ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы.

Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді. Демек, шежіре біздің аталарымыз үшін тарих қызметін атқарған. Шежірешілдік көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ол халықтың этник. құрылымын анықтауға, тұтастығын көрсетуге мүмкіндік беретін төл тарихымыздың нұсқасы, ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бір бөлігі. Ел арасында өткен өмір тарихын өте жақсы білген “шежіре адамдар” болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, көшпелілердің дүниетанымын жете түсінген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Егер қазақ мәдениеті біртұтас дейтін болсақ, онда шежірені де осылай қарастыруымыз керек. Яғни, шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар, ал дәстүрлі қазақ мәдениетінен осылардың біреуін жеке дара бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Этнос және қоғам, мемлекет есебінде қазақтар өз бастауын Алаша ханнан алады. Түркілердің қара шаңырағына ие болып қалған қазақ елі үшін де, өзге түркі-моңғол елдері үшін де Алаша ханға байланысты айтылатын шежірелердің орны бөлек.

Қазақ ұлт-азаттық күресінің жетекшісі Ә.Н. Бөкейхан «Қазақ» газетінің 1913 жылғы №12 санында қазақ зиялыларының ішінде алғаш рет «Алаш не сөз? Мұны біздің «Қазаққа» жазатын аға-іні табылар ма?» деп қазақ баласына сұрау салған екен. Бұл мәселе әлі күнге дейін «Атамыз – Алаш, керегіміз – ағаш» деп өскен қазақ баласының көкейінде жүрген сұрақ. Әлихан ағамыз сол сұрақты Шәкәрім Кұдайбердіұлының  «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» кітабына жазған пікірінде көтерген, яғни сұрақ алдымен тарихшылар қауымына арналған. Біз осы тақырыпта бірнеше ғылыми еңбектер жасадық.

Қарап отырсақ Алаша ханның ата-тегі нақты белгісіз. Бір шежірелерде оның әкесі Бұхараның ханы Қызыл Арыстан хан, екінші шежіреде – Абдолла хан, үшіншілерінде – Абдул-Азис хан, т.б. Бізге белгілі шежірелердің көбі Алаша хан оңтүстікте, Бұхара өлкесінде туды деп көрсетеді.  Мәшһүр Жүсіп шежіресінде: «Қырық ханның бірі болған Қызыл Арыстан деген Бұхарада тұрыпты. Осы күнгі бір өзінде он бес азаншы азан айтатұғын мұнараны сол Қызыл Арыстан жасатқан екен деседі. Бәйбішесінен бала болмаған. «Қызыл аяқ» деген елді шауып, ат артына салып әкелген бір қызға аяқ салып, онан бір бала сауысқанның аласындай туады. Бәйбіше өзінен тумай, тоқалдан туғандықтан, іші тарлық қылып, күндеп, «бұл баланы балам деп сақтама, көзін жоғалт, қарашығын батыр. Мынау өскенде жұртыңды ала қылып ұстайды, еліңді ала тайдай бүлдіреді» деген соң, хан қырық жігітке бұйрық беріпті: «Мына баланы, тапқан шешесін, Сырдариядан әрі өткізіп қоя беріңдер. Өлсе өлсін, өлмесе өз бетімен қаңғып күн көрсін» деп жер аударады. Зинхар қайтып бұл жұртты мына қатын мен бала да көрмесін, сендер де көрмеңдер, – депті. Бұлар Сыр суынан өтіп, Алатау мен Қаратаудың алқабына келіп жан сақтап күн көріпті» деп басталатын осы аңыздың ең толық нұсқасы бар. Алаша хан туралы аңыз кең байтақ қазақ даласының қай түкпірінде болса да белгілі. Қай қазақтан сұрасаңыз да, ата-тек шежіресін сол Алаша хан заманына дейін алып барады, қазақтың үш жүзге бөлінуі де ел түсінігі бойынша Алаша хан заманынан өз бастауын алады. Ш. Уәлиханов осыған байланысты: «Это общее народное сказание известное каждому киргизу (қазаққа – Ж.А.) питающему хоть малую претензию на белобородство и старое ухо (кәрі құлақ – много слышавший)» деп баға береді. Біз де осыған қосыламыз.

Ш. Уәлиханов жазып алған аңыздағы бір ерекшелік – Алаша ханға қосымша дана қария Алаштың болуы. Аңыз болғаннан кейін ара-тұра осындай қосымша элементтер кездеспей қоймайды. Расында да қазақ шежіресінде Алаша біресе хан, біресе қария бейнесінде кездесе береді. Қазақ ұғымында елдік дәстүрлердің, әдет-ғұрыптың, адамсүйгіштік пен қайырымдылықтың үлгісі Алашамен байланысты қалыптасқан. Соның ішінде қазақи салт деп аталатын «қонақасы» дәстүрі де бар. Қазақ түсінігі бойынша әрбір жолаушы адам – «құдайы қонақ». Оның ас-суын беріп, қондырып, мұқтажын ашу – міндет. Ертерек уақытта жолаушы қонағасы жемесе сол елдің биіне барып, арыз айтып, кінәлілерден «ат-тон» айып алатын тәртіп болған. Осы «қонақасы» дәстүрі тек қана қазаққа тән «Алаштан қалған бөлінбеген енші» деген ұғымға негізделеді. Қазақтың әдет-ғұрып заңдарын жинақтаушы Л.Ф. Баллюзек (сұлтан Сейдалин деректерінің негізінде) қазақтың Алашқа байланысты қайырымдылық дәстүрлерін былай баяндайды:«Қазақтың алғашқы ханы Алаша, жасы келіп қартайған уақытында, малының бір бөлігін өзіне қалдырып қалғанын бүгінгі күні ұлы, орта, және кіші жүз атанған үш ордалардың  атасы  өзінің үш ұлына бөліп береді, оларға бөлінген үлес әр біреуінен ешкім де тиіспейтін  ешкім де ала алмайын «еншісі» деп атанды. Бірақ, – деді Алаша хан ұлдарына, – сендер көшпелі өмір салттарыңмен, мал баққан шаруашылық дәстүрлеріңмен, өздерінің кез келген жолаушы қалтасында ақшасы болса (пұл) тамағы мен жатар орынын сатып алар сауда мен базары бар отырықшы қоныстардан алыстықтарыңмен, бір-бірлеріңе барғанда тамақтарыңды тасып жүргендерің қиын болады. Бұл әіресе сендерден тарайтын ұрпақтарыңа қиындық туғызады. Жарты күндік жолға шыққан да жейтін қойларыңды өңгеріп алып жүрмейсіңдер ғой. Ал одан да алыс дерге жолаушы шықсаңдар не болмақ?!

Сол себептен сендерге өсиет: бір-бірлеріңе жолаушылап барғанда тамақ бергенің үшін ақы сұрама, бір-біріңе арнайы шақырылған қонақтай бол, бір-бірлеріңнен «қонақасы», яғни жатар орын мен тамақ  талап ету заң болсын. Сол менде қалған мал мен дүниенің төртінші бөлігін өзара тағы бөліп алыңдар, бірақ бұл сендердің жеке меншіктерің емес, бұл ғасырдан ғасырға кететін сендердің араларыңдағы ортақ меншік». «Қонақасыдан» басқа данагөй Алашадан  ұрпақтарына қалған тағы бір өсиет, бұл «жылу», яғни өртке ұшыраған, жау шабуылына ұшыраған немесе қатал қыста малынан айрылған туыстарына көмек». Біздің пікірімізше бұл баяндалған әдет-ғұрып ережелері қазақ қоғамының ең түпкілікті қасиеттері болып табылады. Оның дәлелі бұл дәстүрлердің көшпелілердің рулық негізімен байланыстылығы. Қазақ қоғамының өзегі рулық қатынастар, туысқа көмек – міндетті парыз. Жоғарыда көрсетілген «қонағасы», «ортақ енші», «жылу» сияқты қайырымдылық нормаларынан бас тартқан адам өзіне бүкіл руды, қоғамды қарсы қойып алады. Мұның бәрі келіп айып төлеумен немесе одан да ауыр болып саналатын өз руластары мен бөгде елдің алдында жексұрын атанумен, тіпті қоғамдық жиын мен ойын-тойлардан шеттетуге дейін алып келеді.

Қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін, аңыз-хикаяларынан белгілі, кемеңгер Майқы би – Алаша ханның алғашқы ұстазы, жетекшісі, қамқоры-мыс. Аңыз мазмұнына қарағанда «Майқы би өзі ақсақ екен. Өмір бойы арбамен жүреді екен. Арбасын көлікке жектірмей, жаяу кісіге тартқызады екен». Бұл да аңыздың көнелігіне дәлел деген ойдамыз. Майқы бидің нұсқауымен Алаша ханның келген жері Сарыарқа. Жүз жігітті жанына қосып беріп Майқы бидің айтқан сөзі: «Қара таудан әрман асыңдар, Ұлытау, Кішітау деген таулар бар, Қаракеңгір, Жездікеңгір, Құдайберлі деген жерлерге барып, ірге теуіп, салық салыңдар». Бұл атаулардың бәрі де өзімізге таныс Сарыарқаның ең бір қасиетті, көне орындары. Шежіреде «салық салыңдар» деген сөз қоныс сал, тұрақта деген мағынаны білдіреді. Ерте уақытта әскердің шаруашылық бөлігін, бір орында тұрақтап ас-су әзірлейтін, ат жарататындарын «салықшы» деп атау содан қалған.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2024
136
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі