлердің бәрінен мүлде өзгеше екен. Бүған «кінәлі» оның үш дауыстылығы, осы үш дауыстың нәтижесінде өте бір ерекше комплекстер, қазақ музыкасы үшін мүлде өзгеше әрі жаңа әуендер өмірге келген». Көп ішекті домбыраларды тарту мәнері Қазақстанның, шығыс облыстарындағы домбырашылардың тартысына ұқсайды. Яғни күйлер ішектерді жеке – жеке шертіп ойнау тәсілімен орындалады. мұндай тәсіл республикамыздың бұл аймақтарында үш ішекті домбыраның сақталуына себепші болған. Үш ішекті домбырада орындалатын күйлер өзгеше естіледі және олардың орындалу тәсілі де басқаша. Екі ішекті және үш ішекті домбыралардың көп ішекті жетігенмен және үш ішекті шертермен үқсастығы да жоқ емес. Үш ішекті домбыра тартудың қалыптасқан дәстүрін қазақтың аспаптық шығармашылық дамуының неғүрлым ертеректегі кезеңіне жатқызуға болады. Домбыраның жетілдірілуі аспаптық музыканың дамуымен тығыз байланыста жүріп отырған. Бірі – біріне ұқсамайтын орындаушылық екі дәстүрдің орын алуын құрылысы және сыртқы түрі жағынан басқа – басқа екі түрлі домбыра жасалуына себепші болды. Осының бәрі қазақ халқының музыка мүрасын байыта түсті. Қазақстанның орталық, оңтүстік және шығыс облыстарының орындаушылық дәстүрі әлі күнге дейін жете зерттелінбей отырғанын айта кету керек. Советтік заманда Қазақстанның аспаптық музыкасы дамытылуына байланысты екі ішекті домбыра жетілдіріліп қайта жасалды да оны тарту шеберлігі биік сатыға көтерілді. 1943 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылған шақта домбыраның бірнеше түрі бірден жасалынған. Оркестрге әр жылдары жетекшілік еткен А. Жұбанов, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажғалиев, сондай – ақ музыка аспаптарын жасаушы шеберлер И. Романенко мен Қ. Қасымов домбыраны жетілдіру және домбыраның мүлде жаңа үлгілерін жасау жолында қажымай – талмай көп еңбек сіңірді. Домбыра мен қобыз Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында және Алматыдағы мебель фирмасының музыкалық аспаптар цехында жасалынуда. Ал оларда жасалынып шығып жатқан аспаптардын, саны да, сапасы да аспапқа қойылатын талаптан көп төмен. Аспаптарды көптен шығару ісінің жолға қойылмай отырғаны, яғни сапалы аспаптың тапшылығы көркемөнерпаздар үйірмесінің кең қанат жайып дамуына, жас музыканттарды тәрбиелеп баулуға кедергі болып отыр. Қазақ ССР Министрлер Советі музыкалық аспаптарды шығару және сапаларын жақсарту жөнінде 1968 жылы 27 ақпанда қаулы қабылдаған болатын. Осы қаулыға сәйкес аспаптардың қолданылып жүрген түрлерін қайта жасауды және көне аспаптарды қалпына келтіруді қолға алған эксперименттік лабораториялар жұмыс істей бастады. бұл кезеңде ағаштың физикалық – механикалық және акустикалық қасиетін зерттеп анықтау барысында біраз жұмыстар атқарылды. Аспаптарды жобалау қазақ аспаптарының көне үлгілерін, сондай-ақ халық шеберлерінің тәжірибелері мен дәстүрлерін, этнографиялық материалды зерттеп – игеру негізінде жүргізілді[7].
Әр түрлі үлгідегі домбыралардың қақпақтары зерттелінді. Қақпақтың жеке бөлшектерін құрастырып жинағаннан кейінгі серпінін белгілеу үшін кергіш орнатылады. Қақпақты шанаққа отырғызғаннан кейін топты жаңғырық пайда болады. бұл шанақ пен қақпақтың арасындағы бір тұтас жаңғырық болып саналады. Қақпақты өңмеу жұмыстары оның тербеліс жиілігіне өзгеріс енгізеді, сондықтан қақпақ шанаққа бекітіліп, біржола өңделгеннен кейін тербеліс жиілігі қандай болатынын күні бұрын білуге болады. Оның үстіне ағаштық физикалық ерекшелігіне байланысты көлемі бірдей қақпақтардың өзіндік үн шығару қасиеті де әр түрлі. Солай бола тұрса да қақпақты қажетті интервал шамасында дыбыстайтын етіп күйге келтіруге болады. Тақтайшаларды іріктеу, қақпақтың қалыңдығын анықтау және серпінді орнату әрбір қақпақтың ерекшелігіне байланысты, бұл іске аса мұқият болған жөн. Қалаған үнді келтіру үшін қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің де маңызы бар. Қақпақ құрастырылғаннан кейін тақгайшалардың санына қарай реттей отырып қажетті үнді алуға болады. Зерттеу жүмыстарын жүргізу нәтижесінде анықталғандай, егер қақпақтың көлемі неғүрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ онын, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты дедік. Көлемі бірдей екі тақтайдың физикалық қасиеттері әр түрлі болса, олардан алынатын дыбыстың айырмашылығы да үш жарым тонға дейін алшақтайды. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай.
Қақпақ бірнеше шағын тақтайды желіммен біріктіру арқылы жасалынады. Қақпақты құрайтын тақтайлардық физикалық қасиеттері мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша ағаштың табиғи жолақтары бойынша бір бағытта жымдастырылып біріктіріледі. Ені —250 мм, ұзындығы — 400 мм және қалыңдығы —2,5 мм етіп құрастырылған қақпақтың тербеліс жиілігі ағаштың физикалық қасиетіне қарай 207,64—233,08 гц шамасында болады. Егер қақпақтың қалыңдығы 3 мм болса, онда тербеліс жиілігі 233>08—277,12 гц шамасында болмақ. Қақпақты күйге келтіру кезінде ескерілетін ендігі бір қажетті іс кергіш орнату. Қақпақтың жалпақ бөлігіне орнатылған кергіш қақпақтың тербеліс жиілігіне нұқсан келтірмейтін болуы шарт. Мысалы, егер кергіштін, ені—5 мм, ал биіктігі—6 мм болса, онда қақпақтың үні бір тон шамасында жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, қақпақтың алғашқы кездегі тербеліс жиілігін сақтау үшін серіппені бірте-бірте аласарта беру керек. Сынақ жүргізілгенде байқалғандай, қақпақтың тербеліс жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар: ағаштың физикалық қасиеті, қақпақтың қалыңдығы мен жұқалығы және жанама түрде әсер ететін факторлар: қақпақтың сәл ұзартылуы мен қысқартылуы, өрнектеу. Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты. Әр түрлі аспаптардың үнін келтіру әдісінде ортақ жайлар көп болғанымен әрбір қақпақты жекеше алып қарау керек. Домбыра қақпағын күйге келтіру де, осы аспаптың құлақ күйіне тәуелді. Домбыра-тенордың қақпағы тербеліс жиілігі —233, 08—261,6 гц шамасында дыбыс алуға қолайлы келеді, өйткені мұндай жиілік домбыраның мензурасына, оның құлақ күйіне және дыбыстау сипатна сәйкес келеді. Аспапта жұмсақ тембр, майда қоңыр дауыс пайда болады. Егер қақпақты құрастырғанда оның күйге келтірілуі ескерілмесе, онда, практикада бақыланғанындай, қақпақтың тербеліс жиілігі көбінесе 293,6—349,2 гц шамасында болады. мұндай жағдайда аспаптың даусы нашар шығады, тембрі қүлаққа жағымсыз келеді. Қазір домбыраның қақпағы 2—5 бөлек тақтайдан құрастырылып жүр. Тақтай бөлшектерінің санына қарай қақпақты құрастырудың және күйге келтірудің жолдары өзгеріп отыруға тиісті. Егер қақпақ екі бөлшектен ғана құралса, онда оларды бір тонға келтіру қажет, ал егер үш бөлшектен құралатын болса ортадағы тақтай күйге келтіріледі. Төрт бөлшектен құрастырылса ортадағы екі тақтайдың күйге келтірілетін болуы маңызды, өйткені негізгі тонды беретін солар. Сөйтіп, қақпақ жасаудың бүкіл процесін оны күйге келтірумен бір мезгілде жүргізу қажет, яғни: қақпақтан өзіміз қажет еткен үнді оны әзірлеудің бастапқы сатысында-ақ алу керек; егер қақпақтың үні құрастыру ісі басталған кездің өзінде-ақ, тым жоғары болса, келесі тәжірибе үстінде де қажетті үнді ала алмайсыз, сондықтан оны күйге келтіріп және аспаптың шанағына орнатып текке әлектенбеу керек; аспаптың даусы жақсы болуы үшін қақпақтың үнін си-ге немесе си-бемольға жеткізу қажет; егер бөлек тақтайшалардың арасы дұрыс желімделмесе қақпақ біртектес ағаштан құрастырылмаса, талшықтардың бағытталуы қисық болса, жарықшақ сызат түссе, домбыраны күйге келтіру қиындайды[18]. Тәжірибе көрсеткеніндей домбыра-тенордын, қақпағының үніне қарап аспаптың тембрлік даусын күні бұрын білуге болады. Ал мұның, өзі аспаптарды көбінесе сапалы етіп жасауға мүмкіндік береді. Қақпақтың үні жақсы болса — тембрі жүмсақ, ал үні жоғары болса — тембрі ащы болады. 1970 жылы Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында жасалған бес домбыраға лабораторияда талдау жасап көрген кезде, зерттеу мынаны көрсетті. Қалыңдығы 3,1 мм – ден, —4,1 мм – ге дейінгі қақпақтарды ашып қарадық. Артқы пружинаның биіктігі 5,2—5,6 мм шамасында екен. мұндай көлем тербелістің қасиетті жиілігін және дұрыс күйге келтіру үшін керек болатын шарттылыққа сай емес. Қақпақтың қалыңдығын бір мм-ге жұқартқан соң және пружинаның биіктігін тағы бір мм-ге кеміткен соң тербеліс жиілігі азайды. Қақпақтың үні жарты тоннан астам төмендеді. Егер бұрын тербеліс жиілігі 138,56 гц болған болса, енді ол 128,8 гц кеміді. Мұнан қорытарымыз, көптеп шығарылатын домбыралардың дауыс шығару мүмкіндігін жақсарту үшін тэжірибе жүргізудің нәтижесінде алынған параметрлерді сақтау қажет екендігіне көз жеткізу қиын емес. Халық шеберлері аспаптың үнін жақсарту жолында үнемі ойластырып, көп ізденіп келген. Сондықтан да олар домбыраның формасы мен құрылысына ерекше назар аударған. Қолға алып зерттеген бірнеше домбырамыз тұтас ағаштан ойып жасалған. Сырт қарағанда бұл домбыралар жалпақ сияқты, алайда, шанақтың қуысы тостағанша дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі аспаптың даусы жақсы шығуына мүмкіндік береді. Қақпаққа серіппе орнатылмаған, бұл жағдай шанақтағы қақпақтың үні бір қалыптан өзгермеуіне көмектеседі екен. Белгілі шебер И. Романенко және басқа да шеберлердің қолымен жасалынған бірнеше домбыраға көрнекті музыканттар талдау жасады. Мысалы, атақты орындаушы Дина Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің қақпағын ашып көрдік. Дина Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын көзімен қарап ең сапалысын ғана таңдап алған болуы керек. Оның осы домбырасын 1939 жылы шебер Ермек Арыстанов жасапты. Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра – альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені —195 мм, ұзындығы —344 мм) мұндай тербеліс ең жақсы болып саналады. Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3—2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, онық ені —6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, оның ені — 4 мм. Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц. Шанақтың көлемі: оны құрайтын бөлшектердің қалыңдығы —2,0—2,3 мм, шанаққа қондырылатын контробичайканың қалыңдығы –2.0 –1,7 мм шамасында, контробичайкалардық ені - 1,2 мм, бөліктер мен контробичайкалардың жалпы қалыңдығы—4,0 мм. Аспаптың шанағы жаңғақ ағашынан, мойны — қайыңнан, қақпағы — шыршадан жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес домбыра үшін ең қолайлы қақпақ қандай болуы керек екені белгілі болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі шыршаны кептіру арқасында алынды. Серіппелердің көлемдері қақпақтың үніне нұқсан келтірмейтіндей етіп жасалған. Шанақтың, бөліктері мен контробичайкалары да тиісті көлемде, сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы қалпында сақтап қалды. Құрылысы мен даусының түпкі ерекшеліктері сақталып қайта жасалған домбыра оркестрдің құрамында домбыра – тенор қызметін атқара бастады. Нақ осы домбыраның, арқасында дәстүрлі аспаптық музыка — күйлерді орындағанда оркестр даусы ұлттық өзгеше рең танытады. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.
2.Қазақ қолөнерінің технологиясын оқыту практикасы
2.1. Бейнелеу өнері сабағында оқушыларға ағаш өңдеу техналогиясын үйрету тәсілдері
Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою – өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында үй интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды. Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Бұған себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стилдегі ұсынысы болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Ал дизайнер қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине өзімізден. Сондықтан айналып келгенде бар қателік оқытқан ұстаздан болып тұрған сияқты. Бұған тосқауыл қою жолы баршылық, соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру қажет, халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды енгізу арқылы. Біз бұдан не ұтамыз, менімше біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою – өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде қолөнерге қызығатын жастар көп, соларға жол көрсететін, үйрететін білікті ұстаз аз. Мектеп оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық тәрбие береміз. Өнер мектеп өмірінің алғашқы күнінен бастап – ақ, баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауын дамытады.
Суретші – ұстаз яғни бейнелеу өнерінің оқытушысы тәуелсіз Қазақстанның көркем педагогикалық білімі мен мәдениетінің жай – күйін анықтаушы тұлға. Осы тұлғаны дайындап, қызығушылығының, эстетиқалық білім мен тәрбиесінің дамуындағы басты түйіні бола алатын және болуы қажет болатын мықты тұтас жүйе бұл бейнелеу өнері бойынша маман сүретші мұғалім дайындайтын қазіргі таңда Бейнелеу өнері кафедрасы болып табылады. Эстетикалық мәдениеті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәденитті түрде адамгершілікпен әрекет жасай алмайды. Сондықтан, қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау, эмоционалдық сезімдерді қалыптастыру, экологиялық, патриоттық тәрбиелер ауадай қажет, бұл осы бейнелеу өнері, ұлттық қол өнеріміз бен мәдениеттің қатысуынсыз жеткізу мүмкін емес[8].
Қазіргі уақытта мектепте колөнерге үйрететін ұстаздың біліктілігін артыру, оларға шығарлашылықпен жүмыс жасауға арнайы кәбінеті, әдістемелік қоры, қазақ тіліндегі оқу құралдары, көркем іс – әрекеттер үшін қажетті материалдар алуға көмектесу қажет.
Эстетикалық тұрғыдан дамымаған адам өзін қоршаған ортадан тек оқулықтан нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған нәрселерді ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан маңайдағы әдемі заттарды сындырып, бүлдіріп кететінін байқаймыз, ол эстетиклық түсінігінің таяздығы және дұрыс қалыптаспағаны деп білемін. Басына қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім қабылдарын білмей дал болады. Қиял – қоршаған орта әлемін қабылдауға адамның белсенділігін қамтамасыз ететін жан – жақты адами қабілеттілігі болып табылады.
Осындай құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін жастардың санасына осы күннен бастап сіңірту қажет. Ол үшін көркем педагогикалық білім беретін оқу орындарында суретші – ұстаздарды даярлаудың сапасын арттыру қажет. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезекте жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылатын, оны айырықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беруді басты міндет етіп қою қажеттілігіне басты назар аударылған. Тұжырымдамада былай делінген: «Жоғары білім беру мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру».
2.2. Оқушыларға домбыра жасау техналогиясын үйрету тәсілдері
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп жырлаған халқымыз осынау аспапты ерекше қастерлеп, үкі тағып, төріне іліп қойған. Арғы тарихымызда қазақпен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қара домбыраға тіл бітіріп, құстың сайрағаны мен Тайбурылдың шабысын дарытып, жүректі елжіретіп, көңіліңді тербетіп, күй тартқызған өнерпаздар көп болған. Қазір де жоқ емес. Ал осы саз аспабын ұлттық нақышымыздың айғағындай оюлармен өрнектеп, көркемдеп жасайтын хас шеберлер де халық арасында кездесіп отырған. Аядай ғана бөлме демесең, іші толған кепкен ағаштар мен домбыра жасауға қажетті темір жабдықтар. Жастарды өнерге баулып, домбыра жасауды оқушыларға үйрететін шебер. «Домбыраны кез келген текстурасы әдемі қатты ағаштан жасауға болады. Ал дауысы оның бет тақтайынына байланысты болады. Біз оның қалыңдығын, ішіндегі екі тақтайшасын, серіппені жұқарту арқылы дыбысын шығарамыз. Ал бет тақтайын тек шырша немесе қарағайдан жасаймыз. Суық жерде өсетін қарағайлардан жасалған домбыраның дауысы жақсы шығады». «Бірінші домбыраның мойын ағашын жасау керек. Оны қарағайдан дайындаймыз. Қатты ағашты станоктың көмегімен жалпақ етіп бөліп аламыз да, белгілі бір қалыпқа салып иеміз. Кептірген соң жапырақшаларын желімдеп құрастырамыз. Бір домбыра гүлдің жапырағына ұқсаған 6 – 7 жапырақшадан тұрады. Егер домбыраның қалпы болмаса, оны жасау қиындық туғызады». Бұл — шеберлердің жұмысын жеңілдетіп. Бірақ жұмыстың үнемі сәтті шықпайтыны белгілі. Егер ойдағыдай шықпай, бояуы ағып немесе желімі ажырап жатса, дауысы дұрыс шықпай жатса, қайта жасауға тура келеді. Сондықтан домбыра жасау – оңай емес. Мұнда қазақтың ұлттық аспаптары: домбыра, прима қобыз, қыл қобыздан басқа да күнделікті өмірде жиі қолдана бермейтін аспаптарды да оқушыларға үйретуге болады. Соның бірі тайтұяқ. Аттың тұяғынан жасалатындықтан осылай аталған. Дегенмен, қазір шеберлер тұяқтың орнына ағаш қолданатын болыпты. Ал қолөнершілер домбыраны жасай білу үшін оны тарта да білу керек деп санайды. Сондықтан шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін кәсіппен айналысып қана қоймай, қоңыр үнімен адамды баурап алатын наз дауысын сағынғанда, бір шертіп алғанға не жетер шіркін. Ал енді музыка мен домбыраның арасындағы байланыс не? Біреуі аспап болып, екіншісі сол аспапта ойналатын шығарма болса, олар қалай үндеседі? Егер әнші болса, онда үш түрлі үйлесім бір арнаға шоғырлану қажет. Сондықтан күйге арналған домбырада да әншіге керекті домбырада да айырмашылық бар. Оны әрбір өнерпаз, мейлі ол шебер болсын, мейлі орындаушы болсын білуі қажет. Әр пернедегі дыбыс таза шығуы керек, әрі осы дыбыстардың деңгейі айнымайтын және бір – бірімен үйлесімділігіде таза болуы қажет. Домбыра жинақы, қоңыр үнді болуы керек, сонда қазақ күйлерінің ішкі жан – дүниесін, тілін кімде де болса тыңдай, түсіне алады. Дарылдаған шарқыш үнді домбыра адам құлағына түрпідей тиіп, кез келген шығарманы құрдымға жібереді. Оның үстіне мойны жуан, ұстауға ыңғайсыз ішектерінің қаттылығы қолыңды ауыртып әрі іліп тұрса ойнаушының мазасы кетеді. Жақсы домбыраның тағы бір сыны — ол ойнауға өте жеңіл болуы, әсіресе пернені қуалай ойнағанда саусақтардың ешбір қиындықсыз жеңіл, әрі қозғалуы. Мұны бір сөзбен айтқанда бауыры жұмсақ домбыра дейді[9].
Ұсынылмақ күй өнері жайында да, жазуды қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді қазіргі күйшілікті кәсіби оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу екенін ашық айту. Себебі, аталған ғалымдардың күйшілік үрдісті жаңа заманда жаңғырту жайлы жазған еңбектері қашанда маңызды, арнайы білім ошақтарындағы оқыту ісі мен дәстүрдің арасындағы алшақтықтың бар екенін қадап айтқан Ақселеу ағамыз домбыра методологиясына этнопедагогикалық салт қағидаларын төтенше енгізуді ұсынған болатын, зерттеушінің ойынша байырғы домбырашылықты қайта тірілтудің жолы түпнұсқалық күй мақамы мен оның жазбасын қолға алудан басталмақ. Бұл мәселенің оқу орындарына қозғау салғанын әрі нәтижелі ғылыми тұжырым болғанын уақыт көрсетіп отыр.
Шертпе өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпеу үшін тер төгіп, арда күйдің мың толғауын біздің қолымызға аманаттаған – Әбікен, Сүгір, Аққыз, Мағауия, Төлеген, Генерал, Боранқұл, Тайыр, Бағаналы сияқты саңлақтардың аты алашпен бірге мәңгі жасамақ. Шертпе ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді, алдыңғы буын ағалардың ізін Мұхамеджан, Дәулетбек, Таласбек, Білал, Секен, Рымхан, Мұқаштар жалғастырды, олардың артынан Базаралы, Саян, Сәрсенғали, Қайраттар келеді, әр қайсысы да шертпе күйдің дамуына хал – қадарынша еңбек етіп жүр[16]. Қазақ елінің шығысында салтанат құрған қоңыр күйдің болашағына кезінде алаңдаушылық болғаны рас, қазір сол кезеңдердегідей көңілдің күптілігі мүлде жоқ екенін айту парыз, себебі күйдің насихаты жақсы жолға қойылған, конкурстар мен концерттерде мектеби шектеулік жоқ, домбыра мамандығы бойынша оқу бағдарламаларында міндетті репертуар ретінде кіріктірілген. Алайда, күйдің түпнұсқалық орындаушылығы мен оның нотаға түсірілуі әлі де көп жұмыстар атқаруды керек етеді. Күйдегі ноталық жазбаның қазақы сөздегі тоникалық һәм силлабикалық буындарға сәйкес болуы жөнінде қазақ ғалымдары тарапынан жүйелі сөздер айтылып келеді, сол талаптарға сай осы жинақтағы күйлерді жазу барысында саздың ішіндегі сөзге тәуелді буындарды такт арқылы бөлуді басты бағыт етіп алуға тырыстым[10].
2.3. Ұлттық ою – өрнек технологиясын оқушыларға оқыту тәсілдері
Бейнелеу өнерінің әртүрлі салалары көп. Мысалы, ағаш өңдеу, жүн,қыл өңдеу. Бұл тек ұлттық өнерге қатысты саласы. Осылардың барлығына дерлік ортақ ою – өрнек. Халықтың ұлттық нақышын көрсететін, өзге ұлттан ерекшелейтін ою – өрнек.
Қазақ халқының ою – өрнектерінің тарихын қазақ ғалымдарының ғылыми түрде саралай бастағанына небәрі елу жылдың жүзі болыпты. Төл өнерімізді зерттеуге Еуропа ғалымдары мен жиһангездері елеулі үлес қосты. Мысалға айтсақ, В.Вопсалов, А.Хедона, саятшы Дженкинсон, Р.Карутц, С.Дудин, В.Радлов, М.В.Рындин т.б. Олар қазақтың ою – өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен олардың жасаған тұжырымының бәріде қазақ ою – өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою – өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: «Қазақ ою – өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеулер халық ою – өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, шетелдік жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілімен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылыққа, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды». Осыған қарағанда осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар екенін аңғартады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың жанашыр ғалымдары көп еңбектер жасай бастады. Мысалы, ою-өрнекті зерттеген ғалымдардың еңбектерін біріктіріп «Қазақ ою – өрнектері» атты жаңа энциклопедия жарық көрді. Кітапқа мыңнан астам ою – өрнектің ежелгі және осы заманғы түрлері енгізілген. Автор айтқандай «қазақ ою өнері басқа халықтардан тайға таңба басқандай дара тұрады». Белгілі өнертанушы В.Чеплев: «Қазақтар тек ою – өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп жазады.
Қазақтың ұлыттық ою – өрнек
түрлері. Оюшы – әртүрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою –
өрнегінің шебері. Ою – өрнек түрлері: Қазақтың
ою – өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар,
геометриялық формада, космогендік (астрологиялық). Бұлардың
әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар. Мүйіз – қазақ оюының
негізі және ең көне мәнері. Ою – өрнектің бұл элементі мүйізді
меңзеуден шыққан. «Мүйіз» ою – өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып
келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер
саласында пайдаланылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем,
сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады[11]. «Гүл» ою – өрнегі
барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер
бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою – өрнекке
дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім – кешектердің жағасына
қолданды. Арпабас, көбелек,
суөрнегі. Қазақ қолөнерінде ғасырлар
бойы қолданылып келе жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар. Олар: қызыл,
көк, жасыл, сары, ақ, қара. Бұл бояулардың сол сияқты символдық
мәні де бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың,
сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың,
көктемнің символы. «Су өрнегі» деп әрбір өрнекті бөліп тұрған
жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық
жасай отырып, дөңгелек, төртбұрыш бейнелер
жасайды.Қошқармүйіз,
ашатұяқ «Қошқармүйіз» - ою-өрнегі
қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп,
оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлаытын тағы бір шолақ
мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың
тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада,
кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде
кездеседі. «Ашатұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады.
Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді.
Түйетабан
«Түйетабан» – түйенің басқан
ізін долбарлайтын күрделі ою – өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға»,
«қызылайыр» ою – өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған екі сызық
қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша
дөңгеленіп келетін ою. Құсқанаты
«Құсқанаты» ою – өрнегі мүйіз
оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты
тәріздес ою – өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын
жайып ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. «Кемпірқосақ» ою – өрнегі
бірнеше түстерден жолақтар жасап алма – кезек орналасады.
Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар. Көк түс – аспанның,
ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы
мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Қолөнер
бұйымдарын жасауда әрбір түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ
көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл өрнектер алаша, қоржын,
басқұр тоқуда жиі пайдаланылады.Өркеш
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет,
тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін
элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос
өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу береке – бірліктің, көбеюдің
символын білдіреді. Құстұмсық
«Құстұмсық» - бұл өрнек құстың
тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен
сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ою ортасындағы сызық ұшы
құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе
«топсалы» жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін
атқарған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың
белгісі.Тұмарша
«Тұмарша» ою – өрнегі үшбұрыш
үлгілес болып келеді. Үш гүл, үш бұрыш тәрізді тұмарлар тіл-көзден
сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар
ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем,
текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.
Шынында да қазақ тұрмысында ою
– өрнектің араласпайтын саласын табу қиын, қисса – жырлар мен
дастандарда, батырлардың ат – әбзелдерін немесе арулардың киімдері
мен күймесін суреттегенде тыңдаушының көз алдынан ғажайып нақыштар
өтері анық. Осындай әсемдік әлемін өз көзімен көрген ғалым
А.С.Фелькерзам қолөнерді, әсіресе, кілемді терең зерттей келе,
Азияны «Үлкен этнографиялық» мұражай деп атаған. Халқымыздың рухани
байлығының қайнар көзі болып табылатын осынау құндылық бүгінде
азаматтығымыздың нысаны – көк байрағымызды да көріктендіріп тұр.
Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерімен
бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып
білеміз. Өйткені ою – өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу
өнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Ал осындай құндылықтың
маңызын бірі білсе, бірі
білмейді.
Мектеп оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық тәрбие береміз. Өнер мектеп өмірінің алғашқы күнінен бастап – ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауын дамытады.
«Қазақтар – тек ою – өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп, академик Әлкей Марғұлан айтқандай, халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдерінде ата – бабаларымыздың тұрмыс – салт дәстүрі бейнеленгені шындық. Халықтың тарихын, шежіресін, географиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою – өрнек құдіретті өнер. Бұл өнер халықтың болмысымен бірге туып,бірге қайнасып келеді. Қазақтың ұлттық қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар.Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақстан жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталлған. Түркілер ою – өрнекті айрықша қастерлеген халық. Қолөнер халықтың ұлттық мұрасы. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып, мәдениеттердің үлгілері дәлел бола алады. Кең байтақ Қазақстан Республикасы жерінде ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Кеңес өкіметіне дейінгі қазақ халқының қолөнерінің дамуын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін маңызы өте зор.Өйткені, қазақ халқының қолөнері – жалпы алғанда халық мәдениетінің ішіндегі негізгі саласы.
Қазақтың ұлттық өнердегі эстетикалық талғамды дұрыс өз мәнінде түсіндірудің маңызы зор. Қазақ халқының қолөнерінде өрнек ерекше орын алатыны белгілі. Біз өрнек өнерін көркем шығармашылық өнері ретінде қабылдаймыз. Қазақтың ою және өрнек деген қоссөзі бірге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ойылған, кесілген, тілінген, қиылған оюды екінші бір затқа жапсырып, жымдастырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын: сырмақ, сандық, кебеже, киім – кешектерді, қабырғаларды безендіруге қолданылады. Осындай бағытта бір бұйым жасамас бұрын оқушыларға ою-өрнек түрлерін, оюдың мән-мағынасын, тарихын тереңірек түсіндіру қажет. Өйткені бала қандай оюды қолданатынын білу керек және оларды дұрыс таңдай білуі қажет. Халықтың өмір сүру ерекшелігі мен тұрмысын көп жағдайда кәсіпшілігінің дамуы айқындалып отырады. Жоғарыда айтылып кеткен тұрмыс бұйымдарының бәрі өте қажетті заттар болып қана қойған жоқ, сонымен қатар адамның өміріне де көрік беретін. Шебер оларды жасай отырып өзінің арманын, мүддесін әсемдікке деген түсінігін білдіруге талпынатын жасыратыны жоқ қазір жастарымыз ою-өрнек сырын жете білмейді. Атап айтқанда, қазақ оюының 3 түрге бөлінетінін, оның түсірілу тәсілін, сыры мен сипатын біле бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі, белгілі мақсаттан туған мағынасы бар. Оған жаңа мазмұн беріп байытып, халқымыздың мүддесіне жарата білсек қандай жақсы. Оқушы ою өнерін шын ынтамен үйренуге, түсінуге құштарланса үлкен жетістіктерге жетеді. Ойы ұшқыр, қиялы қанатты болады. Ою – өрнекті меңгеру үшін біріншіден, оюды қиып үйренген өте қолайлы әдіс. Қағаз бүктеп қаттауға аса қиындық туғызбайды. Сол себепті алдымен ою сырлары мен әдіс-тәсілдерін қағаздан үйренуге дағдыланған дұрыс және оларды қандай түстегі қағазға жапсыру екендігін білу де – үлкен талғаммен туатын өнер[14].
Ұлттық мәдениетімізді меңгермей, мәдениетті адамзат тәрбиелеу және ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезеңде болсын адамзат алдында тұратын мұрат – міндеттердің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Білімді, жан – жақты тәрбиелі жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан – жақты қабілетті азамат етіп өсірудегі халық қолөнерінің тәлім -тәрбиелік, білім – танымдық ролі орасан зор. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті талғай да, таңдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетін де, қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шебердің кейбір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырғаны белгілі. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп, Абай атамымыз айтқандай болашақтағы өнер адамдары мен ірі өндіріс адамдары осы оқушылардың ішінен шықпасына кім кепіл? Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі ұлттық «Тәлім - тәрбие тұжырымдамасын» барша бұқара халыққа ұсынды. Онда мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында ұлттық тәлім – тәрбие курстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отыру және ұлт мәдениеті мен оқу – тәрбие жұмыстарын үнемі насихаттауды құрастыру екені ерекше атап көрсетілген еді. Бірақ, зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғанындай, қазақ мектептерінде ұлттық қолданбалы өнер түрлерін дамыту ойдағыдай емес. Осы мәселелер бойынша жинақталған мағлұматтарды талдай отырып мына өзекті мәселелер алдан шығып отыр. Зерттеу барысы айқындаған қанағаттанарлық сапаға көтеріле алмауының бірден бір себебі: оқушыларға ұлттық қолданбалы қажетті оқу материалдарының және дидактикалық құралдарының жеткіліксіздігі; Жалпы қолданбалы өнер саласында түсініктері бар, бірақ ол түсініктер өте үстірт және ұлттық өнер табиғатының мазмұнымен, мәнімен үйлесім таппайды, әрі оқушылардың шығармашылық ой – қиялы мен талғам өрісіне ықпал етпейтін жағайда жүргізіліп, нақтылы көркемдік білім көздерін айқындауға дұрыс көңіл бөлінбеген; Ұлттық тәрбие беру ісінде халық педагогикасының озық үлгілері мен қолданбалы өнердің ұлттық дәстүрлері тиімді қолданылмайды.
Осы жүргізілген жұмыстарға ой қорытып тұжырымдасам жалпы оқушыларға қазіргі технология сабағында ұлттық өнерді оқытудың тиімді әдіс – тәсілдеріне жататындар мыналар: оқушыларды халықтың өнеріне сендіру, оның арнаулы түрлерін оқытып үйрену; ұлттық өнердің жасалуы мен орындалу жолдарына жаттықтыру, дағдыландыру; халық өнерінен үлгі өнеге алу және еліктеу; оқушылардың ұлттық шығармашылық сезімдерін көтермелеу және дамыту, ойлау мен танымдық қабілетін қалыптастыру.
Балуан / Палуан - күрес
өнерін жетік меңгерген алып күш иесі.
Көне Иранда палуан (палван,
пехлеван) деп ақсүйек әскерилерді атаған, бұл сөз
көне түркі тіліндегі «алып» сөзімен
мағыналас. Шығыс
елдерінде орта ғасырларда балуандар соғыс кезінде
басы металдан кұйылған ауыр шоқпар күрзімен қаруланып, әскери
қосындардың «күрзішілер» бөліктерін
құраған. Күрес
өнерімен айналысатын,
ас-тойларда сайысқа түсетін зор күш иесін қазақтар
«балуан» деп атайды[12].
Балуандықпен айналысатын адам ұлттық күрестің айла-тәсілдерін жетік меңгеріп, күшін жетілдіру үшін ауыр салмақты заттарды көтеріп жаттыққан. Балуандар күрес сайыстарына өз руларының атынан шығып, руының намысы үшін күрескен. Жеңістерге жетіп, елінің атын шығарған балуандардың есімі бүкіл халыққа танымал болып, ел құрметіне бөленген. Балуандар базар, жәрмеңкелерде, ойын алаңдарында жұрт алдында ауыр заттарды, кірдің тастарын көтеріп те өнер көрсеткен .
Күш-қайратымен, күрестердегі жеңістерімен есімі бүкіл қазақ қауымына танымал болған, Балуан Шолақ атанып кеткен әнші-композитор Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1916), Иманжүсіп Құтпанұлы, XIX ғ.-дың аяғы мен XX ғ.-дың басында өткізілген әлемдік додаларда кәсіби классикалық күрес жарыстарына қатысып, әлем чемпионыатанған, есімі әлемге әйгілі болған Қажымұқан Мұңайтпасұлы (1871-1948) бар қазақ ардақтаған нар тұлғалы азаматтар.
Балуандық өнермен Абайдың әкесі Құнанбай, ата-бабалары Өскенбай мен Ырғызбай да айналысқан. Әсіресе, Ырғызбай талай ноқталы және қоңыраулы дейтін балуандарды жеңіп, үлкен атақ-даңққа ие болған екен. Балуандардың бір-бірімен күреске шығуын халық балуанға түсті десе, қарсыласын жығып, өз қауымының атын шығарып жүрген балуандарды «түйе балуан» деп атаған. Сонымен қатар күші мен әдіс-амалы айырықша асқан жеңілуді білмейтін балуанды күресетін ортаға ноқталап әкелетін болған. Бұл үрдіс бір жағынан қарсыласының мысын басу үшін қолданылатын психологиялық тәсіл болса, екінші жағынан балуанның асқан жеңімпаз ретіндегі мәртебесін айғақтайтын символдық рөл атқарған .
Балуандар күреске шыққанда шалбар ғана киеді. Шалбардың балағын қара санға дейін түріп, беліне үш қабаттап қайыс арқан байлаған. Алғашқы қарсыласымен белдесіп жеңіске жеткен балуан келесі қарсыласын күтіп, сол алаңның бойына жайғасып отырады .
Біз еліміміздегі мәдени құндылықтардан, өнерімізден, салт – дәстүрімізден мәдениетімізді білеміз. Міне, осы халықтық мәдени мұраларға сүйене отырып, дипломдық жұмысымды ашуға тырыстым. Қазақтың ұлттық ағаш ою – өрнегінің этно – мәдени қызметін зерттеп, барысын талдай келе оны халық игілігіне айналдыру мақсатында өзекті мәселелерді көтердім: «ұлттық мәдениет, өнер» пәндері гимназия сыныптарына ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде жүргізілсе; Республика деңгейдегі ұлттық мәдени құндылықтарға арналған арнайы газет – журнал шығарылса; Ұлттық ою – өрнегіміз белгілі бір дәрежеге көтерілсе; Халықтың қажеттілігіне жасалған ағаш бұйымдарының, соның ішінде қазіргі таңда жасалынып жатқан ағаш бұйымдарында қазақтың ұлттық ою – өрнегі қолданылса;
Қорытынды
Еліміздің белгілі ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаевтар жастар тәрбиесіне еліміздің рухани негізіндегі байлығын, халық мұраларын, салт – дәстүрлерін жиі пайдалану қажеттілігіне көп көңіл бөлген. Мектеп қай халықтың болсын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт – дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Ендеше Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгісі, бірінші шарты – білім. Ал шынайы білім беру – ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы. Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында: «балалармен мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейкесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық – мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру» қажеттігі атап көрсетілген. Мыңдаған жылдар бойы еңбектенген жүздеген жүйрік ойшылдардың тырысқандығына қарамастан, әлемде өте терең сырлар мен соншалықты асқақ ойлар жатыр. Әлі де болса оларға терең бойлағанымыз жоқ, сондықтан да шығармашылық ізденістер мен жаңалық ашу қуанышы әрі қарай жалғасуда. Сондай – ақ, мен,яғни біз жастар – Қазақстанның болашағы, келешекте мемлекетіміздің дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, өркениетті елдердің бірі болуы, өркендеп өсуі, ілгері дамуы – жастардың және келешек ұрпақтың қолында. Сондықтан да, менің негізгі ой – мақсатым мемлекетімнің жан – жақты дамуына өз қомақты үлесімді қосу.Соның ішінде, ұлттық мәдениетізді көтеру,оған біріншіден халқымыздың әр бір азаматы ұлттық мәдениетімізді қадірлей, қастерлей білуі қажет. Мәдениетімізге, тарихымызға тереңірек үңілсек, ілгері дамуымыз жемісті болар еді. Мысалы, қазіргі қыл қалам иелері, суретшілеріміз байырғы қазақтың ою – өрнек өнерінің үлгілерін жетік білмесе, ұлттық шынайы өнер туындысын тудыра алмайды. Өнердің барлық саласы адамға этно – мәдени қызмет атқарады. Соның ішінде, адамның қажеттілігіне қызмет ететін ағаш бұйымдары. Яғни, менің тоқталатыным ағаш ою – өрнегінің кешегісі мен бүгінгісін зерттеу, салыстыру, этно – мәдени қызметінің маңыздылығына тоқталу болып табылады. Ғасырлар бойы екшелеп, көркемдік сапасы артып, күні бүгінге дейін жеткен қолөнер қазіргі заманмен ұштасуда. Халық шеберлері жеке адамның ғана мұқтажын өтеп қойған жоқ, ұлттық өнерді дамытуға ерекше үлес қосты. Қазақтың ертедегі бізге беймәлім шеберлерін былай қойғанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қолөнер дәстүрін жалғастырушылар: Жүсіп, Махамбет, Әбдіғалі, Шаяхмет, Сейтен, Аяған сияқты халық шеберлерін атауға болады. Қолөнерді өрбітуге елеулі үлес қосқан шеберлер Мырзахмет Елікбаев, Хамза Жанбосынов, Садық Ыбыраев, Ғани Ілиясов, Омар Нұржобаевтардың есімдерін ерекше атай аламыз. Құрбан Аманжолов ақсақал зергерлік өнердегі кәсіби шеберлігімен таңғалдырса, Сәлима Әзірбаева тоқмау өнерімен есімін республикаға паш етті. Әбдіқас Тәжімаратовтың «Шебердің қолы ортақ» атты еңбегінде халық шеберлері өнерінімен толығырақ танысуға болады. Қолөнердің қазіргі жай кұйі туралы айтқанда, оны дамытуға ерекше үлес қосып жүрген Дәркенбай Шоқпарұлының мектебін атауға болады. Әсіресе, Б. Сарыбаев пен Д. Шоқпарұлының ерең еңбегі мен ерекше ынтасының арқасында қайта қалпына келген Алматы қаласындағы Ықылас атындағы қазақтың ұлттық музыка аспаптары мұражайындағы аспаптарды айрықша атап, мақтан тұта аламыз. Халық шеберлерінің мектебін жалғастырушы Д. Шоқпарұлы туындыларын ұқсатып жасаумен қатар әрі этнограф зерттеуші ретінде оқырмандарын халықтың қолданбалы өнер түрлерімен сусындатып келеді. Соңғы кездері музыка аспаптарын жасап, дамытуда озық жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жас буын шеберлер Ж. Тұрдығұлов Н. Абдрахмановты атауға болады. «Өнер түрлі елде мол, өнім сыры жерде мол» дегендей өнер түрлері халықпен жасай береді қазіргі кезде де бай мұраларына жаңаша сипат беріп, оларды жасаудың технологиялық әдістерін ел арасында таратып жүрген шеберлер бар. Баланың тәрбиелі өнегелі болуы алдымен өзіне байланысты болса, содан кейін оған ықпал жасайтын ортаға байланысты екені белгілі. Қазақ елі шебер, ісмер адамдарға бай екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен, оқушыларды олармен, олардың жасаған бұйымдармен таныстыру жақтары көңіл қуантарлық дәрежеде емес. Осы орайда халқымыздың аяулы ұлы Бауыржан Момышұлының мына ойы еске түседі. «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Үшінші, дәмді, дәстүрді силамайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ» деп зиялы азамат кезінде мұңайған екен. Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына үйретіп, кілем тоқып, ұршық үйірумен айнылысып отыратын апалар, әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оны қызықтыру үшін ең алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызып, қазақ қолөнерінің әсемдік құпиясын ашып көрсету қажет.
Бейнелеу өнеріндегі әртүрлі өнер түрлеріндегі көркем іс – әрекеттерді меңгере отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті таба, білу қабілетіне ие болады, көргенін еске сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады. Аталған қасиеттер баршаға қажет. Кез келген кәсіптің иесі, егер ол бейнелеу құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмысты да жақсы істейді. Мен өзімнің дипломдық жұмысымда, қазақтың ертеден келе жатқан ұлыттық аспаптарының бірі – домбыраны зерттеп, зерделеп және де өсіп келе жатқан жас буынға, үйретуді жөн көрдім. Жасалу әдіс – тәсілдерін, толық түрде қолданып, қазақтың ұлыттық қолөнер саласын одан әрі дамытып, оны жас буынға насихаттап, қолөнерді дамытсам деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Х. Арғынбаев. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер» 1987
-
Х. Арғынбаев .«Қазақ халқының қолөнері». Алматы. «Өнер», 1987 жыл.
-
Х. Маданов. «Қазақ мәдениетінің тарихы», Алматы. 1998 жыл.
-
С. Өтеғалиева. «Көшпенді халықтардың музыкалық аспаптар қоры». Алматы, Ғылым, 1995.
-
Ғаламтор желісі - https: kk.wikipedia.org
-
П. Шегебаев. Дәстүрлі музыка туындату саласындағы домбыра стереотипінің функциялары. – Алматы, Ғылым, 2002.
-
Б. Сарыбаев. Қазақтың халық аспаптары. –Алматы, Өнер, 1978.
-
Ә. Тәжімаратов «Шебердің қолы ортақ»
-
С. Қасиманов. «Қазақ халқының қолөнері». — Алматы: Қазақстан, 1995.
-
А. Сейдімбек. Қазақ әлемі: этномәдени пайымдау. Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997.
-
Ж. Балкенов. «Ұлттық ою өрнек». Қарағанды, 1998ж.
-
Ғаламтор желісі - https: kk.wikipedia.org
-
Ш. Уалиханов. Таңдамалы шығармалары. – Алматы, 1985
-
Қ. Әмірғазин. «Қазақ қолөнері». Алматы1996 ж.
-
Ә.Х. Марғұлан. Қазақ халық қолөнері. 1 – 2 том Алматы - 1981 ж.
-
М.С. Мұқанов. Қазақ халқының тұрмысындағы көркемдік кәсіп. Алматы – 1979 ж.
-
С. Күзембаева , Т. Егінбаева. Қазақ музыкасы тарихынан лекциялар. –Алматы, «Таймас» баспа үйі, 2005.
-
А.Жұбанов.«Ғасырлар пернесі», 2002 ж.
Қосымша
13

