«Қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту»
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда
оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор Соның ішінде қазақ тілі
мен әдебиеттің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін,
арман-мүддесін танытуда, оларға рухани-адамгершілік,
этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын,
мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты
құралдардың бірі ретінде пайдалану әдебиет пәнінің басты мақсаты
болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы
айтқанда грамматикасын үйрету- қазақ тілінің басты міндеті болып
табылады.
Жалпы, функционалдық
сауаттылық дегеніміз не? Функционалдық сауаттылық дегеніміз –
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге
белсене араласуы, яғни заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы,
адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп
отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан
дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі
болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын
сапалар:
-
белсенділік;
-
шығармашылық тұрғыда
ойлау;
-
шешім қабылдай
алу;
-
өз кәсібін дұрыс таңдай
алу;
-
өмір бойы білім алуға дайын
тұруы болып табылады.
Бұл функционалдық дағдылар
мектеп қабырғасында қалыптасады.
Сабақта әр бір өтілген мәтінді
өмірмен байланыстырып отыру арқылы бүкіл табиғаттың, қоршаған
ортаның сырын, өз туған өлкеңмен байланыстырып өту баланың
қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Оқушылардың
білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына
білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің
қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар
мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру
керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы
болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың
ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан
кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға,
еңбекке дайындайды.
Жұптағы ой
қозғау. Оқушылар қандай да
болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша
келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут
қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға
жауап береді, тізімдерін толықтырады.
Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген
мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы
байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып
немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан
туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді,
оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы
әңгімелейді.
Ойлан, жұптас,
пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ,
тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған
тәсіл. Тақтада
сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз
ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут)
қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут
талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл
сыныпқа жариялауын сұрануына болады.
Алдын – ала берілген
атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып
бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау)
оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен
байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке
жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы
ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін
тыңдауына болады
Еркін
жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын
қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт
аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы
керек.
Оңай және қиын сұрақтар
кестесі. Бұл кестені оқушылар
қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесее
жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар
түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді.
Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын
сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана
жауап беруге болады.
Алтын
балық – барлық
сынып алдында өз пікірін білдіргені
болмаса, қалған жағдайда «ыстық орындық» сияқты. Олар
алтын балыққа арналған аквариумда отырады,
басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді
талап ете алады және т.б. Бұлардан өзге сабақтың бұл
кезеңінде семантикалық карта, Венн диаграммасы, сөз жұмбақ,
тәжірибе жасаут.б тәсілдерді пайдалануға
болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін
дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни
шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман
талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін
оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай
табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін үлкен абырой,
әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың
өтелгені. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай,
сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін
пайдалана білуге үйретіп келеміз.
Қорыта келгенде,
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту- бүгінгі заман
талабы. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс үйрете білу
өте маңызды. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен
жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабының туындап отырған
мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының
алдынан шыққан оқушы- өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады,
азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің
ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың
өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның
негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз
мақсатынад жетеді