Қазақ тілі сабағының мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-ны қолданудың тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабағының мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ-ны қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс сыныптарында қазақ тілі сабағында АКТ -ны тиімді пайдалана білу өте тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі сабағының мазмұнын жаңарту жағдайында электронды ресурстарды және АКТ қолданудың тиімділігі




Жоспар:


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. АКТ - ға қысқаша сипаттама.
1. 2. Сабақта АКТ пайдалану жолдары
ІІІ. Қорытынды.

 

Кіріспе

  «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»

Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың

 «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.


Қазіргі таңда жаңа технологияның қарыштап дамып келе жатқан кезеңі. Білім саласында да мектеп оқушыларының білім алуына ерекше көңіл бөлінуде.Тәуелсіз Қазақстанның болашағы-жастардың қолында десек, сол жас жеткіншектерді білімді,мәдениетті,Отанын адал сүйетіндей етіп тәрбиелеу-әрбір ұстаздың міндеті. Кез келген ұстазға пәнді оқытуда қойылатын басты талап-жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып,оқушыларға сапалы білім беру. «Жаңа ақпаратты коммуникациялық технологиялар»ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды дайындап,оны оқушыға жеткізе білу. Ал,ол ақпараттарды оқушыға жеткізе білу компьютер арқылы іске асады.

Мен өз тәжірибемде осы аталмыш технологияның элементтерін сабақ барысында қолдану әдісін пайдалануда көп жетістіктерге қол жеткіздім деп айта аламын. АКТ арқылы берілетін білім жаңа сабақты жүйелі түрде жеткізе білуге,есте сақтау қабілеттерін арттыруға,басқа ұлт өкілдері балаларына қазақша тілдік қатынастарды игере алуға мүмкіндік береді. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интербелсенді тақта,мультимедия,интернет кеңістігі,электронды оқулық.Осы орайда реті келіп отырған қытай мақалын сөзіме тиек етіп алып отырмын. Көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады.




Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады.


Ендеше оқушылар құрғақ сөзді естігеннен гөрі интербелсенді тақтаға назар аударып,өтіп жатқан сабақты ұтымды түсінуіне мүмкіндік алады. Өз іс-тәжірибемде сабақ барысында төмендегі айғақтарға сүйенемін:

- Әр оқушы өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету;

- Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуы;

- Ақпараттық сауаттылығы;

- АКТ арқылы оқушының жеке тұлғасын дамыту;

Басқа ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін тиімді жолмен үйретуде жаңа ақпараттық технологиялардың элементтерін пайдалану өз нәтижелерін көрсете бастады. АКТ қолданудың бір түрі - презентациямен жұмыс істеу болып табылады. Яғни, презентация – бұл слайд түрінде берілген материал: кесте, сызба, бейнематериалдар. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады. Кез келген уақытта сол материалдарды ойланбастан қолдана беруге болады. Орыс топтарында есте сақтау диктанттары,мазмұндама,шығарма жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.

Әлемдегі электронды оқыту саласының жетістіктері негізінде жасалған көптілді білім беру платформасы Bilim land kz.сайты. Бүгінгі күн талаптарына жауап беретін білім беруге қажетті материалдардың ең ірі коллекциялары жинақталған бұл сайтта. Бұл ресурстың бар мүмкіндігін толық пайдалану мұғалім жұмысына аса зор септігін тигізеді.

Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады.

АКТ- ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

АКТ-ны қолдануда оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін не қажет?

  • бір қалыптылықты пайдаланбау;

  • деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін алмастырып отыру;

  • баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

  • әр баланың жеке қабілеттерін ескеріп отыру;

  • жеке, жұппен, топпен орындайтын тапсырмаларды қарастыру.

АКТ-ны сабақ үстінде кез келген кезеңінде қолданамын.  Соның ішінде: компьютер, ноутбук, электронды оқулықтар, видеопроектор, ұялы телефон, планшет, ауқымды ақпаратты сақтағыш құрылғылар, интербелсенді тақта, фотоаппарат, интернет, т.б. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіремін.

Мысалы, қазақ тілі пәнінен «Спорт –денсаулық кепілі » тақырыбын өтуде спорт дегеніміз не, спорттың түрлерін интернет желісінен табу тапсырмасын кез келген оқушыға ұсынуға болады, ал кейбір оқушыларға спорт жайлы қызықты мәліметтер,өз ауданының спортшылары жайлы немесе  бұрын білмеген мәліметтерді табуды тапсырған жөн. Мұндай жұмыстар нәтижесінде оқушыларды бір-бірінен интернет желісін қолдану жолдарын үйренеді, алған материалды іріктеуге, талдауға, қолдануға, ортақ нәтиже шығаруға дағдыландырады. 7 сыныпта қазақ тілі пәнінен топтық жұмыста интернет желісінің көмегімен Ж.Үшкемпіровтың өмірі туралы, екінші топ спорттың түрлері бойынша мағлұмат жинақтап кластер құрды. Осы спорт тақырыбына байланысты ноутбукты қолданудың тиімділігі жұптық жұмыста оқушылар белгілі бір спортшы туралы фотоколлаж құрастыра алады. Бұл оқушылардың интернет желісін пайдалана отырып, пәнге деген қызығушылығымен ізденпаздығын арттыра түседі.

Ұялы телефонды сабақта тиімді пайдаланудың бірі жаңа тақырып бойынша, мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін аудармашы арқылы сөздерді аударып, олардың мағынасын түсіне алады.


Интерактивті тақтаның сабақта қолданғанда бейнебаяндар, аудиотыңдалымдар, тест жұмыстары, сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде тиімді.

Қазақ тілі сабағында АКТ – ны тиімді пайдалану маған не береді? деген сұраққа жауап берер болсақ:

  • Оқушылар жаңа заманауи құрылғылармен жұмыс жасайды.

  • оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді;

  • АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, жаңа материалды жеңіл меңгеретін болады;

  • оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысы артады.

  • Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік берді;

  • Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

  • Тіл байлығын жетілдіреді;

  • Жан - жақты ізденушілігін арттырады;

Қорыта келгенде сабақтарды АКТ-ны пайдалана отырып, түрлендіріп өткізу арқылы сабақтың тиімділігін арттыруға және жан-жақты дамыған терең білімі бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Қазіргі заманның талабы осы. 

Акпаратты - коммуникативті технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану білім сапасының артуына оң әсерін тигізеді:

1. Білім байқауы, тапсырмалар, мәтіндер, видео сабақтар көрсету интерактивті тақтаны қолдануға мүмкіндік береді.

2. Әр сабақта презентация құру, фотоколлаж қолдану жүзеге асып жатады.

3.Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологияны пайдалану оқушылардың өз бетімен білім алу құзіреттілігін дамытуға және білім сапасын арттыруға үлкен әсер етеді. 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген Елбасының сөзімен аяқтағым келеді.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2018
347
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі