Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жинақта білім алушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылған. Бұл іс-тәжірибеде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары үшін білім сапасын арттыратын қолайлы әдіс – тәсілдерді пайдалануға бөліседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2022
433
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Касымов Марат Жолымтаевич

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы

колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінінің жоғары санаттағы оқытушысы.


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА

ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ


Аннотация

Бұл жинақта білім алушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылған. Бұл іс-тәжірибеде қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары үшін білім сапасын арттыратын қолайлы әдіс – тәсілдерді пайдалануға бөліседі.


« Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыс­тарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жал­ғастыру» деп Елбасымыз айтқандай білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.

Демек, колледждердегі оқу үрдісі студенттердің танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашуы қажет.

Қазіргі жаңа оқыту технологияларының алдына қойған мақсаты бірінші орынға студенттің баянды білім алуын, білігі мен дағдысын емес, оның жеке тұлғасын білім арқылы дамыту.

Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында студенттің үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуды басым бағыты ретінде айқындады. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан, жаңартылған білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енеген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыртын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.

Өмір талабы, қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мемлекеттік тілді оқытып-үйретудің жаңа жолдарын іздеу мәселелерін талап етіп отыр.

Қазіргі кезде колледждердегі қазақ тілінің маңызы ерекше. Сондықтан бүгінгі таңда қазақ тілін оқыту әдістемесі жаңа педагогикалық, инновациялық технологияларымен, жаңа әдістермен түрлендіре оқытылады.

Оқыту әдістері – оқу-тәрбиенің мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен студенттердің өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері, ал кәсіби оқыту әдістері – бұл жүйелі және логикалық бірізділікпен іс-әрекет жасайтын педагог пен студенттің бірлескен қимылы. Осы арқылы студенттер кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберлік қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.

Қазақ тілін тиімді оқыту әдістерінің бірі – кесте-сызбаларға негізделген блокты оқыту. Бұл көбінесе грамматикамен байланысты болады. Грамматиканың ірі-ірі тақырыптарына шартты белгілердің көмегімен тақырып материалын бір бетен іздеп табуға болатындай, «Жеңілден – ауырға, белгіліден – белгісізге» дидактикалық принципі басшылыққа алынып, блоктап оқытылады.

Мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде оқыту мақсатын білім алушылардың сабақта белсенділігін арттыруға, шығармашылық, бәсекелестік деңгейлерін жетілдіруге, оқытудың жаңа инновациялық әдістерін меңгеруге бағыттаймын.

Студенттердің коллежде табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты болмақ. Осы негізде, қазақ тілі сабақтарында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отырумен қатар жаңа технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолданып, студенттің өздігінен білім алуына қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыра отырып, сын тұрғысынан ойлап, АКТ –ны қолданып, коммуникативті қарым-қатынас орната отырып, жеке, жұппен және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға жұмыстар жасап келемін.

 Әрбір сабағына аса жоғары жауапкершілікпен қарап,  елімізде білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілгені жайындағы жаңалықты студенттерге жеткізуде, Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп біліп, өз сабақтарымда, студенттердің ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі және студенттің өздігінен білім алуына жетелейтін тиімді әдіс –тәсілдерді қолдану менің басты мақсатым болып табылады. Сабақта жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды студенттердің өздері байқап, талдауына жағдай жасап, студенттерге өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуіне жетелеймін, бағдар беремін. Әр студенттің өз ойына шек келтірмей жауап беруіне дағдыландырып, студент бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына, практика кезінде өз сабақтарымда тиімді әдіс – тәсілдерді қолданамын.

Жалпы өзімнің іс -тәжірибемде жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру үшін, мына мақсаттарды орындауға тырысамын. Ол:

  • іс-әрекет үшін қолайлы ахуал туғызу табыс жағдайын қалыптастыру;

Күнде сабақтың басында, сабақты бастамас бұрын студенттер тарапынан қызығушылық, сабаққа деген ынтасын туғызып, сабаққа деген жақсы көңіл-күй қалыптастыру негізінде ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АТМОСФЕРАСЫН орнатамын. Бұл орайда, оқушының жас ерекшелігі ескеріліп;

Үш қол” , “ Сағат бойынша дос”, “Досыма хат”, “Ұшқан тілектер”

және т.б. сияқты әдістер арқылы сабақта сенімді, ынтымақтасқан орта

қалптастырамын.

  • оқу материалы мен оны ұсынуда студенттің тұлғалық тәжірибесі мен ерекшеліктерін ескеру;

Сабақ барысы, әр студенттің білімді игеруіне сәйкес материалды таңдап, оны тиімді игеруіне қолайлы әдісті таңдаумен анықталады.

Бұл негізде, студенттің тақырыпты өзіндігінен меңгеруі үшін, тек меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, мәселе тудыра отырып сабақтың мақсатын анықтату негізінде; “ Кейс стади” , “ Зерттеушілік конференция”, “Ментальді карта”, “Джиксо”, “ Тұжырымдаламалық карта” және т.б. сияқты әдістер арқылы сабақты студенттердің өзіндіктерінен меңгеруіне жағдай туғызып, жетелеймін.

  • тапсырмалардың әртүрлі деңгейлік сипаты;

Сабақ барысында, әр студенттің тапсырманы орындау деңгейін анықтап, Блум таксономиясымен дайындалған сараланған сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар дайындаймын .

  • оқу материалын таңдау мен орындауда таңдау мүмкіндігін беру;

Кей кездерде студенттердің көңіл-күйлеріне қарай оларға тапсырманы орындауға мүмкіндік беру, олар өздеріне ұнайтын, өздері мүдірмей орындайтын тапсырмаларды таңдай алады. Мұндай кезде аудиториада максималды тәуелсіздік атмосферасы орнайды. Бұл жердеде Блум таксономиясы негізінде дайындалып, “Дауыстап ойлау”, “Менің пікірім”, “Стикердегі сұрақ ” және т.б әдістерін қолданамын.

Сабақта әр студентті қандай жағдай болмасын қолдап, қолпаштап, оқуға деген қызығушылын туғызу мақсатында көтермелеу арқылы тиімді кері байланс жасау. Бұл орайда кері байланстың төрт түрін қолданамын.

  • Ауызша сұрақ арқылы кері байланыс жасау;

  • Жазбаша сауалнама арқылы кері байланыс жасау;

  • Графикалық түрде кері байланыс жасау;

  • Қозғалыспен кері байланыс жасау;

Міне, осындай әдістерді сабақ барысында жүйелі түрде қолданып, оларды оқушының қабылдауы мен игеруіне сәйкес орынды үлестіріліп отырса оң нәтижеге жетуге болатынына кәміл сенімдімін.

Сонымен қатар, курстастарын және мұғалімінің берген кері байланысы студентті қалыптастыруға, оқу мақсаттарына жетуге үлкен көмегін тигізетінін ескеріп, өз сабақтарымда студент үшін және мұғалім үшін тиімді кері байланыстардың берілуін басты назарда ұстап, кері байланыс жасаудың әртүрлі әдістерін қолданып келемін.

Қорыта келгенде, студенттердің шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, өздігінен білім алып, функционалдық сауаттылығын арттыруда, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға үлесімді қосудамын.

Студенттерді заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Студент өзінің алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Олардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

Бүгінгі таңда жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер топтамасына енген интерактивтік әдіс ұстаздар назарын өзіне барынша аударып отыр. Себебі, бұл әдіс студенттердің бойына төмендегідей әдет-дағдыларды қалыптастырады:

  1. Студент өзін-өзі еркін, батыл сезінеді.

  2. Студенттер топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді.

  3. Білімі төмен студенттер озат студенттерден кей жерлерде көмек алады. Ал, озат студенттер өз сыныптастарына қамқорлықпен қарауға үйренеді.

Осылайша интерактивтік әдіс студенттерді мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді.

Жаңа ғасыр XXI ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамуына жол ашып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелді. Ақпарттық-комуникативтік технологияларды қолдану – қазіргі кезде ең тиімді оқытудың қайнар көзі. Жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды. Студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қойып, өз ойларын сауатты, толық жеткізу дағдылары одан әрі қалыптасады.

Мәңгілік Ел болашағы – өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың қолында, сондықтан да оларға баянды білім берумен бірге ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды да дарытып, қазақ халқының бай мұраларын бойларына сіңіре тәрбиелеу мен қатар үздіксіз, сапалы баянды білім беру біздің міндетіміз.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.




Пайданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ж.Жеткізген «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері» Алматы кітап-2008ж.

  2. «Мектептегі ғылыми жұмыс». Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2009 ж., №2, №3, №6.

  3. Ш. Т. Таубаева. «Оқытудың қазіргі технологиялары». Бастауыш мектеп. – 2005 ж.

  4. А. Сатыбаева, Г. Сатыбаева. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» (мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерге арналған). Оқу-әдістемелік құрал.-Астана, 2008 ж.

  5. А. М. Құдайбергенова. Қазақ тілі. – Алматы, 2002 ж.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!