Материалдар / қазақ тілі мен әдебиет сабағындағы пән аралық байланыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қазақ тілі мен әдебиет сабағындағы пән аралық байланыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың қысқа мерзімді жоспарын жазу үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
644
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

9 сыныпқа арналған қорытынды аттестаттауға тапсырмалары

ІІ нұсқа


1-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқыңыз.


Робототехнология қалай пайда болды?


Келешекте әлемді өзгертетін технология саласындағы жетістік – роботтар. «Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың  пьесасында кездесті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920  жылы жарық көрді. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» сөзі мен «робот» сөзі бір түбірлес сөздер. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга»  деген мағынаға ие. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі  құрастырып шыққан  алғашқы  роботты  көрсетті. Инженер Уэкслидің роботының жұмыс істеу  мүмкіндіктері аз болды, ол тек қарапайым ғана қимылдарды орындайтын. 1950 жылы өнері өрге жүзген Леонардо Да Винчидің жазбалары табылған болатын. Ол жазбаларда адам тектес роботтың сызбалары болған. Ұлы суретші, ғалым, сәулетші, жазушы, өнертапқыш Леонардо Да Винчидің 15-ші  ғасырда өмір сүргенін ескерсек, роботтың алғашқы сызбасының парақ беттеріне сол ғасырда түскендігін білуге болады. Оның сызба нұсқаларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vinci’s robots» деген кітап басып шығарды.

Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр. Тіпті Жапонияның кез келген компаниясында кемінде 4-5 роботтан болады екен. Осыдан он шақты жылдар бұрын роботтардың іс әрекеті шектелген десеңіз, қазіргі күндегі робот сабақ оқытады, ас даярлайды және де әр түрлі музыкалық  аспаптарда ойнай алады. Ал енді болашақтың роботтары, мамандардың айтуынша, үй шаруаларына көмектесіп, адамдарға әр қандай тақырыптар бойынша  кеңестер бере алады-мыс. Жыл сайын Жапонияда  инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын интеллектуалдық қабілеттерімен таңқалдырды. Мысалға ол, ЖОО-ның қабылдау емтихандарынан өтті. Оның емтихан қорытындысы  бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен. Торобо-кун роботы  үш пәнді сәтті тапсырып шыққан: дүние жүзі тарихы, математика және жапония тарихы. Лингвистика  тақырыбына келгенде, жапон мен ағылшын тілінен төмен көрсеткіш көрсетті. Жапон ғалымдары роботтары Жапонияның ең үздік саналатын «Токио Университетінің» қабылдау емтихандарын беске тапсырмайынша жұмыс жасай бермек.

Жер ғаламшары 2025 жылы адам танымастай өзгеруі мүмкін. Өйткені
зерттеушілер жоғары технологиялық машиналар мен компьютерлер адамдарды еңбек нарығынан ығыстырады деп санайды. Жүргізушілердің орнын роботтар басады, банкирлерге деген қажеттілік жоғалады, дәрігер мен қызмет көрсететін персонал мамандықтар қажет болмайды. Компьютерлік технологияға деген қажеттілік туындайды. Қала ішіндегі автобустар мен жеңіл көліктер өздігінен жұмыс істейді. Робототехника медицинада саласында зақымданған ұлпаларды қалпына келтіріп немесе жарақатты емдеуге мүмкіндік береді. (350 сөз)


Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.


Болашақ – [1]

Бірінші – [1]

Атақты – [1]

Тамақ – [1]

Елі – [1]


2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.

1. Келешекте әлемді өзгертетін технология саласындағы жетістік – роботтар.

Роботтар -

[1]

2. «Робот» сөзі алғаш рет чех авторы Карел Чепаканың  пьесасында кездесті.

Чех авторы

[1]

3. 1927 жылы Нью-Йорк қаласында америкалық инженер Д.Уэксли дүниежүзілік көрмеде өзі  құрастырып шыққан  алғашқы  роботты  көрсетті.

Дүниежүзілік көрмеде

[1]

4. Қазіргі жаһандану дәуірінде Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр.

Робототехнология жөнінен

[1]

5. Жыл сайын Жапонияда  инновациялық технологиялардың дамуына байланысты дәстүрлі көрмелер ұйымдастырылады.

Инновациялық технологиялардың

[1]

6. Соңғы үлгідегі Торобо-кун роботы, көрме қонақтарын интеллектуалдық қабілеттерімен таңқалдырды.

Көрме қонақтарын

[1]

7. Оның емтихан қорытындысы бойынша, оны елдегі 70 пайыз оқу орны қабылдай алады екен.

Оны елдегі

[1]

8. Жер ғаламшары 2025 жылы адам танымастай өзгеруі мүмкін.

2025 жылы__________________________________________________________

[1]

9. Оның сызба нұсқаларына байланысты зерттеуші Марио Таддеи толықтай түсіндірме беріп, «Leonardo da Vinci’s robots» деген кітап басып шығарды.

Зерттеуші Марио Таддеи _______________________________________________

[1]

10. Робототехника медицинада саласында зақымданған ұлпаларды қалпына келтіріп немесе жарақатты емдеуге мүмкіндік береді.

Медицинада саласында ________________________________________________

[1]


3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз. Әр сұрақтың балы жақшада берілген.


1. Инженер Уэксли роботының жұмыс істеу  мүмкіндігі неге аз болды?

____________________________________________________________________ [1]


2.Робототехниканың адамзатқа тигізетін пайдасын анықта? Кем дегенде 2 пайдасын көрсетіңіз.

_____________________________________________________________________________ [2]

3.Не себепті Жапония халқы робототехнология жөнінен әлемде көш бастап тұр?

2 себебін жазыңыз.

________________________________________________________________ [2]



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!