Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
қазақ тілі мен әдебиеті пәні Тәжірибе тақырыбы: Әлем таныған –Абай ата піріміз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Негізгі бет
Тәжірибе тақырыбы: Әлем таныған –Абай ата піріміз
Аты-жөні: Сагымбаева Бахыткүл
Қатысушының жұмыс орны және оның лауазымы: Қостанай ауданы "Қостомар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пошта индексі :
Ұялы телефоны: 8776-711-14-25
Электрондық пошта адресі; bakhytkul2019@mail.ru
Түсіндірме жазба
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
С. Торайғыров.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы өлмейтұғын артына сөз қалдырған?-деп, төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырларымен де, өсиеті мол қара сөздеріменде бізбен бірге жасасып келеді. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс іс шара өтті. Сыныптан тыс іс шараның мақсаты оқушыларға Әлем мойындаған ұлы ұстаз Абайды таныту, құрмет тұту: ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру. Абай поэзиясы өзі айтқандай, кең байтақ өмір базары... «Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, сомалап ақшасына соны алар» іздеген адам өз мұқтажын осы қазынадан таба бермек. Абай шығармаларындағы негізделген адамның бойындағы «Бес асыл іс» толық адамның тұлғасын сипаттайды. Жеке тұлға ретінде қалыптасуда бұл факторлар ең бағалы өлшемшарт болмақ, Сыныптан тыс іс шараға 7-8 сыныптардың 16 оқушысы қатысты. Сыныптан тыс ісшара қатысушыларды іс шараның басында жүректен –жүрекке атты шаттық шеңбері әдісі арқылы ортада жағымды психологиялық ахуал қалыптастырдым. Оқушыларды кеспе қағаздары арқылы үш топқа біріктірдім. Негізгі бөлімде жалпы қатысушалар мен көрермендерді қосқанда 28 адамға «Қазақ даласының сұңқары Абай Құнанбаев» бейне фильмін көрсету арқылы мен оқушылардың Абай өмірбаянымен және Абай тағдырының сыры ашылмаған құнды кезеңдерімен таныстырдым. Қатысушылар алынған , көрген, ізденген мәліметтерне сай үш топ постер қорғау әдісі арқылы Абай өміріне.шолу жасап өз қорытындыларын ұсынды. Әр кезеңде сарапшылар өз бағаларын беріп отырды. Келесі кезеңде кестеге талдау жасау,ақын өмірі мен шығармашылығын талдау,өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесін толтырып Абай туралы толық зерттеушілік әңгіме өтті. ІY кезеңде Вебсайт қосымшасын қолдану ,Абайдың он жетінші қара сөзі. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/abajdyng-on-zhetinshi-qarasozi сілтемесі арқылы оқушыларға Абайдың қара сөзінің құдіретін мойындату үшін осы тапрсырманы орындаттым. Тест жаттығуларында көрермендерде етене араласты. Ү поэзиялық бөлімде әр топ өздері даярлап келген әдеби –музыкалық монтажбен көрермендерді Абай шығармашылығын паш етті. Қорытынды бөлімде мектеп директорының орынбасары Есембек Саят Әмірханұлы қорытындылап, оқушыларды марапттады. Сыныптан тыс іс шара өзім үшін де оқушым үшін де өте әсерлі болды. Барлық қатысушылар өзім секілді Абайды пір тұтары анық.
ІІ. Сабақ жоспары
Тақырыбы: Әлем таныған –Абай
Сабақтың жалпы мақсаты: Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері. Қазіргі кездегі Абай ілімінің өзектілігі туралы ұғындыру.
Түрі: шығармашалық сайыс
Көрнекілігі: «Абай – ұлы тұлға газеті, Абайдың өлеңдер жинағынан кітаптар көрмесі, Абайдың портреті, ақын-жазушылардың, зерттеушілердің ақын жайлы пікірі.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі Жүректен жүрекке әдісі арқылы жылы лебізбен сәттілік айтумен сабақты бастау.
Топқа кеспе қағаздары арықылы біріктіру:
1 топ –Абай
2 топ –Құнанбай
3 топ- Оқушы
ІІ. Негізгі бөлім
-
Қызығушылықты ояту сатысы:
«Қазақ даласының сұңқары Абай Құнанбаев» бейне фильмін көрсету
Абай портреттері мен өмір баянын зерттеу тапсырмасын жариялау , қорғау.
II. Мағынаны ажырату сатысы.
«... Жүрегімнін. түбіне терен бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..»
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті...
Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда, Абай өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезеңде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулерінің және бірқатары ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен шығармаларының аттары ғана сақталған... Қазақстанда ол кезде жазу-сызу нашар дамыған болғандықтан, бізде Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сақтаған, оның өмір тарихын баяндайтын, тұстастары жазған мемуарлар, хаттар, жазбалар жоқ. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қатынасының да салқыны бұған аз тиген жоқ. Егер халық поэзияны терең қастерлеп, ақын атын жоғары бағаласа, ру байлары: «Құдайға шүкір, біздің рудан бір де ақын, бір де бақсы шыққан жоқ» деп күпінетін. Поэзияға осындай көзқарастың әсерімен Абай өзінің кептеген өлеңдерін жас достарының атынан таратқан. Ру таластарының қым-қуат дау-жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің әділетсіздігімен, қаталдығымен келісе алмады және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей, әділ үкім шығарып отырды. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті, қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады.
Жиырма сегіз жасқа қелгенде Абай әкесімен біржола ажырасады. Ол енді тағдырын өзі белгілеп алатын болады. Абай, ең алдымен, орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.
Жас шағында ол қазақ өлеңіне «ғаруз» өлшемін тұңғыш рет енгізіп және сол классиктердің ақындық лексикасынан алынған көптеген араб-парсы сөздерін енгізіп, әлгі ақындарға өзі де еліктеген еді. Кейін, халық творчествосынан искусствоның анағұрлым өмірлік берік негіздерін тауып, Абай шығыс әдебиетінен халық шығармалары – «Мың бір түнді», парсы мен түріктің халық ертегілерін, халық эпосын жоғары бағалады. Ол әңгімелеген «Шаһнама», «Ләйлі - Мәжнүн», «Көроғлы» поэмалары ел арасына кең таралды. Таяу Шығыс мәдениетін, тарихын зерттей жүріп, Абай Табари, Рабгузи, Рашид Эддин, Бабыр, Әбілғазы-БаҺадурхан және басқаларының еңбектерімен танысты, сондай-ақ шығыстың діни ғалымдарының пайымдауындағы логика мен мұсылман правосы негіздерін де білді.
Ұлтының және діни нанымдарының өзгешелігіне қарамастан, барлық халықтардың бейбіт, тату тұруына негізделген ағарту үшін нағыз жалынды күрескер Абайдың көзқарастары мейлінше кең, әрі батыл, еркін болды. Әлеуметтікжәне мәдени өмірдің барлық мәселелерін езілген бұқараның тұрғысынан қараған ойлы, дана суреткер Абай –қазіргі күнде өзінің «ғажайып» жамылғысынан айрылып, халықаралық империализмге жалданған, буржуазияшыл-кертартпалық ұлтшылдық мәнін әшкере еткен панисламистік және пантүркистік идеялардың залалды әсерін сол кездің өзінде-ақ алдын ала көре білді.
Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шыңындай асқақ тұр. Ол қазақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінін таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.
Абай өз халқының және Таяу Шығыстың қоғамдық ойының Октябрьге дейінгі тарихындағы ең прогресшіл қозғалысты басқарды... Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтың классикалық поэзиясының шұғылалы шыңы – Абайдың мәңгі өшпес даңқының ең асқақ айғағы, міне, осында.
М. О. Әуезов.
III. Ойтолғаныс сатысы топтарға сызба бойынша жұмыс жасау керек.
-
Кестеге талдау жасау.
-
Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
-
Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.
Үзінді |
Беті |
Пікір |
|
|
|
ІY- Вебсайт қосымшасын қолдану ,
Абайдың он жетінші қара сөзі. https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/8-synyp/lesson/abajdyng-on-zhetinshi-\qarasozi
Тапсырмаларды орындату. Әр кезеңде оқушыларға балл қою, мотивация беру.
Ү.Поэзиялық бөлім.
Әр топтың оқушылары 5 мин поэзиялық кезеңді ұйымдастырады.
1 топ Абай тобы
1-оқушы: Қош келіпсіздер, құрметті ән-поэзия сүйер қауым!
2-оқушы: Елбасымыз Н.Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген болатын.
1-оқушы: Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқына жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.
2-оқушы: Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндеді.
Өлең: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
1-оқушы: Жастайынан ел билеуші болыс, билердің, орыс шенеуліктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-зомбылықтың әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын мінеп-сынап, бірнеше өлеңдер шығарды.
Өлең: «Мәз болады болысың»
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
2-оқушы: Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес, көрсеқызар, әулекі жігіттерді өлтіре сынады.
Өлең: «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»
1-оқушы: Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ шебер суреткер ақын.
Өлең: «Күз»
2-оқушы: Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған. Абайдың өзі жиырма шақты әндері бар.
Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң-шерін, қуаныш-қайғысын ән әуені арқылы ғана тарқатуға болады. Мұндай ойды Абайдың:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй!
Дүние ойдан шығады,
Өзімді-өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып,- деген тебіренісінен көруге болады.
2 топ- Құнанбай тобы
1-оқушы: Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын сызып, қиялдарын ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда. Солардың бірі – симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Көзімнің қарасы» әні...
2-оқушы: Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға қарсы болды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.
Өлең: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
1-оқушы:Пушкин шығармаларын аудару, оны танып, бағалай білу – Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі. «Евгений Онегин» Абай көңіліне тіпті жақын келді. Онегин мен Татьяна бейнесінен қазақ ақыны бірін-бірі сыйлап, риясыз сүйген жас жігіт пен қыздың тіршілік талқысының себептерімен қосыла алмай кеткен күйін таныды. Олардың хаттарын аудару арқылы Абай қазақ жағдайындағы Татьянаға тағдырластардың мұңын жоқтады. Татьяна сөзі қазақ даласына ән болып тарады.
«Мен Абайды әке деймін» бейнефильмінен үзінді
«Татьянаның әні»
2-оқушы:Абай «Жауыздықты ізгілік жеңеді» деп қорытынды жасаған. Оны «Ескендір» поэзиясынан байқауға болады.
1-оқушы:Музыка зерттеуілер Абайдың әндерін жоғары бағалап, басқа халық сазгерлерінің әндерінен өзгешелігін дәлелдеп берді. Абай әндерінің әуенін тек қана өзінің негізгі сөзімен орындау керек. Себебі, Абайдың әні мен сөзі қай жағынан да бір-бірімен тығыз байланысты. «Сегізаяқ» әні осындай әндер қатарына жатады. Ақын халықтың шешендігін, қызыл тілдің құдіретін мадақтап көрсете отырып, адамгершілікке, еңбек етуге шақырды.
«Сегіз аяқ» әні
3 топ –Оқушы тобы
2-оқушы: Абайдың қара сөздерінің ішінде дүниесінің тылсым сырын танып білу мәселесіне байланысты 7,19,31,38,43 қара сөздері бар.
Абайдың әндерінде табиғат сұлулығы, адамның көңіл-күйі әсерлі әуенмен бейнеленіп, жеткізіледі. Қазақтың ән жанрында еуропалық романстардан кем түспейтін ән нұсқалары аз емес. «Желсіз түнде жарық ай» әні - бала да, үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартетте, хормен де сүйіп орындайтын әннің бірі.
Бейнетаспадан «Музарт» тобының орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әні.
1-оқушы: Абайдың өте көп өлеңдері мен әндері, Абай туралы фильм, «Абай» операсы, Абай күйлері бар. Оқушылардың арасында, мектепте Абайдың өлеңдері мен аудармалары, поэмалары толық оқытылады да, әндерінің кейбіреуін болмаса, операсын көп орындамайды. Көп қолданыста бір-екі әндері ғана бар.
2-оқушы:Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге
Абай болып түңілем бір кісіден,- деп М.Мақатаев ағамыз Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің үлгісімен өлең шығарған екен. Біздің мектебімізде де өз шығармашылығымен ерекшеленіп, Абай атамыздың өлеңдерін оқып жүрген оқушыларымыз бар.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе!
Адамдықты көздесең
Жат тоқып ал көңілге, - деп Сұлтамахмұт ағамыз айтқандай, кезекті Абайдың қара сөздеріне береміз.
Оныншы сөз
Мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергніңді кім біледі? Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?
Отыз жетінші сөз
1. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
2. Кісіге білімге қарай болыстық қыл: татымсызға қылған болыстық адамды бұзады.
3. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық, сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Абай өмір баяны мен шығармашылығынан ең көп білетін топ озып шығады. Мектепте бұл сайыстың қатысушылары мен көрермендері үлкен аудиторияны құрады. Біздің оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетуде. Сондықтан, алдағы уақытта Абай шығармаларын оқуды жалғастырыңыздар, үйреніңіздер, Абай жаққан сәулені алаулата беріңіздер деп қорытынды сөзді Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Есембек Саят Әмірханұлына сөз беріледі. Озып шыққан топты марапаттау. Қатысқан топтарға сәттілік тілеу.