Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кадиркешова Зауре Кадархалиевна
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«№ 11 ЖОББМ» КММ
Қазақ тілі мұғалімі
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ.
Әрбір уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп отыра-тыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдірілуі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.
12 жылдық оқытуға көшуге байланысты білім беру жүйесінде «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген жаңадан қолданысқа енген сөздердің мәні мен мағынасы біреуге түсінікті, таныс болса, біреуге бейтаныс, таңсық болуы мүмкін.Осыдан келіп педагогикалық терминологияға қосылып отырған «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген жаңа терминдерді шынында да қалайша түсініп, қалайша қолданамыз деген ой туындайды.
Тұжырымдамада көрсетілгендей құзыреттіліктің өзі бірінен-бірі тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды талдай отырып жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады:
- өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
- өзінің қызметін бағалай білуі;
- түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;
- өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
- өз бетінше алған ақпаратты талдай, таңдай білуі;
- түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.
Білім беру нәтижелері ретінде құзыреттіліктер:
- құндылықты-бағдарлы құзыреттілік
- мәдениеттанымдық құзыреттілік
- оқу-танымдық құзыреттілік
- коммуникативті құзыреттілік
- ақпараттық-технологиялық құзыреттілік
- әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі
- тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі бойынша анықталатындығы да белгіленген. Сонда құзыреттілікті білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағаларын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже деп түсінуге болады.
Құзырлылық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды.
Коммуникативті құзырлылықты оқыту технологиясы сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайларды жасайды.Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану негізінде қарым-қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.
Елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі баршамызға белгілі. Бұл іс, біріншіден, әлеуметтік сұранысқа негізделген мемлекеттік қажеттілікті нысана еткен жағдайда, екіншіден, бүгінгі оқыту жүйесіндегі қазақ тілінен берілетін білім нәтиже берген жағдайда ғана алға басады.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты, базистік оқу жоспары, тілді оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекеттің барлық түрінде қалыптасады – тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған.Олар: сөйлеу, оқу, жазу, түсіну.
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.Бұдан коммуникативтік оқыту сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз ететі.
Оқушылардың құзырлылығын дамыту мақсатында бастауыш сыныптардағы тәжірибемізде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамыз. Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біліміміз тиянақты болады. Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрлерін анықтап, іріктеп аламыз. Олар: топтық, ұжымдық, жеке, т.б. Содан соң қандай нәтиже беретінін әр түрлі іс шаралардан көруге болады.
Бұл сабақ түрлері арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру үшін сабаққа әр түрлі белсенді тапсырмалар енгіземіз. Сонымен қатар тапсырманы берген соң оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастырамыз
Біздің ойымызша пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық элементтерінің жүйесі мынадай құрамда болу керек: сөйлеу материалдары, яғни сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрастыру, оқу, жазу. Тіл материалдары (фонетика, лексика, грамматика) үш бағытқа бөлінеді:
-
Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тілді тез игеру. Жаңа сөздер үйрене отырып, сөздік қорлары байиды, сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.Меңгерген сөздерді өмірде кездесетін жағдайлар арқылы тұжырымдайды.
-
Фонетикалық бағыт – қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Бұл кезеңде ұйымдастырылатын жұмыстар оқушының шығармашылық қабілетін ашуға бағытталып, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын игертуді көздейді. Атап айтқанда, олар: графикалық диктанттар, дыбыстық, буындық, сөздік талдауға арналған жаттығу жұмыстарының түрлері, логикалық ойындар, сурет салу, әріптермен жұмыс және т.б.
-
Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс, мазмұнын айту, сөйлем құрастыру. Жетелеу сұрақтарын қойған кезде, сұрақтар бір сөзбен немесе бір ғана сөйлеммен жауап беретіндей болмауы керек. Керісінше, оқушының ойын жинақтап, бірнеше сөйлемдер арқылы күрделі, мағыналы пікірін білдіретіндей болғаны дұрыс. Мәтін сөйлемнен құралады десек, сөйлем белгілі бір ойды білдіреді.Сөйлемдерден ой жүйесі құралады. Жүйелі ойдан мәтін құралады. Мәтін мазмұны әңгімені білдіреді.
Осы үш материал 1-4 сынып оқушыларының арасында, әрине жас ерекшеліктерін ескеріп және жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзінің әдістемелік қорын толықтырып отыруы және үнемі ізденісте болуы керек. Коммуникативтік оқыту технологиясын жүзеге асыру негізінде Сент-Экзепюридің сөзін айтқым келеді: «Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарым-қатынас байлығы».Шынымен де бізге бұл қатынас жеткіліксіз. Өйткені біз балалармен тек қана 45 минут кездесеміз, сұқбаттасамыз. Сол себепті коммуникативтік оқыту технологиясының элементтерін енгізу үшін тиімді жұмыс түрін енгіздік. Бұл балаларды бөлек отырғызып, әрқайсысымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі. Сонымен осы оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін пайдаланып, сабақта балалардың білімділігін, іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімін дамытамыз. Ал нақтылап айтсақ, салыстыру, жинақтау, талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен коммуникативтік оқыту технологиясын пайдалану арқылы топпен, жеке, жұппен жұмыс істеу арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз.
Қорыта келе, оқушының құзырлылығы коммуникативтік оқыту технологиясы арқылы дамиды.Танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.
Пайдаланған әдебиеттер
1.К, С.Құдайбергенова А Принт АСС 7 бет.
2.Б.К.Жұмағалиева «Компентностии компетенции: Основные направления концепции 12 летнего образования Республики Казахстан» «12 жылдық білім» №2 2006 (19-бет)
3.Ш.Т. Мұқанбетова «Тұлғалық-бағдарлы білім беру» «12 жылдық білім» №6 2009 (53-бет)
4. С.Б.Құлдыбаева «Мектепте ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану міндеттері» «12 жылдық білім» №2 2006 (60-бет)
5.Ш. Әуелбаев,Ә.Наурызбаева, Р Ізғұттынова, С.Тәжімбетова Ана тілі 1-сынып Алматы Атамұра 2008 ж.
6.Г.Имантаева К.Көпешова Қазақ тілі «Люкс Биндер Сервис» 2007ж.
7. «12-жылдық жалпыға бірдей білім беретін бастауыш білім берк деңгейінің оқу бағдарламалары» «12 жылдық білім» №7 2009 (9-бет)