Материалдар / ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
224
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ЖЕТІЛДІРУ.





Қазіргі таңдағы тіл саясатының басым бағыттарының бірі-мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту болса, оның кешенді тармағы-тəуелсіз мемлекетіміздің болашағына адал қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген оқушыларды тəрбиелеу болып табылады. Оқушылар тек білім алумен, əдет-дағдылармен шектелмеуі тиіс, оларға дербес ізденуге, талдауға, ақпаратты тиімді пайдалануға жан-жақты бағыт беру керек.

Мектеп бағдарламасында пəн негіздерін меңгеру-мəтінмен таныстықтан басталады. Оқушы мəтінмен танысады, түсінеді, түсіндіреді, талдайды, талқылайды; мəтінмен жұмыс жасау барысында сөйлеу мен ойлау дағдысын дамытады, сөздік қорын молайтады, танымдық қабілетін арттырады, дүниетанымын кеңейтеді.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру əртүрлі жағдайларға байланысты.

Басты мақсатымыз-оқушылардың сөздік қорын молайту, сөздерді дұрыс оқып, айта білуге, сауатты жазуға, бір-бірімен сөйлесе білуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша əңгімелеп бере білуге дағдыландыру, ойын қазақша жеткізе алатындай дəрежеге жеткізу, қазақ халқының əдет-ғұрпын, тілін құрметттеуге, Отанды сүюге баулу.

Тіл мен əдебиет сабақтарыңда осы бірлікті оқу үдерісінде жүзеге асырудың ең тиімді жолы- мəтін арқылы оқытуда оқу стратегияларын ұтымды қолдану. Сөйлеу əрекетінің оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім секілді бөліктері қатар жүргізілетін жұмыстар оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу мəдениеттерін жетілдірудің қайнар көзі болып саналады. Бұл тілді оқыту сапасының айқын көрсеткіші деп есептеледі.

Мəтін-«байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды білдіреді. Мəтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады. Мəтін əртүрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады, əңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі. Мəтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер жəне əртүрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады. Оқушылардың сөйлеу тілін мəтіндер арқылы дамытуды жүзеге

Тілдің арқасында біреуді-біреу танып, бір халық екінші көрші халықты біліседі.

Ахмет Байтұрсынов. асыру нəтижесінде олардың қазақ тілінен білімдері толықтырылып, мəтінмен жұмыс істеу дағдылары жетілдіріледі.

Оқытудың қазіргі уақыт талаптарына сай əдіс- тəсілдерді қолдана отырып, мəтіндермен жүйелі жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың сөздік қорларын байытып, сөйлеу тілдерін дамытуға болады. Мəтіндермен жұмыс барысында оқушылардың өз бетінше ақпарат алып, онымен жұмыс істеу дағдылары дамытылып, қазақ тілі бойынша білімдері толыға түсері сөзсіз.

Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген игі көзқарасын қалыптастыру үшін қазақ елінің сан ғасырлық мəдениетінен, салт-дəстүрінен, ұлттық құндылықтарынан танымдық ақпараттар беретін қарапайым əрі ұғынуға жеңіл тілмен жазылған шағын мəтіндер жəне түрлі дидактикалық материалдарды жаттықтыру жұмыстары кезінде пайдалана білу тіл үйренушіден үлкен шеберлікті талап етеді.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мəтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру. Мəтінмен жұмыс– сабақта өтілетін əртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар: дыбыстармен жұмыс; сөздіктермен жұмыс; сөздік қорларын жетілдіру; тіл дамыту; ауызша сөйлей білуге дағдыландыру;

Мəтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:

  1. Мəтінді оқығанға дейінгі жұмыс;

  2. Мəтінмен жұмыс кезеңі;

  3. Мəтінді оқығаннан кейінгі кезең;

Мəтін алдындағы жаттығулар мен соған сəйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мəтінде танып, айыра білу жəне əртүрлі құрылымдық материалдарды (сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б.) меңгерту.

Келесі мəтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мəтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мəтін ішінен қажет мəліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын əртүрлі тəсілмен орындау. Мəтінмен жұмысты былайша ұйымдастырамын: оқығанның мазмұнын айту, мəтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату,

бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.

Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мəтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.

Мəтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:

    1. Логикалық сұрақтар

    2. Сөздік жұмыстар

    3. Фонетикалық жаттығулар

    4. Сөйлем құру

    5. Мəтінге жоспар құру

    6. Аударма

    7. Мəтінге ат қою

    8. Диалог, ситуация құру

    9. Мəтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.

Осы аталған іс-əрекеттерді жүзеге асыруда оқушылар өзара тілдік қарым-қатынасқа түседі. Мəтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолдану мұғалімнің жеке зерттеушілік жұмыстары үшін өте пайдалы:

  1. Дауыстап оқыту арқылы-оқушының сөйлеу элементерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі-оқушылар бірінің қатесін бірі естіп жəне түзетіп отырады.

  2. Іштей оқу-бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дəрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей шапшаң оқу үшін бір мəтін беріліп, қай жерге дейін оқу керектігін белгіленеді. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Осылайша оқушылардың оқу шапшандықтарының мөлшерін өзім белгілеп отырамын.

  1. Мəтінді мағынасына қарай бөлуге арналған жаттығулар

мəтінді оқып, оны мағынасына бөліп, əр біреуіне тақырып ойластыру;

мəтінді оқып, мағынасын ашатын сұрақтар оқу.

  1. Мəтінде мағыналы тірек сөздерді анықтауға арналған жаттығулар

абзацтарды оқып, тіректі сөйлемдерді табу; абзацтарды оқып, сөйлемдердегі негізгі ойды

анықтау;

абзацтардан сөз таптарын тауып айтқызу.

Тіл дамытудағы өнімді тəсілдердің бірі- шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар- тіл мəдениеті талаптарын жүзеге асыруда аса тиімді. Оның түрлері:

сурет бойынша əңгіме құрастыру;

-шығарма оқу;

-сайыс, рөлдік ойындарға қатыстыру;

-əркімнің қабілетіне қарай деңгейлік жеке тапсырмалар беру;

-сөзжұмбақтар құрастыру;

-балаларға арналған басылымдардағы сөзжұмбақ, ребустарды шешкізу;

-жұмбақтар құрастырту;

-хат жаздыру;

Мəтінмен жұмыс істей отырып, мəтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда «Жуан-жіңішке сұрақтар», «Ашық сұрақтар», «Сұрақ қою, қайта

сұрақ қою» əдістерін қолдану оқушының өз бетінше ақпаратты меңгеріп, мəтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады, оқушы мəтінге сұрақ қою, тұжырымдау, белгілеуге үйренеді. Бұл əдіс оқудың барлық əдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен мəтінді қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

«Ойлан. Бөліс. Бірік» əдісі арқылы оқушылар өз тобында өзіне берілген мəтінмен танысып, топ ішінде түсініктерімен бөлісіп, бір-біріне түсіндіреді, ең негізгі деген ақпаратты бөлік мазмұнына қарай постерлерге түсіріп, топтардың алдында алған ақпараттарымен таныстырады. Осы əдіспен оқушылар мəтінмен өз бетінше таныса отырып мəлімет алады, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мəтін бойынша сұрақтарын-қойып, жауаптар алады. Осы тұста мəтіннің əсерлі тұстары бойынша диалог құрастыру тапсырмасын да беруге болады. Мəтіннің мазмұнын игертудегі жұмыста «Біреуі үйде, үшеуі

қонақта» əдісін қолданамын. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде өздеріне берілген мəтінмен танысып, топ ішінде бір-біріне түсіндіріп, басқа топтарға барып түсіндіріп, мəтін мазмұнын игереді. Бұл əдісті қолдану кезінде бір тақырыпты мағынасын ескере отырып, бірнеше бөліктерге бөліп, əр топта талдату арқылы уақытты үнемдеуге болады. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгере алады, өзіне тиісті міндетті атқара отырып жауапкершілікке үйренеді.

Сабақтың бекіту кезеңінде оқушылардың мəтін бойынша түсініктерін бекіту əрі байқау үшін

«Атыспақ» əдісін қолданамын. Әр топ өздері оқып танысқан мəтін бөліктері бойынша үш-төрт сұрақтан дайындап, кезекпен сұрақтарымен атысады. Жауап болмаған жағдайда сұрақ қоюшы жауабын өзі айтып отырады. Бұл əдістер ақпаратты-өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сондай- ақ, əдістердің тиімділігі- сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мəтіңді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі, креативті ойлауы дамиды.

«Карусель»стратегияны оқушылардың тақырыпқа сай сұрақтар қоюын, сұрақ қоя отырып, оқушының ойлау қабілеті мен ой өрісін, ауыз екі сөйлеуін дамыту. Оқушы сұрақ қою үшін ойланады, оның ойына тақырып төңірегінде неше түрлі сұрақтар келеді. Ол сұрақтарды саралап, талдап барып нақты дəлелі бар сұрақты қояды. Ойындағы сұрақты қоя отырып, сөйлейді, шешім шығарады, ол сұрақтың жауабын өзі біле тұра тақырыпқа қатысты қаншалықты білімі барын талдайды.

Оқушылардың тілін жетілдіру мақсатындағы мəтінмен жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Сабақ үдерісінде мұғалімнің басшылығымен мəтінмен жұмыстар жүзеге асырылып, жүйелі орындалып


отырса:

  • оқушының сөздік қоры мен тілін байытуға ықпал етеді;

  • ауызша жəне жазбаша тіл мəдениеті талаптарын меңгереді;

  • сауатты жазуға үйретеді;

  • оқушы өз бетімен шығармашылықпен айналысуға үйренеді.

Мəтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды əрекет қалыптасады. Бұл стратегиялар сабақты түрлендіріп өткізуге мүмкіндік туғызумен қатар, əр баладан еркін жауап алуға, баланың өзіне сенімділігін арттыруға, бір-бірінің жəне өзінің жұмысына баға беріп, сын көзбен қарауға итермеледі, сабақ үстіндегі оқушы қызығушылығын

тудырып, белсенділігін арттырды. Ұстаздың басты мақсаты-шəкіртінің өзінен де білімі терең, дəрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.

Пайдаланылған əдебиеттер

  1. Білім берудегі инновациялық технологиялар.- Молдрахметова О.А., 2016.

  2. Тілдік қатынас теориясы мен əдістемесі.- Д.Оразыбетова. А., 2015.

  3. Қазақ тілі мен əдебиеті орыс мектебінде журналы2017ж.

  4. Мектептегі іс-əрекетті зерттеу- З. Кузекова Алматы 2014 ж.

  5. Оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдері арқылы табысты оқытуға қолжеткізу-

А.Д. Ажибекова Алматы 2016ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!