Материалдар / Қазақ қызы қасиетім, қадірлім 5- 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ қызы қасиетім, қадірлім 5- 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерлерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
520
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ қызы қасиеттім, қадірлім » атты қыз сыны байқауының сценариі

1-жүргізуші.Қайырлы күн , қадірменді қонақтар, аяулы ұстаздар. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі –1 наурыз алғыс айту, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 14 наурыз көрісу айтымен және 22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні- наурыз » мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз . Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз
2-жүргізуші Армысың, өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын.
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру –басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.
1-жүргізуші:ендеше сайысқа бағын сынайтын аруларымыздың бойындағы нағыз қазақ қызына тән қасиеттерін сайыс барысында байқайтын боламыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі. 

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші

Арулар сахнаға шықырайық - аруларымызды қошеметпен шақырайық.. 
( Арулар бірінен кейін бірі әдемі, сызыла басып сахнаға шыға, ортаға қатар-қатар келіп тұра бастайды.

Осы кезде «Қыз сыны» әнінің әуені ойналып тұрады. )
2-жүргізуші: 5 сынып оқушысы Марат Алина
1-жүргізуші: 6 сынып оқушысы Муратова Перизат
2-жүргізуші: 7 сынып оқушысы Тәндібаева Айжұлдыз
1-жүргізуші: 8 сынып оқушысы Нарешова Ұлдана

1-жүргізуші: 9 сынып оқушысы Мансурова Айеркем

2-жүргізуші: 10 сынып оқушысы Серік Алина
2-жүргізуші: Ендеше аруларға сәттілік тілейміз 
1-жүргізуші: Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылармен таныстырып өтсек.

  1. Мұхтаров Б.Ж

  2. Султангалиева Ж.Б

  3. Аубекерова А.С

2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын байқау шартымен таныстырып өтсек.
Сайыс кезеңдері:

1. «Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру. 2мин
2. «Бәйге» салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру. 1 мин.
3. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету. 3мин.
4. «Халқын сүйген-салтын сүйер» салт –дәстүрге байланысты қойылым үй тапсырмасы 3-4 мин.
5. «Қонақ күте білеміз бе?» тағам дайындау. 3 мин
6. «Қыздарға әсемдік жарасады» ұлттық киім үлгісін көрсету.

1-жүргізуші: аруларымызды шақырайық бірінші сайыс «Мен қазақтың қызымын» 
2-жүргізуші: Сайыстың таныстыруын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық
Сайыскерлер таныстырсын өздерін
Көрермендер ду қол соғып қостайық..
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз

Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады. Қоржын ішінен асық алады, асық нөмірі бойынша сұрақтарға 1 мин ішінде жауап берулеріңіз керек. 
( сайыскерлер кезек-кезек сұрақтарға жауап береді, жауап берген сахнадан кетіп, келесі кезеңге дайындалады)

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тағыда көктем мерекелері құтты болсын! Ал, кезекті сайысқа көшеміз «Өнерлі өрге жүзер» аруларымыздың таң қалдырар өнерлерін тамашалайық.
1-жүргізуші: Қазақ жұрты киелі
Өнерліні сүйеді
Сіздерді күтіп отыр сонша қауым,
Би билеп, ән салып бер енді.
2-жүргізуші: Мың бұралып билеген, Аруды кім сүймеген...
Күміс көмей аруларға, кімдер басын имеген. 
«өнерлі өрге жүзер» деп халқым бекер айтпаған
Қол соғып бір желпіндіріп тастайық
( сайыскерлер кезегімен өнерлерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал бармағынан жасалған дәмді тағамдар жасау шарты бойынша «Қонақ күте білеміз бе?» кезеңінде аруларымыз өздеріне берілген тапсырма бойынша кез келген тағам түрін дайындап келген болатын.
1-жүргізуші:

Уа, халайық ықыласпен демелік,
Арулардың сынға түскен сайыстарын көрелік.
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік
2-жүргізуші: Сайысымызды одан әрі жалғастырамыз. «Халқын сүйген-салтын сүйер» салт –дәстүрге байланысты қойылым үй тапсырмасы 3-4 мин.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар. Қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша оқушылардың дайындаған муз. қойылымдарын тамашалайық.. 
( қазылар алқасы қорытындысын айтады)
Марапаттау кезеңі.
Бас жүлде «Мектеп аруы»-2018

І орын

«Инабатты Ару» 
«Өнерлі Ару»
«Сымбатты Ару»
«Зерделі Ару»
«Көрікті Ару»

1-жүргізуші: Ару қыздар, ай көрік, қылығы-күн,
Сезбейсіздер өздерің мұны бүгін,
Сезбейсіздер керемет қыз тағдырдың сұлулығын,
Күн текті ұлылығын,
Бұл сендер құлпырған, кұндыз бәрің,
Серпіп алға жалғайтын тіл тағдырын,
Ескеріңдер ертеңгі ел тағдырын,
Сендердің қолдарыңда жер тағдыры
1-жүргізуші: нәзік жандарға арнаған өлең шумақтары көп . Бүгінгі «Мектеп аруы-2018» байқауын аяқтаймыз. Мереке құтты болсын.









































1-ші арудың сұрақтары.  
1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)  
2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).  
3. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)  
4.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)  
5. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).  
6.
 Көрімдік беру дегеніміз не? Нәрестелі болғанында, келін түсіргенінде «құтты болсын» айта келгендерден сәбиді, келінді көрсетпей тұрып «көрімдігін бермесеңдер көрсетпейміз» деп кәдесін сұрайды. Қыз ұзатыларда ұл жағынан келген құдаларға болашақ келіндерінің жасауын көрсетіп те көрімдік сұрайтын әдет-ғұрып бар. Қазір жоғары оқу орнын бітіріп диплом алған жастар да туған-туыстарынан көрімдік сұрап жатады. 
7. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.  

 
2-ші арудың сұрақтары.  
1. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)  
2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).  
3. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)  
5. Ана туралы бір мақал айтыңыз.  
6. Ерулік беру дегеніміз не? Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, 
табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген. 
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).  


3-ші арудың сұрақтары.  
1. Ас атасы (нан)  
2. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, 
тұс киіз, кілем)  
3. «Бөбек» қорының президенті кім? (С.Назарбаева)  
4. Тіл туралы мақал-мәтел айтыңыз.  
5. Қонақкәде айту дегеніміз не? Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа салатын болған. Ол - өлең айтыңыз, күй тартыңыз, 
өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай. Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», - деп қолқа салатын болған. Ол - өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай. 
6.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).  
7. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).  


 
4-ші арудың сұрақтары.  
1. Киелі құс (аққу)  
2. Тігінші құралы. ( ине )  
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, алқа).  
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, 
қос алқа, сыңар).  
5. Сүйінші сұрау дегеніміз не? Өте қуанышты хабарды жеткізуші адам ол үйге «Сүйінші, сүйінші!», - деп кіреді. Бұл сөз тосынан естілсе де үй ішіндегілерді шошындырмай, қайта қуантады. Сол кезде үй иесі: «Қалағаныңызды алыңыз» дейді немесе ол риза болатындай бір жақсы сыйлық береді. Сүйінші алудың сөкеттігі жоқ.
  
6.Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан).  
7. Отан туралы мақал-мәтел айтыңыз. 
 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!