Жоба тақырыбы: Қазақ тайпаларының таңба-белгілерінің руна таңбаларына ұқсастығын зерттеу
Секция: тарих
Ғылыми жетекшісі:
Жетекшісі:
Орындаған:
2022 – 2023 оқу жылы
|
|
Кіріспе…………………………………..…………………………… |
3 |
|
I 1.1 1.2 |
Негізгі бөлім………..………………………………………………. Руна жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы ...................………. Көне түркі руна алфавитінің ерекшеліктері...................................... |
4 4 6 |
|
II 2.1 |
Зерттеу бөлімі…………………………………………………...….Қазақ руларының таңбаларының руна жазуларына ұқсастығы..... |
10 10 |
|
|
Қорытынды………………………………………………………… |
21 |
|
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі….......………………………….... Қосымшалар...................................................................................... |
22 26 |
|
|
|
|
|
|
|
|
КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның өзектілігі. Бұл ғылыми жобада көне түркі руна жазуы Қытай, Шумер жазуларының ізін ала жасалғандығы, ал, бұл тайпа пайдаланған сөздер түркі тілінде молынан кездесетіні, шумерлердің дәстүр-салты, нанымы және көктегі жаратушыға табынуы түркілермен етене туыстас екені арнайы зерттелініп, орнықты тұжырым жасалынады. Өйткені, шумерлер Орта Азиядан қоныс аударғанда өзімен бірге түркі жазуын және олардың наным-сенімін, дәстүрін ала кеткенін маман ғалымдар дәлелдеп берді. Екіншіден, түркі руна жазуының туып, қалыптасуына түркі және қазақ халқының ру-тайпаларының таңба-белгілері едәуір ықпал еткені осы ғылыми жұмысымызда салыстырмалы түрде көрсетіліп, тиянақты тұжырым жасалынады. Мәселен, М. Қашқари, Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Марғұлан жинаған көне түркі және қазақ тайпаларының таңба-белгілері түркі руна жазуына өте ұқсастығы бұлтартпас дәлел келтіріліп, айқындалды.
Ғылыми жобаның мақсаты: көне түркі және қазақ тайпаларының таңба-белгілерінің түркі руна жазуына ұқсастығын зерттеу.
Ғылыми жобаның міндеттері:
-
Руна жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихына сипаттама беру;
-
Көне түркі руна алфавитінің ерекшеліктерін анықтау;
-
Қазақ руларының таңбаларының руна жазуларына ұқсастығын салыстырмалы түрде зерттеу.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында, жинақтау, талдау, жүйелеу, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Руна жазба ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Көне түркі руна жазба ескерткіштері мен руна жазуы ХVІІ ғасырдың ортасында-ақ әлем шығыстанушы ғалымдары мен саяхатшыларының, және Ресей патшалығының шалғайдағы әкімшіліктерінің назарын шұғыл аудартты. Оған әр түрлі себептер қозғау болды. Солардың негізгілерін атасақ, біріншіден, көне түркі руна жазба ескерткіштерінің Орта Азия, Қазақстан, Алтай, Шығыс Түркістан, Турфан аймақтары мен Енисей, Орхон, Онгин, Талас, Іле өзендерінің өңірлерінен және Монғолияның көптеген өлкелерінен, Венгрия жерлерінен табылуы, яғни, дәу тастар мен қағазға жазылған көне түркі шығармаларының әлемнің көптеген елдері төңірегінен көне мәдени мұра есебінде бой көрсетуі, сол жазба ескерткіштердің сан жағынан көптігі жаһанның өркениетті елдерінің қызығушылығын туғызды [1].
Мәселен, 1799 жылы Венгрияның «Қасиетті Николай» елді мекені төңірегінен руна жазуы бар бірнеше алтынданған ыдыстар табылды. Кейінірек сол қымбат бұйымдардағы жазуды шығыстанушы Ю. Немет оқып, көне түркі руна жазбасы екенін мәлімдеді. Екіншіден, самсаған дәу тастар беттеріне тұтастай сығылыстыра түсірілген жазбаларды оқып, қай халықтың рухани мұрасы екенін білу аса қиындық туғызып, істі анықтау ұзаққа созылуынан әр ел ғалымдарының «өз халқының көне жазба ескерткіші болар» деген үмітін оятып, сол саланы зерттеуге, танып, білуге олардың құлшынысын орасан арттырды. Сонымен, көне түркілердің тасқа түсірілген жазуына «руна» сөзінің енгізілуі шетел ғалымдарының бұл құпия жазба ескерткіштердің жұмбақ сырын ашуға деген ниетін күшейтті. Әрі дүниенің зиялы қауымына шешімін тапқызбаған күрделі іске ертеден дамыған елдер «өз мәдениетіміз шығар» деген үмітпен қызығушылық танытып, қолдау білдірді. Ақырында осылай «Руна жазуы» деген халықаралық ғылыми термин қалыптасты [2].
Себебі, көне түркі жазуы
скандинавтықтардың ежелгі руна жазуына сырттай ұқсастықтары бар
еді. Мысалға,
әріп таңбасы көне түркі руна
жазба таңбасында
Хазар руна жазба
таңбасында
Венгер руна жазба
таңбасында
болып белгіленді. «Руна» сөзі
көне скандинавияша чип, чипа «құпия» деген мағынаны
білдіреді. Осы жазуды алғаш көне Герман тайпалары қолданған дегенде
пікір бар.
Скандинавия әдебиеті – дат, исланд, норвег, швед тілдеріндегі әдебиет. Руна жазуы, скандинавия эпостары солардың бәріне ортақ мұра болып есептелінеді. Соған орай, көне түркілердің тастағы жазба шығармаларын оқып тануға елінде руна жазуы бұрын болған шетел ғалымдары белсене араласты. Соның нәтижесінде көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде 1662 жылы алғаш рет хабар берген адам – Амстердам қаласының бургомистрі Н. Витзен болатын. Сондай-ақ, орыс армиясының қолына түсіп 13 жыл айдауда болып, Сібірді түгел аралаған Швед офицері Ф.И. Тебберт-Страленберг 1730 жылы Стогколм қаласында неміс тілінде басылып шыққан «Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» деген еңбегінде Енисей, Алтай жазба ескерткіштері жайлы бірталай нақты мәліметтер жариялайды. Сол сияқты, 1721-1722 жылдары Сібір өлкесін аралаған саяхатшы Д.Е. Миссер-Шмидтің күнделік жазбаларында да қазіргі көне түркі мәдени ескерткіштері жайлы көңіл аударарлықтай деректер жинақталған. 1890 жылы А.Гейкель бастаған Фин археологтары Орхон жазбаларын зерттеді [3].
Ресей зиялыларына көне түркі руна жазба ескерткіштері Бірінші Петр (1682-1725 жж.) тұсында белгілі болып,оның нұсқауымен назар аударыла бастады. Соның нәтижесінде, 1695 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезевтің «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің сызбасы» атты еңбегінде Талас өзені бойындағы «Орхон тасы» деген мәлімет жариялаған. Сол дерек Әулиеата (Тараз) уезінің бастығы В.А. Каллаурдың 1898 жылы Талас жазба тастары жайлы хабарлаған мәліметтермен сарындас. Алайда, Бірінші Петр кезінде Ресейден келген қабір тонаушылар Қазақстан мен Сібір жерлерінен қыруар алтын бұйымдарды алып кеткен. Олардың біразы эрмитражда сақтаулы. Қысқасы, «өз бабаларының мұрасы шығар» деп ойлаған шетел ғалымдары көне түркі руна жазба шығармаларын ұқыптылықпен зерттеуінің нәтижесінде олар бұрын-соңды болмаған үлкен ғылыми жаңалық ашты. Солардың бірегейі – Даниядағы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен болатын. Бұл ғалым Орхон бойындағы жазба ескерткішті терең зерттеу барысында тасқа жазылған «Түрік», «Тәңірі» деген сөздерді оқып, осы кезге дейін құпиясын ішіне бүккен тастағы жазу түркі мұрасы екенін дәлелдеп, 1893 жылы 25 қарашада ол зор ғылыми жетістігімен әлем жұртшылығын дүр сілкіндірді. Егер В. Томсенді туған халқының көне мәдениетін іздеуге деген асқақ құлшынысы, ұлттық рух, намысы жетелемесе ол мұндай даңқ биігіне көтерілмес еді. Оның үстіне, Күлтегін ескерткішінің екінші жалпақ бетіне тұтастай «Патшаның төл арнауы» деген қытай жазбасы түсірілген. Олай болса, бұл жазба тас қай елдікі екенін қытайлықтар арқылы белгілі [4].
Осы арада айтарымыз, біздің
бірсыпыра түркітанушы ғалымдарымыз «Орхон-Енисей» деген сөзді
жөнді-жөнсіз жаттанды түрде қолданады да, сол екі атаудың
біріктіріліп неге қосарланып айтылатынын білмейді. Мұның да өзіндік
дерегі бар. 1889 жылы фин ғалымдары Енисей жазбаларының атласын
жасаса, сол жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзені бойынан
тасқа түсірілген Енисей қарпіндегі жазуды тапты. Сол кезден бері
қарай көне түркілердің тасқа түсірген рухани мұралары –
«Орхон-Енисей жазбалары» деп аталады. А
йрықша
айтарымыз, мұндай көлемі үлкен, мазмұнға бай, құнды Орхон жазба
ескерткіштері бұрын мәдениетке жетпеген, жабайы, варвар санап
жүрген көне түркі халқының мұрасы екені ғылыми тұрғыда
айқындалғанда бірсыпыра шетел шығыстанушылары ондай тұжырымға
күдіктене қарап, көне түркі руна жазуы өзге өркениетті халықтардың
жазба мәдениеті үлгісінде жасалған деген болжам қалыптастырып, көне
түркі руна алфавитін бірнеше елдердің сондай жазуына ұқсатумен
болды [5].
1.2 Көне түркі руна алфавитінің ерекшеліктері
Көне түркі руна жазуының туып, қалыптасуын, дәуірін білмей сол руна алфавитімен бірнеше ғасырлар бойы жазылған енапат, құнды шығармаларға талдау жасап, ғылыми тұрғыда баға беру мүмкін емес. Ондай зерттеу жұмысы келте біткен іс болады. Бір ғана дәлел – көне түркі руна жазба шығармаларының айқын танылатын, өзге ел жазба мұраларына ұқсамайтын айрықша ерекшелігі барын тағы еске салу қажет-ақ. Өйткені, әрбір әріп – руна алфавитінің өзіндік құпиясы, өзіндік көтеріп тұрған мағынасы сияқты ауыр жүгі бар. Кез-келген озық жетістік оқшау тұрып өрге баспайды. Сондықтан көне түркі руна жазуының туып, дамуының түп-төркінін табу үшін әуелі шығыстағы іргесі ертеден қалыптасқан елдердің жазба мәдениеті мен көне түркі руна алфавиті арасындағы сабақтастықтың бар не жоғын анықтау қажет-ақ. Оған қоса көне түркі руна жазуы түркі және қазақ халқының таңба, белгілері әсерімен жасалғанын немесе ықпалы болмағанын білу ниетінде оларды бір-бірімен салыстырып зерттеу құнды мәселенің бірі саналады.

Көне замандағы өзге елдердің әріптік жазуы мен көне түркі руна алфавиті және көне түркі таңба, белгілерін бір-бірімен салыстырып сырын ашқанда, бұл саланы зерттейтін семиотека тәсілін пайдаланған тиімді. Бұл термин көне грек тілінде «белгі», «таңба» деген мағынаны білдіреді. Түйіп айтқанда, семиотека – жалпы таңбалар жүйесін саралайтын ғылым саласы. Таңбаларды тіл білімі тұрғысынан зерттеуде семиотека іштей үш құрамға бөлінеді. Сонда ғана таңба, белгілердің жұмбақ құпиясы жіктеліп, талданып көрсетіледі. Бұл зерттеуге семиотеканың екінші құрамы сәйкес келеді. Онда таңбалар жүйесін, содан айқындалған сөйлем, сөздің логикалық мәнін, мағынасын танытып, байқалған таңбалар өрнегіне түсініктеме береді. Осы ережеге сүйене отырып, ең бірінші, әлем мәдениетінің алғашқы ошағы атанған Шумер сына жазба белгілері мен көне түркі руна жазуы арасындағы байланыс, сабақтастықты салыстырып зерттеу көзделді. Алдын-ала білдіреріміз, Шумер сына жазуында бір белгі-таңба (логография) бір сөзді білдіреді.

1-сурет. Шумер жазуы
Мысалға, Шумер сына жазуындағы
мына
деген
белгі«отан», «жер» деген атауды
танытады (Бахти.А. 2002, 29-б.). Көне түркі руна жазуындағы сол
белгіге ұқсас
алфавиті латынша «d» қазақша
«д» деген дыбыстық мағынаны білдіреді («кириллица әрпі» деп
айтпай-ақ қоялық). Шумер сына жазуындағы мына
деген белгі “он” деген сандық
атауды білдірсе, көне түркі руна жазуында соған
ұқсас
деген әріп латынша “О, U”,
қазақша “О, У” дыбыстық мағына береді. Шумерлердегі мына
белгі
“түнгі аспан» деген ұғымды
танытады. Түркі жазуындағы
алфавиті латынша “пt”, қазақша
“нт” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Шумер сына жазуында
мына
деген белгі “аш”-“бір” деген
сөзді білдірсе (көне түркі тілінде де сол мағынаны танытады), түркі
руна жазуында “І” деген әріп латынша “S”, қазақша “С” дыбыстық
мағынаны білдіреді. Шумер жазуындағы
деген белгі “күн” деген атауды
танытса, көне түркі руна жазуындағы
деген әріп латынша ”М“ қазақша
“М” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Шумер сына жазуы мен көне
түркі руна алфавиті арасында осындай ұқсастықтар тізе берсе
баршылық.

Көне түркілер күнге, отқа, жерге, суға табынса, шумерлер де солай жасап, күн құдайын “Тамуз” деген, қазақта ең ыстық ай “тамыз” деп аталады. Шумерлер Жер, Су құдайын “Энлил”, перзентті қорғайтын құдайын “Иштар” деп атаған. Бұрын шыққан кітапта біз арнайы зерттеп тұжырымдағандай, көне түркілер көктегі жалғыз жаратушы Тәңірге табынса, шумерлер де сол нанымды иеленген.

ІІ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Қазақ руларының таңбаларының руна жазуларына ұқсастығы
Таңба – бағзы заманнан әлемнің бірсыпыра елдерінде пайда болып, ру-тайпалардың ерекше белгі, айғағы, кейде мөрі ретінде қолданылды. Әсіресе, көне түркі және монғол халықтарында белгі, таңба ежелден кең түрде өмірге еніп, сол ру-тайпалардың елтаңбасы, хан жарлығын білдіретін құжат, жазу есебінде қолданылды. Көне түркі және қазақ белгі-таңбалары – көне түркі руна жазу алфавитін жасауға себепші болды ма? Бұл күрделі сұраққа нақты дәлелдермен және орнықты тұжырымдармен түйіндеп жауап бермекпіз. Бұл орайда әуелі М. Қашқари кітабындағы көне түркі таңбаларын алып, оны көне түркі руна жазуы алфавитімен өзара салыстырып зерттеу қолға алынды.
Мысалға, оғыз ұлысына қарайтын
қайық руының таңбасы «
» деп белгіленіпті. Бұл таңба
қосағындағы
деген белгі көне түркі руна
жазуындағы –
әрпінің нақ өзі.
Осы
алфавит латынша “S”, қазақша
“С” деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Сол таңба
қосағындағы
деген белгі руна
жазуындағы
әрпінің көшірмесі. Осы әріп
латынша “L”, қазақша “Л” деген дыбыстық мағынаны танытады. Әсіресе,
мұндағы
таңбасы Енисей
жазуындағы
(Л) әрпінің өзі деуге болады,
яғни, екі руна алфавитін қосып бір ру атауын білдіреді (Қашқари М.
1985, 85-б.). Осыны руна әрпінен құралған таңба-белгі деуге
мүмкіндік бар. Оғыздардың Салғұр руының
таңбасы
деп белгіленіпті. Осы таңбаның
сол жағындағы бөлігі көне түркі руна
жазуындағы
қазақша “С” деген әріпті
танытады. Сондай-ақ, Ігдір руының таңбасы
деген Енисей
жазуындағы
, латынша “R”, қазақша “Р”
дыбыстық мағына білдіретін әріпке етене
ұқсайды.
Бұған қарап оғыздар руларының таңбасының бірталайы көне түркі руна жазуынан алынған деген ой туары анық. Оған негіз де бар. Оғыздар ұлысы шамамен біздің дәуіріміздегі сегізінші-тоғызыншы ғасырларда құрылып, оған 24 ру қарады. Басқасын ескермегеннің өзінде, одан бір ғасырдан астам уақыт бұрын көне түркі руна жазуымен Орхон, Онгин өзендері бойында дәу тастарға қашап түсірілген тарихи дастандар дүниеге келді. Бұл көне түркі руна жазуының қолданысқа ежелгі дәуірден еркін енгендігін байқатады.
Осы дерек, пікірлерге сүйеніп түркі таңба-белгілерінің бәрі руна жазуынан кейін туған екен деген тұжырым жасауға болмайды. Бұл уақыт әкелген ерекшелік, жаңалыққа және халықтың өз жазуының маңыздылығына ықылас білдіргеніне байланысты өрбіген өзгерістер. Осындайда күні бұрын айтарымыз, көне түркі таңба-белгілеріне араб жазуының ықпалы мүлде болған емес. Оған бірнеше себептер бар, біріншіден, ислам дінін көне түркілер бірнеше ғасырлар бойы толықтай қабылдай қоймады, бұрынғыша Тәңірге табыну нанымын сақтады. Екіншіден, көне түркілер таңба-белгілерді тау шатқалына, үлкен тастарға ойып жазуды бағзы заманнан дәстүрге айналдырған.
Айтулы ақын, ойшыл Ш.
Құдайбердіұлы жинаған таңба-белгілерде “Дулат
таңбасы“О”, Албан
таңбасы
, Суандікі
–
, Ботбайдікі
–
,
Сайымдік
, Қоңырат
таңбасы“П”,
Арғын
, Қаңлы
таңбасы“І”,
Қыпшақтікі“ІІ”,
Керейдікі
,
Наймандікі
деп көрсетіп жазған
(Құдайбердіұлы Ш. 1991, 11-б.). Бұл таңбаларды ретіне қарай топтап,
өзіндік ұсынар ұғымына және көне түркі руна жазба алфавитіне
ұқсастығына орай өз тұжырымымызды білдіруге болады. Біріншіден,
осында келтірілген Дулат, Албан, Суан, Ботбай, Сайым, Арғын
таңбалары көне түркілердің Тәңірге табыну нанымындағы жалғыз
жаратушы мекендеген көкке, аспанға тағзым ету, соны құдірет тұтудан
туындаған. Көкке табынған шумерлер, түркілер
дөңгелек
шеңберді − көк аспанды
танытатын белгі етіп алған. Әрі сол дөңгелек шеңберді өздеріне жазу
әрпі есебінде енгізген.
Мысалға, Дулат руының
таңбасы
деп белгіленген, осы таңба
Енисей жазуындағы
– латынша “У”, қазақша “йе”
дыбыстық мағына беретін әріптің нақ өзі. Жоғарыда аты тізіп
айтылған рулар таңбасы да негізінен осындай дөңгелек шеңбер, бірақ
сол дөңгелек шеңберге қосымша бір немесе екі сызық енгізілген. Бұл
қосымша сызық енгізілген таңба сол рулардың түбі өзара туыстас,
ағайындас екенін танытады. Мәселен, негізінен дөңгелек шеңберді
сақтап, соған сызық енгізіп, өзіндік таңба еткен Дулат, Албан,
Суан, Ботбай, Сайым рулары Ұлы жүз құрамына
енеді.
Орта жүзде Қоңырат таңбасы –
“П” қазақ халқының дәстүрінде “қасиетті, киелі босаға” деген ұғымды
білдіреді. Бұл наным түркілердің Тәңірге табыну қағидасында
сақталып, бізге жеткен. Сол “П” деген белгі Енисей жазуында латынша
“в”, қазақша “б” дыбыстық ұғымды танытады. Ш. Құдайбердіұлы жинаған
таңба-белгілерде қаңлы таңбасы “І” деп белгіленген. Бұл ілгеріде
айтқанымыздай, көне түркі руна жазуындағы “І” қазақша “С” дыбыстық
ұғымды білдіреді. Найман руының таңбасы
деген белгі көне түркі руна
жазуындағы
(Л) әрпінен айнымайды. Керей
руының таңбасы
деп, немесе Зайсан, Өр Алтайды
қоныстанған ашамайлы керейлер таңбасы
деп белгіленген. Бұл таңбалар
көне түркі руна жазуындағы
деген
латынша “d”, қазақша “д”
дыбыстық мағына танытатын әріптің өзі.
Академик Ә. Марғұлан жинаған көне түркі және қазақ халқының белгі-таңбалары саны жағынан алдыңғы тұлғалар жинаған белгі-таңбалардан біршама көбірек. Мұнда сонда айтылған таңба-белгілердің бірсыпырасы қайтадан кездеседі. Соған орай Ә. Марғұлан жинаған, тау шатқалынан өзі қағазға түсірген белгі-таңбалардың ішінен әлі сөз етпегендерін ғана алып, көне түркі руна жазба алфавитімен салыстырып, өзара ұқсастықтарын көрсетейік.
Ә. Марғұлан еңбегінде
келтірілген Баят ұлысының таңбасы
деп белгіленген (Марғұлан Ә.
132-б.). Осы таңбалардың бірінші тұрғаны қазақ еліндегі Албан
руының таңбасынан айнымайды
, ойландыратын көрініс. Баят
таңбасындағы екінші тұрған мына белгі
көне түркі руна жазуындағы
–
- латынша “b”, қазақша “б”
деген дыбыстық ұғымды білдіретін әріпке біршама ұқсас. Ал Баяттың
үшінші таңбасы «
» көне түркі руна
жазуындағы «
» латынша”t”, қазақша “т”
деген дыбыстық мағынаны білдіретін әріптен ешқандай айырмасы
байқалмайды.
Бетпақдаладағы Салор Қазан
таңбасы –
көне түркі руна
жазуындағы-
- латынша “іc”, қазақша “ич”
деген дыбыстық мағынаны танытатын әріптің көшірмесі десе келеді. Ә.
Марғұланның айтуынша Ноин-Ұла (ғұндар)
таңбасы-
көне түркі руна жазуындағы
–
латынша “S”, қазақша “Ш” деген
дыбыстық мағына беретін әріпке едәуір ұқсайды. Сондай-ақ Кіші
жүздегі шекті (Әлім) таңбасы
көне түркі руна
жазуындағы
латынша “n және z”, қазақша “н
және з” деген дыбыстық ұғымдарды білдіретін әріпке айрықша ұқсайды.
Тізе берсе мұндай бір-бірінен айнымайтын, ұқсайтын таңбалар мен
көне түркі руна алфавиті жетерлік.Қытайдағы қазақ тарихшысы Н.
Мыңжан қазақ таңбалары жайлы сөз қозғау барысында: “Төртқара
таңбасы -
; Шекті таңбасы
–
, Әлім таңбасы
–
, -деп жазады (Мыңжан Н.
54-б.). Осындағы шекті таңбасындағы алдыңғы белгі Енисей жазуындағы
–
, латынша “R”, қазақша “Р”
деген дыбыстық мағынаны танытатын алфавитке ұқсайды. Әлім таңбасы
руна жазуындағы –
, латынша, «ПС»,
қазақша
деген дыбыстық ұғымды
білдіретін әріпке сәйкес келеді.
Таңба жайлы сөз қозғаған бірсыпыра мамандардың ұйғарымынша «Түрік-Орхон жазба алфавитінің 38 белгісінің 29 белгісі түркі руларының таңбасына ұқсас, бірақ бұлар әр қырынан көрсетіледі», деп пікір білдіріпті (Қазақ Совет энциклопедиясы. 1977, 548-б.). Бұл, біріншіден, нақты дерек жинамай, бабалар жасаған таңба-белгілерге жете үңілмей, жобалап айта салған сөз. Мәселен, осы жазып отырған жұмысқа қайта зер салайықшы. Мұнда тек ұқсас ғана емес, бір-бірінен айырмасы ешқандай байқалмайтын, көне түркі руна алфавитіне айналған көптеген таңбаларды келтіріп салыстырып көрсеттік. Бұл мәселені арнайы зерттемей, қолға алып отырған тақырыптың қажетті тұстарына орай сөз арасында айтып отырғандықтан көне түркі руна алфавитінің дәл өзіндей бірталай таңбаларды тізбектеп келтіре беруді қажет деп таппадық. Сонда да тағы, көз жеткізу ниетінде солардың бір, екеуін атап көрсетейік.
Мысалға Кіші жүздегі Таз
руының таңбасы
көне түркі руна
жазуындағы
латынша “O, u”, қазақша “О, У”
деген дыбыстық мағынаны білдіреді. Алаша руының
таңбасы
руна
жазуындағы
және
деген дыбыстық мағынаны
танытады.

Адай руының
таңбасы
көне түркі руна
жазуындағы
латынша
, қазақша
“Ғ” деген дыбыстық мағынаны
көрсетеді. Осы таңбалар көне түркі руна алфавитіне өзгеріссіз еніп
тұр. Айрықша білдіреріміз, осылай салыстыра зерттеу барысында
байқалғаны қазақ халқының ру таңбаларының
бірталайы сол қалпында руна алфавиті болып қалыптасыпты. Оған мына
тек Кіші жүз тайпасынан ғана алған Таз, Алаша, Адай руларының
таңбасы айғақ. Екіншіден, Қазақ Совет энциклопедиясында қазақ
халқының ру, тайпаларының атын атап және таңбасын келтіріп, арнайы
кесте жасап жариялаған. Осы кестеде әр ру таңбасына сол белгінің
сыртқы түріне қарап атау берген. Мысалға Жалайыр руының таңбасы
мынау
, осы таңбаға «Тарақ» деп атау
беріпті. Дулат таңбасы –
, мұны “Дөңгелек таңба”деп
атаған, сол сияқты, Найман таңбасы
“Бақан”, Қыпшақ
таңбасы “ІІ” “Қос әліп”, Алаша
таңбасы
“Бақан” деп атапты (Қазақ
Совет энциклопедиясы.1977,
549-б.). Бұл қазақ халқының
ру, тайпалары таңбаларының өзіндік ерекшелігіне, маңызына мән
бермегендік, тіпті білімсіздіктен сайқымазаққа айналдырғанға
ұқсайды.
Осы таңбалар түркі−қазақ халқының дүниетанымының кеңдігін, тереңдігін танытады. Мәселен, Жалайыр руының таңбасы Тәңірге табыну нанымы қағидасы бойынша үш қатпарлы дүние – Көк, Жер, екеуінің ортасын жалғаған Кісіұлы. Үштіктің де өздерінше жолы бар. Бірақ еркі Тәңірге барып қосылған. Дулат таңбасы – Тәңір мекендеген көк аспанның символы. Найман және Алаша таңбалары нұрлы көкті, Қыпшақ таңбасы Тәңірге тартар, мақсатқа жетелер жолды білдіреді. Бұрын айтқанымыздай, көне түркілердің тарихы, мәдениеті, наным, сенімі, жазуы, кәсібі, бәрі-бәрі осы таңба белгілерде шоғырланып жатыр, тек таңба-белгілерді білімділікпен сөйлете білу керек.
Үшіншіден, таңба-белгілердің
сол күйінде бәрі бірдей көне түркі руна алфавиті болып қалыптасуын
талап ету көңілге қонбайды. Таңба-белгілер өмір қажеттілігіне,
мәдениеттің ілгері дамуына, көрші елдермен қарым-қатынасқа, тағы
басқа әсер ететін себептерге байланысты біршама толықтыруға,
өзгеріске ұшырауы сөзсіз. Мысалға, әлем мәдениетінің алғашқы
бастауы атанған Шумер жазуы бірінші кезде өмірдегі зат, болмыстың
тура суреті пиктография арқылы немесе
жобалау, таңбалау арқылы жасалыныпты. Осы саланы зерттеген ғалым
А.Бахтидің еңбегінде көрсетілгендей, шумерлердің б.з. бұрынғы 3300
жылғы жазуында өздері табынған көк пен жаратушыны
–
-жұлдызша суретпен,
жерді
жолақ сызықтар тартылған
көлденең салынған сопақ шеңбермен, тауды
үш шың өркешімен, дәнді
–
қылқанды егіс басын салумен,
өгізді, адамды солардың бас суреті арқылы, балық, құсты – солардың
суретін тұтастай салумен, суды қосарланған екі толқын сызықпен
көрсеткен (Бахти А, 2002, 25-б.). Шумерлер жазуында бір белгі тура
мағынасында бір сөзді білдіреді. Шумерлердің осы алғашқы жазу
белгілері кейін біртіндеп өзгеріске түсті.
Төртіншіден, біздің пайымдауымызша, көне түркі және қазақ халқының ру, тайпа таңба-белгілері айғақтап жария ету және өшірілместей етіп сақталуы үшін көрнекті жердегі жақпар тастарға қашап ойып түсірілген, әсіресе, қазақ халқында бірнеше тайпалар бірлесіп, бір ыңғайлы мекенді таңдап, сондағы жақпар тастарға өз таңбаларын ойып салып қалдырған. Еліміздегі кейбір тау қойнауларының «Тамғалы тас» атануы соған байланысты. Қысқасы, көне түркі руна алфавиті де сондай, «руна жазуы» деп аталынады. Тайпа, ру таңбалары мен көне түркі руна жазуының алғаш тас бетіне түсуінде де назар аударарлық бірыңғай ыңғайластық бар. Бесіншіден, тайпа, ру таңбалары көне түркі руна алфавитіне айналғанда бұрынғы бір ұғымды, яғни, ру атауын білдіретін міндетін сақтап қалатынын есте ұстап, руна әрпі орнына жүргізуге кедергі ретінде санау үстірт айтылған, ойсыз пікір ретінде танылады. Кез-келген таңба көне түркі руна алфавиті міндетін атқарғанда жазу әрпіне қойылатын талап – бір дыбыстық мағынаны білдіретінін есте ұстау керек. Еуропа ғалымдарының кейбірі көне түркі руна жазуы дамыған елдердің алфавитінің ықпалында жасалған деген болжамы жете зерттемей айтылған даңғазалық сөз ретінде есте ұстау орынды. Осы ғылыми тұжырымдарды түйіндеп білдірсек, көне түркі руна жазуының бірталайы көне түркі және қазақ халқының таңба, белгілерінің негізінде жасалынды.
Заман ағымына орай, кейін пайда болдған түркі ру, тайпаларының бірнешеуі көне түркі руна алфавитінің кейбірін өздеріне ру таңбасы ретінде пайдаланды. Бұл көне түркі руна алфавиті ежелден жасалынып, қалыптасып, халық арасына кең тарағанын байқатады. Құнды мәселенің бірі – көне түркі руна жазуының туып қалыптасқан дәуірі жөнінде де осы кезге дейін ғылыми тұрғыда орынды тұжырым жасалынбады. Бұл іс жайлы қазір ой білдіріп, зерттеу жасап жүргендер онша байқалмайды. Себебі, ХІХ ғасырдың аяғында біраз аймақтардағы самсаған тастарға арнайы түсірілген көлемді руна жазулары көне түркі мұрасы екенін білгеннен кейін Еуропа шығыстанушылары бұл жазбаларды әрі қарай зерттеуге онша ықылас білдірмеді. Өйткені, олар осы жазба ескерткіштер өз халқының жәдігері емес екеніне көзі жетті. Бірақ, көне түркі руна жазба ескерткіштерін оқу кілті табылған тұста Еуропа шығыстанушылары Э. Добльхофер, В.А. Истрин және басқалар: руна жазуы – өте ескі жазу түрлері. Бұл жазуды ең алғаш көне Герман тайпалары қолданған, сосын скандинавтықтар да пайдаланған, әрі қарай славяндықтарға тараған деген жорамал жасады. Олардың ұйғарымынша руна жазуының туып, қалыптасуы Батыс Еуропа жақтан басталған болып шығады. Бірақ, осы руна жазуының пайда болған дәуір, кезеңі жөнінде олар тұжырымды ештеңе айтпады.
Еуропа шығыстанушыларының
өзгелері бұл мәселе жөнінде үндемей қалғаны – алғашқы жазба
мәдениеті шығыста пайда болғанын олар жақсы біледі. Соған сәйкес,
біріншіден, Шумер мен қытайлықтардың пиктографиялық, яғни сурет
жазуы және идеографиялық ұғымды білдіретін әрпі көне түркі руна
жазуымен тамырлас. Өйткені, көне түркілер ежелден мекендеген Орта
Азия мен Қазақстан жеріндегі жазудың алғашқы түрлері пиктография
және идеографиялық жазу екеніне көне түркі руна жазуы мен таңба,
белгілерді салыстырып талдағанда айқын көз жеткізгендей болдық.
Екіншіден, Шығыстағы шумер, қытай, жапондар көне түркілер сияқты
бағзы заманда көкке табынды. Бұл пікірімізді Ч. Өмүралыуулуның:
«Оңтүстіктегі зор қоңсымыз қытайлар Көк Тәңірге табынған. Қытайлар
Көкті Тхян дейді. Жапондар Тэн дейді. Қытай тілінде “Р” дыбысы
жұмсарып, жоғталып айтылады. Қалай айтқанда да «Тәңір» деген сөзбен
кіндіктес”, деп жазғаны нақтылай түседі
(Өміралыуулу Ч. 1994, 30-б.). Біз көне түркілердің бас таңбасы
жайлы мәлімдедік, көрсеттік, шумерлердің бас белгісі – “Диңгир”
Көне қытайлардың бас белгісі
– “гүлденген бұтақ”. Бұл “түп
бабадан (бас құдайдан) тараған ұрпақпыз” деген мағына
береді.
Үшіншіден, Шығыстағы шумер, қытай және көне түркі жазбаларының туып, қалыптасу дәуірі де уақыт жағынан онша алшақ емес. Әуелі шумер жазуының дүниеге келу кезеңін қысқа ғана мәлімдесек, осы ел мәдениетін арнайы зерттеген А. Бахти: уақыттың сол кездегі практикалық талабына орай шумерлердің сына жазуы б.з.б. 2000 жылдар шамасында пайда болғанын мәлімдейді (Бахти А. 2002, 45-б.). Бірақ, ол бұл жазу пиктографиялық немесе идеографиялық жазудың қайсысына жататынын ашып айтпайды. Ал қытай жазба мәдениетінің дәуірі жөнінде Ф. С. Быков: «Көне қытай нанымы мен мәдениеті туралы Инь (б.з.д ХVI-ХІ ғғ.) және батыстағы Чжоу (б.з.д. ХІ-VIІІ ғ.ғ.) дәуіріндегі материалдарға сүйеніп айқын айтуға болады. Бұл орайда иньдердің тасбақа қалқанына, малдың сүйегіне түсірген ойлан тап жазбалары және металлға түсірген Чжоу жазбалары айрықша маңызды», деп тұжырымдайды (Быков Ф.С. 1966, 31-б.).
Бұл ғалым да қытайдың сол аталған кезеңдердегі қолданған жазуы – сурет жазу ма әлде бір ұғымды білдіретін таңба жазу ма, қайсысы екенін жобалап та білдірмейді. Түйіндей білдірсек, шумерлер жазуы көне түркілер мекендеген Хорезм жазба мәдениетімен (б.з.б. VІІІ ғ.) қатарласа шыққан. Ал қытай жазуы шумерлер жазуының ізін ала көріне бастады. Қытайда бірінші шумерлерде қалыптасқан иероглиф жазуы әлі сақталып келеді, көшірмесі емес, өздерінше жасалған. Көне түркі жазуының әлемде алғашқылардың қатарында қалыптасқандығына тағы да дәлел келтіріп нақтылай түссек, танымал ғалым Ә. Бекділдаұлының: «Дала пайғамбары Зороатуштра шамамен б.з.д. үш мыңжылдықтың басында өмір сүрген. Ол сақ тайпалары біріккен кезеңде даналығымен танылып, дала мәдениетін жаңа сатыға көтерді. Ойшылдардың жасампаздық жұмыстарының нәтижесінде жазу өнері дүниеге келді. Мұндай өркениетті халық далалықтардан шыққан кенгір тайпасы еді», деп жазғаны дәлел (Бекділдаұлы Ә.1998. ).
Бағзы заманғы бабаларымыздың сондай өркениетке бастаған озық істері дүниедегі көптеген елдерге тарап, тұрмыс тірлігіне еніп, рухани мұрасына айналғанын Ә. Марғұланның: «Ғұндар туралы әдемі хикаялар, әсіресе, Скандинавия жырларында, германның ескі эпостарында (Нибулин) кездеседі. Ғұндардың жарқын бейнесі Скандинавияның “Ұлы Эдда”, “Кіші Эдда” сияқты дүниежүзілік әдебиетінің сюжеті болып табылған”, деп жазғаны пікірімізді бұрынғыдан да нақтылай түседі (Марғұлан Ә.1984, 178-б.). Бұл келтірген деректер мен тұжырымдар көне түркі мәдениеті Скандинавия мен Германия жеріне де тарап, руна жазуы олардың өміршең шығармаларының туындауына ықпал жасаған болар деген болжам туындайды. Сонымен, көне түркі руна жазуы – бабаларымыздың көшпелілер мәдениетін, өркениетін жаңа сатыға көтеруінің әсерімен, олардың өмірге бекем енгізіп, пайдаланылған ру, тайпа таңба белгілерінің негізінде тым ерте дәуірде қалыптасып, толысып, өріс тапқан төл жазуы.
Көне түркі руна жазуының туып,
қалыптасып, өркендеген тұстарын ұзақ зерттеуден кейін шамамен үш
кезеңге бөліп топтауға мүмкіндік туындады. Біріншісі, сақ тайпалары
бірігіп дәуірлеген, Тәңірге табыну діні қалыптасқан
(б.з.б. VІІІ-VІІ ғ.ғ.) замандағы түркі руна
жазуы. Екіншісі, шамамен б.з.б. VІ-ІІІ ғасырлардағы Ғұн руна
жазуы. Үшіншісі, қағандық дәуірдегі түркі жазуы
(б.з. VІ-VІІІ ғ.ғ.). Көне түркі руна
алфавиті құрамында 38 әріп бар. Осының ішінде төрт арнайы таңба
кейбір дауыссыздардың тіркесін беру үшін қолданылады. Атап
көрсетсек,
таңбасы – “нд”
дыбысын;
;
дыбысын білдіреді. А.
Аманжолов 35 әріпті бөліп көрсетеді. Бұл С.Е. Маловтың осы жайлы
жасаған кестесіне сай келеді (Аманжолов А. 40-б.). Осы мәселеде
әріп саны жөнінде зерттеушілердің айтқан ұйғарымдары шамалас.
Демек, көне түркі руна жазуы шумер, қытай жазуларына қарағанда
жинақы, нақтылықпен қалыптасып, өмір тәжірибесінен өтіп, маңызы
артып, тозбайтын мұраға айналған. Біздің бабаларымыз көне түркі
руна жазуының әрбір алфавитін терең ойлылықпен жасаған тәрізді.
Көне түркі руна жазуы, философиясы, таңба, белгі, суреттері
арасындағы ортақ үйлесімділіктің жұмбақ құпиясын айқындап беріп,
бұл мәселелерді әрі қарай тиянақты зерттеуде нақты бағыт сілтеуді
қажет ететін зәру мәселелер әлі көп. Мысалға, көне түркі руна
жазбаларын зерттеудің өзіндік елеулі ерекшеліктерін білмегендіктен
әр елдің саяхатшы, археологтары түркілердің руна жазба шығармалары
мен таңба, белгілері төңірегінде ойына келгенді жасауды
жалғастырып, бабалар сан ғасырлар бойы жақпар тастарға ойып
түсірген жазба мұраларды бүлдіріп, қиратып, опат қылуы
мүмкін.
Бұған көңілі ояу адамға аян нақты деректерді келтірейік. Дәу тасқа қашап түсірілген түркі жазба мәдени ескерткіштеріне археологиялық жұмыс жүргізу, түркілердің Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған, Күлі-чор сияқты атақты батыр, қолбасшы, даналарына арналған мәдени ескерткіштердің астын қазу, олардың қабірлерін іздеп өзге жазба ескерткіштерді бүлдіру сияқты әрекеттер Еуропа шығыстанушылары тарапынан екі жарым ғасырдан бері жалғасып келеді. Бабалардан қалған аса құнды мәдени ескерткіштердің бірталайы жойылып, орнында үйілген топырақ қалды. Бірсыпыра мәдени мұралар тонауға түсті. Бір ғана Орхон жазбасы жөнінде түркітанушы ғалым Қ. Сартқожаұлы: «В.В. Радлов Ресейдің Алтай жерінен сегіз нысанды қазды. Оны «қабір» деп таныды. 1911 жылы А.В. Адрионов Шығыс Қазақстанның Қарақаба деген жерінен үш шарбақ тас қазып, оны да «қабір» деді. Кошо-Цайдам кешенін қазған О. Гейкель 1891 жылы қысқаша есебін жариялады. Ал В.В. Радлов Кошо-Цайдамдағы бір шарбақтас тұрған орын мен Күлтегін, Білге қаған кешендері орналасқан үйіндіні қазып, қабір орнын іздейді. Алайда, қабір табылмайды», деп қынжыла баяндайды (Сартқожаұлы Қ. 2003.).
Одан кейін де көне түркі мәдени ескерткіштеріне археологиялық жұмыстар жүргізу жалғаса берді. Әсіресе, есімі әлемге әйгілі қолбасшы, даналардың жазба ескерткіштерін, сол маңдағы әр түрлі мәдени жәдігерлерді, тас шарбақтарды қазу, құлату, сындыру орын алды. Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған және басқа тұлғалардың қабірін табу үшін оларға арналған мәдени жазба ескерткіштерді қазу халықаралық дәрежеде жүргізілді. Мысалға 1957-1958 жылы Моңғол-Чех біріккен экспедициясы осы ескерткіштердің астын қазумен арнайы айналысты. Атап айтсақ, олар 1957 жылы Күлтегін ескерткішінің астына қазба жұмыстарын жүргізді. Бірақ, қабір табылмады. Одан кейін, 2001 жылы Түркия экспедициясы Білге қаған ескерткішінің астын қазады. Бұлар да адам қабірін кездестірмеген. В.В. Радлов 1892-1899 жылдар аралығында Орхон экспедициясын басқарып барғанда қазба жұмыстарын қалай жүргізгенін ешкім білмейді, айтылған да емес.
Мұндай аса құнды жазба ескерткіштерді қазып, солардың астынан Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған мүрдесін іздеп, қымбат рухани мұраларды бүлдірудің себебі неде? Ондай әрекетке бару, біріншіден, көне түркілердің ежелден қалыптасқан мәдениетін, дәстүр-салтын, нанымын, дінін, тарихын, жазуын білмегендіктің салдарынан туындаған. Түркілердің көктегі жалғыз жаратушы Тәңірге табыну нанымы, діні қағидасында өлген адам мүрдесін өртеп жібереді, күлін желге ұшырады. Екіншіден, Тәңірлік дін қағидасы бойынша дүниеден өткен адам аруаққа айналып, көктегі жаратушының қасына барады. Түркілердің, қазақ халқының “Аруаққа тапсырдым” деп айтуы содан туған. Көне түркі дәстүрі бойынша аруаққа айналған адамның денесі От – жарылқаушы құдіретке тапсырылады. Мәселен, Күлтегінге арналған тастағы жырдың соңында, сол ескерткіштің оңтүстік-шығыс жағындағы жазу «Қазір қайтыс болды, көкке ұшты. Тәңірі тірі еткізді» деп жазылған ғой (Труды Орхонской экспедици, 1892, 19-б.).
Көне түркі нанымын, дәстүрін білмесек, профессор Л. Гумилев: «Күлтегін мәйітінің өртелген күлі император Сюаньзун жіберген қытай шеберлері тұрғызған тамаша ескерткішпен көмкерілді. Осы құрылыстың қираған орнын 1889 жылы Н.М. Ядринцев ашқан болатын», деп жазды ғой (Гумилев Л.Н.1994, 328-б.). Үшіншіден, Еуроорталық Шығыс және көне түркі мәдениеті турасында теріс пікір, болжам қалыптастырып, үнемі қырын қарауда. Олар көне түркі мәдениетіне деген өз көзқарасын сақтау үшін, әрі бұл жазба мұраларды түркілерге қимай, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген болар. Сосын, олар ел байлығы болып табылатын алтын, күмісті қаған басқарушыларына арналған ескерткіштер астына қоса көмген болуы мүмкін деген ойда болған. Ірі империялар әр түрлі саясатпен қаржы бөліп, ақша берсе экспедиция мүшелері ескерткіштердің астан-кестеңін шығарып қазуға ықыласпен барады.
Сонымен, маңызды тұжырымдарды топтап айтсақ, көне түркі және қазақ таңба-бейне өнері мен философиясы және руна жазба шығармалары арасындағы үйлесімділік – көне түркілердің Тәңірге табыну нанымының қағидаларынан туындаған. Сосын, түркілердің наным-сенімі, дәстүрі, түркілік рух, намыс, психологиясы көне түркі руна жазба шығармаларына және түркі таңба, белгі, суреттеріне басты өзек болып тартылған, соған орай өзара үйлесімділік тауып тұр. Бұл түркі наным, дәстүрінің құнды, маңызды екенін танытады. Сондай-ақ, көне түркі руна жазба шығармаларының және таңба, белгілерінің кең ұғымды білдіретіні – көне түркілердің дүниетанымының биіктігіне байланысты. Түркілердің наным-танымынан терең философиялық тұжырымдар туындауы – бабалар табиғатқа табынып, жаратылыс заңдылықтарын түсініп отырып, соған негіздеп өздерінің нанымын, дәстүрін қалыптастырды. Табиғат заңы өзгермейтін мәңгілік болса, содан өрістеген көне түркі тәңірлік философиясы да тозбайтын рухани мұра.
Сол сияқты, көне түркі таңба, белгі, сурет-бейне өнері ежелден қалыптасып кең көлемде дамуына орай әрі терең мағыналығына сәйкес арнайы зерттеуді қажет етеді. Көне түркі және қазақ халқының таңба, белгі, сурет өнері ежелден қалыптасқаны айқындалды. Көне түркі руна алфавиті әлемде алғаш жасалған жазба алфавиттердің бірі екені тұжырымдалды.
Айрықша айтар нәрсе, көне түркі руна алфавиті шығыстағы мәдениеті ежелден қалыптасқан Шумер және қытайлардың жазба әрпімен сабақтастықта, бір-біріне ықпал етуі арқылы бекем қалыптасты. Көне түркі және қазақ халқының таңба, белгілері руна жазуының туып жасалуына әсер етті. Көптеген таңбалар руна жазуына айналғаны зерттеу барысында салыстырып талдау арқылы мәлімденді. Көне түркі руна жазуының ежелгі дәуірде жасалынып, ел- жұрт арасына кең тарауына байланысты түркілердің кейін өмірге келген бірсыпыра рулардың жеке таңбасы болып қалыптасты. Ең бастысы – көне түркі нанымын, дәстүрін, салтын, тәңірге табыну дінінің қағидаларын білмей көне түркі руна жазба шығармаларына зерттеу жасау мүмкін емес. Осы талапты қатаң ескеріп, көне түркі руна жазба шығармаларының өзіндік ерекшелігін білу, игеру қажет.
Әдебиеттер
-
Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы: Санат, 1996, 127 б.
-
Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы: Білім, 1994, 502 б.
-
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы: Қазақстан, 1991, 200 б.
-
Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы: 10-том, 1977, 650 б.
-
Қашкари М. Түрік сөздігі. ІІІ-том. Алматы: Жазушы, 1985, 340 б.
-
Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы: Жалын, 1994.
-
Марғұлан Ә. «Тамғалы тас» жазуы». // Жұлдыз №1. 1984.
-
Сартқожаұлы Қ. «Тасқа түскен тарихтың тарқатылмаған түйіні көп» // «Қазақ әдебиеті» 14. 11. 2003.
-
Түркістан халықаралық энциклопедия. Алматы: 2000, 502 б.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тайпаларының таңба-белгілерінің руна таңбаларына ұқсастығын зерттеу

шағым қалдыра аласыз