Материалдар / Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын молайту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын молайту

Материал туралы қысқаша түсінік
шығармашылық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
471
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан Лобанов орта мектебінің Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Г.Б. Искакованың шығармашылық есебіТақырыбы: «Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушылардың сөздік қорын молайту»Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытып-үйрету үрдісі-күрделі дидактикалық жүйе болып табылатыны анық. Дидактикалық жүйенің жүзеге асуының тетігі- мұғалім мен оқушы арасындағы ортақ мақсатқа көзделген оқу әрекетінің үйлесімділігі.Оқу әрекеті- мұғалім мен оқушының мақсатты іс-әрекеті. Тұлғаның қатысымдылық біліктілігін қалыптастырудың жүйесін жетілдіру- қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету - оқушының естігенін тыңдап-түсіну, оқығанын түсіну, сөйлеу әрекетінің түрі айтылымның диалог, полиглотқа қатысу талаптарын орындай алу, сондай-ақ ойын логикалық түрде, жазбаша меңгеру дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі күнде қоғамымыздың кез келген саласы өзі үшін де, елі үшін де өскелең экономикалық және әлеуметтік жауапкершілік жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей білетін белсенді, қабілетті, ізденгіш азаматтарды күтуде, оның үстіне қазіргі кезде шығармашылықпен бұра білу қабілеттерін қажет етеді. Мен қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі ретінде алдыма қойған мақсатым өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін үйренуге баулу, сонымен қатар педагогикалық және әдістемелік жұмыс тақырыбым «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөздік қорын молайту» болып табылады. Сондықтан негізінен менің жұмысым осы тақырып төңірегінде құрылған. Оқушыларыммен өзімнің жетістіктеріме тоқтала кетсем, 2014 жылы Баян батырдың туғанына 300 жыл толуына орай аудандық сахналық қойылым сайысынан ІІІ орынға, « Жарқын болашақ» VIІІ Республикалық КАТЕV» Қазақ тілі олимпиядасының Аудандық кезеңде Турмаханова Асемнур ІІІ орынға иеленіп, «КАТЕV» Қазақ тілі олимпиядасының облыстық кезеңіне қатысып 9- сынып оқушысы Турмаханова Асемнур ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды, Кәкімбек Салықовтың шығармашылығына арналған «Айыртау –асыл аймақ Арқадағы...» атты аудандық оқулар байқауында ІІ- оынға иеленгені үшін Бердімурат Гүлнұр марапатталды. «Менің елімнің көсбасшысы» Республикалық интернет байқауына Бердімұрат Гүлнұр қатысқанын растайды 2017 жыл. «Жарқын болашақ»IX Республикалық катеv олимпиядасына Тұрмаханова Асемнұр белсене қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталды 2017 жыл. «Мәңгілік Ел-біздің сенімді болашағымыз» атты аудандық мәнерлеп оқу сайысында 3-орынға Жақсылықова Шахноза мадақтамамен мараппаталды 2016 жыл. 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген облыстық шығармалар байқауында III дәрежелері дипломмен Серікболқызы Гүлбану марапатталды 2017 жыл. «Жарқын болашақ»IX Республикалық катеv олимпиядасында 3 дәрежелі дипломмен Бейбітхан Мейір дипломмен марапатталды 2017ж Аудандық пәндік олимпиядадан Бейбітхан Мейір 3 дәрежелі дипломмен мараппаталды 2017ж. «Жарқын болашақ» IX Республикалық катеv олимпиядасында 3 дәрежелі дипломмен Хизир Мейрам дипломмен марапатталды 2017ж Мен ұстаз ретінде де әрдайым ізденіс үстіндемін, себебі ұстаздың жеке тұлғасының жетістіктеріне еліктеу арқылы оқушы да жетістікке талпынады. 2016 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің үздік оқытушысы-2016» кәсіби шеберлік сайсында, «Сөз зергері» номинациясы бойынша І орынға иелендім, Қазақстан ұстазы атты интернет- байқауына қатысып І дәрежелі Дипломмен марапаталдым және де 2016 жылы қазан айында СҚО бойынша «Өрлеу» ПКБЖИ филиалы АҚ ұйымдастырған «Білім беру сапасын арттыру- мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамытудың ең маңызды шарты» тақырыбында республикалық онлайн- конференцияға қатысып сертификатқа ие болдым және менің оқыған баяндамам электорнды жинаққа енді «Қазақстан ұстаздары» интернет-олимпиядасына қатысып 2016 жылы 1 дәрежелі дипломмен марапаталдым. КИО олимпиядасына қатысқаным үшін сертификат 2016-17ж. Аудандық білім жүйесінің дамытуға қосқан үлесі үшін адан білім бөлімі басшысының мадақтамасына ие болдым 2015 ж.IQ-интелектуалды дамыту орталығының ұйымдастыруымен Республика оқушылары арасында қашықтық олимпиядаларға шәкірт тәрбиелегені үшін Алғыс хатпен марапатталдым 2017ж. Аудан әкімінен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Құрмет грамотасымен 2016 жылы марапатталдым. Екі жинағым бар біріншісі облыстық, екінші Республикалық «ЭКСПО -2017: Мәңгілік Ел Құндылықтары» атты Республикалық ғылыми жобалар материялдар жинағы 2017 жыл.«Мұғалім өзінің үздіксіз білімін көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденісті тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». К.Д. УшинскийІзденіс тақырыбым: Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушылардың сөздік қорын молайту. Бүгінгі күнде қоғамымыздың кез келген саласы өзі үшін де, елі үшін де өскелең экономикалық және әлеуметтік жауапкершілік жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей алатын белсенді, қабілетті, ізденгіш азаматтарды күтуде, оның үстіне кәзіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімді, ептілікті ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкінділікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілетін қажет етеді. Баланың оқу әрекеті - күрделі әрі қиын және жан-жақты үрдіс. Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау – белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады.Ұстаз-мектептің бет пердесі, әсіресе ауылды жерде әрқашан да солай болмақ. Сондықтан еліміздің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асады. Бүгінгі кезде мұғалімнің міндеті жан-жақты, білімді, тәрбиелі, мәдениетті ұрпақ қалыптастыру. Қазіргі кезде түрлі педагогикалық технологияларды қолданып сабақтарды жетілдіріп толықтыруға болады. Мен өзім сабақтарымда сыни-тұрғыдан ойлау, деңгейлеп оқыту, жеке, топтық және жұптық жұмыс түрлерін, ойын технологияларын, бағалаудың түрлерін өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде сабақтарымда белсенді түрде қолдануға тырысып келемін.Солардың бірі оқушылардың өз беттерінше білім алуға үйрету. «Шайнап берген ас болмас» деген қазақ атамыз айтқандай, өздігінен өз бетімен алған білім адам бойында қалып, дағдыға айналады. Оқушының өзіндік пікірі мен ой өрісі негізі бастауыш сыныптан дағдыландырған дұрыс. Өз бетімен жасалатын жұмыс:
  • біріншіден олардың логикалық таным белсенділігін;
  • екіншіден сабаққа қызығушылығын және дағдысын;
  • үшіншіден ешкімнің көмегінсіз жеке жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Өз сабағымда түрлі әдістерді қолдана отырып , оқушыларды ізденуге, ойлануға, сөздік қорын молайтуға, тақырыпты жан –жақты талдап саралауға үйретемін.

Өткізген бір сабағыма тоқтала кетсем:
  • Білімділік мақсат: оқушыларды сауатты, таза жазуға үйрету.
  • Дамытушылық мақсат: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
  • Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды шығармашылыққа баулу.
І Қызығушылығын оятуЖұмбақ:Білесіңдер: кім? Не? Деген сұрағын,Сөйлемдегі ой иесі боламын. Не істейді? Сұрағымен көркейемін, толамын. (Зат есім)ІІ Мағынасын ажырату.«Араласып кеткен оқиғалар»Әр топқа жеке тапсырмалар таратылады, тапсырмаларды уақытқа байланысты орындауы тиіс. Топ басшысы тапқан шешімдерін ортаға салу арқылы өзара бағалау жүргізеді.ІІI.Ой толғаныс кезеңіI.Топ: 307-жаттығу II. топ: 308- жаттығу III.топ: 309-жаттығу IY.топ: 301-жаттығу -тапсырмалардың орындалуын кезекпен топ арасында тексеру жүргізіледі. « Бес жолды өлең» стратегиясы I топ: Тоқылдақ II топ:түлкі III топ: кітап IY топ:Абай IY Топтастыру Әр топ жеке-жеке топтастырып, өздері түсінік беріп өтеді. Сонымен қатар, алдын –ала таратылған бағалау парақтарына әр кезеңді өзара бағалау арқылы тексеріп, шешім қабылдап отырады. Бұл жұмыс оқушылардың жауапкершіліктерін арттырады, шығармашылық және өзара бақылау қабілеттерін арттырады, сонымен қатар топ алдында шешім қабылдау және топ шешімін қорғау жұмысы жүзеге асырылады. Сабақ нәтижелі болу үшін кері байланыс үнемі жүргізіледі. Әдістерді жүйелі қолданып, үнемі орынды пайдалана білсек, оқушылар өз ойын еркін айтып, қорытынды жасай алады. Себебі оқушыларды шығармашылыққа, ізденуге баулу бүгінгі күннің негізгі талабының бірі болып табылады.Жұмыс істеп жүрген бағытым: Әр сабағыма әр-түрлі әдіс –тәсілді енгізе отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, тиімді әдістердің нәтижесін көру болып табылады. Сондықтан әр сабаққа мұқият дайындық пен шығармашылық қажет. Мұның өзі ең алдымен, оқушыны шығармашылық ізденіске, сол шығармашылықты оқу барысында оқушының толықтай мағлұмат алуына, сөздік қорларының молайуына, оқушыны шығармашылық ізденіске баулу бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі. Бүгінгі таңда өзге ұлт оқушыларына Мағжан Жұмабаев, Абай Құнанбаев өлеңдерін жаттатып, «Абай оқулары», «Мағжан оқулары» сайыстарына қатыстыру, әдебиет сабақтарында ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту, өлең шумақтарын жазуға жаттықтыру, мазмұндама жазуға жаттықтырып, аудандық олимпиядаға қарқынды дайындау үстіндемін. Сонымен қатар мәнерлеп оқу сайыстарына, сырттай өтетін интеллектуалды марафондарға үнемі тартып отырамын.«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөзімен аяқтағым келеді.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!