400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қазақ тілім-туған тілім-өз тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің анам қазақ мектебін бітірген. Менің әкем де қазақ мектебін тәмәмдаған. Ал мен орыс мектебінің бітірушісімін. Бұл менің қалауым емес. Себебі алты жасар балада қалау да , таңдау да болмайды. Бұл анамның таңдауы. Оның себебі мынада.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілім-туған тілім-өз тілім!

Менің анам қазақ мектебін бітірген. Менің әкем де қазақ мектебін тәмәмдаған. Ал мен орыс мектебінің бітірушісімін. Бұл менің қалауым емес. Себебі алты жасар балада қалау да , таңдау да болмайды. Бұл анамның таңдауы. Оның себебі мынада.

Анам мектепті жақсыға аяқтап, мейірбике болғысы келген арманын қуып, оқуға түсуге медициналық училище барады. Оқуға түсу үшін екі емтихан тапсырады: бірі-биология, ал екіншісі – орыс тілінен диктант жазу. Сонда орыс тілінен диктантты 2-ге жазып, емтиханнан құлап, оқуға түсе алмай қалған бейтаныс қыздың жылағанын көрген анам «Балаларымды орыс мектебіне берем!»- деп шорт кескен болуы керек, бізді (отбасында төрт перзентпіз) орыс мектебіне берді. Пушкиннің «Я вас любил»-ін жаттап, Толстойдың Каренинасына жанымыз ашып жүріп зейініміз ашылды. Қазақ тілі пәні өтілмеді емес, өтілді. Аптасына бір рет болатын. Бірақ қазақ тілі сабағында Крыловтың баснялары мен Пушкинның шығарламаларың қазақ тіліндегі аудармасы өтіліп, Ұлы Абайды аудармашы деп қана білетінбіз.

Мектебіміз Ы. Алтынсарин атындағы мектеп болғасын портреті кіреберісте ілулі тұрғандықтан ғана атын атап, түсін түстеп бере алғанымызбен, бірде-бір шығармасын оқымаппыз. Оқып жатсақ, қой дейтін ешкім жоқ қой, әрине. Алайда балаға нұсқау беріп, тапсырмасаң оқи қоя ма?!

Қайта, оңтүстік өңірлерде отбасында қазақи тәрбие сақталып тұрғандықтан тілімізден қол үзіп, салт-дәстүрімізден көз жазып қалмағанымызға шүкіршілік етеміз.

Бүгінде біздер Алланың берерінен құр алақан емеспіз-ау?! Алайда, қазақ жазушыларының шығармалырымен бала кезден сусындап өспегенімізге ішім удай ашиды кейде. Алтын ұя-мектепте алынған білім тасқа қашалған хат секілді өмірбақи есте қалады екен. Себебі, осы күні кітап оқиын десең, ойында санқилы мәселер тұрып, оқығаның ұмыт бола береді екен.

Міне сол үшін балаларымды тек қана қазақша балабақша мен мектепке беру менің ниетім еді. Балаларымның ата-бабаларының қалай күн кешіріп, қандай сөздермен өмірлерін сипаттағанын мектеп жасынан оқып-біліп, бойына сіңіріп жүргендеріне қуанам, іштей қызығам. Қазір оқып жүрген қазақ жазушылары мен ақындарының шығармаларын уақыт өте есейген көзқараспен тағы бір оқып шығуға кеңес беріп жүрмін. Өйткені, ана тілді баласына үйрететін жалғыз адам - ол оның АНАСЫ. Мұнымен мен өз анамды бізді орыс сыныбына бергені үшін кінәләп, сөккелі тұрғам жоқ. Анам да мені осылай оқуға түсе алмай қалу, жұмысқа орналаса алмай қалу сияқты жайсыз жайттардан қорғағысы келген шығар?! Ойлап отсам, бұл жайт та маған берілген бір сабақ.

Алланың бұйыртқанынан артық жоқ. Дегенмен, керегіңді қосып алуға кедергісін келтірмейтіні анық. Сондықтан, балаларым өтіп жатқан әрбір шығарма мен үшін де маңызды да қымбат. Қосыла оқып, талқылап, қазақтың әдемі сөздері мен сөзтіркестерін қойын дәптеріме түртіп қоямын. Бір ғана мысал, «уже» сөзінің баламалары отыздан асып жығылады екен: енді, ендігі, қалу, қою, тіпті, демде, әпсәтте, әлдеқашан... деп мағынасына қарай кете береді екен. Қазақ тілінің ең бай тіл екеніне күннен күн көзім анық жетіп, көкірегімді мақтаныш кернейді! Математика мұғалімі Куандыкова Ж.А.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі