Қазақ тілін шетелдік қазақ жастарына тарихи
тұрғыдан зерделеп оқытудың маңызы
Мақала авторлары тіл мен
ұлттық мәдениеттің уақыт пен кеңістіктегі даму жолдарын, ондағы
негізгі бағыттарды, ұлтаралық мәдени қатынастардың, еліміздегі
бейбітшілік пен татулықтың рухани және материалдық мәдениеттің
негізгі тірегі мемлекеттік тілде екенін жүйелі негіздейді. Қазақ
тілінің отандық және жалпы әлемдік мәдени құндылықтар аясындағы
маңызын, инновациялық жаңа ғылыми-теория негізінде танымдық,
тағылымдық мәнін анықтайды.
Тәуелсіз Қазақстан
Республикасын бүкіл әлем татулық пен бірліктің берекенің, ынтамақ
пен бейбітшіліктің, толенранттылықтың алтын ұясы, көп ұлтты
мемлекет ретінде таниды. Қазақстан Республикасының зайырлы
саясатына, парасатты ұстанымына дүние жүзі құрметпен қарайды. 2010
жылы бейбітшілік пен халықтар достастығының өнегесі ретінде
әлемдегі беделді ұйымдардың біріне ЕуроОдаққа мүше болуы және
ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуді, 2011 жылы Ислам конференциясына төрағалық
етуді Қазақстан Республикасына зор сенім тапсыруы, еліміздің үлкен
абырой атқарып шығуы - бүкіл қазақстандықтар үшін үлкен мәртебе.
Елбасымыз халыққа Жолдауында тіл тұтастығы – ел тұтастығы, яғни
мемлекеттік тіліміз еліміздің тәуелсіздігін басты қазығы екендігін
әрқашанда баса атап көрсетеді. Еліміздегі соңғы жыл санағы халықтың
65 пайызын мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін, тағы да 15
пайызы ауызекі сөйлеу деңгейін меңгергенін айқындап берді. Қаһарлы
Кеңес Одағы кезінде қазақтардың өзінің 50 пайыздайы ана тілін
білмейтін еді. Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл ішінде бұндай
жетістікке қол жеткізу – үлкен табыс. Жылдан-жылға қазақ тілінің
қолданыс аясы кеңіп келе жатқанының тағы да бір дәлелі елімізге
келіп жатқан шетелдіктердің, әсіресе студенттердің мемлекеттік
тілде білім алуға деген құлшынысын артуы да - үлкен бедел. Еліміз
тәуелсіздік жылдарындағы сарабдал көрегенді саясаттың негізінде,
Қазақстан халқының толерантылығының арқасында ұлтаралық және
конфессияаралық бітім мен келісімді, татулықты қамтамасыз етудің
біргегей моделі қалыптасқан. Халықтар достастығы салтанат құруы
этностардың азаматтық, рухани-мәдени тамырластығы мен
мемлекетіміздің негізгі тірегін құраушы қазақ халқының
топтастырушылық рөлі мен ел тұтастығын кепілі – мемлекеттік
тілімізге, тіл ортақтығына негізделген. Әлем Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтаған,
еліміздегі барлық этностар мен конфессиялар арасындағы азаматтық
бітім мен келісім үйлесім тапқан мемлекет ретінде жетістіктерімізді
жоғары бағалауының айғағы - 2010 жылы Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ
ұйымына төрағалық еткен кезінде Ауғанстан Ислам Республикасы
әлемнің дамыған елдерінен экономикалық және мәдени көмек сұраған
еді. Ауғанстан еліне бірінші болып көмек қолын созған, өзінің
бейбітшілдік сүйгіш саясатымен өзгелерге үлгі бола білген Қазақстан
елі болатын. Мемлекеттік бағдарламамен елімізге 1000 ауғандық
студент келіп білім алуына АИР мемлекетімен келісімшарт жасасты.
Болашақта Қазақстанға өзге де елдерден де шетелдік студенттер білім
алуға келеді. Елімізге келген студенттер әуелі ЖОО-ға дейінгі білім
беру факультеттерінде дайындық курсында білім алады. Шетелдік
студенттерді дайындық курсында оқыту құрметіне әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті де ие болды. Жыл сайын университетте
ақылы бөлімде оқитын шетелдіктермен қатар мемлекеттік бағдарлама
аясында жүзге жуық ауғанстандық студенттермен қатар шетелдік қазақ
жастары дайындық курсынан өтеді.
Сол себепті де Президентіміз
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тіл саясатына қатысты айтқан тұжырымды терең
ойларын жүзеге асыру мақсатында тіл мен ұлттық мәдениеттің
тамырластығын, оның даму жолдарын
ұлттық және жалпыадамзаттық
мәдени кеңістікте ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, лингвистикалық
және мәдени мәселелерді тарихи тұрғыдан зерделеп оқыту қажет. Ол
үшін мынадай міндеттер қойылады:
тарихи-лингвистикалық
бағытта
-
ұлттық тіл – рухани мәдениет тірегі, тарихи
тұрғыдан саралай отыра, концепциясын қазіргі ғылыми бағыт
тұрғысынан негіздеу, жаңаша зерделеу;
-
инновациялық жаңа теориялар бойынша, қазақ тілін
уақыт пен кеңістік аясында саралап, оның танымдық (когнитивтік)
жүйесін жалпыадамзатқа ортақ мәдени құндылықтар негізінде
айқындау;
-
ұлттық мәдени құндылықтар мен тілдің арасындағы
сабақтастықты, байланысты, оның негізділігін, тектестігін
көрсету;
-
дәстүрлі мәдениеттегі ұлттық концептерді
саралау;
педагогикалық бағытта:
-
қазақ ұлттық тілінің қалыптасу
тарихын
және даму жолындағы танымдық тағылымды оқытудың
жаңа инновациялық сипаттарын анықтау;
-
Абай, Шәкерім, Мәшһүр Жүсіп, Жамбыл
шығармаларының танымдық, мәдени, рухани тағылымын саралап, оны ЖОО
мен мектептерде оқытудың жаңаша үлгілерін
көрсету;
-
қазақ ұлтық тілінің әлеуетін арттыру арқылы жас
ұрпақтың бойына ұлтжандылықты сіңдіру, еліне, тіліне, мәдениеті мен
тарихына деген патриоттық сезімдеріне қозғау
салу;
психологиялық бағытта:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары
Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К.