Қазақ, тәжік, өзбек сыныптары бар мектептерде білім сапасын арттырудың педагогикалық тетіктері
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округі «Атақоныс» елді мекенде орналасқан «А.Жами атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көптілді білім беру жағдайында, атап айтқанда қазақ, тәжік, өзбек сыныптары бар.
Қазіргі жаһандану жағдайында көпэтносты және көптілді қоғамда өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін білім беру жүйесінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі ерекше маңызға ие. Қазақ, тәжік, өзбек сыныптары бар мектептер – мәдени әртүрлілікті сақтай отырып, білім сапасын тең дәрежеде қамтамасыз етуі тиіс білім ордалары. Мұндай мектептердегі басты міндет – оқушылардың ана тілінде сапалы білім алуына жағдай жасауымен қатар, мемлекеттік тілді және басқа да пәндерді тиімді меңгерту. Осы орайда білім сапасын арттырудың нақты тетіктерін айқындау өзекті мәселе болып табылады.
Жылдар бойы мектептегі білім сапасын арттырудың педагогикалық тетіктерін қарастырудамыз, білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторлары ретінде оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі, көптілді білім беру саясаты, заманауи оқыту технологиялары мен әлеуметтік серіктестік мәселелерін талдай отырып. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей мектепте көпэтносты ортада сапалы білім беруді ұйымдастырудың тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік беруде.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім алушыларға сапалы, қолжетімді және тең мүмкіндіктерге негізделген білім беру ортасын қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының көпэтносты құрылымы қазақ, тәжік, өзбек сыныптары бар мектептердің қызметіне ерекше талаптар қоюда. Сол себепті мектепте оқыту үдерісі тек пәндік білім берумен шектелмей, тілдік, мәдени және әлеуметтік факторларды ескере отырып ұйымдастырылуда.
Осы тұрғыдан алғанда, мектепте білім сапасын арттырудың ғылыми-негізделген тетіктерін айқындау педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылуда.
Мектепте оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің білім сапасындағы рөлі. Білім сапасын арттырудың маңызды алғышарты – оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігі. Қазақ, тәжік, өзбек сыныптарында қолданылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар. Мазмұндық тұрғыдан біріздендірілген, тілдік және мәдени ерекшеліктерді ескерген, білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Оқу-әдістемелік кешендердің сапасы оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей әсер етуде. Сондықтан ана тілінде әзірленген, ғылыми-әдістемелік сараптамадан өткен оқу құралдарын пайдалану білім сапасын арттырудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылуда.
Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту. Мектептегі педагог кадр – білім сапасын қамтамасыз етудегі шешуші тұлға. Көптілді сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі келесі компоненттерден тұрады. Пәндік құзыреттілік, тілдік құзыреттілік (оқыту тілін еркін меңгеру), әдістемелік және цифрлық құзыреттілік. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын жүйелі ұйымдастыру, педагогикалық тәжірибе алмасу алаңдарын құру, үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату – білім сапасын арттырудың тиімді педагогикалық тетіктері болып табылады.
Мемлекеттік тілді меңгертудің педагогикалық негіздері. Қазақ, тәжік, өзбек сыныптарында оқитын білім алушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі олардың әлеуметтік бейімделуіне және білім алу траекториясына тікелей ықпал етеді. Мемлекеттік тілді оқытуда. Коммуникативтік бағыттағы әдістерді қолдану, пәнаралық байланысты күшейту, тілдік орта қалыптастыратын тәрбиелік іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру маңызды. Бұл бағытта жүргізілген жұмыс оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, білім сапасының кешенді көрсеткіштеріне оң әсер етуде.
Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық педагогикалық технологиялар білім сапасын арттырудың пәрменді құралдарының бірі болып табылады. Біздің мектепте цифрлық білім беру ресурстарын, жобалық және зерттеушілік оқыту әдістерін, саралап және даралап оқыту технологияларын қолдану тиімді нәтиже берді. Аталған технологиялар оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастырды.
Әлеуметтік серіктестік және тәрбиелік орта. Мектептің білім сапасын арттыруда ата-аналармен, этномәдени бірлестіктермен және жергілікті қауымдастықпен серіктестік орнатып жұмыстар жүргізу маңызды орын алады. Әлеуметтік серіктестік, тәрбиелік жұмыстың мазмұнын байытады, оқушылардың этномәдени құндылықтарды меңгеруіне ықпал етеді, мектеп пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтеді.
Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе мектепте білім сапасын арттыру – кешенді педагогикалық тетіктерді жүйелі іске асыруды талап ететін көпқырлы үдеріс. Оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, мемлекеттік тілді тиімді оқыту, заманауи технологияларды қолдану және әлеуметтік серіктестікті дамыту білім сапасын арттырудың негізгі бағыттары болып табылады. Аталған тетіктерді ғылыми тұрғыда негіздеп, практикада тиімді қолдану көптілді білім беру жүйесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
«А.Жами атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры С.Аскаров
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз