Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту әдісін қолданудың тиімділігі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту әдісін қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды 0олдану. Деңгейлік тапсырмаларды орындату оқушыға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне дайындалған сатылы жұмыстар, яғни, қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға қарай сатылы түрде орындалатын танымдық үрдістерін (ойлау, есту, көру т.б.), сөйлесім дағдыларын дамытатын әлеуметтік көзқарастарын қалыптастыратын жұмыстар жүйесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту әдісін қолданудың тиімділігі

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев «Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болашақты байланыстыратын құрал. Меніңше, тілдің тұғыры да, тағдыры да бесіктен, отбасынан басталады. Отбасында ана тілінде сөйлеп өскен бүлдіршіннің тілге деген ықыласы терең, құрметі биік болады. Біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыра береміз» - деген еді.

Функциналды сауатты, жоғары интелектуалды жастарды жан-жақты тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейін көтеру мұғалімдер қауымының алдына қойылған басты міндет. Осы міндеттерді атқаруда қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер оқушының белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімділігін күшейту, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар мұғалімнің шеберлігін шыңдауға жетелейді.

Деңгейлік тапсырмаларды орындату оқушыға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне дайындалған сатылы жұмыстар, яғни, қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға қарай сатылы түрде орындалатын танымдық үрдістерін (ойлау, есту, көру т.б.), сөйлесім дағдыларын дамытатын әлеуметтік көзқарастарын қалыптастыратын жұмыстар жүйесі. Деңгейлік саралап оқыту әдісінің негізгі мақсаты:

  • Оқушыларға стандарт деңгейінде білім беру

  • Әр оқушыға қабілеті, мүмкіндігі, сұранысына сәйкес оқыту

  • Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру

  • Шығармашылық іс-әрекет жасай алатын функционалды, сауатты жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тиімділігі мен ерекшелігі:

  • Оқушы білімі өз тараптарынан бағаланады;

  • Белсенділігі артып, қызығушылығы оянады;

  • Танымдық үрдістері (ойлау, есту, көру т.б.) жетіледі;

  • Өзіне деген сенімділігі артады;

  • Шығармашылық деңгейге жетуге ұмтылады.

Әдістері:

Материалды деңгейлеп беру:

Жаттығу әдісі арқылы бірнеше деңгейдегі тапсырмаларды орындау

Бірін- бірі тексеру арқылы жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қараевтың « Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» 4 түрге бөлінеді.

I деңгей – Репродиктивті- үйренуші Грамматикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздермен танысу, сұрақтарға түсініп жауап беру.

II деңгей- Алгоритмдік ( мақсат пен шешілуге тиіс жағдаят нақты, белгілі.

Оқушы бұрынғы алған білімін пайдалана отырып, өз бетімен жұмыс істейді.Күрделі материалды жүйелей алуы, өз білімін толықтыруы.

III деңгей. – Эвристикалық ( мақсат анық, жағдаят түсініксіз). Оны оқушы өзі толықтырады. Жаңа білімді өз ізденісімен алады. Бұл деңгей әр түрлі логикалық тапсырмаларды талдай , жинақтай алуды және салыстыра білуді қажет етеді.

IV деңгей –Шығармашылық( мақсат анық емес, жалпылама) Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады. Өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Құбылысты өз бетінше талдай келіп, өзін шағын шығарамашылық зерттеу жұмысын зарттеу жұмысын жүргізуге баулиды.

Деңгейлік тапсырмалардың алғашқы үш деңгейі мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейн құрайды. Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмаларды мұғалім жеке баланың қабілетіне қарай құрастырады. Барлық оқушы 1 деңгей тапсырмасын орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады.

Сабақ барысында қолданылатын тапсырмалар оқшыға түсінікті, қызықты болуы керек. Әр сабақ түрлендіріп отыруды қажет етеді. Мүмкіндігінше тапсырмалар әр оқушының қолында болғаны жақсы.

Мысалы: 9- сыныпта « Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша сөйлесім әрекетінің барлық түрлері орындалатындай оқушыларға мынанадай тапсырмаларды беруге болады.

I деңгей.

  1. Мәтінді оқи отырып он таныс сөз немесе сөз тіркестерін жаз.

  2. Берілген сөйлемдерді екі бағанаға бөліп жазыңыз ( шартты, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)

II деңгей.

1.Мәтін бойынша лексикалық тест сұрақтарына жауап бер.

1) « ЭКСПО-2017» көрмесі қандай тақырыпта өтті?

А) « Болашақ энергиясы» Б) «Жасыл экономика»

2) Болашақта энергияға сұраныс не себепті артады?

А) халық санының өсуі Б) халық санының азаюы

3) Қоршаған ортаны бұзбайтын қандай энергия өндірілуде?

А) баламалы Б) табиғи

4) Қай қалада « Қора» су электр стансасы орналасқан?

А) Алматы Б) Текелі

5) Біздің Шығыс Қазақстан облысында су электр стансасы бар ма?

А) жоқ Б) бар

2. Берілген сөздердің синонимдерін табыңыз

Ел-

кішкентай –

немесе берілген сөйлемдерді өз сөзіңмен жазыңыз.

1. Болашақ энергиясын су эдектр стансасы, жел энаргетикасы, күн энергетикасы, атом электр стансасынан алған тиімді.

Су ...

2. Шетелдік ірі компаниялар болашақ энергия жобаларын ұсынып, ұзақ мерзімді шартқа отырды.

Болашақ энергия жобаларын ...

III деңгей

Берілген екі мәтінді салыстыра отырып, «Венн диаграммасын» толтыр.


1 мәтін

Иерусалимдегі Еврей университетінің зерттеушісі Рабиновичтің айтуынша, бір картоп бір бөлмеге 40 күн бойы жеткілікті жарықдиодты шамдарды қосуы мүмкін.

Картоптан жасалған аккумулятор тек 1.2 вольт электр энергиясын өндіре алады. Тахистовтың айтуынша, телефон немесе планшет сияқты гаджетті зарядтауға жеткілікті ток шығару үшін көптеген картоп батареяларын қатар қосу керек.

Құрылысы қарапайым электрохимиялық элемент картоп батареясы болып табылады. Бұл электрондардың лездік ағыны арқылы екі металл электродтар немесе зондтар арасындағы химиялық энергияны электр энергиясына түрлендіретін электрохимиялық батарея.


2 мәтін

Жалпы «жасыл экономика» терминінде жер шарының болашағы деген мағына жатыр. Яғни болашақта қолданатын өнімдеріміздің барлығы экологиялық жағынан таза, экономика тұрғысынан тиімді бола түспек. Мәселен, био пакеттер. Бұл қапшықтар крахмал, жүгері сияқты өсімдіктердің ұнтағынан жасалады

Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен тұратын ток көзі.

Күн батареясының жиынтық қуаты ондаған тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареясы ғарыш кемелері мен аппараттарында энергиямен жабдықтау жүйесіндегі негізгі электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Күн батареясы сондай-ақ, тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды (калькулятор, қол сағаты, т.б.) токпен қоректендіру көзі болып табылады.

Мемлекетіміздегі кейбір қалалардағы көше шамдары күн панельдері өндірген тоқпен жұмыс істейді. Алдағы уақытта электр энергиясын үнемдеу үшін мұндай батареялар барлық жерде пайда болады.


IV деңгей

Берілген құралдарды пайдалана отырып, энергия көзін құрастыр, пайдалану орнын анықта.

Картоп аккумуляторын жинауға қажетті құралдар:

  • Көбірек электр қуатын алғыңыз келсе, кем дегенде екі картоп.

  • Мырыш немесе мырышпен қапталған екі бұранда.

  • Үш мыс сымын ал.

  • Екі кішкентай тиын немесе аллигатор клиптері, егер олар бар болса.

  • Кішкентай 3 мм жарықдиодты шам

  • Вольтметрлер немесе мультиметрлер (міндетті емес).


Деңгейлік саралап оқыту оқушы мен мұғалімнің белсенді шығарамашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.Оқушының білімі мен дағдыларындағы жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдіру жолдарын белгілейді.

Сонымен қатар, деңгейлік саралап оқыту барыснда оқушылар да өзінің оқу жұмысндағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады.

Өзге тілді мектептердегі қазақ тілін меңгерген, өз ойын, пікірін осы тілде айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыруда деңгейлеп саралап оқытудың маңызы зор деп санаймыз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2023
292
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі