Материалдар / Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптес ұстаздарға жаңа интерактивтік тапсырмалар қолдану тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
354
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері» жинағында «... біз Қазақстанның барлық азаматтарының сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз», «... аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу» ,- деп көрсетілген болатын.

Патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік – қасиет, оның еліне, жеріне, өз ана тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, қуаттап - қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.

Оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу сабақтың басынан бастап, өн бойы жүргізіледі.Сабақты « Сенің қазақ тілін үйренуің керек. Сен – қазақ елінің азаматысың» - деген ой тастаудан бастуымыз керек. Мұндай ой тастауды үнемі қолдану патриоттық сезімді оятады. Оқушыларға елжандылық, ата-ананы сүю, Отанды сүю мәселесінде сабақтарда айтылатын мемлекеттік рәміздер, халық ауыз әдебиетінің батырлар жыры, қиссалар, ертегілер, ұлттық спорт ойындары, ұлттық салт-дәстүрлер,Отан қорғау, ел бірлігі, осыған байланысты нақылдар, мақал-мәтелдер, ұлылар сөзі т.б. арқылы оқушылардың патриоттық сана-сезімі қалыптасады. Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі, халық даналығы, сондықтан оқушыларға қазақ тілін оқыту барысында міндетті түрде мақал-мәтелдерді үйрету қажет.

Отансүйгіштік сезімі – туа бітті пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімінен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дамытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы , батыр Бауыржан Момышұлы атамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан атамыз өмірінің соңына дейін әскери-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. Б.Момышұлы сонымен бірге халықты ерлікке, патриоттық тәрбиелеудегі, жан жарасын жазудағы өнер мен әдебиеттің, музыка мен көркемөнердің құдіретті күштерін, олардың өмір үшін күресте рухани күшті құрал болғанын соғыс эпизодтарынан нақты мысалдар келтіре отырып, рухы мықты халықтың ешқашан да жаудан жеңілмейтініне баса назар аударған. Батыр атамыздан қалған жетпіске жуық нақыл сөздер бар, олар бүгінде мақал-мәтелге айналған. Мысалы, «Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр», «Ерлік білекте емес, жүректе», «Отанда опасызға орын жоқ» - деп, халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды. Біз тәлімгер жазушы Б.Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы патриоттық тәлім – тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз.

«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түседі. Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сондықтан сабақта «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыру сабақтың тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.









Талдықорған қаласы

«№ 2 орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сарсенова Қарлығаш Абайевна



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!