Қазақ тілі сабағы барысында
критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу –
танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын көтеру;
Мектеп түлектерінің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылау;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындау;
Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізу;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралау;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата—ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
Сапалы нәтижелер беретін критерийлер құрастыру;
Өз іс—әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алу;
Сабақ берудің сапасын арттыру;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлау;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалану;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізу.
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әр түрлі әдістерін пайдалану;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсіну;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсу;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге ықпал ету.
Ата—аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысу;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылау;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызу.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
Ата—аналар оқушының оқу жетістіктері бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері
-
оқытудың мақсатын және ара-
қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор — жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Қазіргі таңда осы жаңартылған білім мазмұны бойынша бірнеше жыл жұмыс істеп жатырмын. Оқушылармен сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау барысында қалыптастырушы бағалаудың тиімді жолдарымен оқушылардың белсенділігін арттырудамыз. Сонымен қатар, әр тоқсан аяқталған кезде жиынтық бағалау жүргізіп, модерация өткізіп жақсы нәтиже көрсетудеміз.
«Қазақ тілі» пәні – білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызда пәндердің бірі болып табылады. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және ӛз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретуімен, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен айқындалады. Ӛйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне байланысты. Ал «орта білім мазмұнын жаңарту аясында жасалған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасында» қазақ тілі пәнінің бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылатынын айта келе, «Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту, сөздің құдіреті мен әсемдігін түсініп, тілдік құралдар арқылы қарым қатынас жасау әрекеттерін меңгерту, жазбаша сауаттылығы мен ауызша сөйлеу дағдыларын сабақтастыра қалыптастыру», - делінген.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С. Рахметова былай дейді: «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім баларға бақылау үлгісі көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту метотикасы» деген кітапта: «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің тұрақты машықтары қалыптасады» деп көрсетіледі. Н.Ж. Құрманова жаттығулар туралы былай дейді: «Жаттығылар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені, жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық» білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізуі үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында оқушылардың жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұрпақтары білімді де білікті болып шығары хақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі сабағы барысында критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану

шағым қалдыра аласыз