Қазақ сәндік-қолданбалы өнері: өзіндік ерекшеліктері мен төлтумалығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ сәндік-қолданбалы өнері: өзіндік ерекшеліктері мен төлтумалығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық мәдениет халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде жетіліп отыратыны белгілі. Бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі өнерін, оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып, біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттың салт-дәстүрінің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ сәндік-қолданбалы өнері: өзіндік ерекшеліктері мен төлтумалығы

Сәндік-қолданбалы өнер ертеде үй ішілік қолөнердің дамуымен қатар пайда болған. Алдымен халықтың тұрмысқа, тіршілік етуіне қажетті заттарды қолдан жасауына байланысты қолданбалы өнердің, соңынан олардың эстетикалық талап-сұраныстарының өсуіне орай пайда болған сәндік өнердің бірлесуінде сәндік-қолданбалы өнер туындаған. Бірақ ХХ ғасырдың бас кезеңіне дейінгі әдебиеттерде негізінен «қолөнер», «қолөнер кәсіпшілігі», «қолданбалы өнер» ұғымдары қолданылған.

Қолмен немесе құралдармен, техникамен өндірілетін қолданбалы, сәндік, сувенирлік бұйымдар түрлерін ұқсатып жасаудағы идеялар мен ойлардың, материалдар мен көркемдік шешімдердің, техникалар мен технологиялардың, ұлттық нақыштардың жиынтығын құрайтын өнер түрі. Сәндік-қолданбалы өнер арқылы жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңызды факторлары болып оның ерекшеліктері мен атқаратын қызметітабылатындығын ескеру керек. Сәндік-қолданбалы өнердің ерекшеліктерін оның қамтитын салаларына қарай шартты түрде төрт топқа топтастырамыз: 1) көркемдік-эстетикалықерекшеліктер: мағыналық-мазмұндық, сәндік, дәстүрлік. Олардың өлшемдері болып айтылар ойдың символдар, образдар, түр-түстер мен композициялар арқылы бейнеленуі, осы белгілер арқылы әр түрлі ақпараттардың берілуі, олардың сәнді де, әсем бейнеленуі табылады; 2) практикалық ерекшеліктері: тұрмыстық, шаруашылық, мерекелік, сувенирлік – қолданысқа арнайы жасалынуы және игілікке пайдаланылуысаналады; 3) еңбек ерекшеліктері: осы өнер түрін жасау процесіндегі өзгешеліктер – жеке және ұжымдық (топтық, қауымдық, рулық, ауылдық) еңбек етуі, олардың музыкалық, әдет-ғұрыптық сүйемелденуі, осы процестеэстетикалық-адамгершілік қарым-қатынастардың қалыптасуы. 4) шығармашылық ерекшелігі: дарындылық, шеберлік, кәсібилік –шығармашылық дарындылықты дамытуы, шеберлікті шыңдауы және кәсібилікті меңгертуі.

Осыған байланысты өнердің бүгінгі күнге дейін анықталған атқаратын қызметін шартты түрде былайша төрт топқа бөліп жүйелеуге болады: 1) ағартушылық – белгілі бір өмір туралы білімдер, танымдық білімдер, мәліметтер, пікірлер, теориялар, осы аталғандардың формалану белгілері; 2) коммуникативтік – суретші мен оның аудиториясының, халық пен ұрпақ арасындағы қарым-қатынас жасау құралы, білімдерді ғана емес, сезімдерді де жеткізу арнасы, адамдардың рухани қарым-қатынас құралы, көркемдік мәдениетті қоғамдық байлыққа айналдыруы, философиялық, құқықтық, этикалық, діни және т.б. идеяларды таратуы; 3) гедонистикалық – білім алушының эстетикалық әсем сезімдерін оятуы, рухани тұрғыдан көңіл-күйді көтеруі, айрықша сезім сыйлауы, құндылық бағдарлық, эмоционалдық, эстетикалық, көріністілік сапасы; 4) тәрбиелік – адамның рухани өмірін қалыптастыруға, әр түрлі қоғамдық идеалдарға сәйкес оның санасына, сезіміне, еркіне ықпал етуі.

Ұлттық мәдениет халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде жетіліп отыратыны белгілі. Бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі өнерін, оның мәдениеттанулық негізін дұрыс көрсете танып, біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды сол ұлттың салт-дәстүрінің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Сондай қажеттіліктің бірі – халқымыздың қолөнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнері, әшекейлеу әдістері өнерінің тәлім-тәрбиелік, эстетикалық-танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Оның үстіне қазақ халқы өнері өзінің бай тарихы, терең мәдени-философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан-қилы ерекшелігімен қымбат әрі құнды. Сондықтан да оның мәдениеттанулық негіздерін көрсету, танып-білу, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім-тәрбие беру процесінде қажетті мәселелердің бірі болып табылады.

Әр халықтың сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесінде өзіндік рухани тарихы, тағлымы, ой-пікірі, қорытынды түйіні болады. Күн санап халқымыздың дәстүрлі құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ықылас өсіп келеді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қолөнердің ғасырлар сынынан еленіп, бүгінгі таңға дейін жетуі оның өміршеңдігін, мәдениеттегі өзіндік орнын, қажеттілігін айқындап тұр. Енді осы мұралардың құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру, оған дәнекер болу әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасау зиялы қауымның борышы мен парызы. Бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей, оны өзіміздің асыл мұралардан іздеу, оны жандандыру, қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінеміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.06.2024
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі