Сабақтың тақырыбы: Махамбет
Өтемісұлы «Қызғыш құс»
Мақсаты:
Білімділік: Махамбет өмірі мен
шығармашылығын меңгерте отырып, өлеңнің құрылысына талдау жасау,
идеясын ұғындыру
Дамытушылық: шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыра отырып,сауаттылығын арттыру, танымдық
бағытын айқындау
Тәрбиелілік: елжандылық пен
ізденімпаздықққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер:интер тақта,
үнтаспа,сызба кестелер
Сабақтың
типі: дәстүрлі
сабақ
Сабақтық
түрі: аралас
сабақ
Пәнаралық
байланыс: тарих, қазақ тілі,
география
Әдіс –тәсілдері:
пікірталас, проблемалық сұрақтар,
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
а) оқушыларды
ұйымдастырып,сабаққа қатысуын белгілеу
Ә) сынып оқушыларына бүгінгі
сабақтың маңыздылығын түсіндіріп, оқушыларды
топтарға
бөлу
I топ: «Тарлан
»
I топ: «Жұмыр
қылыш»
II топ: «Ақ
сұңқар»
Сабақ
құрылымы
-
Өткенді
пысықтау
-
Үй
тапсырмасы
-
Жаңа сабақ (Ақпарат
алмасу)
-
Бекіту
-
Ой толғаныс (Құзырлылық
қалыптастыру)
-
Қорытынды (Шығармашылық
қалыптастыру)
-
Бағамдау
бағалау
Күтілетін
нәтиже
Жаңа
білім
|
Жаңа
түсінік
|
Қолданым
әрекеті
|
Талдау
әрекеті
|
Шығармашылық
әрекет
|
Бағамдау
әрекеті
|
Махамбет Өтемісұлының
күрескерлік тақырыпта жазылған өлеңдерімен
танысаы
|
Махамбет Өтемісұлының
шығармашылығы жайлы тың деректермен білімдерін кеңейтеді. “Қызғыш
құс” өлеңінің идеясын
ұғынады.
|
Бұған дейін меңгерген
теориялық білімдерін, дағыларын практикада
қолданады
|
Ақынның “Соғыс” және “Қызғыш”
өлеңдеріндегі ұқсастық пен айырмашылықтарын салыстырып
саралайды
|
Өлеңнің “Қызғыш құс” аталуының
себебін ашады.
|
Сабақ барысында өзінідік
талдауларын жасайды.
|
I.Өткен сабақты
пысықтау
Суреттер бойынша ақын
Махамбеттің өмірі жайлы не айта аласыздар?
II.Үй
тапсырмасы
“Соғыс”
өлеңі
-
Өлеңнің құрылысын
талдау
-
Идеясын
айқындау
-
Тәрбиелік
мәні
III. Жаңа
сабақ
Тақырып
жоспары:
-
Махамбет –күрескер
ақын
-
“Қызғыш құс”
өлеңі
-
Өлеңнің
құрылысы
-
III. Ақпарат
алмасу
М. Өтемісұлының өмірі мен
шығармашылық жолының хронологиялық
сызбасы.
Реті
|
Жылы
|
Махамбет көтеріліс
кезінде
|
1.
|
1829-1830
ж.ж.
|
Махамбет Жәңгір ханның
үстемдігімен қала бекінісінің түрмесінде отырды, бостандыққа шыққан
соң Исатай Тайманұлына
қосылды.
|
2.
|
1836 ж.
ақпан
|
Орыс отаршылдарына қарсы
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық күрес
басталды.
|
3.
|
1836 ж.
сәуір
|
Қиялымола деген жерде
үлкен айқас болады. Жәңгір мен Исатай қолы осы жерде
кездеседі.
|
4.
|
1837 ж.
қараша
|
Исатай мен Махамбет
бастаған 3000-дай адам хан ордасына екінші рет аттанды. Орданы
қоршап алды.
|
5.
|
1838
ж.
|
Көтерілісшілер жеңіліске
ұшырады. Гекке басқарған орыс әскерімен соғыста Исатай Тайманұлы
қаза табады. Махамбет бірнеше жолдастарымен әскердің шебін бұзып
шығып құтылады.
|
|
|
6.
|
1838-1841
ж.ж.
|
Махамбет қайта қол
жинайды. Хиуаға барған сапары сәтсіз
аяқталады.
|
|
7.
|
1841-1846
ж.ж.
|
Ақынның жалғыз
қалуы.
|
|
8.
|
1846
ж.
|
Күрескер ақын 42 жасында
дүние салады. Ақынның зираты Атырау облысының Махамбет ауданындағы
“Махамбет ойы” деген жерде.
|
|

Махамбет өлеңдері арқылы
ақынның бейнесін тану
Реалист ақын
|
«Жәңгір ханға айтқаны»
|
Өр рухты батыр ақын
|
«Баймағанбет сұлтанға айтқаны»
|
Сыршыл ақын
|
«Әй,
Махамбет,
|
жолдасым»
|
Философ
ақын
|
«Мұнар
күн»
|
Ұлтжанды
ақын
|
«Қызғыш
құс»
|
Романтик
ақын
|
«Ұлы арман
|
Күрескер
ақын
|
«Ереуіл атқа ер
салмай»
|
Мына суреттерде қандай
құстар бейнеленген?

Бүгінгі сабағымызда ақын
Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңімен
танысамыз

Топтық
жұмыс
Өлеңді мәнерлеп
оқыңыздар
1-топ. Өлеңнің идеясын
баяндаңыздар
2-топ.. «Қызғыш» сөзіне
түсініктеме беріңіздер.
3-топ. «Қызғыш құс» өлеңінің
ақынның тағдырымен байланысы туралы не
айтасыздар?
«Қызғыш құс» өлеңінің шығу
тарихы
Махамбет бұл өлеңді серігі,
қимас жолдасы Исатай қайтыс болғанда шығарған. 1838 ж. көтерілісте
Исатай оққа ұшады. Жан жолдасынан айрылған ақын құсалыққа салынады.
Бұл өлеңде Хан Жәңгірдің қатыгездігі жырланады. Ақын өзінің
басындағы қайғылы жағдайды қызғыш құспен салыстыра отырып
жырлайды.
Түйін
Ау, қызғыш құс, қызғыш
құс,
Қанатың қатты, мойның
бос.
Исатайдан
айырылып,
Жалғыздықпен болдым
дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш
құс!
Ел қорыған мен
едім,
Мен де айрылдым
елімнен,
Көл қорыған сен
едің,
Сен де айрылдың
көліңнен.
Аспандап ұшқан қызғыш
құс!
Сені көлден айырған
–
Лашын құстың
тепкіні.
Мені елден айырған
–
Хан Жәңгірдің
екпіні.
Айтып-айтпай
немене,
Құсалықпен өтті
ғой,
Махамбеттің көп
күні!
БЕКІТУ
Мына кестені толтыра отырып
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды
шығарыңыздар
Махамбет ақын жайлы не айта
аласыздар?
|
«Қызғыш құс» өлеңіндегі
ақын бейнесі
|
|
|
Қорытынды:____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Cергіту сәті
: Махамбеттің күйі «Жұмыр
қылыш»
Ой толғаныс ( құзырлылық
қалыптастыру)
І деңгей
тапсырмалары
1. Махамбет ақын жайлы қандай
қосымша деректермен таныс
болдыңыздар?
|
2. Қызғыш сөзі қандай мағынаны
білдіреді?
|
3. «Қызғыш құс» өлеңінің
идеясы қандай?
|
4. «Қызғыш құс» өлеңінде
қандай оқиға суреттеледі?
|
5. «Қызғыш құс» өлеңінің шығу
тарихы жайлы не білеміз?
|
6. Исатай
кім?
|
7. Өлеңде ақын өз сөзін қызғыш
құсқа арнау арқылы нені меңзеп
отыр?
|
|
ІІ деңгей
тапсырмалары
1. Өлеңнің алғашқы шумағын
құрылысына қарай талдаңыздар
Мысалы:
Ау, қызғыш құс, //қызғыш
құс,//-а
Қанатың қатты//мойның
бос//-а
Исатайдан айырылып//
-б
Жалғыздықпен// болдым
дос.//-а
Өлең 1 шумақты, 4 тармақты, 2
бунақты, 7-8 буынды, қара өлең ұйқасты жыр үлгісімен
жазылған.
Өлеңнен көркемдегіш
құралдарды анықтаңызда
Көркемдегіш
сөздер
|
Үзінді
|
Метафора (дегеніміз сөздердің зат
есім және оны зат есімдерге көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы
жасалатындығын айтамыз)
|
Жалғыздықпен болдым
дос
|
Эпитет (ұқсастығы бойынша бір
заттың санын екінші затқа
қолдану.
Сұрағы-Қандай?(анықтауыш))
|
Қанаттың қатты, мойның
бос
|
ІІІ деңгей
тапсырмалары ВЕНН» диаграммасы арқылы
ақынның «Соғыс» және «Қызғыш құс» өлеңдерін
салыстырыңыздар

ІІI
деңгей
тапсырмалары
. «5 жолды өлең» жазу арқылы
ақын Махамбет жайлы ойыңыз
|
1.Зат
есім-
|
2. Сын есім
-
|
3. Етістік
-
|
4. Пысықтауыш
-
|
5. Түйін
сөз:
|

Қорытынды
Шығармашылық
қалыптастыру
Топтық
жұмыс.
1-топ. Өлең неге «Қызғыш құс»
деп аталған?
2-топ. Қызғыш құстың бойында
Махамбет пен Исатайға тән қандай қасиет
көрінген?
3-топ. Мына танымал тұлғаларды
қандай құспен теңестірер едіңіздер?
3 топқа ортақ “ Ақ қағазда
қара өлең өріледі” арнау өлең

Бағамдау -
бағалау
|
1.Бүгінгі сабақта қызықты
болған сәт:
|
1.
|
2.
|
3.
|
2. Бүгінгі сабақта мені
ойландырған сәт:
|
1.
|
2.
|
3.
|
Үйге
тапсырма: «Қызғыш құс» өлеңін
жаттау