Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде қолданылатын әдіс тәсілдер (5-6-сыныптар үшін)
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
“Д.Қонаев атындағы орта мектеп” КММ
Қазақ тілі пәні мұғалімдері
Ескелдиева Дамира Абаевна
Амина Калдановна
Есиркегенова Жанар Науризбаевна
Әдістемелік құрал
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде қолданылатын әдіс тәсілдер
(5-6-сыныптар үшін)
Алғы сөз
Әдістемелік құрал орыс тілді орта мектептің 5-6 сынып оқушысына мемлекеттік тілді қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игертуді көздейді.
Әдістемелік құрал оқушылардың қазақ тілінде қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер бойынша түзілді.
Әдістемелік құрал бірнеше лексикалық тақырыпты қамтиды. Алайда әр тақырып бойынша қазақ тілінің лексикасы мен морфологиясы бойынша орыс тілді мектептердің қазақ тілі сабағында оқытылатын грмамматикалық тақырыптарға сай тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі іріктеліп берілген. Оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту.
Әдістемелік құралдың міндеттері:
-
тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;
-
қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білуге төселдіру;
-
тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;
-
дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;
-
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
-
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
-
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
-
шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
1 тақырып:
Отбасы
«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз –жан әкешім, «Әке - асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала - жасындағы құрақ» деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиері анық. Осының бәрі «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенің арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі. «Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» демекші, сыйласу арқылы бірлікте өмір өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білген дер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке- шешеміз.
-
Тапсырма. Берілген сөздерді орыс тіліне аудар. Туыстық атауларды қатыстырып сөйлем құра.
Отбасы, туыстық қарым-қатынас, іні, аға, әпке, әже, ата, қарындас, жеңге, жезде, жиен, нағашы
Дескриптор Білім алушы
- сөздерді орыс тіліне аударады
- сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды
-
Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер
-
Айрандай ұйыған тіркесі қандай мағына береді?
-
Мәтіндегі мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді тап.
-
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»деген мақалдың мағынасын түсіндір
3 тапсырма «Отбасы оттан да ыстық», «Отансыз адам –ормансыз бұлбұл».
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға толық жауап береді
3-тапсырма. Берілген мақал мәтелдерді толықтыр.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі ...
Балалы үйдің ... жатпас.
Әке көрген оқ жонар,
шеше көрген ...
Ағасы бардың ... бар,
інісі бардың ... бар
Балалы үй ...
Бала - адамның ...
Дескриптор Білім алушы
- мақал-мәтелдерді оқиды
- мағынасына сәйкес толықтырады
4-тапсырма. Сөздікпен жұмыс
Ата-ана - Родители
Отбасы - семья
Шаңырақ – шанырак, дом
Болашақ - будущее
Сыйластық - почтительное отношение
Тату-тәтті-дружный
Жақсылық - доброта
Тәрбие- воспитание
Ақылшы - наставник
Қарапайым - простой
Дескриптор Білім алушы
- сөздермен сөз тіркес құрастырады
- сөз тіркеспен сөйлем құрастырады
5- тапсырма. «Менің отбасым» тақырыбында эссе жаз
Дескриптор Білім алушы
- эссе құрылымы (кіріспе, негізгі
және қорытынды) толық келеді.
- ойын жүйелі түрде жеткізеді.
- лексикалық минимумды қолданады
2- тақырып. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Берілген мәтінді оқып шығып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз
Қазақстан Республикасының Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.
Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн
аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің
елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол
ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің
елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
1. Берілген зат есімдердің
синонимін жаз.
Есім_______________, халық_____________, мақсат____________, болжам___________, дәстүр_____________, туыс_______________, жан-жануар_______________, құрмет______________, тіршілік________, сұрақ___________, қиял____________, бата______________, ұстаз______________.
Дескриптор Білім алушы
- сөздердің синонимдерін жазады
2. Мәтін
мазмұнына сәйкес төмендегі сөздерді өзара
байланыстыр.
Шаңырақ |
Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары |
әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы |
дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы |
ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. |
Дескриптор Білім алушы
- мәтінге сәйкес сөздерді сәйкестендіреді
3. Мына сөздерді ілік септігіне қойып шық.
Ұлттар... , Отаным..., Қазақстан..., Елбасы..., жарлығы..., нышандары..., әнұран..., ту..., рәміз..., елтаңбасы..., достығы..., ұйымы..., егемендігі..., халықтары..., атамекен..., тарих..., астана... .
Дескриптор Білім алушы
- ілік септігін еске түсіреді
- ілік септігін жалғап жазады
4. Мәтінді оқып, стилін анықта.
- мәтінді оқып, стилін анықтаңыз
-мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз
-мәтінде айтылған тәртіптерді жадыңызда ұстаңыз
-мәтіннен жалқы және жалпы есімді теріп жазыңыз
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):
1) Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкілінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;
3) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы;
4) мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;
5) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;
6) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану тәртібі
1. Мемлекеттік Елтаңба міндетті түрде:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелері басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде - ұдайы;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы орналастырылады...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану тәртібі
1. Мемлекеттік Гимн:
1) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке кіріскен кезде - ол ант бергеннен кейін;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті сессияларының ашылуы және жабылуы кезінде;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шараларға арналған жиналыстар мен мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде;
4) теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулiк сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда;
5) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштерді, монументтерді, құлпытастарды және басқа да ғимараттарды ашу кезінде;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілген кезде;
7) Қазақстан Республикасына мемлекеттік немесе ресми сапармен келген шет мемлекеттердің басшыларын қарсы алу кезінде - тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік гимні орындалғаннан кейін;
8) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар өткізілген кезде;
9) Қазақстан Республикасының ұлттық (құрама) командасы қатысатын спорттық іс-шаралар өткізілген кезде орындалады.
2. Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Гимнді орындау тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы
№258 Конституциялық заңы
Дескриптор Білім алушы
- стилін анықтайды
- термин сөздерді теріп жазады
- жалқы және жалпы есімдерді теріп жазады
5. Мақал-мәтелдерді ұйқасын тауып жалғастыр.
Отан – елдің анасы, ... ... ... .
Туған жердей жер болмас, ... ... ... .
Туған елдей ел болмас.
Отанды сүю – ... ... ... .
Ер — елінде, ... ... .
Отан үшін күрес - ... ... ... .
Орағың өткір болса, қарың талмайды, ... ... ... ... ... .
Егілмеген жер жетім, ... ... ... ... .
Отан - ... ... ... .
Опасызда ... ... .
Отан оттан да ... .
Отансыз адам - ... ....
Керекті сөздер: Ел – ердің анасы, отан жоқ, от басынан басталады, Елінен айырылған ер жетім, гүл — жерінде, ыстық, ерге тиген үлес, ормансыз бұлбұл, Отаның берік болса, жауың алмайды.
Дескриптор Білім алушы
- мақал-мәтелдерді оқиды
- керекті сөздерді пайланып, толықтырып жазады
6. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қандай?
2. Тудың, елтаңбаның авторлары кімдер?
3. Әнұранның сөзін жазған кім?
4. Әнұранның әнін жазған кім?
5. Елтаңбада нелер бейнеленген?
6. Тудың біркелкі көгілдір түсі нені білдіреді?
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- сұрақтарға толық жауап береді
7. Тест тапсырмалары
1. Негізгі зат есімдерді көрсетіңіз .
A) Бала , балалық, балапан;
B) Іні, ініммен, інісі;
C) Ақыл, ақылды, ақылгөй;
D) Сөз, сөзшең, сөздік;
E) Білім, ұғым, сағым.
2.Туынды зат есімдерді көрсетіңіз .
A) Бала , балалар, балада;
B) Іні, ініммен, інісі;
C) Ақыл, ақылың, ақылмен;
D) Сөз, сөзден, сөзді;
E) Білім, ұғым, сағым.
3. Дара зат есімдерді анықтаңыз
A) Бала , қант, қағаз;
B) Кемпірқосақ, баспалдақ, ата-ана;
C) Қаз МУУ, ҚарТУ, ҚРУ;
D) Ақтөбе, тасбақа, қазақ тілі;
E) Сарыарқа, бағдаршам, Мұратхан.
4. Күрделі зат есімдерді анықтаңыз
A) Бала, қант, қағаз;
B) Кемпірқосақ, баспалдақ, аға;
C) Батыр, сабақ, Сарыарқа;
D) Ақтөбе, тасбақа, қазақ тілі;
E) Есіл, Ертіс, үй.
5. Жалқы есімдерді тап
A) Бала, Асыл, қағаз;
B) Көкшетау, баспалдақ, аға;
C) Батыр, сабақ, Сарыарқа;
D) Ақтөбе, тамыз, орыс тілі;
E) Ербол, Алматы, Сарыарқа.
6. Жалпы есімдерді тап
A) Бас, Арман, қала;
B) Көкшетау, балапан, аға;
C) Батыр, сабақ, оқулық;
D) Ақтөбе, сәуір, неміс тілі;
E) Ербол, Алматы, Сарыарқа.
Дескриптор Білім алушы
- зат есім ережесін қайталайды
- тест тапсырмаларын орындайды
8. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңыз.
Елім менің
Өлеңі: Н. Ә.Назарбаев
Әні: Б. Тілеуханов.
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер жаса, қазағым менің.
Қазақстаным - жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім
Бостандық еді ау, асыл арманым.
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың,
Берік болсын босағаң.
Бабамның қаны , анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке, бірлік - қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
Күйінсін жауың , сүйінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді мәнерлеп оқиды
- есте сақтауға жаттығады
3-тақырып. Мемлекеттік тіл-рухани
байлық
Мемлекеттік тіл – рухани байлық.
Берілген мәтінді оқып, абзацтарға бөліңіз. Әр абзацқа ат қойыңыз.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі.
Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.
Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығының дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамзаттың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп туады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы керек және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.
Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.(Қазақ тілі энциклопедиясынан)
Сөздік
Тіл-язык
Байлық-богатство
Ана тілі- родной язык
Әлем-мир
құрмет-почтение
Әдет-ғұрып – мәдениет-культура
Әдебиет-литература
1.Мәтінді оқып,
түсінгеніңді айт.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- түсінгегін баяндайды
2.Мәтін мазмұнындағы мына сөздер мен сөйлемдерді орыс тіліне аудар:
-
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы;
-
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет;
-
Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі;
-
Тілді шұбарлау.
Дескриптор Білім алушы
- сөздер мен сөйлемдерді орыс тіліне аударады
3.Мәтіндегі терминдерді теріп жаз.
Дескриптор Білім алушы
- термин сөздерді теріп жазады
4.Мәтіннің мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Тіл тазалығы дегеніміз не?
2. Ана тілін ұмытқан адам нені ұмытады?
3. Тілді сақтау үшін не керек?
4. Ұлт ұлт болып қалуы үшін не керек деп ойлайсыз?
5. Ана тіліміздің өткені мен болашағы жайлы не айта аласыз?
6. Қазақ тілі түркі тілдерінің қай тобына жатады?
7. Қазақ тілі қашан дербес тілге айналды?
8. Қазақ халқы қандай жазу түрлерін қолданған?
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- сұрақтарға толық жауап береді
5.Мына сөздердің синонимін табыңдар.
Қамқорлық, халық, туыстық, азамат, құрмет.
Дескриптор Білім алушы
- сөздерге синоним сөздердітабады
6.Көп нүктенің орнына септік жалғауларын тиісті орындарына қосып. Олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Тіл әрбір азамат... ана сүті... беріліп қалыптасады. Ана сүті... бой... енген қасиеттер туған тіл... арқасында дамиды. Туған тіл... деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кез... басталуы керек. Айналада адамдар..., өзіңнің өскен ортаңа, Отан... деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тілің... білуден басталады. Тіл – халық... рухани, мәдени байлығы... дамуының құралы.
Қазақ тілі – халқымыз... рухани байлығы, ата... бала... , ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тіл... қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азамат... қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралар... бірі. Қазақ... біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілі... қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлт... тілінде сол ұлт... сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп туады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлт... мақтанышы. Әр азамат өзі.. ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.
Дескриптор Білім алушы
- септіктерді қайталайды
- септік жалғауларын орындарына жазады
- жасалу жолдарын түсіндіреді
7.Төмендегі сөздерден «тіл» сөзімен тіркесетін сөздерді табыңдар.
Даму, қазақ, дүние, өнер, мемлекеттік, ақылды, саяси, әдеби, бұқаралық, ащы, тәтті, ұлтаралық, халықаралық, дербес, ұлы, ғылым
Дескриптор Білім алушы
- «тіл» сөзімен тіркесетін сөздерді табады
8.Берілген сұрақтарды топ болып талқылаңдар.
Ұлттың ұлт болып қалыптасуына не қажет деп ойлайсыз:
Жер бетінде тілін жоғалтқан ұлттар туралы не білесіз?
Өлі тілдерге қандай тілдер жатады?
Тілді сақтау үшін не керек деп ойлайсыз?
Дескриптор Білім алушы
- топқа бөлінеді
- сұрақтарды талқылап, жуап береді
9. Шағын мәтін бойынша жұмыс.
-мәтінді мәнерлеп оқыңыз
-мәтін бойынша жоспар құрыңыз
-мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз
-мәтін мазмұнын баяндаңыз
Бүгінгі күн өткен өмірден өткен тарихымыздан бастау алатындығын ескерсек, өткенімізге үнемі көз жүгірте отырып, біз болашағымыздың іргетасын сенімнен, қабырғасын үміттен, босағасын өткен тарих тағылымдамаларынан қалауымыз керек. Қазақ халқы елінің азаттығы үшін, кең байтақ жерінің бостандығы үшін, ұлтының, ұрпағының бодандық шырмауынан шығуы үшін қанды қырғынды көріп, отаршылдық ойранын бастан кешірді. Еліміз де, халқымыз да, жеріміз де тәуелді болып, мәртебесі биік елдердің қас-қабағына қарап «Мен қазақпын» деп айтуға болмайтын заманды да біздің халық басынан кешірді. Сонда да мойыған жоқ.
Халқының болашағынан, ұрпағының келешегінен үмітін үзген жоқ, келер ұрпағына қалдырар ең қадірлі де қастерлі мұрасы – қазақ тілінің қаймағын бұзбай өз қалпында жеткізу үшін тырысып бақты. Қаншама зобалаң күн халқының басына төніп тұрса да тілін, дінін, салтын өз қалпында сақтай білді. Ата-баба арманы орындалып, үміт ақталды, сенім жеңді.
Қазақ халқы азат, мемлекеті тәуелсіз. Қазақ өз жеріне өзі ие, қазақ тілі биікке көтерілді, көк байрағы көк аспан астында, еркін желбіреуде. Бұл ата-бабам аңсаған азаттық, армандаған тәуелсіздік. Аталардың асқаралы арманы – қазақ тілінің еркіндігі, қазақ тілінің шырқауы бүгінде біз қол жеткізген жетістік, біз көрген, біз қадірлейтін жеңіс, біз қастерлейтін ұлттық мақтаныш.
Ұлттың тұтастығы тілінің болашағында, тілдің болашағы сол ұлт өкілдерінің үлесіндегі жұмыс. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақ халқын жоғалтпай қазақ қалпында бүгінге жеткізген ана тілі – қазақ тілі. Қазақ халқының мәңгілік мекені Қазақстан мемлекетін жасампаз мемлекетке айналдыру үшін ұлт тілі – қазақ тілін дәрежелеуіміз керек.
Дескриптор Білім алушы
- мәнерлеп оқиды
- жоспар құрастырады
- сұрақтар құрастырады
- мазмұнын баяндайды
10.Мақал-мәтелдерді толықтыр.
1. Тілін білмейтіндер емес, ... ... ... - мәңгүрт.
2. Тіл мәртебесі - ... мәртебесі.
3. Тіл - ... алтын көпірі.
4. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, ... ... ойлау қауіпті.
5. Тілі өлген ел - ... ... ел.
6. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі ... әлем.
7. Өз тілің - бірлік үшін, ... ... - тірлік үшін.
8. Тіл сүйексіз болса да, ... өтеді.
9. Ішімдегінің бәрі тілімде, ... бәрі түрімде.
10. Тіл жүйрік емес, ... жүйрік.
Дескриптор Білім алушы
- мақал-мәтелдерді оқиды
- толықтырып жазады
11.Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
Үш бақытым
М.Мақатаев
Ең бірінші
бақытым – Халқым
менің,
Соған берем
ойымның алтын кенін.
Ол бар
болса, мен бармын, қор
болмаймын,
Қымбатырақ
алтыннан нарқым
менің.
Ал екінші
бақытым – Тілім
менің,
Тас жүректі
тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде
дүниеден түңілсем де,
Қасиетті
тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар
үшінші – Отан деген,
Құдай деген
кім десе, Отан дер
ем!
...
Оты сөнген жалғанда жан барсың
ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал
менен.
Түтін
түтет,
Өс, өрбі, көгере
бер,
Немерелер көбейсін,
шөберелер.
Жадыңда ұста
:
Жақсылық
күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен
егер!
Үш бірдей бақытым бар
алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар
ма?!)
Үш күн нұрын төгеді
аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа,
Алатауға!!!
Ең бірінші бақытым – Халқым
менің,
Соған берем ойымның алтын
кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор
болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым
менің.
Ал екінші бақытым – Тілім
менің,
Тас жүректі тіліммен
тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем
де,
Қасиетті тілімнен
түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан
деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер
ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың
ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал
менен.
Түтін
түтет,
Өс, өрбі, көгере
бер,
Немерелер көбейсін,
шөберелер.
Жадыңда ұста
:
Жақсылық
күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен
егер!
Үш бірдей бақытым бар
алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар
ма?!)
Үш күн нұрын төгеді
аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа,
Алатауға!!!
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді мәнерлеп оқиды
- есте сақтауға жаттығады
4 - тақырып: Мамандық
таңдау
Берілген мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар
Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.
11 жыл бойы «инемен құдық қазғандай» жинаған білімдерін сындарлы сағатта дәлелдей алмай, опық жеген бітірушілер де аз емес. Десек те, мектеп бітірген әр түлектің алдында тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Ол – мамандық таңдау. Қазіргі уақытта қаладағы қай ЖОО-ның маңайына көз сүзсең де, ығы-жығы халықты көресің. Дені – жастар. Нақтырақ айтсақ, тесттің теперішінен өтіп, болашағына бағдар болатын мамандық таңдауға келген жеткіншектер. Ал олардың бірі – қалаған мамандығына құжатын тапсырып қойғанымен, түсер-түспесін білмей дал болса, енді бірі – әлі күнге дейін қандай мамандық таңдарын білмей шарқ ұрып жүр. Себебі бірі – ҰБТ-дан жинаған балына қарап, бірі – бөлінген грант санына қарап тосылады. Ал қалтасында қаржысы барлар оған бас ауыртып жатпайды. Бірақ ешкім «бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары», «қазаққа қажет қарекет қайсысы» деген сауалдарға ойланбайды. Шындыққа көз жүгіртсек, қай ата-ана болсын «әйтеуір оқып, қолына дипломын алса болды, ары қарай көре жатармыз» деп баласының ертеңіне көз сүзбейді.
Алға тарт деп жас жүрек
бұлқынады, Балалықпен қоштасар күн туады.
Қазаққа қажет мамандық.
Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру.
Бұл мамандықты таңдаушылар қатары жоқтың қасы болса, қажеттілік жылдан-жылға артып келеді.
Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр. Қазір кезінде арман болған «айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алу да» таңсық емес. Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Яғни төрткүл әлем техникаға телмірген заман болды. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бірақ бір «әттеген-айы» бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайтын оқушылардың көпшілігі физика мен химияға келгенде амалсыз тосылып қалады. Оған ұлттық бірыңғай тест барысындағы көрсеткіштер куә бола алады. Жапония, Корея, Қытай сынды Азия елдерінде сол техниканың небір түрлері жасалады. «Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі біздің жерімізде бар» деп кеуде кере мақтанғанымызбен, оларды игеруге келгенде өзгелермен иық тірестіре алмаймыз. Ал жоғарыда аталған елдерде, байқап қарасақ, қазба байлық та шамалы ғана. Бірақ олар тыңнан түрен салып, әлем елдерінің алдыңғы қатарына шықты.
Ж.Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», – дейді. Рас, жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады, яғни мамандық таңдау – жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау.
1. Берілген сөздерді орыс
тіліне аударыңдар.
Мамандық, түлек, оқытушы, дәуір, табиғат, зерттеуші, құжат, бақылау, дерек, сапалы, әдемі, қайырымды, озат, кең, жарық, қанағаттанарлық, жақсы, тәуелсіз.
Дескриптор Білім алушы
- сөздерді оқиды
- орыс тіліне аударады
2. Мына сұрақтарға жауап беріп, өзара сұхбат құрыңдар.
1. Қандай мамандық атауларын білесің?
2. Бүгінгі қоғамға қандай мамандықтар аса қажет?
3. Сен қандай мамандықты таңдар едің?
4. Сен қалаған мамандық несімен ұнайды?
5. Бұл мамандықтың жауапкершілігі неде?
Дескриптор Білім алушы
- сұрақтарға жауап береді
- өзара сұхбат құрады
3. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құра.
менің таңдаған мамандығым, білікті мамандар, біліммен қаруландыру, оқырмандар талабы, мамандық иелері, жастар.
Дескриптор Білім алушы
- сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлемдер құрастырады
4. Берілген зат есімдерге
көптік жалғауын жалғап
жазыңыз.
Есім... , халық... , мақсат ... , болжам ... , дәстүр ... , туыс ... , жан-жануар ... , марапат ... , ғылым..., сұрақ ..., қиял ... , бата... , ұстаз ... .
Дескриптор Білім алушы
- көптік жалғау ережесін қайталайды
- көптік жалғауларын жалғап, жазады
5. Берілген сөздерді жалғау түрлеріне қарай бағанға орналастырыңыз.
Студентпін, оқушылар, ата-ананың, мектебім, балаңыз, қыздар, кітабы, мақсатымыз, өркениеті, кілемі, баладан, үлкені, мектепке, Абайдың, оқудан, оқудың, мақсаты, қуанышы, қуаныштар,
Көптік жалғау |
Септік жалғау |
Тәуелдік жалғау |
Жіктік жалғау |
М: орындар |
М: мектептің |
М: кітабым |
М: мұғаліммін |
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- жалғау түрлерін қайталайды
- сөздерді жалғауларына байланысты
ажыратады
6. Тест тапсырмалары
1.Көптік жалғаулы сөзді табыңыз?
A) мектепке
B) студенттің
C) оқушылар
D) мақсаты
E) елге
2. Тәуелдеу категориясының неше түрлі тәсілі бар?
A) үш
B) бес
C) төрт
D) екі
E) алты
3. Септіктің неше түрі бар?
A) үш
B) екі
C) бес
D) алты
E) жеті
4. Жатыс жалғаулы сөзді табыңыз:
A) тарта
B) ерте
C) орта
D) өртте
E) торта
5. Тәуелді жалғаулы сөзді табыңыз:
A) қоңыз
B) теңіз
C) неміс
D) семіз
E) балаңыз
6. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз:
A) жорға
B) қарға
C) толға
D) қырға
E) сырға
Дескриптор Білім алушы
- жалғау түрлері ережесін қайталайды
- тест тапсырмаларын орындайды
7.Сын есімнің түрлерін екі бағанға орналастыр.
Жақсы, білімді, озат, талапты, ақ, сырлас, қара, жоғарғы, тәуір, нашар, икемді, ақ көйлекті, қара шұбар, ауыр, жазғы, таулы, жалқау.
Сапалық сын есімдер |
Қатыстық сын есімдер |
М: жақсы |
М: білімді |
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- сын есім ережесін қайталайды
- сапалық, қатыстық сын есімдерді
ажыратады
8. Мақал-мәтелдерді ұйқасын тауып жалғастыр.
1)Бал ұстаған ... ... .
2)Ұстаның бізі сүйкімді, ... ... ... .
3)Ұстаның өрісі көрігінен ... ... .
4)Алтын менен күмісті Зергер үшін жаратқан,
Арқар менен құлжаны ... ... ... .
5)Шебердің инесі де алтын, ... ... ... ... .
6)Шеберді саусағы асырайды
7)Қойшыны таяғы асырайды, ... ... ... .
8)Диқан жерді анасындай сүйеді, ... ... ... ... .
9)Егіншіні кетпеннің жүзі ... .
10) Малды баға білмеген пайданы ... ... .
Керекті сөздер: төсіне дейін, мерген үшін жаратқан, жақсының сөзі сүйкімді, бармағын жалар, соққан түймесі де алтын, таба білмейді, асырайды, жер диқанын баласындай сүйеді, қасқырды аяғы асырайды.
Дескриптор Білім алушы
- мақал-мәтелдерді оқиды
- ұйқасын тауып жалғастырады
9. Тест тапсырмалары
1. Сын есім
A) Іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысын білдіреді
B) Заттың, ұғымның , құбылыстьң атын білдіретін сөз табы
C) Заттың іс-әрекетін ,қимылын,сипатын білдіретін сөз табы
D) Зат есім, сын есім, сан есімнің орнында жүретін, қолданатын сөз табы.
E) Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын,көлемін білдіретін сөз табы
2. Сын есімнің құрамына қарай бөлінуі
A) Сапалық,қатыстық
B) Негізгі, туынды
C) Дара, күрделі
D) Салыстырмалы, асырмалы
E) Күшейтпелі, қатыстық
3. Заттың жай қалыпты түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін шырайдың түрі
A) Салыстырмалы шырай
B) Асырмалы шырай
C) Жай шырай
D) Ашық рай
E) Күшейтпелі шырай
4. Заттың сындық белгісін, басқа затпен салыстырғанда кем немесе артық екендігін білдіретін шырайдың түрі
A) Салыстырмалы шырай
B) Асырмалы шырай
C) Жай шырай
D) Ашық рай
E) Күшейтпелі шырай
5. Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық немесе өте кем екендігін білдіретін шырайдың түрі
A) Салыстырмалы шырай
B) Күшейтпелі шырай
C) Жай шырай
D) Ашық рай
E) Шартты рай
6. Сапалық сын есімдерді көрсет
A) Жақсы, кіші, өнерлі
B) Жаман, алыс, күзгі
C) Ақ, сары, ашық
D) Дауысты, дауыссыз, ұзын
E) Сұр, қызылдау, жаманырақ
Дескриптор Білім алушы
- сын есім ережесін қайталайды
- тест тапсырмаларын орындайды
10. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
Ұстазым
Әні Әбілахат Еспаевтікі
Сөзі Аманжол Шамкеновтікі
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді мәнерлеп оқиды
- есте сақтауға жаттығады
5 Тақырып. Қазақстандағы
тарихи орындар
1-тапсырма
А) Мәтінді түсініп оқыңыз, мәтіннен зат есімдерді тауып, жалқы есім және жалпы есімнің астын сызыңыз.
Б) Мәтіндегі өзіңіз таңдаған екі сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.
Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысының ауыл аймағында оңтүстікте 20 км. қашықтықта Астана қаласы және солтүстік-шығыста 4 км. қашықтықта Қызылжар ауылында орналасқан. Кесененің ғимараты 2000 жылы салынған болатын. Сол күннен бастап Астана қаласының жерінде Қазақстан халқының жан-жақтан келетін киелі жерінің біріне айналған болатын.
Кесене батырдың дулығасын еске түсіретін, кесененің қызыл кірпіштерінің жоғары қабырғаның түзу формалары биікке самғауды сілтейді. Ескерткішті темір жарты ай қияды.
Қаракерей Қабанбай – қазақ
батырларының қолбасшысы, әйгілі батырлардың бірі, XVIII
ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы шығуын ұйымдастырған. Оның аты
Абылай, Бөгенбай аттарымен қазақ халқының жазуларында әйгілі.
Ерасыл Қабанбай шамамен 1691 жылы Сырдария жағалауында туған
еді. 1769 жылы 78 жаста қайтыс болған болатын.
Қабанбайдың балалық шағы жоңғар шапқыншылығы кезінде әкесінің
қайтыс болуымен басталды. Жас Қабанбай жаулардан өмірінің соңғы
уақытына дейін кек алуына ант береді. Өзінің антын орындауына
мақсат еткеніне Ізбасар-Мирас етіп ат қойылған
болатын.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- жалқы, жалпы есмідерді тауып,
астын сызады
- екі сөзге фонетикалық талдау жасайды
2-тапсырма
А) Мәтінді түсініп оқыңыз, мәтіннен сан есімдерді теріп жазыңыз.
Б) Мәтіннен өзіңіз таңдаған екі сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- сан есімдерді теріп жазады
- екі сөйлемге морфологиялық талдау жасайды
3-тапсырма
А) Мәтінді түсініп оқыңыз, мәтіннен сын есімдерді тауып, астын сызыңыз.
Б) Мәтінді абзацқа бөліп, әр абзацқа ат қойыңыз, мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Түркістан қаласы ертеден гүлденген мекен. Мұнда адамзат баласы тас ғасырынан бастап өмір сүрген. Бұған Қосқорған елді-мекеніндегі Шоқтас ауылындағы тас тұрақтар куә бола алады. Сондай-ақ Шаға, Шойтөбе қалашықтары мұнда түркі заманында да өркениеттің болғандығын көрсетеді. Бұл өз кезегінде сол заманда ақ, Түркістанның жазиралы даласында көптеген қоныс, қалашықтардың болғандығын білдіреді.
Бұл өркениет ошағының іздері күні бүгінге дейін сақталып, бірқатары қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ескерткіштер тізіміне алынған. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды зерттеу мен насихаттау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады. Ескерткіштерді тұрақты түрде қорғау, оларды жүйелі түрде есепке алу қорық-мұражайдың басты мақсаты мен міндеті. Қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайының Археология және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі осы бағытта тыңғылықты жұмыс жасап келе жатыр. Бөлім мамандары жыл сайын археологиялық зерттеулер арқылы Түркістан аумағынан ғасырлар куәсі болған қалашықтар мен қорған, обаларлың орнын тауып зерттеп, тізімге алып келеді. Нақ осындай мақсатта қорық-мұражай тарапынан 2012 жылы Бабайқорған ауылдық округінің аумағына археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Барлау барысында бірқатар ортағасырлық қалашықтар мен қоныстар табылып, тізімге алынды. Одан бөлек қорық-мұражайдың ескерткіштер тізімінде әр жылдары археологиялық экспедициялар арқылы зерттеліп, аршылған ескерткіштерде бар. Соның бірі Қаратаудың етегінде орналасқан Ақтөбе қалашығы. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының археология бөлімі (жетекшісі М.Тұяқбаев), Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ғылым орталығының археологтары (жетекшісі М.Елеуов) аталған қалашықты зерттеп, Ақтөбе қалашығы деген атау беріп І-VІІ ғғ. аралығында өмір сүргенін анықтап отыр.
Кәрім Асылхан Әбдіқалиұлы
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- сын есімдерді теріп жазады
- мәтінді абзацтарға бөліп, әр абзацқа атау қояды
- сұрақтар құрастырады
4
. Берілген сөздер мен сөз
тіркестерін орыс тіліне
аудар.
дүниетаным, адамзат, дәуір, табиғат, зерттеуші, мұра, ұрпақ жалғастығы, дерек, аңыздар.
Дескриптор Білім алушы
- орыс тіліне аударады
5 Төмендегі сын есімдерді шырай түріне қарай өз бағанына
орналастыр.
Қысқа, толық, жүйрігірек, қып-қысқа, көкшілтім, ең жақын, толықтау, қалыңырақ, жылылау, әдемірек, тым көркем, бозғыл, өте қарапайым, қысқарақ, нағыз жақын, ең биік, салмақтылау, жұп-жұмыр, қуқылдау, өте сүйкімді, бозаң, тым ашық, тіпті алыс, кілең жайсаң, қоңырқай.
-
Жай шырай
Салыстырмалы шырай
Күшейтпелі шырай
Асырмалы шырай
М: қысқа
М: жүйрігірек
М: қып-қысқа
М: кілең жайсаң
Дескриптор Білім алушы
- шырай түрлерін қайталайды
- кестеге шырай түрлерін ажыратып
жазады
6. Мәтінді оқып, стилін анықта.
- мәтінді оқып, стилін анықтаңыз
-мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз
-мәтіннен сын есімді теріп жазыңыз
Домалақ ана
Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған Абыз аналардың бірі. Ол 660 ж өмірге келген. Шыққан тегі Орта жүздің Уақ тайпасының ішіндегі Шоға руынан. Ұлы жүзде "Уақ болсаң Шоға бол - даулы істе жорға бол" - деген сөз содан қалған деседі. Кешегі тарихымызда болған Төле би бабамыз да осы сөзді көп қолданған екен. Төле би көзі тірісінде Уақтарды "түбім", "асыл сүйегім", "түп нағашым" деп ерекше ықылас көрсеткені де сондықтан деседі.
Әз анамыздың әкесі де көріпкел әулие кісі болған екен. Бір күні әкесі түсінде аян көреді. Түсінде "Қызыңды бірінші болып білегінен ұстаған адамға бер" деп аян береді. Осы әкесінің өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (679 ж) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ол кезде Байдібек бидің жасы 47 де болыпты. Құдыққа құлап кеткен анамызды Байдібек ата арқанмен тартып шығарып, білегінен ұстап көтеріп, шапанына орап алып үйіне апарған екен. Үйінде әкесі Нұриладан: - Байдібек сені қалай шығарып алды? деп сұрапты. Сонда Нұрила: - "Арқанмен тартып шығарып білегімнен ұстап көтеріп алды" - депті. Онда сен осы кісіге ұзатамын - депті. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген.
Жарықшақ ( 680-761ж) деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 738 жылдың жиырма сегізінші мамырында 78 жасында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.
Интернеттен
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- стилін анықтайды
- термин сөздерді теріп жазады
- сын есімдерді тауып, жазады
7. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқта.
1. Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған ... ... ... .
2. Әз анамыздың әкесі де көріпкел ... ... ... .
3. Түсінде «Қызыңды бірінші болып білегінен ұстаған адамға бер» ... ... ... .
4. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ... ... .
5. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана ... ... ... ... .
6. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары ... ... ... .
Дескриптор Білім алушы
- сөйлемдерді аяқтайды
8. Берілген жай шырайдан салыстырмалы шырай жаса.
Жақсы, биік, кең, қоңыр, таза, нәзік, жұмсақ, қысқа, ұзын, таяз, кекшіл, өр көкірек, шолақ, жеңіл, тұнық, боз, көк, жүйрік.
Дескриптор Білім алушы
- салыстырмалы шырай жасайды
9. Тест тапсырмалары
1. Сын есім
A) Іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысын білдіреді
B) Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы
C) Заттың іс-әрекетін, қимылын, сипатын білдіретін сөз табы
D) Зат есім, сын есім, сан есімнің орнында жүретін, қолданатын сөз табы.
E) Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы
2. Сын есімнің құрамына қарай бөлінуі
A) Сапалық, қатыстық
B) Негізгі, туынды
C) Дара, күрделі
D) Салыстырмалы, асырмалы
E) Күшейтпелі, қатыстық
3. Заттың жай қалыпты түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін шырайдың түрі
A) Салыстырмалы шырай
B) Асырмалы шырай
C) Жай шырай
D) Ашық рай
E) Күшейтпелі шырай
4. Заттың сындық белгісін, басқа затпен салыстырғанда кем немесе артық екендігін білдіретін шырайдың түрі
A) Салыстырмалы шырай
B) Асырмалы шырай
C) Жай шырай
D) Ашық рай
E) Күшейтпелі шырай
5. Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық немесе өте кем екендігін білдіретін шырайдың түрі
A) Салыстырмалы шырай
B) Күшейтпелі шырай
C) Жай шырай
D) Ашық рай
E) Шартты рай
6. Сапалық сын есімдерді көрсет
A) Жақсы, кіші, өнерлі
B) Жаман, алыс, күзгі
C) Ақ, сары, ашық
D) Дауысты, дауыссыз, ұзын
E) Сұр, қызылдау, жаманырақ
Дескриптор Білім алушы
- сын есім ережесін қайталайды
- тест тапсырмаларын орындайды
6 тақырып: Ана тілің арың
бұл.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Қ.Мырзалиев
1. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
Сүйемін туған тілді анам тілін,
есікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген,
«Апа» деген сүйгендік сөз һәм менен.
Қалжақтап алып қашып құрбы бөркін,
Сол тілменен ойнадым далада еркін.
Сол тілменен бірінші сыртқа шыққам,
Өмірден, ен даладан ұққам көркін.
Сол тілменен білгіздім тілегімді,
Бірінші сүйген жарға жүрегімді.
Маған қарай тығылып «жаным» деген,
Мойнына апарғанда білегімді.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен ұғынды, әдетті мен жаттадым,
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді мәнерлеп оқиды
- өлеңді жаттап алады
2 Сан есімнің түрлерін алты бағанға орналастыр.
Бір, үш жүздей, екінші, біреу, үш, жүз-жүзден, оныншы, үшеу, бес-алтыдан, мың, он шақты, екі мың он бесінші, алтау, жиырмаға тарта, үш-үштен, бір мың екі жүз, төрт жарым, онның үші, жиырма-отыздан, елуге тарта, жетеу,жүзден бірі, қырық, елу, тоғыз жүз, жүз қаралы, қырқыншы, төрт жүз елудей, үштен екісі.
Есептік |
Реттік |
Жинақтық |
Бөлшектік |
Топтау |
Болжалдық |
М: бір |
М: бірінші |
М: біреу |
М: екіден бір |
М: Екі-екіден |
М: Он шақты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- сан есімді еске түсіреді
- сан есімдерді алты бағанға орналастырады
3. Мақал-мәтелдердегі сан есімді тауып, орнына қойыңдар.
1) Жұт ... ағайынды.
2) ... атасын білмеген ұл жетесіз.
3) ... атасын білген ұл ... жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл құлағы мен жағын жер.
4) Өзі жақсы кісіге ... кісілік орын бар.
5) ... қошқардың басы ... қазанға сыймас.
6) ... жылға қоян терісі де шыдайды.
7) ... қолың ұрысшы болса,
... қолың арашашы болсын.
8) ... метр мұзда ... күнде қатпайды.
9) ... оқты бұлан көтереді,
... оқты ұлан көтереді.
10) ... ала болса ауыздағы кетеді.
... түгел болса төбедегі келеді
Дескриптор Білім алушы
- мақал мәтелден түсіп қалған сан есімді табады
- сан есімдерді орнына қойып, мақал-мәтелді аяқтайды
4. Тест тапсырмалары
1. Сан есімнің мағыналық түрі
A) Бес;
B) Төрт;
C) Үш;
D) Алты;
E) Жеті.
2. Заттың реттік қатарын білдіретін сан есім
A) Есептік;
B) Болжалдық;
C) Реттік;
D) Бөлшектік ;
E) Жинақтық.
3. Заттың нақты санын білдіретін сан есім
A) Есептік;
B) Болжалдық;
C) Реттік;
D) Бөлшектік;
E) Жинақтық.
4. Заттың жинақталған санын білдіретін сан есім
A) Есептік;
B) Болжалдық;
C) Реттік;
D) Топтау;
E) Жинақтық.
5. Жинақтық сан есімнің сұрағы
A) Неше,қанша?
B) Нешінші?
C) Нешеден?
D) Нешеу?
E) Қай шамалы ?
6. Септік жалғауы бар сан есімдерді көрсет
A) Бірінші, мыңыншы, оннан;
B) Бестен, екеуін, қырыққа;
C) Бес-бестен, он, жеті;
D) Үшеудің, он тоғыз, жиырмасыншы;
E) Жүз бір, он алтыда, тоқсан екі.
Дескриптор Білім алушы
- сан есімді еске түсіреді
- сан есім түрлеріне жасалған тест сұрақтарына жауап береді
5. Берілген сөздерді орыс
тіліне аударыңыз.
Еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар.
Дескриптор Білім алушы
- сөздерді орыс тіліне аударады
- сөздердің мағынасын түсінеді
6. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз.
Қазба байлықтар, кен орындары, жәдігерлер, алтын адам, обалар, археологиялық зерттеулер, экспедиция, мамандық иелері, жастар, студенттер.
Дескриптор Білім алушы
- сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын түсінеді
- сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырады
7. Мәтінді оқып, стилін анықтаңыз.
- мәтінді оқып, стилін анықтаңыз
-мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз
-мәтінде айтылған тәртіптерді жадыңызда ұстаңыз
-мәтіннен есімдіктің түрлерін тауып, теріп жазыңыз
Әлем жұртшылығы тарихы деректері
мен мүраларға қашанда үлкен қызығушылыкпен, құлшыныспен
қарайды. Жаһан жұртшылығының басым бөлігі туристік сапарға шыға
қалса, міндетті түрде тарихи бай өлкелерге ат басын
тірейді. Мәселен, Мысырдың пирамидаларын немесе Ұлы
Қытай қорғанын көру кезінде сұлулыққа деген
құштарлығы бар жандардың барлығының армны болар. Ал, жекелей
заттардың да құны, бағасы жылдан – жылға артып келеді.
Мысалы, әйгілі суретші Леонардо да Винчидің
«Джокондасы» әлі күнге дейін сақтандырылмаған екен. Оның
басты себебі картина құнының жоқтығы екендігі
бізге бұрыннан
мәлім.
Қазақстан жерінде де көптеген
археологиялық қазбалар табылған. Көне қалалардың орны
халқымыздың бай тарихынан сыр шерткендей. Ал,
күні бүгінге дейін жоғалмай келген Тараз,
Түркістан сияқты сан ғасырлық тарихы бар қалалар
бүгінде көптеген туристердің таңдана отырып аралайтын
мекеніне айналған.
Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. Қала орындары, зираттар, мешіт- медреселер кең байтақ Отанымыздың түкпір- түпкірінен табылған.
Ал, Алматы облысындағы есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде алыс -жақын елдердің барлығы елең еткенді. Бұл 1970 жыл болатын. Археологиялық олжаны тапқан тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев басқа да ғалымдармен кеңесе отырып бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда өмір сүрген сақ ханзадасы деген шешімге келді. «Алтын адамның» бойындағы қаруы да, үстіндегі киімі де түгелдей дерлік алтыннан құйылған. Бұл ең алдымен киімнің ішіндегі адамның, сонан соң оның елінің дәулетін көрсетсе, екіншіден сол кездің өзінде-ақ түсті металлургияның қыр - сырын меңгерген тайпалардың өмір сүргенін куәландырғандай. Аталмыш олжаның көшірмесі Алматыдағы Орталық мұражайға қойылды, кейін қазақ елінің басты символы ретінде басқа елдерде қойылған көрмелерге шығарылды.
Оңтүстік астананың орталық алаңында (Республика алаңы) Тәуелсіздік монументінің негізгі бейнесі де осы «Алтын адам».
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- мәтіннің стилін анықтайды
8. Жоғарыда берілген мәтіннен есімдіктерді тауып, оларды мағыналық түрге ажыратыңыз, бағанға орналастырыңыз.
Жіктеу |
Сілтеу |
Сұрау |
Өздік |
Белгісіздік |
Болымсыздық |
Жалпылау |
М: мен |
М: ол |
М: кім |
М: Өзіміз |
М: әлдекім |
М:ешбір |
М: күллі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді мұқият оқиды
- мәтіннен есімдіктерді табады
- есімдіктерді мағыналық түрлерііне ажыратады
- есімдіктерді түрлеріне қарай кестеге орналастырады
9. Мәтін мазмұнына сәйкес төмендегі сөздерді өзара байланыстырыңыз.
Екінші «Алтын адам» |
бұл тұрғыдан Қазақстан жерін зерттеудің негізгі жұмыстары ХХ ғасырда жүргізілген. |
Археологиялық қазбаларға келетін болсақ, |
1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған |
«Алтын адам» табылған |
көптеген археологиялық қазбалар табылған. |
Қазақстан жерінде де |
Алматы облысындағы есік қорғанынан |
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді мұқият оқиды
- мәтін мазмұнына сай сөздерді байланыстырады
10. Сұрау есімдігінің септелуі мен тәуелденуін көрсетіңіз.
Сұрау есімдігінің септелуі |
Сұрау есімдігінің тәуелденуі |
Атау: кім Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес |
І жақ: кімім ІІ жақ
ІІІ жақ |
Дескриптор Білім алушы
- сұрау есімдігінің септелуін көрсетеді
- сұрау есімдігінің тәуелденуін көрсетеді
11. Мақал-мәтелдерді ұйқасын тауып жалғастырыңыз.
1) Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де ... .
2) Ұстаның бізі сүйкімді, ... ... ... .
3) Ұстаның өрісі көрігінен ... ... .
4) Алтын менен күмісті Зергер үшін жаратқан,
Арқар менен құлжаны ... ... ... .
5) Шебердің инесі де алтын, ... ... ... ... .
6) Шеберді саусағы асырайды
7) Қойшыны таяғы асырайды, ... ... ... .
8) Диқан жерді анасындай сүйеді, ... ... ... ... .
9) Егіншіні кетпеннің жүзі ... .
10) Малды баға білмеген пайданы ... ... .
Керекті сөздер: төсіне дейін, мерген үшін жаратқан, жақсының сөзі сүйкімді, бармағын жалар, соққан түймесі де алтын, таба білмейді, асырайды, жер диқанын баласындай сүйеді, қасқырды аяғы асырайды.
Дескриптор Білім алушы
- мақал-мәтелдерді оқиды
- керекті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді толықтырып жазады
12. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса.
1. Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған.
2. Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы бұл олжаны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті
жазығынан қазып алған.
3. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын адам» жатқаны белгісіз.
4. Алматы облысындағы есік қорғанынан «Алтын адам» табылған кезде алыс –жақын елдердің барлығы елең еткенді.
Дескриптор Білім алушы
- сөйлемдерді мұқият оқиды
- сөйлемдерге морфологиялық талдау жасайды
13. Тест тапсырмалары
1. Есімдіктің мағыналық түрі
A) бес
B) төрт
C) үш
D) алты
E) жеті
2. Сілтеу есімдіктерін көрсет
A) Бұл, мен, ешкім
B) Кейбіреу, кім, қандай
C) Анау, мынау, сол
D) Солар, ешқашан, ешқандай
E) Сонау, сен, ол
3. Жіктеу есімдіктерін көрсет
A) Бұл, мен, ешкім;
B) Кейбіреу, кім, қандай;
C) Анау, мынау, сол;
D) Солар, ешқашан, ешқандай;
E) Мен, сен, ол.
4. Жалпылау есімдіктерін көрсет
A) Бұл, мен, ешкім;
б) Кейбіреу, кім, қандай;
C) Барлық, бәрі, түгел;
D) Солар, ешқашан, ешқандай;
E) Мен, сен, ол
5. Белгісіздік есімдіктерін көрсет
A) Әлдене, кейбір, қайсыбір;
B) Кейбіреу, кім, қандай;
C) Барлық, бәрі, түгел;
D) Солар, ешқашан, ешқандай;
E) Мен, сен, ол.
6. Болымсыздық есімдіктерін көрсет
A) Әлдене, кейбір, қайсыбір;
B) Кейбіреу, кім, қандай;
C) Барлық, бәрі, түгел;
D) Ештеңе, ешқашан, ешқандай;
E) Мен, сен, ол.
Дескриптор Білім алушы
- Есімдікті еске түсіреді, оның түрлерін ажыратады
- есімдік туралы тест сұрақтарына жауап береді
7 Тақырып Ұлы тұлғалар
Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Қожа Ахмет Ясауи–1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі –Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады.
«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қазақстан Республикасы
Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан даму институты, 1998 ж
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) —ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі - «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке»,«Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші.
Қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде) дүниеге келген. Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің хандары болған. Әкесі – Аманқарағай округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың Күнтимес қыстауында ашқан қазақ мектебінде бастауыш білім алған. Шоқан осы мектепте оқып жүріп өлең, жыр, аңыз әңгімелерді оқуға және хатқа түсіруге машықтанды. Көне шағатай тіліндегі дүниелерді тануды, арабша, парсыша оқу дағдыларын меңгерді. Халық мұрасын жинауды қолға алған әкесіне көмектесе жүріп, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге» жырларының нұсқаларын жазып алуға қатысты.
1856-1857 жылғы алғашқы саяхаттарының ғылыми нәтижелері Уәлихановтың «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты еңбектерінде баяндалған. Ғылыми еңбектері ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань, Шығыс Түркістанға тарихи-географиялық шолу жасауға арналған «Жоңғария ескерткіштері», «Қазақтар туралы жазбалар» сияқты зерттеулерінің орны ерекше.
1. Етістіктерді жедел өткен шаққа қойыңыз.
Болу, тұру, жазу, оқу, бару, келу, ашу, жабу, сөйлесу, сөйлеу, сәлемдесу, танысу, жұмыс істеу, түсіну, үйлену, тұрмысқа шығу.
Дескриптор Білім алушы
- Ұлы тұлғалардың өмірімен танысады
- етістіктерді жедел өткен шаққа қойып жазады
2. Тест тапсырмалары
1. Етістік
A) Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы;
B) Заттың, ұғымның , құбылыстьң атын білдіретін сөз табы;
C) Заттың іс-әрекетін ,қимылын,сипатын білдіретін сөз табы ;
D) Іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысын білдіреді,анықтайды;
E) Зат есім, сын есім, сан есімнің орнында жүретін, қолданатын сөз табы.
2. Етістіктің тұлғасына қарай бөліну түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
3. Етістіктің құрамына қарай бөліну түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
4. Етістіктің мағынасына қарай бөліну түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
5. Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай етістіктің түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
6. Етістіктің мағыналық ерекше түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
Дескриптор Білім алушы
- етістіктің түрлерін еске түсіреді
- етістік тақырыбындағы тест сұрақтарына жауап береді
3. Мақал-мәтелдерді ұйқасын тауып жалғастыр.
1) Туған жер - тұғырың,
Туған ел - ... .
2) Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін ... ... .
3) Адам елінде көгерер,
қоға ... ... .
4) Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің ... ... .
5) Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ... ... .
6) Сағынған елін аңсайды,
Сарыала қаз ... ... .
7) Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ... ... .
8) Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе ... ... .
9) Ынтымақсыз елді - Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді - ... ... .
10) Елуінде ер дана,
Елу жылда ... ... .
Дескриптор Білім алушы
- етістіктің түрлерін еске түсіреді
-мақал-мәтелдердің жалғасын тауып толықтырады
4. Тест тапсырмалары
1. Болымсыздық жұрнағын табыңыз:
A) -са
B) -ма
C) -дыр
D) -ар
E) –сыз
2. Есiмнен етiстiк жасайтын өнiмсiз жұрнақ?
A) -ымсы
B) -сыра
C) –ы, i
D) –л
E) –лас
3. Есiмдерден етiстiк жасайтын өнiмдi жұрнақ?
A) –ығ, -iк
B) –гер, -паз
C) -ға, -ке
D) –шы, шi
E) –сыз, -сiз
4. Күрделi етiстiктi табыңыз:
A) ертең маған кел
B) әкеңе барып қайт
C) сен маған жәрдемдесіп жібер
D) ол келмедi
E) олар бармады
5. Етiстiктiң өткен шағы неше салаға жiктеледi?
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Өзінің «Ұмтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов — ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы.
Жазушы 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде туды. 1908 жылы Мұхтарды немере ағасы Қасымбек Семейге алып келіп, орыс мектебіне түсіреді. Оның тұңғыш күрделі шығармасы – «Еңлік-Кебек» драмасы
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушылардың бірі болды. «Еңлік-Кебек», «Қаракөз», «Түнгі сарын», «Ақ қайың», «Тас түлек», «Тартыс», «Алма бағында» сияқты шығармаларында кеңес адамдарының жаңа өмір қалпын, жасампаз еңбегін бейнелейді. Осы салаға ерекше көңіл бөліп, қаламгерлік жолының әр кезеңінде бас-аяғы жиырмаға жуық пьеса жазды.
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы- бүкіл кеңес әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық- көркемдік биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Дүние жүзінің отыздан астам тіліне аударылып жарық көрген бұл шығарма миллиондаған оқырманды сусындатып, оларға ұлы Абайды, Абай арқылы қазақ халқын паш етті.
М.Әуезов — тек қана жазушы емес, қазақ әдебиет ғылымының ірі теоретигі, абайтанудың негізін салушы. Ол түркі тілдері әдебиетінің тарихы жөнінде терең ғылыми зерттеулер жасады.
Оның қаламынан әлемдік және орыстың тамаша классикалық әдебиетінің, бауырлас халықтар әдебиетінің танымал шығармаларының тәржімелері туды.
5. Етістіктерді тұйық етістікке айналдыр.
Қайнатып, қолданады, жабылатын, жанып, тұрған, жасайтын, ерітілген.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді мұқият оқиды
- мәтінде кездескен етістіктерді тұйық етістікке айналдырады
6. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, мақсат мәнді сөйлемдер құрастыр:
Қарлұқ ақсүйектері, негізгі тайпалар, Жетісуда, өнеркәсіп, қала мәдениеті, отырықшы халық, көшпенділер,сауда-саттық.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды
- сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мақсат мәнді сөйлем құрастырады
7. Кестедегі сөздердің синонимін және антонимін сөздік арқылы жаз
Берілген сөз |
Синонимдес сөз |
Антонимдес сөз |
Қиын |
|
|
жәрдем беру |
|
|
Жиі |
|
|
Зор |
|
|
Таяз |
|
|
Көп |
|
|
Дескриптор Білім алушы
- оқушылар синоним мен антонимді еске түсіреді
- берілген сөздердің синонимдері мен антонимдерін бөліп жазады
9. Мына мақал-мәтелдерді толықтырып, мағынасын түсіндіріңіз.
1. Су жүрген жер береке, ... ... ... ... .
2. Бұлақ көрсең - ... ... .
3. Дария басы - ... .
4. От пен су- ... ... .
5. Судың жолын ... ... .
6. Су ішкен ... ... .
7. Су – ырыстың көзі, ... .
8. Сасық су да бір, ... ... .
Керекті сөздер: құдығыңа түкірме, көзін аш, еңбек кірістің көзі, бұлақ, құм бөгер, сараң да бір, ел жүрген жер мереке.
Дескриптор Білім алушы
- мақал-мәтелдерді толықтырады
- мақал-мәтелдердің мағынасын түсінеді
8. Тест тапсырмалары
1. Етістік
A) Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы;
B) Заттың, ұғымның, құбылыстьң атын білдіретін сөз табы;
C) Заттың іс-әрекетін, қимылын, сипатын білдіретін сөз табы ;
D) Іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысын білдіреді, анықтайды;
E) Зат есім, сын есім, сан есімнің орнында жүретін, қолданатын сөз табы.
2. Етістіктің тұлғасына қарай бөліну түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
3. Етістіктің құрамына қарай бөліну түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
4. Етістіктің мағынасына қарай бөліну түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
5. Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай етістіктің түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
6. Етістіктің мағыналық ерекше түрлері
A) Негізгі етістік, туынды етістік;
B) Дара етістік, күрделі етістік;
C) Болымды етістік, болымсыз етістік;
D) Салт, етістік, сабақтас етістік;
E) Есімше, көсемше.
Дескриптор Білім алушы
- етістікті еске түсіреді
- етістік туралы тест сұрақтарына жауап береді
9. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА!
М.Айтхожина
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдырет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда!
Тағдырым, даралама тілден мені,
Тіл – елмен қауыштырар іргемдегі.
Тіл – елмен табыстырар алыстағы,
Аспандатар жердегі жүрген мені.
Тілмен өрлер мерейім өрлесе де,
Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме?
Тілер едім таусылса ақтық демім,
Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де...
Ерекше бір сән беріп көшке бүгін,
Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім.
Ана тілім рухымды көтереді,
Самал тербеп тұрғандай текше гүлін.
Өмір кешіп басынан ала құйын,
Жат жерінде күңіренткен дара күйін;
Атамекен,
Аңсаған Ана тілін,
Арманда өткен Мысырда Фарабиім!..
5. Мына үстеу сөздердің синонимін табыңдар.
ерте, барша, әдейі, ілгері, дәйім, босқа, абайсызда.
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді түсініп оқиды
- үстеу сөздерінің синонимін табады
8 тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан»
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
С.Сейфуллин.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр біріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.
Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
-
Мәтіндегі үстеулерді тауып, түрлерін анықта, олардың жасалу жолдарын түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды, үстеуді табады
-
үстеудің түрлерін анықтайды
- үстеудің жасалу жолдарын түсіндіреді
2.Төменде берілген үстеулерден сөйлем құра.
Ұдайы, жата-жастана, қазір, ерте, әбден, керісінше, бұрындау, әрең, батырларша, ішкері, артта, әуел баста, күнімен, ежелден, осылайша, екеулеп, шетінен.
Дескриптор Білім алушы
- берілген үстеулерден сөйлем құрастырады
3.Берілген сұрақтарды топ болып талқылаңдар.
1.Ұлттың ұлт болып қалыптасуына не қажет деп ойлайсыз?
2. «Жер тағдыры-ел тағдыры» деген сөзді қалай түсінесіз?
3.Өлі тілдерге қандай тілдер жатады?
4.Тілді сақтау үшін не керек деп ойлайсыз?
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды, берілген сұрақтарды топ болып талқылайды
4. Төменде берілген үстеулерді мағынасына қарай топтастыр.
Амалсыздан, қасақана, үйді-үйіне, нағыз, тікелей, қайыра, анағұрлым, бостан-босқа, жоққа, тең-теңімен, әуел баста, бүрсігүні, кері, кейде, тысқары, ала жаздай, мұнда, бірен-саран, бірталай, рет-ретімен, әлдеқашан, күндіз.
Мезгіл үстеу |
Мекен үстеу |
Мөлшер үстеу |
Сын (бейне) үстеу |
Күшейту үстеуі |
Мақсат үстеуі |
Себеп-салдар үстеуі |
Топтау үстеуі |
М: бүгін |
М: жоғары |
М: соншалық |
М: өзінше |
М. орасан |
М: жорта |
М.бекерге |
М:Алды-алдына |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- берілген үстеулерді мағынасына қарай топтастырады
5. Мақал-мәтелдерді толықтыр.
1.
Еңбегіне қарай -
құрмет,
... ... - ... .
2.
Еңбегіне қарай
табысы,
... ... ... .
3.
Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз
болады.
Еңбегің қатты болса,... ... ...
.
4.
Еңбек адамның
көркі,
... ... ...
.
5.
Еңбек — ата, ... - ...
.
6. Еңбек бейнет емес , ... .
7.
Еңбекке бейім
болсаң,
... ... ... .
8.
Еңбек ерлікке
жеткізер, .
... ... ... .
9.
Еңбек етпей елге
өкпелеме,
... ... ... ... .
10.
Еңбек ет те
мактан,
... ... ... .
Керекті сөздер: қатарыңнан кейін болмайсың, Ерлігіне қарай дабысы, татқаның тәтті болады, зейнет, жер - ана, Ерлік елдікке жеткізер, Адам заманның көркі, Егін екпей жерге өкпелеме, Ойнап күл де шаттан,
Жасына қарай - ізет.
Дескриптор Білім алушы
- берілген мақал мәтелдерді оқиды
-
мақал мәтелдерді керекті сөздермен толықтырады
6. Тест тапсырмалары
1. Үстеулердiң iшiнде орын таңдамайтыны…
A) мекен үстеу
B) мақсат үстеу
C) мезгiл үстеу
D) сын үстеу
E) мәлшер үстеу
2.Үстеудiң сөйлемдегi қызметi…
A) бастауыш
B) анықтауыш
C) пысықтауыш
D) толықтауыш
E) баяндауыш
3.Үстеулердiң мағыналық тобы қанша?
A) 19
B) 12
C) 6
D) 8
E) 2
4.Барыс септiктiң көнеленуiнен туған үстеудi көрсетiңiз:
A) бiрге
B) абайсызда
C) төтеден
D) ретiмен
E) әрең
5. Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер нешеге бөлiнедi?
A) 2
B) 3
C) 4
D) 5
E) 6
6.Негiзгi үстеудi көрсетiңiз:
A) ерте
B) әзiрге
C) әншейiн
D) адамша
E) ертеңгiсiн
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды, үстеуді табады
-
үстеулер туралы тест сұрақтарына тест тапсрмасын орындайды
7. Өлеңді мәнерлеп оқып, түсініп алыңыз.
Абай
Құнанбаев
Жасымда ғылым бар деп
ескермедім,
Пайдасын көре тұра
тексермедім.
Ержеткен соң түспеді
уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш
сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім
жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме
едім?
Адамның бір қызығы — бала
деген,
Баланы оқытуды жек
көрмедім.
Баламды медресеге біл деп
бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп
бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске
өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес
бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам
жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс
көрмедім.
8. Мәтінді оқып, стилін анықтаңыз.
- мәтінді оқып, стилін анықтаңыз
-мәтіннен термин сөздерді теріп жазыңыз
-мәтінде айтылған тәртіптерді жадыңызда ұстаңыз
-мәтіннен есімдіктің түрлерін тауып, теріп жазыңыз
Шұрайлы да, көрікті Жетісудың көркем де келісті бір бөлігі Есік аумағы. Әдетте, «Есік» дегенде біздің көз алдымызға төбесі көк тіреген таулар, Алатаудың көз моншағындай мөлдіреп жатқан Есік көлі мен Жасылкөл, сұлулығы көз суыратын Түрген шатқалы, жартасты жарып, таудан тулай аққан сарқырамалар келері сөзсіз. Әрине, сонымен қатар Есіктің ғана емес, байтақ Қазақ елінің атын әлемге әйгілеген, Отандық қана емес, әлемдік тарихқа жаңалық әкелген сақ ханзадасы – «Алтын адам» да ойға оралады. Жалпы, Жетісу өлкесі, соның ішінде Есік аумағы бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа қарқын ала бастаған туризм саласының болашақ үлкен бір бұтақтарының бірі. Бұл маң тек табиғи туризмді ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени туризмді де дамытуға аса қолайлы аймақ.
Көрікті мекенде көненің көзіндей болып бізге жеткен әйгілі сақ қорғандары, тарихын тасқа қашап жазған бабаларымыздың сөзіндей болып аманат қалған тас бетіндегі суреттер, түп-тұқиянымыздың келелі кеңесі мен кемеңгер шешімдері өткен қала-жұрттары мен еңселі ордаларының орындары сынды қадіріне жете білсек қаншама ұрпаққа мақтаныш болар тарихи нысандар да көптеп саналады.
Сол мұраларымызды жан-жақты зерттеп, зерделеп, көпшілікке таныстыру, оларды көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ету, рухани байлығымыздың қадіріне жете білу үшін Елбасының қолдауымен қолға алынған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасы аясында 2010 жылы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы құрылды. Ежелгі сақтардың астанасы орналасқан жерден құрылған бұл мұражайдың атқаратын істері өте ауқымды. Орайы келгенде, бір жағы – тарихқа тағзым, екінші жағынан – құлақтанбаған халыққа белгілі болсын деген ниетпен ата мұрамыздың ғылыми, мәдени һәм танымдық зерттелу кезеңдері мен оны мәдени туризм мақсатында пайдалану жолындағы атқарылған жұмыстарды саты-сатысымен айта кеткен жөн болатын шығар.
Досым Зікірия «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғалым-хатшысы
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді оқиды, стилін анықтайды
-
мәтіннен термин сөздерді теріп жазады
- мәтінде айтылған тәртіптерді жадында ұстайды
Мәтіннен есімдік түрлерін тауып, теріп жазады
9. Төменде еліктеуіш сөздерді топқа бөліп, бағанға орналастыр.
Тарс етті, салп, қарқ етті, жалт, жалп, топ ете түсті, сырт-сырт, маң-маң, дар-дар, қорбаң, қорқ, сарт-сұрт, тарбаң-тарбаң, сатыр-күтір, салдыр-күлдір, бұрқ-сарқ, жалт-жұлт, сарқ-сарқ, жапыр-жұпыр, тоқ-тоқ, сырт, шыңқ, желпең, арбай, балпай, қырш, шіңк, шыр.
Еліктеуіш сөздер |
Бейнелеуіш сөздер |
М: тарс |
М: арбаң-арбаң |
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- төмендегі еліктеуіш сөздерді топқа бөледі
-
оларды бағанға орналастырады
10. Берілген еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Еліктеу сөздер |
Сөйлемдер |
М: Арбаң-арбаң
Үлбіре Дүркіре Адыраңдап Құжынап Сырт-сырт Шаңда-шұң Қылаң етіп |
М: Алыстан арбаң-арбаң етіп бір бейне көрінді. |
Дескриптор Білім алушы
- берілген еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды
11. Мақал-мәтелдерді ұйқасын тауып жалғастыр.
1) Батырды жауда,... ... ... .
2) Батырдан – сауға,
... - ... .
3) Мерген қорғаныста тіреніш,
... ... .
4) Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,
... ... - ... ... .
5) Еліңді сүйсең, ... ... .
6) Батырға оқ дарымайды,
... ... ... .
7) Ер сасқанда белгілі,
... ... ... .
8) Уайым түбі тұңғиық,
... ... ,
Тәуекел түбі жел қайық,
... ... .
9) Дұшпанға тастай қатты бол,
... ... ... ... .
10) Тура ағаш үйге тіреу,
... ... ... ... .
Керекті сөздер: Тура жігіт елге тіреу , шешенді дауда сына, ерлік істейсің, батасың да кетесің, шабуылда сүйеніш, батылға жау жоламайды, бінесің де өтесің , ат шапқанда белгілі, аңшыдан-сыралғы, досыңа балдай тәтті бол, бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.
Дескриптор Білім алушы
- мақал мәтелдердің ұйқасын тауып жалғастырады
12. Төменде берілген еліктеуіш сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Тарс етті, салп, қарқ етті, жалт, жалп, топ ете түсті, сырт-сырт, маң-маң, дар-дар, қорбаң.
Дескриптор Білім алушы
- берілген еліктеуіш сөздерге фонетикалық талдау жасайды
13. Тест тапсырмалары
1. Еліктеу сөзді тап?
A) Кәрі
B) Тек
C) Шөп
D) Құрау-құрау
E) Жыбыр-жыбыр
2. Бейнелеуіш еліктеу сөзді көрсет
A) Жым-жырт
B) Тарс-тұрс
C) Гүрс- гүрс
D) Қорбаң-қорбаң
E) Ызың-ызың
3. Еліктеуіш сөздер нешеге бөлінеді?
A) 5
B) 2
C) 4
D) 3
E) 6
4. Еліктеуіш сөздер дегеніміз не?
A) айналадағы әртүрлі құбылыстың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне
еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер
B) табиғатта заттардың қозғалуын, күйін көру арқылы сипаттайтын,
бейнелейтін сөздер
C) етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар арқылы жасалады әрі шақтық,
модальдық және басқа мәнді білдіретін сөздер
D) жұрнақтың етістік негізіне жалғанып, олардан етістік қасиеті де, есім
қасиеті де бар туындаған сөздер
E) сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының
пікірін, көзқарасын білдіретін сөздер
5. Еліктеуіштен жасалған зат есімді тап
A) таныл
B) жазыл
C) ырыл
D) қызыл
E) айыл
6. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөз?
A) аппақ
B) биік-биік
C) шіңк-шіңк
D) әп-әдемі
E) алқа-салқа
7. Еліктеу сөзі бар сөйлемді тап
A) Ұлпан бүгін көңілді.
B) Шыдай алмай далаға шығып кеттім.
C) Көшеде біреу кетіп барады.
D) Көлбең- көлбең етеді.
E) Қызық еді Аянның мінезі.
Дескриптор Білім алушы
- тест тапсырмаларын орындайды
9тақырып Туған жер
1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
Бұл жарыққа аяқ басып туған
жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған
жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес
күнімде
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен -
түбім.
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен -
Күнім.
Тәтті суың дәмі аузымнан еш
кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түріп, қозы қуып,
жарысып,
Батпағында тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал
күндіз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
«Адам басы - Алла добы» деген
рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кім біледі, мен де шетке кетермін,
Туған жерім, сені тастап басым жас.
Мағжан Жұмабаев
2 «Туған жердің күні де ыстық,
түні де ыстық» деген тақырыпта эссе
жазу
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді мәнерлеп оқиды
-
берілген тақырыпқа сай эссе жазады
3. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аудар.
Қыпшақ - қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда Қыпшақ мекендеген жерлерде моңғолдық және еуропа нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды.
Дескриптор Білім алушы
- берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударады
4. А) Мына сөйлемдер мен сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жасаныз.
Қыпшақ хандығы күшейіп, Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. Қыпшақ рулары, Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр.
Б) Мына сөйлемнен бұрынғы өткен шақ есімше тұлғасын анықтаныз.
Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады.
Дескриптор Білім алушы
- сөйлемдер мен сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жасайды
-
сөйлемнен бұрынғы өткен шақ есімше тұлғасын анықтайды
5. Үзіндіден көмекші сөздерді тауып, қандай жалғау жалғанғанын анықтап, көшіріп жазыңыздар.
Киіз үйдің іші мұнтаздай таза, тиянақты жиналған. Бұл үйге тіпті тоқтағысы келмей кетіп бара жатса, есік алдында тұрған бала:
-
Ата, тоқтаңызшы, мына бір ожау суды ішіп жіберіңіз, жақсы болып
қаласыз, - деп қарттың қасына жүгіріп келді.
Қабылбай қарт үйдің ішіне кірмесе де, сыртынан-ақ бұл қазақ отбасындағы балалар үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету дәстүрінде тәрбиеленгенін ұқты.
Дескриптор Білім алушы
- үзіндіден көмекші сөздерді табады
-
Сөйлемдерге қандай жалғау жалғанғанын анықтайды
- үзіндіні көшіріп жазады
6. Берілген көмекші сөздерді жасалуына қарай бағандарға орналастыр.
Үй ішіне, жазып алған екен, тау астында, оқып бер, жазып ал, оқып шық, жұмыс басы, үйдің қасы.
Көмекші есімдер |
Көмекші етістіктер |
М:Үй ішіне |
М: жазып алған екен |
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- көмекші сөздердің жасалуын түсінеді
-
Жасалу жолына қарай бағандарға бөліп жазады
7. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз.
1.Диқан жерді анасындай сүйеді, жер диқанын баласындай сүйеді.
2. Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
3. Малды баға білмеген пайданы таба білмейді.
4. Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.
5. Ата кәсіп балаға нәсіп.
6. Күндіз қойын күтерсін, кешке жүнін түтерсің.
7. Тігіншіні инесі асырайды.
8. Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.
9. Орақшының жаманы орақ таңдайды.
10. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Дескриптор Білім алушы
- мақал мәтелдерді оқиды
-
Мағынасын түсінеді
8. Төмендегі сөз тіркестеріне көмекші сөздерді тауып, сөйлем құраңыз.
Көмекші сөздер: бойынша, байланысты, сәйкес, туралы.
Қаулыдағы атқарылатын іс-шараларға
Күн тәртібіндегі мәселе
Президент жарлығына
Мемлекеттік бағдарламаға
Мемлекеттік шаралар
Парламенттің шешімі
Дескриптор Білім алушы
- сөз тіркестерінен көмекші сөздерді табады
-
Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырады
9. Төменде берілген көмекші сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Үй ішіне, жазып алған екен, тау астында, оқып бер.
Дескриптор Білім алушы
- берілген көмекші сөздерге фонетикалық талдау жасайды
10. Өлеңді түсініп оқып, есте сақтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді түсініп оқиды
- есте сақтайды
11. Төмендегі шылауларды дұрыс формаға қойып, мәтін мазмұнына қарай орналастырып, сөйлем құраңыз.
Мен, бен, қарай, пен, және, шейін, әрі, да, де, үшін, сияқты, шамалы, біресе, я, яки, қарай, таман, әлде, не, немесе, жуық, тарта, соң, бұрын, болмаса, ма, ме, біресе, ше, -ау, бірақ, -ай, қой, алайда, дегенмен, сонда да, әйтпесе.
Дескриптор Білім алушы
- шылауларды дұрыс формаға қояды
-
Мәтін мазмұнына қарай орналастырады
- сөйлем құрастырады
12. Мәтін мазмұнына сәйкес төмендегі орны ауысқан сөздерді өзара байланыстыр.
Батыс Жетісудағы оңтүстіктегі өздеріне қараған иеліктеріне қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран), алғашқы қазақ хандары Дешті талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. сүйене отырып, Қыпшақтағы өкімет билігіне
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнына қарай ауысқан сөздерді өзара байланыстырады
13. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндір.
1. Диқан жерді анасындай сүйеді, жер диқанын баласындай сүйеді.
2. Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды.
3. Малды баға білмеген пайданы таба білмейді.
4. Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.
5. Ата кәсіп балаға нәсіп.
6. Күндіз қойын күтерсін, кешке жүнін түтерсің.
7. Тігіншіні инесі асырайды.
8. Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.
9. Орақшының жаманы орақ таңдайды.
10. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Дескриптор Білім алушы
- мақал мәтелдерді оқиды
-
Мағынасын түсіндіреді
14. Төменде берілген шылауларға фонетикалық талдау жаса.
Сияқты, біресе, әрі, себебі.
Дескриптор Білім алушы
- берілген шылауларға фонетикалық талдау жасайды
15. Өлеңді түсініп оқып, есте сақта.
Отан
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Ту
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!
Б.Бәмішұлы
Дескриптор Білім алушы
- өлеңді түсініп оқиды
-
Өлеңді есте сақтайды
16.Мақал-мәтелдерді толықтыр.
1. Таулы жер бұлақсыз болмас,
... ... ... ... .
2. Халық қартаймайды,
... ... ... .
3. Жауынмен жер көгереді,
... ... ... ... .
4. Көлдің көркі құрақ,
... ... ... .
5. Жер құтты болса,
... ... ... .
6. Қыстағы қар - жерге ырыс,
... ... - ... ... .
7. Жер тойынбай, ... ... .
8. Көп тепкен жерден... ... .
9. Жерге еткен жақсылық ... ... .
10. Жер көңді жақсы көреді,
... ... ... ... .
Керекті сөздер: Ат жемді жақсы көреді, ел тойынбайды, Батамен ел көгереді, жерде қалмайды, көл шығады, Жердегі ылғал – елге ырыс, Мал сүтті болады, Таудың көркі бұлақ, Қара жер қартаймайды, Сулы жер құрақсыз болмас.
Дескриптор Білім алушы
- мақал мәтелді толықтырады
СӘТБАЕВ Қаныш Имантайұлы (12.4.1899, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Ақкелін болысы, Шадра (қазіргі Сәтбаев) а. — 31.1.1964, Мәскеу, Алматыда жерленген) — ұлы ғалым-геолог, қоғам қайраткері, геол.-минерал. ғыл. докт. (1942), проф. (1950). Қазақстан ҒА-н ұйымдастырушылардың бірі және тұңғыш президенті (1946). КСРО ҒА-ның акад. (1946; 1943 жылдан коор. мүшесі), Қазақстан ҒА-ның академигі, (1946), Тәжікстан ҒА-ның құрметті мүшесі (1951). Қ. Сәтбаев қазақтан шыққан тұңғыш тау-кен инженер-геологы, Қазақстан ғылымының атасы, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы.
Қ.Сәтбаевтың негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарын зерттеуге арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орт. Қазақстанның (Сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда (1952 — 58) көп еңбек сіңірді. Ғылымға формац. металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. 1926 — 29 ж. кені мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде Сәтбаевтың еңбегі өте зор (ақиқат қоры бұрынғысынан 2,5 есе көп екенін анықтады). Бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасаған Сәтбаев бұл кеннің ауданның кең көлемдегі геол.-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін, минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай, т.б. аймақтарды ерекше назар аударып зерттеді. 1927 — 28 ж. Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спасск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялады.
А. Нұрлыбаев, К. Салықов
Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том
1 Мәтін бойынша сұрақтар әзірле.
2 Қаныш Сәтпаев туралы бұрыннан білетін ақпараттарыңмен салыстыр.
3 Мәтіннен өзіңе бұрын таныс емес қанда ақпарат алдың?
17. Тест тапсырмалары
1.Көңіл-күй
одағайы
А)
Тәйт.
В) Құрау-құрау.
С) Айт.
Д) Шай-шай.
Е)
Алақай.
2. Одағай
сөз
А)
Паһ-паһ.
В) Талапты.
С) Ұлдың.
Д) Мырс.
Е)
Жеңіс.
3. Одағайды
тап
А)
Дүрс-дүрс
В) Ойбай
С) Мырс
Д) Жорта
Е) Ғой
4. Одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс
белгісін тап
А)
Дефис
В) Үтір, леп белгісі
С) Нүкте
Д) Сызықша
Е)
Нүктелі-үтір
5. Одағай қатысқан
сөйлем.
А) Қап, автобус кетіп
қалды-ау.
В) Көрсетпе! Тый көзіңнің жасын!
С) Аспанды бұлт басқан.
Д) Далада жаңбыр жауып тұр.
Е) Гүрс-гүрс еткен мылтықтың дауысы
естілді.
6. Көңіл – күй
одағайы
А) Моһ-моһ,
жануар!
В) Паһ, неткен дауыс!
С) Ауқау-ауқау!
Д) Құрау-құрау,
тұлпарым!
Е) Кә-кә, келе
ғой.
7. Одағай сөзге байланысты қойылып тұрған
тыныс белгіні тап.
А) Желтоқсанда екінші тоқсан
аяқталады.
В) Арман, сен үйіңе бара ғой.
С) Амал қанша,ақырын күту керек.
Д) Әттең, қазір жанымда ағам болғанда ғой.
Е) Балам, арыңды жасыңнан
сақта.
8. Дефис қойылуы тиіс одағай сөзді
тап.
А)
Тәйт.
В) Ойбай пәлі.
С) Пәлі ойбай.
Д) Әттең.
Е) Ойбай
ай.
Дескриптор Білім
алушы
- тест тапсырмаларына жауап береді
18 . Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап ал.
ТУҒАН ЖЕР
Қ.Аманжолов
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға – алтын бесік туған жер,
Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!
Жатса алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, -
Арманым жоқ бұл дүниеде, - дер едім;
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім;
Қызығыңды көріп еркін келемін,
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым – сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен – төрінде рахаттың,
Алтын діңгек - өзім туған босағам!
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді тап
A) Ақ көйлек
B) Істің ақ, қарасы тексерілді
C) Жігерлі адам
D) қара киім
E) Қызыл шапан
2. Тура мағынада жұмсалынып тұрған сөзді көрсет
A) Қалың қол
B) Қалың кітап
C) Қалың жаңбыр
D) Қалың ел
E) Қалың мал
3. Араб, парсы елдерінен енген сөзді тап
A) Көрші
B) Жаз
C) Пән
D) Өгіз
E) Арқар
4. Сақтық ұғымындағы мақал-мәтел қайсы?
A) Жақсының үйі мен түзі бірдей
B) Ат тұяғын тай басар
C) Соқыр атқа қотыр ат үйір
D) Мыңды айдаған бірді айдар
E) Оң көзіне сол көзің қарауыл болсын
5.Қатыстық сын есімді тап
A) Ыстық күн
B) Жұмыр ағаш
C) Орманды өлке
D) Қызылдау өлке
E) Ыстық шәй
6.Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсет
A) Ұзындау
B) Сүйкімді
C) Әп-әдемі
D) Бостау
E) Қысқаша
7. Жинақтық сан есім
A) Қырық-елу
B) Сегізінші
C) Жетеу
D) Бестен бір
E) Елу екінші
8. Септік жалғауында тұрған есімдік
A) Менмін
B) Сенікі
C) Сендерсіңдер
D) Ол
E) Сізге
9. Белгісіздік есімдікті көрсет
A) Қайсыбіреу
B) Өзіміздің
C) Біздің
D) Баршамыз
E) Бәріміз
10. Дерексіз зат есім дегеніміз не?
A) Бір түрлі көп заттың бір атауы
B) Бір түрлі көп заттың жеке атауы
C) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім
D) Ой мен танылатын зат есім атауы
E) Жер су атаулары
11. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап
A) Сезбек
B) Себеген
C) Сезіпсің
D) Сезермін
E) Сездің
12. Жинақтау зат есім
A) Қыз
B) Адам
C) Ұл
D) Әйел
E) Қала
13. Ілік септігі жалғауы жасырын тұрған сөзді көрсет
A) Колхоз бастығы
B) Бастықта отыр
C) Бастықтың баласы
D) Колхозға жүр
E) Дүкенде бар
14. Бірге жазылатын сөзді көрсет
A) Жылма-жыл, еңбек ақы
B) Қара керей, жеті ру
C) Мал шаруашылығы, еңбек күн
D) Қол үзбеу, қағаз басты болу
E) Өзара ақылдасы, қонақ асы
15. Ілгерінді ықпалды тап
A) Күрек
B) Жазушылар
C) Жұмыскер
D) Ұшқышсың
E) Құлын
16. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсет
A) Ақылды
B) Көбейгіш
C) Анар
D) Итбалық
E) Өнеркәсіп
17. Қате жазылған сөзді тап
A) Үйді жабу
B) Көрпені қабу
C) Өнерді игеру
D) Көмірді тасыу
E) Болашақ
18. Омоним сөздерді табыңыз?
A) Ел үмітін ер ақтар
B) Алма, өзіне керегі жоқ затты алма
C) Баусыз оймақ қолда тұрмас
D) Қарақұс-жыртқыш құс
E) Көңілі бұлақтай таза
19. Зат есімнің жалқы есім түрін тап
A) Әке-шеше
B) Аспан әлемі
C) Еңбекші халық
D) Қарағанды
E) Ата-ана
20. Зат есімнің жалпы есім түрін тап
A) Нұра өзені
B) Қазақстан Республикасы
C) Ердің сыншысы-елі
D) Тарбағатай өңірі
E) Ертіс маңы
21. Тәуелді жалғаулы сөзді тап
A) Ауылдың адамы
B) Қалаға бару
C) Бүлдірген теру
D) Адамды құрметтеу
E) Жауап беру
22. Зат есімді синоним қатарын көрсет
A) Ардақты, қадірлі, құрметті
B) Әжептәуір,бірталай, біраз
C) Құдірет, жасаған, жаратқан
D) Аз, саяқ, қысқа
E) Шолақ, келте
23. Синонимі бар сөйлемді тап
A) Өскен тілекке сай опералар, либреттолар туды
B) Жаратушы сан, ақыл, ес берсін десейші
C) Әр адам өз ісіне өзі маман
D) Мұраттың кітап оқуға да,ойынға да көңілі соқпады
E) Бір шортан және үш сазан ауланды
24. Мақалдардың антонимдік қолданыстағы сөздерді тап
A) Бөріктінің намысы бір
B) Дүние кезек
C) Ақылы жоқтың арманы да жоқ
D) Білім арзан білу қымбат
E) Ырыс алды-ынтымақ
25.Жалғаулық шылауды көрсет
A) Сенімен бірге кім келді
B) Өмірде болғандығын айтыпты-мыс
C) Ай секілді Айдана қыз келді
D) Орманда жүзге тарта шөп түрі бар
E) Біздің ауыл егін де егеді, мал да өсіреді
26. Септеулік шылауды көрсет
A) Тау ма?
B) Сағат сайын
C) Осы ғана
D) Ол ше
E) Әйтпесе
27. Етістік заттың ... білдіреді
A) қимылын
B) сынын
C) атын
D) санын
E) мезгілін
28. Етістіктің сөйлемдегі қызметі
A) бастауыш
B) анықтауыш
C) баяндауыш
D) толықтауыш
E) пысықтауыш
29. Заттың қимылын білдіретін сөз табы атауы
A) есімдік
B) есімше
C) етіс
D) етістік
E) үстеу
30. Етістіктің негізгі сұрағы
A) не? Кім?
B) не істеді?
C) қалай?
D) қашан?
E) неліктен?
31. Басқа сөз таптарының орнына қолданылатын сөздер қалай аталады?
A) етістік
B) сын есім
C) зат есім
D) шылау
E) есімдік
32. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
A) 4
B) 7
C) 5
D) 3
E) 2
33. Сілтеу есімдігін тап
A) сонау, мына
B) белсенді
C) әрине, мүмкін
D) бәрекелді, пәлі
E) қызыл, көк
34. Мына сөздердің ішінен жалпылау есімдігін тап
A) түгел, бүкіл
B) әр, біраз
C) өзі, өздері
D) дәнеңе, ештеме
E)ешкім, ешбір
35. Сұрау есімдігінің тәуелденетін түрін көрсет
A) әрине, шынында
B) әлдекім, біреу
C) кенеттен, төтенше
D) кіммен, не
E) кейбір, мүмкін
36. Сілтеу есімдігінің тәуелденетін түрін көрсет
A) олар, менмін
B) кетер, оқыт
C) осы, мынау
D) ақшыл, боз
E) соған, маған
37. Өздік есімдігін көрсет
A) біреу, қайсібір
B) осы, мынау
C) өздері
D) мен, сен, ол
E) күллі
38. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөз
A) аппақ
B) биік-биік
C) шіңк-шіңк
D) әп-әдемі
E) алқа-салқа
39. Еліктеу сөзі бар сөйлемді тап
A) Ұлпан бүгін көңілді
B) Шыдай алмай далаға шығып кеттім
C) Көшеде біреу кетіп барады
D) Көлбең көлбең етеді
E) Қызық еді Аянның мінезі
40. Жалғау нешеге бөлінеді?
A) 2
B) 7
C) 9
D) 4
E) 3
41. Есімше тұлғасында тұрған сөзді тап
A) барды
B) барыпты
C) барған
D) бармау
E) барғалы жүр
42. Есептік сан есімді көрсет
A) оныншы
B) бес-алты
C) жиырма бес
D) елулерде
E) жиырма шақты
43. Сын есімнің жай шырай түрін көрсет
A) үлкендеу
B) әп-әдемі
C) қызғылт
D) ең әдемі
E) жақсы
44. Қазақ тілінде неше септік бар?
A) 7
B) 6
C) 5
D) 8
E) 4
45. Тәуелдік жалғаудың 3-ші жағы?
A) дәптерім
B) дәптері
C) дәптерің
D) дәптеріңіз
E) дәптеріміз
46. Үстеуді тап
A) жыбырла
B) қараңғы
C) бүгін
D) уһ
E) сарт-сұрт
47. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігі
A) осылардан
B) осылармен
C) осылардың
D) осыларға
E) осыларды
48. Туынды зат есім жасайтын қосымша
А) –рақ, -рек.
В) –лас, -лес.
С) –ы, -і.
D) –лау, -леу.
E) –шық, -шік.
49. Туынды зат есім
А) Салмақты.
В) Ақылды.
С) Мамандар.
D) Өнерлі.
E) Оқулық.
50. Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді тап
А) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
С) Татулық- табылмас бақыт.
D) Ынтымақ түбі береке.
E) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
Дескриптор Білім алушы
- тест сұрақтарына жауап береді
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұсынылған әдістемелік құралда орыс тілді орта мектептің 5-6 сынып оқушысына мемлекеттік тілді қатынас және таным құралы ретінде оқыту, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін таныту, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйрету, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгерту, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игерту мақсатында түрлі мәтіндер мен тапсырмалар жаттығулар жүйесі берілді.
Әдістемелік құралдағы мәтіндер мен тапсырмалар оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу қабілетін арттырып, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытуға, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға, оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтіп, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйретуге, қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгертуге бағытталған.
Орыс тілді орта мектепте қазақ тілін оқытуда көмекші құрал ретінде пайдалану арқылы оқушыларға тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіріп, қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білуге төселдіреміз. Әдістемелік құралдағы жаттығуларды орындату арқылы тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгертуге, дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіруге, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға, оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыруға, тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйретуге, шығармашылық дағдыларын дамытуға қол жеткіземіз.
Орыс тілді мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты- оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет- ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс - тіршілігімен жан - жақты терең таныстыру. Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз - сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1. дыбыстармен жұмыс
2. сөздіктермен жұмыс
3. сөздік қорларын жетілдіру
4. тіл дамыту
5. ережемен жұмыс
6. ауызша сөйлей білуге дағдыландыру
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мүғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу-тәрбие жұмысының негізі - сабақ. Сапалы сабақ оқу-тәрбие ісінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді. Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мүғалімнің негізгі алға қойған міндеті - шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002
-
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.
-
Балақаев М. Тіл мәдениеті. Алматы, 2000 ж.
-
Балақаев М. және басқалар. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974ж.
-
Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы. Алматы, 2002 ж.
-
Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. Алматы, 1978ж.
-
Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. Алматы, 2002 ж.
-
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988ж.
-
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы, 1997ж.
-
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 2005 ж.
-
Қалиев Ғ. және басқалар. Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы. Алматы, 1997ж.
-
Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, 1972ж.
-
Қазақша орысша сөздік Алматы, 2008ж
-
5 сынып оқулығы Атамұра 2017ж.
-
6 сынып оқулығы Атамұра 2017ж.
Мaзмұны
Алғы сөз.....................................................................................................................3
Отбасы.......................................................................................................................4
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері...........................................6
Мемлекеттік тіл-рухани байлық............................................................................16
Мамандық таңдау...................................................................................................22
Қазақстандағы тарихи орындар.............................................................................29
Ана тілің арың бұл..................................................................................................34
Ұлы тұлғалар...........................................................................................................41
Менің Отаным – Қазақстан....................................................................................49
Туған жер.................................................................................................................57
Тест тапсырмалары.................................................................................................66
Қорытынды..............................................................................................................75
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................77
92

