ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЭССЕ ЖАЗУДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Ахметов Султан Жаскайратович
sultanakhmetov2005@gmail.com
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінің студенті.
Орал, Қазақстан
Аннотация:Бұл мақалада студенттердің ағылшын тілінде эссе жазу барысында кездесетін негізгі қиындықтары қарастырылады. Атап айтқанда, грамматикалық мәселелер, лексикалық тапшылық, эссе құрылымын сақтамау, академиялық стильдің бұзылуы және мәдени айырмашылықтар талданады. Мақалада аталған қиындықтарды шешудің кешенді жолдары ұсынылады: жазуды кезең-кезеңмен үйрету, үлгі мәтіндермен жүйелі жұмыс, академиялық сөздік қорды дамыту, ресми стильді қалыптастыру, мәдениетаралық құзыреттілікті арттыру, сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру және цифрлық құралдарды пайдалану. Зерттеу нәтижелері студенттердің академиялық жазу дағдыларын дамытуда жүйелі әрі интеграциялық тәсілдің маңыздылығын көрсетеді.
Кілт сөздер: академиялық жазу, ағылшын тілі, эссе, студенттер, грамматикалық қиындықтар, лексикалық тапшылық, ғылыми стиль, мәдениетаралық коммуникация, сыни ойлау, академиялық құзыреттілік
Кіріспе
Ағылшын тілінде академиялық эссе жазу – студенттердің тілдік құзыреттілігін ғана емес, сонымен бірге сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми стильді меңгеру және мәдениетаралық коммуникация қабілеттерін дамытатын күрделі процесс. Қазіргі жаһандану дәуірінде ағылшын тіліндегі академиялық жазу дағдылары халықаралық ғылыми ортаға ену үшін маңызды құралға айналып отыр. Дегенмен студенттер эссе жазу барысында грамматикалық қателер, лексикалық тапшылық, құрылымдық бірізділікті сақтамау, академиялық стиль талаптарын бұзу және мәдени айырмашылықтарды ескермеу сияқты түрлі қиындықтарға жиі тап болады. Бұл мақалада аталған мәселелер талданып, оларды шешудің кешенді жолдары қарастырылады.
Грамматикалық мәселелер
Ағылшын тілінде эссе жазу барысында студенттердің ең жиі ұшырайтын қиындықтарының бірі – грамматикалық нормаларды сақтау. Бұл құбылыс, ең алдымен, қазақ және ағылшын тілдерінің типологиялық айырмашылықтарымен, сондай-ақ екінші тілді меңгерудің психолингвистикалық ерекшеліктерімен байланысты.
Ағылшын тілі аналитикалық құрылымға негізделгендіктен, грамматикалық мағыналар сөздердің орын тәртібі, көмекші етістіктер мен артикльдер арқылы беріледі. Ал агглютинативті тілдерде мағынаның негізгі бөлігі морфологиялық қосымшалар арқылы айқындалады. Осы айырмашылықтар студенттердің екінші тілде ойды дұрыс құра алмауына ықпал етеді.
Мәселен, студенттер шақ категориясын қолдануда жиі қате жібереді. Қазақ тілінде өткен іс-әрекет бір ғана шақтық форма арқылы беріледі, ал ағылшын тілінде ол әртүрлі контексте бірнеше шаққа сәйкес келеді. Нәтижесінде, студент «The researcher has finished his work yesterday» деп жазады. Бұл сөйлемде Present Perfect пен нақты уақыт көрсеткіші «yesterday» сәйкессіздікке түсіп отыр. Мұндай қате интерференция құбылысымен түсіндіріледі.
Сол сияқты, артикльді қолдануда да жүйелі қателер кездеседі. Студенттер «Technology plays important role in modern education» деп жаза отырып, белгісіз артикльді қолданбайды. Бұл ағылшын тілінде семантикалық реңкті бұрмалап, ойдың толық жеткізілмеуіне әкеледі.
Күрделі синтаксистік құрылымдарда да қиындықтар байқалады. Мысалы, эссе жазу барысында «Although the methods were effective, but the results were not consistent» деген сөйлем қолданылуы мүмкін. Мұнда бағыныңқы сөйлем жалғаулығы мен жалғаулық шылау қатар қолданылып, артық синтаксистік элемент пайда болады. Бұл да интерлингвистикалық араласудың бір көрінісі болып табылады.
Зерттеулерде атап өтілгендей , мұндай қателер студенттердің грамматикалық білімінің жоқтығын білдірмейді. Керісінше, бұл олардың «аралық тілінің» (interlanguage) қалыптасу кезеңін сипаттайды. Алайда грамматикалық білімнің теориялық деңгейде ғана берілуі, оның жазба практикада жеткілікті бекітілмеуі қателердің қайталануына әкеледі.
Лексикалық тапшылық
Эссе жазудағы келесі ірі қиындық – студенттердің сөздік қорының жеткіліксіздігі. Сөздік қоры шектеулі болған жағдайда студент белгілі бір ойды қайталап жазады немесе қарапайым сөздерді шамадан тыс пайдаланады. Бұл жазбаның сапасын төмендетіп, мазмұнды бірсарынды етеді.
Мысалы, көптеген студенттер «good» сөзіне сүйенеді. Алайда академиялық эсседе оның орнына excellent, effective, beneficial, significant, valuable сияқты синонимдерді қолдану мәтінді мазмұнды етеді. Лексикалық қордың аздығы тақырыпқа сай терминдерді қолдана алмаудан да көрінеді. Мәселен, экономика тақырыбындағы эсседе «money» сөзін қайталай беру жиі кездеседі, ал оның орнына finance, capital, revenue, expenditure сияқты сөздерді қолдану ойды нақтыландырады.
Лексикалық тапшылықты еңсерудің ең тиімді жолы – сөздерді жеке емес, контекст ішінде меңгеру. Мысалы, студент тек жаңа сөзді жаттап қоймай, оны сөйлемде, шағын абзацта қолданып көруі қажет. Сонымен бірге, арнайы академиялық сөздіктерді пайдалану және жаңа сөздерді тақырыптық топтарға бөліп үйрену пайдалы. Бұл тәсіл эсселерді мазмұнды әрі бай қылады.
Эссе құрылымын сақтамау
Ағылшын тіліндегі академиялық эссе белгілі бір қалыптасқан құрылымға негізделеді. Дәстүрлі түрде ол кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Бұл құрылымның сақталуы тек мәтіннің мазмұндық тұтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар автордың ойлау жүйесінің логикалық дәйектілігін көрсетеді. Кіріспе бөлімде тақырып өзектілігі айқындалып, негізгі тезис ұсынылады; негізгі бөлімде дәлелдер, салыстырулар, теориялық және практикалық мысалдар беріледі; ал қорытындыда негізгі идея жинақталып, жаңа тұжырым жасалады.
Студенттердің көпшілігі эссе құрылымын сақтауда бірқатар қиындықтарға тап болады. Біріншіден, кіріспе бөлімнің жеткіліксіздігі байқалады: студенттер көбіне кіріспеде тақырыпты тек қысқаша атап өтумен шектеледі, ал ғылыми стандарттар бойынша бұл бөлімде зерттеу нысанының маңызы, мақсат-міндеттері мен негізгі тезис айқындалуы қажет.
Екіншіден, негізгі бөлімнің мазмұндық әлсіздігі жиі кездеседі. Аргументация ғылыми эссенің басты бөлігі болып табылғанымен, студенттер өз пікірлерін дәлелдеу үшін қажетті деректер мен талдауларды жеткілікті деңгейде келтірмейді. Бұл жағдай эссенің ғылыми сипатын төмендетіп, мәтіннің академиялық құндылығын әлсіретеді.
Үшіншіден, қорытындының формалды сипат алуы кең таралған құбылыс. Көптеген студенттер қорытындыда жаңа ой немесе ғылыми мәні бар түйін ұсынбайды, тек негізгі бөлімде айтылғандарды қайталайды. Ал академиялық талаптар бойынша қорытынды — зерттеу нәтижесін жинақтап қана қоймай, оны кеңірек ғылыми контекстпен байланыстыруы тиіс.
Академиялық стильдің бұзылуы
Ағылшын тіліндегі академиялық эссе жазуда студенттер жиі кездесетін қиындықтардың бірі – академиялық стильді сақтамау. Академиялық стиль (academic style) – ғылыми мәтіннің мазмұнын айқын, дәл және ресми түрде жеткізуге бағытталған нормалар жүйесі. Ол қарапайым сөйлеу тілінен ерекшеленіп, бейтараптықты, дәйектілікті және формалды ұстанымды талап етеді.
Көп жағдайда студенттердің эсселерінде ауызекі сөйлеу тіліне тән құрылымдар, тұрмыстық сөз қолданыстары немесе бейресми қысқартулар кездеседі. Бұл құбылыс ғылыми мәтіннің сапасын төмендетіп қана қоймай, оның академиялық ортадағы құндылығын әлсіретеді. Мәселен, эсседе «I think», «you know», «a lot of» сияқты қарапайым тіркестерді шамадан тыс қолдану мәтінді бейресмилендіріп жібереді. Академиялық стиль нормалары бойынша мұндай ойды «It can be argued that…», «It is evident that…», «a significant number of» сияқты бейтарап әрі ғылыми тіркестер арқылы беру талап етіледі.
Сонымен қатар, академиялық стильдің бұзылуы сөйлем құрылысының қарапайымдылығымен де байланысты. Студенттер көбіне қысқа, қарапайым сөйлемдерді қолдануға бейім болады, ал ғылыми жазбада күрделі құрмалас сөйлемдер, нақты логикалық байланыстар мен формалды коннекторлар («moreover», «however», «consequently») қолданылады. Мұндай құрылымдар ойдың дәйектілігін арттырып, мәтінді ғылыми сипатқа жақындатады.
Академиялық стильдің сақталмауының тағы бір көрінісі – объективтіліктің бұзылуы. Көптеген студенттер эсседе жеке көзқарасты «I» немесе «we» есімдіктері арқылы тікелей білдіреді. Ал ғылыми ортада объективті баяндау стилі басым болуы тиіс: автордың көзқарасы жеке пікір емес, зерттеу нәтижесіне негізделген тұжырым ретінде көрсетіледі. Осы себепті бейтарап баяндау формалары, пассивті етістік құрылымдары және үшінші жақ баяндау үлгілері жиі қолданылады.
Студенттердің ағылшын тілінде эссе жазуда кездесетін грамматикалық, лексикалық, құрылымдық, стильдік және мәдени мәселелері өзара тығыз байланысты және оларды шешу үшін оқыту процесін жүйелі ұйымдастыру қажет. Әрбір қиындықты бөлек қарастыру пайдалы болғанымен, олардың барлығына ортақ, кешенді шешу жолдарын ғылыми тұрғыда айқындау әлдеқайда нәтижелі.
Жазуды кезең-кезеңмен үйрету
Академиялық жазу дағдысы күрделі когнитивті процесс болғандықтан, оны бір мезетте қалыптастыру мүмкін емес. Жазу үдерісі қарапайым сөйлем құраудан басталып, абзац жазу, ойды байланыстыру, пікірді дәлелдеу сияқты сатылар арқылы дамиды. Педагогикалық тұрғыдан алғанда, студенттердің эссе жазудағы дағдыларын қалыптастыру үшін scaffolding әдісін қолдану тиімді. Бұл тәсілде студенттерге алғашқы кезеңде нақты үлгі мен қолдау көрсетіліп, уақыт өте келе олардың дербес жазу қабілеттері қалыптасады.
Үлгі мәтіндермен жүйелі жұмыс
Академиялық эссе үлгілерін талдау студенттерге жазудың құрылымын көру, логикалық бірізділікті түсіну және тілдік құралдарды дұрыс қолдануды үйренуге көмектеседі. Бұл жерде тек дайын мәтінді оқу жеткіліксіз, оны құрылымдық элементтерге (кіріс сөздер, тақырыптық сөйлемдер, дәлелдер, дәйексөздер, қорытынды ойлар) бөліп талдау қажет. Сонымен қатар, студенттерге үлгі мәтінді негізге ала отырып, өз нұсқасын қайта жазу немесе парафраз жасау тапсырмалары ұсынылған жағдайда, олардың академиялық тілдік сезімталдығы дамиды.
Лексикалық және грамматикалық қорды кеңейту
Эссе жазу барысында ең көп байқалатын қиындықтардың бірі – жеткілікті сөздік қордың болмауы және грамматикалық қателердің жиі кездесуі. Мұны шешу үшін студенттердің лексикалық және грамматикалық дағдыларын жеке-жеке емес, интеграцияланған түрде дамыту қажет. Яғни жаңа сөздер тек жаттаумен емес, контексте қолдану арқылы меңгерілуі керек. Мысалы, студенттерге тақырыптық сөздік беріліп, сол сөздерді эссе жазу барысында қолдану міндеттелсе, лексика жадта ұзақ сақталады. Грамматикалық құрылымдарды да оқшау жаттығулармен ғана емес, эссе контексінде пайдалану арқылы үйреткен тиімді.
Академиялық стильді қалыптастыру
Академиялық стиль – эссе жазудың ең маңызды қыры. Студенттерді бейресми тілден ресми-ғылыми стильге көшіру мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылуы қажет. Бұл сабақтарда бейресми және ресми тілдік құрылымдар салыстырылып, олардың айырмашылықтары көрсетіледі. Сонымен бірге, «hedging» (ойды жұмсарту: it seems that, it may be assumed that), «nominalization» (етістікті заттандыру: to decide → the decision), «impersonal constructions» (бейтарап баяндау: It is widely believed that…) сияқты академиялық жазудың негізгі құралдары үйретілуі тиіс. Мұндай тілдік дағдылар ғылыми мәтіннің объективтілігін арттырады және эссенің академиялық талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
Мәдениетаралық құзыреттілікті дамыту
Эссе жазу тек тілдік дағды ғана емес, мәдениетаралық құбылыс болып табылады. Себебі ағылшын тіліндегі академиялық дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері бар. Студенттердің көпшілігі өз пікірін ұлттық тілдік дискурс нормаларына сүйеніп жеткізеді, бұл жағдайда ағылшын тіліндегі ғылыми дәстүрлерге қайшы тұстар байқалуы мүмкін. Мәдениетаралық құзыреттілік студентке ғылыми аргументация нормаларын түсінуге, дәйек пен мысалды мәдени контекстке сәйкес қолдануға және өз ойын ғаламдық ғылыми қауымдастық стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту
Эссе жазуда тек тілдік дұрыс құрылымдар ғана емес, ойдың мазмұндық тереңдігі де маңызды. Бұл студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілетіне тікелей байланысты. Сыни ойлау арқылы студент ақпаратты талдайды, салыстырады, дәлелдейді және қорытынды жасайды. Сондықтан эссе жазу үдерісінде арнайы критикалық ойлау тапсырмаларын (мысалы: аргументті қолдау немесе жоққа шығару, қарсы пікірге жауап беру) енгізу қажет.
Цифрлық құралдарды пайдалану
Қазіргі заманда студенттердің академиялық жазу дағдыларын дамытуда цифрлық ресурстардың рөлі ерекше. Грамматикалық қателерді анықтайтын автоматтандырылған жүйелер (мысалы, Grammarly), академиялық сөздіктер (Oxford Academic, Cambridge Academic Vocabulary), эссе құрылымын жоспарлауға арналған қосымшалар студенттердің өз бетінше білім алуына жағдай жасайды. Дегенмен мұндай құралдар тек қосымша көмек ретінде пайдаланылуы тиіс, ал негізгі назар жазудың ғылыми талаптарын терең меңгеруге аударылуы қажет.
Қорытынды
Зерттеу нәтижелері студенттердің ағылшын тілінде эссе жазу барысында кездесетін қиындықтарының көпқырлы және өзара байланысты сипатқа ие екенін айқындайды. Бұл қиындықтар грамматикалық қателер мен лексикалық тапшылықтардан бастап, мәтін құрылымын сақтамау, академиялық стиль талаптарының бұзылуы және мәдениетаралық ерекшеліктерді ескермей жазу сияқты аспектілерді қамтиды. Эссе жазу тек тілдік құзыреттіліктің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, деректерді талдау мен жүйелеу дағдыларын айқындайтын маңызды көрсеткіш екендігі байқалды.
Жүргізілген талдау негізінде академиялық жазуды жетілдіру үшін кешенді әдістемелік тәсілдің маңызы ерекше екендігі анықталды. Атап айтқанда, эссе құрылымын сақтауға машықтандыру, академиялық лексиканы жүйелі дамыту, ресми стиль нормаларын меңгерту, мәдениетаралық құзыреттілікті арттыру және цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану студенттердің академиялық жазу дағдыларын сапалы түрде жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұндай шаралар бір-бірімен өзара байланысты түрде іске асырылған жағдайда ғана оқу үдерісі нәтижелі болып, студенттер халықаралық деңгейдегі ғылыми талаптарға сай эссе жазуға қабілетті болады.
Бұл тұжырымдар студенттердің жазу машығын дамытудың тек тілдік тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар когнитивтік және мәдени қырларын да қатар қамтудың қажеттілігін көрсетеді. Болашақта осы бағыттағы зерттеулерді тереңдету студенттердің академиялық сауаттылығын арттыруға, олардың жаһандық білім беру кеңістігінде еркін әрекет етуіне ықпал ете алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Байхадамова Б., Бектаева Ж. Эссе жазудың теориясы мен әдістемесі – Әдістемелік нұсқаулық. 2020.
• Оспанов Е. Т. Академиялық жазылым: шағын эссе мен шағын зерттеу жұмыстарын жазу. 2019.
• Миятбекова Ж. Қ. Эссе жазу әдістемесі. 2021.
• Әкбузауова Б. Kazakh Language Academic Writing As A Continuous Process. 2022.
• Swales J. M., Feak C. B. Academic Writing for Graduate Students: Essential Skills and Tasks. 2012.
• Bailey S. Academic Writing for University Students. 2022.
• Osmond A. Academic Writing and Grammar for Students. 2016.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз