ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Мақалада қазақ тілін
оқытудағы педагогикалық жағдайлар қарастырылды. Қазіргі білім беру
жүйесіндегі педагогикалық оқыту технологиялары зерттелінді. Іс
тәжірибеден мысалдар келтірілді.
XXI ғасыр – әлемдік жаһандану
ғасыры. Ұлттық мәдениеті мен дәстүрін, тілі мен дінін сақтай
отырып, білімі мен ғылымын тұтастандыру бүгінгі күннің өзекті
мәселесі. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері экономикасының өсімі
мен әлеуметтік проблемаларды шешудің басты кілті білім мен ғылымда
деп танып, білім саласындағы реформаларын жүзеге асырылу үстінде.
Біз де тіліміздің өркендеуіне, өлмеуіне елім, жерім дей алатын
азаматтың өсіп-өнуіне үлес қосуымыз керек. Қазақ тілінен сабақ
беретін мұғалімдердің ең басты түпкі мақсаты – тіл үйрету, тілді
дұрыс қолдана білуге дағдыландыру, әрбір шәкірттің өз ана тіліне
деген табиғи сүйіспеншілігін арттыру деп
ойлаймын.
XXI ғасыр – ақпараттар ғасыры.
Ақпараттандыру саласында болып жатқан жаңалықтардың барлығы да
оқушының жан-дүниесіне әсер етеді.
Жаңа білім парадигмасының
өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы баланың білімін,
білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын
алдыңғы орынға қойып отыр.[1]Қазіргі педагогика ғылымының
бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту
технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа білім беру технологиясының
басты қағидалары –оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс
шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші, тәрбиелеуші
тұлға қалыптастыру.
Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты – бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны өмірге дайындау. Мектеп –
үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның
жүрегіне жол таба білуі. ХХI ғасыр - шығармашыл тұлға
тәрбиелеу ғасыры. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын арттыру мен
шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық
технологияларды пайдалану және оның тиімді әдістемесін жасау өзекті
мәселеге айналып отыр. Қазіргі кезде әдебиеттерде даму бағытын
қамтитын педагогикалық жағдайды жақсарту үшін 50-ден астам оқыту
технологиялары қолданылып жүр. Оқытудың әртүрлі технологиялары
сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп
өміріне ену үшін педагогикалық жағдайларға көңіл бөліну керек. Осы
тұрғыдан педагогикалық жағдайға анықтама беруді жөн
санаймын.
[1]
Педагогикалық
жағдай.
1. педагогикалық үрдістегі
мұғалім арнайы беретін немесе спонтанды пайда болатын шарттар мен
жағдайлар жиынтығы. Мақсаты - оқушыны қоғамда және еңбекте болашақ
белсенді субъекті ретінде қалыптастыру және дамыту, оны жеке тұлға
ретінде қалыптастыру;
2. маңызды эмоционалдық
көріністермен қатар жүретін және қалыптасқан өзара қарым-қатынасты
қайта құруға бағытталған, қарама-қарсы нормалар құндылықтар мен
қызығушылықтар негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы қысқа
мерзімді әрекеттесу.[3]
Қазіргі
таңда оқытудағы педагогикалық
жағдайларды жақсартуда оқыту
технологияларының мынадай түрлерінің элементтерін өз сабағымда
қолданамын.
1. Дәстүрлі оқыту
2. Дәстүрден тыс оқыту
3. Дамыта оқыту
4. Деңгейлеп оқыту
5. Сатылай талдап оқыту
6. СТО
7. Үш өлшемді деңгейлеп оқыту
8. Модульдік оқыту технологиясы
9. Ойын арқылы оқыту
10. Проблемалық оқыту
11. Түсіндіре оза оқыту
12. Бағдарлап оқыту технологиясы
13. Тірек белгілері арқылы
14. Білім беруді ізгілендіру технологиясы
15. Интерактивті оқыту
16. Зерттеу – жобалау оқыту технологиясы
Осы технологияларды қолдану
барысында оқушы бойында жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуға болады.
Қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның
негізінде:
- Әрбір оқушының жеке және
дара ерекшеліктері ескеріледі ;
- Оқушылардың қабілеттері мен
шығармашылықтары артады;
- Оқушылардың өз бетінше жұмыс
істеу , іздену дағдылары қалыптасады.
Қазақ тілін оқытудағы
педагогикалық жағдайларды дамытудағы
өз іс-тәжірибеммен
бөліссем:
Оқыту барысында алдыма қойған
мақсатым – туған тілдің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең
өмірден орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды,
парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін педагогиканың озық үлгілерін
жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта білу
керек.
Осы алдыма қойған мақсатымды
жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс- тәсілдерді қолдану
арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлемін. Өткізетін
сабақтарымның мазмұны мен құрылымын үнемі
өзгертіп, аралас, интегралдық
семинарлар, диспуд, саяхат сабақ, ойын, баспасөз конференциялары,
модульдік, концерт сабағы, деңгейлеп оқыту, блок,
сахналандырылған, т.б. оң нәтижелерге жетіп
отырамын.
Тәжірибемде, модульдеп оқытуда
,оқушы білімді өздігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдылармен
қаруланады. Менің тарапымнан баламен өзара ортақ тіл таба отырып,
оқушы мәдениетін көтеруге ықпал жасау жағы
ескеріледі.
Қазақ тілін оқытудағы
педагогикалық жағдайларды жандандыруға
жаңа технология әдістерін
қолдану – бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын,
қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау
қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан
жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қазақ тілін
оқытуда қай технологияны сабақта
қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана
оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізе аламыз. Осы орайда,
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан
жаңаны табатын өнер»,-деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету
артық болмас.
Орыс педагогі К. Д.Ушинский
айтқандай, қазіргі заман талабына қазақ тілін оқытудағы
педагогикалық жағдайға сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі
бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық
технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ
тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім
беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқанындай: «Болашақта
өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім
беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесі
жүргізіліп отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
2.
Қазақстан Республикасының 2007
жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
3. Орысша-қазақша түсіндірме
сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған экономика
ғылымдарының докторы, профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ.
2006. - 482 б.
ISBN
9965-808-85-6
4.
С.Е. Шишов. Понятие
компетенции в контексте проблемы качества образования //
«Государство и образование», 2002. 88-б