Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тіліндегі мәтіндерді сыни түрде талдау арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы 8-шы сыныптарға арналған әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бағдарламасына негізделген бұл әдістемелік нұсқаулық оқушылардың оқу сауаттылығын жүйелі дамытуға бағытталған. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың функционалдық және сыни ойлау қабілеттері артып, оларды өмірлік жағдаяттарда еркін бағдарлай алатын, өзіндік ойы бар тұлға ретінде қалыптастыру көзделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы








Қазақ тіліндегі мәтіндерді сыни түрде талдау арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері

Әдістемелік құрал







2025 жыл




МАЗМҰНЫ


Түсінік хат

3-бет

Бағдарламаның мазмұндық құрылымы.

4-бет

Нормативті құжаттар

4-бет

Пайдаланылған әдебиеттер

46-бет



































Түсінік хат


Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қазақ тілі пәнін оқытуда функционалдық-коммуникативтік тәсілге ерекше мән беріледі. Бағдарлама тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым сияқты негізгі төрт дағдыға негізделіп құрастырылған. Бұл тәсіл оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы олардың оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Бағдарлама «спиральді оқыту» ұстанымына сай құрылып, оқу мақсаттары сынып деңгейіне сәйкес қарапайымнан күрделіге қарай дамып, қайталанып отырады. Оқу мазмұны пәнаралық байланысқа сүйеніп, әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты пәндермен интеграцияланады.


2. Бағдарламаның мақсаты

Оқушылардың мәтін мазмұнын түсініп, оны талдай білуге, жеке ой қорытуға және сол арқылы оқу сауаттылығын арттыруға ықпал ету.


3. Курстың міндеттері

Мәтіндермен жұмыс барысында өз тұжырымын білдіре отырып, белсенділік таныту;


Шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыру, шешім қабылдай алу қабілетін дамыту;


Түрлі тілдік жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алу құзыреттілігін қалыптастыру;


Ана тілін терең меңгерген, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын тұлға тәрбиелеу.


4. Оқу үдерісін ұйымдастыру реті

Оқу тапсырмаларын орындау кезеңдері:


Мәтінді оқу, ақпаратты қабылдау;


Ақпараттан түйінді ойды жинақтау;


Мәтін ішінен әрекетке қатысты мәліметті анықтау;


Мәтін мазмұнына баға беру.


5. Оқу сауаттылығын бағалау (PISA зерттеулері негізінде)

Оқу сауаттылығы оқушылардың жазба мәтіндерді:


-түсіне білуін,


-қажетті ақпаратты мәтіннен таба алуын,


-ақпаратты жіктей және жүйелей алуын,


-таныс және жаңа ақпаратты саралай алуын,


-терең мазмұнды қорытындылай алуын,


-мәтін мазмұны бойынша ой түйе білуін көрсетеді.


6. Бағдарламаны жүзеге асыру формалары

Оқу әрекетін ұйымдастыру келесі бағыттарда жүзеге асады:


Ұсынылған ақпараттардан ең қажетті мәліметті іріктеу;


Қосымша деректер жинау арқылы тапсырмаларды орындау;


Өз ойын нақты әрі дәл жеткізе алу;


Іс-әрекет нәтижесін талдай білу;


Шығармашылық жұмыстарды орындау.


7. Бағалау формалары

Бағалау үдерісі оқушының жас ерекшелігі мен алға қойылған мақсаттарға сай жүзеге асырылады. Бағалау барысында келесі көрсеткіштерге назар аударылады:


Оқу материалының мазмұнды әрі сауатты баяндалуы;


Ұғымдар мен заңдылықтардың терең меңгерілуі;


Дербес және дәлелді жауаптар;


Интеллектуалды және шығармашылық икемділіктің қалыптасуы.


8. Қорытынды

Жаңартылған оқу бағдарламасына негізделген бұл әдістемелік нұсқаулық оқушылардың оқу сауаттылығын жүйелі дамытуға бағытталған. Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың функционалдық және сыни ойлау қабілеттері артып, оларды өмірлік жағдаяттарда еркін бағдарлай алатын, өзіндік ойы бар тұлға ретінде қалыптастыру көзделеді.









1-сабақ

Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мағына жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлемдерден құралады.

Құрылымы бойынша: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден құралады.

Түрлері бойынша:

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?

Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?

Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?

Ал PISA зерттеуінің оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларында мәтіннің 4 түрі кездеседі. Олар: «тұтас мәтіндер», «дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер», «аралас мәтіндер», «құрамдас мәтіндер».

Көркемсөз мәтіндерінен тұратын мәтіндер “тұтас мәтіндер” болып табылады. Тұтас мәтіндер өзара сабақтасқан сөйлемдерден тұрады, олар бөлiмдер, тарау, кіріспе және кітаптардан топтастырылады. Мағыналы азат жолдары сатылы құрастырылған және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуіне көмектесетін тақырыппен, тақырыпшамен белгіледі. Тұтас мәтiндерге сипаттама (көркем және техникалық), баяндау (әңгiме, есеп берулер, репортаж), түсiндiру (пiкiр, қорытынды, талдау) жатады.

«Дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер кесте, графиктер, диаграмма сияқты мәтіннің ақпараттық бірліктерінен тұратындықтан, басқа оқу дағдыларының әрекеттерін талап етеді.

«Аралас мәтіндер» «тұтас» және «дискретті мәтіндердің» ерекшеліктерін біріктіреді. Аралас мәтіннің вербалды және бейвербалды элементтері бір- бірін толықтырып тұратын сөз және сөзсіз көрсетілген элементтер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі күні көптеген ақпараттық мәтіндер презентациялық форматта (веб-парағы, журналдар және т.б.) әзірленеді. «Құрамдас мәтіндер» мағына ғана емес, формат жағынан да әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз әртүрлі /бірнеше/ мәтіндерден құрастырылады. Сонымен қатар мұндай мәтіндер өзінің мағыналық жағына байланысты және ойды толық аяқтап, мәтіннің диагностикалық мақсатын анықтайды.

1-тапсырма

МӘТІН. ТЕЛЕФОН.

Телефонды қалай пайдалану керек?

  • Қонақ үйде болғанда, нөмірден нөмірге телефон соғу үшін бөлменің нөмірін, егер ол төрт нөмірден тұрса, тікелей теріңіз. Егер бөлменің нөмірі үш цифрдан тұрса, басында «0»-ді содан кейін бөлменің нөмірін теріңіз.

  • Қонақ үйден тыс нөмірге байланыс жасау үшін (сыртқы байланыс жолы) «8»-ді теріңіз.

  • Түркияның ішінде қалааралық телефон соғу үшін жергілікті кодты және абоненттің нөмірін теріңіз.

  • Түркиядан басқа елге халықаралық телефон соғу үшін ең алдымен

«07»-ні теріңіздер де, халықаралық байланыс желісімен байланыстың сигналы ұзақ гудок болғанша 1 сикунд күтіңдер.содан кейін телефон соғып отырған елдің халықаралық кодын ары қарай ондағы қаланың кодын (бірінші «0»-сіз) және ақырында абоненттің нөмірін теріңдер.

  • Түркияның кез келген ауданы бойынша ақпарат алу үшін «0»- ді, содан соң қажет ауданның жергілікті кодын теріңіз.

Болат пен Қайрат Түркияда демалуда. Олар Стамбулда бір апта болып, содан кейін болаттың апасының хал-жайын білу үшін Сакарияға баруды жоспарлады.

Алдыңғы бете Болат «Стамбулдың халықаралық отелі» қонақ үйіндегі телефонның жанынан тауып алған мәлімет берілген. Осы мәліметті келесі сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыздар

Сұрақ 1: ТЕЛЕФОН Болат сөмкеден бар заттарын шығарып болған соң, Қайрат онымен тамақтануға баруға дайын екеніне көз жеткізу үшін оған телефон соқты. Қайрат 328-нөмірде орналасты. Болат қандай нөмірді теру керек?


С ұрақ 2: ТЕЛЕФОН Түстен кейін Болат пен Қайрат Стамбулдан Сакарияға дейінгі пойыздар жөнінде білмекші болды. Олар қай нөмір бойынша телефон соғу керек еді?


Сұрақ 3: ТЕЛЕФОН Болаттың дос қызы да саяхатта. Болат Түркиядан кеткеннен кейін онымен Польшада кездесуді жоспарлады. Міне, Болат одан алған хатының соңы Мен сені қатты сағындым! Ақыры Польшаға да жеттім. Маған мына телефон бойынша 22 494533 бейсенбіде айдың 24-і күні сағат 8-де (сенің уақытың бойынша) телефон соқшы. Өте-өте-өте жақсы көремін Сәлима.

Болат Стамбулдағы өзінің қонақ үйіндегі нөмірінен телефон соғуға дайындалды. Салимамен сөйлесу үшін Болат қандай нөмірді теруі керек?






2-сабақ


Баяндау мәтіні (әңгімелеу) дегеніміз белгілі бір оқиғаны суреттеп баяндау мақсатында жазылған мәтіндер. Басқа мәтін түрлерінен айырмашылығы:етсітіктері өткен шақта; адамдарды, оқиға орнын, болған жағдайларды, іс-әрекетті баяндайды; ретін санамалап көрсететін байланыстырушы сөздер (біріншіден, екіншіде, кейін, содан кейін т.б.), көңіл күй етістіктері қолданылады. Баяндау мәтініне оқиға кеіп керлерінің сөзі, іс- әрекеті, мінезі, келбеті баяндалады. Оқиға болған күннің реті, жер жағдайы баяндалады.

Баяндау мәтіндерінің кіріспесі, ортасы немесе дамуы және аяқталуы бар. Ең дәстүрлі әңгімелер осы тәртіпті сақтайды, дегенмен, түйіннен басталатын шығармалар мен романдар бар (бұқаралық ақпарат құралдарында) немесе соңынан бастаңыз.


1-тапсырма

Мәтіннің қай түрі екенін табыңыз.

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатт қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді.

  • Сипаттау мәтіні

  • Қорытындылау мәтіні

  • Баяндау мәтіні

  • Пайымдау мәтіні


2-тапсырма

Ерте кезде біздің қазақ елінде, Жетісу жерінде бір керемет бағбан мол өмір кешіпті. Шалдың баласы болмапты. Жертөлесінің қасына өзі еккен кішкене алма бағынан басқа түгі жоқ екен.

Мәтіннің қай түрі екенін табыңыз.

  • Пайымдау мәтіні

  • Баяндау мәтіні

  • Сипаттау мәтіні


3-тапсырма

Олар таңертеңнен бастап-ақтауға баруға жиналған. Бірі заттарын жолдорбаға салып, екіншілері ойынға керек жабдықтарды велосипедтеріне тиеп алды. Енді жетекшілерінің келуін күтіп тұр. Кейбірі тықыршып, тауға жеткенше асығуда. Жоспарланған істерінің орындалатына қуанып тұрған жайы бар.

Мәтіннің қай түрі екенін табыңыз.

  • Хабарлау мәтіні

  • Баяндау мәтіні

  • Сипаттау мәтіні

  • Пайымдау мәтіні


4-тапсырма

  1. Баяндау мәтіні туралы не білдіңіз?

  2. Мәтіннің басқа түрлерінен қалай ажыратасыз?

Баяндау мәтінінің қандай ерекшеліктерін атап өтесіз?




3-сабақ


БББ кестесі.

Мәтін және оның түрлері туралы не білесіз?

Мәтін өзара мағыналық байланысқа түсіп, оқиға, әрекеттер туралы ой айтылатын сөйлемдер жиынтығы.

Пайымдау мәтіні

Оқиғаның, әрекеттің неліктен болғанын дәлелдейді. Неліктен? Дәлелденетін пікір

Мыңдаған жылдар бұрын сәнді сарайларды кірпіштен салған. Кірпіштен үй салу құрылысшыларға ұнаған еді.

Дәлелдеу пікірі

Кірпішті саз бен құмнан жасайды. Ал саз бен құм барлық жерден табылады. Кірпіш отқа жанбайды, суға ерімейді.

Қорытынды

Кірпіштен салынған үй қыста жылы, жазда салқын болады.



Алоэ суккулентті (ылғалдылықты сақтай алатын арнайы ұлпасы бар) өсімдіктер тобына жататын гүл. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Алоэ гүлі үйде тек декоративті (сәндік) мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі.

Әлемге танымал Клеопатра ханшайымның өзі алоэдан жасалған кремді жаққан екен. Дәрігер Диоксид:"Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады"деп жазып кеткен. Алоэ шырыны иммунитетті нығайтып, пайдаланылған өндіріс бұйымдарын бастапқы қалпына келтіріп, бактерияға қарсы күресе алады. Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады. Сондықтан да оны ұйықтайтын немесе адам көп жүретін бөлмеге қойған жөн. Алоэ екіқабат әйелдер, бүйрек, өт қабы, цистит, геморой ауруларымен қиналатын адамдарға кері әсер етеді. Сондай-ақ, қан қысымында ауытқушылығы бар адамдарға да алоэға жақындауға кеңес берілмейді.

Мінеки, терезеңіздің алдындағы алоэның бір бойынан осыншама үлкен дәріхана жасап алуға болады екен. Алоэны пайдаңызға жаратыңыз.





1-сурет. Декоративті алоэ







2-сурет. Емдік алоэ

1-тапсырма

Мәтін мазмұнына сәйкес келетін суретті анықтаңыз (1 не 2-сурет)? Не себепті?


2-тапсырма


Пайымдау мәтінінің құрылымдық ерекшелігіне сай, дәлелденетін пікірді анықтаңыз

а/ Басқа өсімдіктер секілді алоэ да көміртегіні жұтып, оттегі шығара алады.

в/ Алоэ жараларды емдеп, ұйқыны тыныштандырады

с/ Алоэ гүлі үйде тек декоративті (сәндік) мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі

д/ Алоэны пайдаңызға жаратыңыз


3-тапсырма

Бұл мәтін мәтіннің қай түріне жатады деп ойлайсыздар? Не себепті? Немен дәлелдейсіз?



4-тапсырма


Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

а/емдік өсімдіктер туралы әңгімелеру

в/алоэның пайдасын түсіндіру

с/алоэның зияның түсіндіру

д/алоэ өсімдігінің қасиеттерін түсіндіру


5-тапсырма

Алоэның үш түрлі пайдасын атап көрсетіңіз

1 . .........................

2 . .........................

3 . .........................



6-тапсырма

Декоративті алоэ мен емдік алоэны салыстырыңыз. Артықшылықтары мен кемшіліктерін, ұқсастықтарын тауып жазыңыз



7-тапсырма

  1. Мәтіннің қандай түрлерін білесіздер?

  2. Пайымдау мәтінінің ерекшелігі неде?

Дәлелденетін пікір мен дәлелдеу пікірінің айырмашылығы неде?




4-сабақ


Сипаттау мәтіні дегеніміз белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттайтын мәтін түрі. Сипаттау мәтінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады; сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер); көңіл күй етістіктері мен нақты зат есімдер; сенсорлық елестетуді қолданады; сипаттау үшін салыстыруды қолданады. Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті бейнесі т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданылып, заттар салытырмалы түрде сипатталуында көре аламыз.

Сипаттау мәтіні дегеніміз не? Сипаттау мәтіні қалай құрылады? деген сұрақтардың жауабын осы фильмнен таба аласыздар. https://imektep.kz/kz/sipattau-matini




1-тапсырма

Мәтін түрлерін анықтаңыз

Түйе сүтінен әртүрлі тағамдар жасалады. Одан құрт, май, ірімшік әзірленеді. Шұбаты әрі сусын, әрі тамақ. Әсіресе, емдік қасиеті күшті.

  1. Сипаттау мәтіні

  2. Әңгімелеу мәтіні

  3. Пайымдау мәтіні

  4. Дәлелдеу


2-тапсырма

Қасына серік ергеннен бері Көксерек зорайып қатты өсті. Аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі де қалыңдап ұзарып, өзі жуан, өзі мықты көкжал болып алды. Қыс іші болса да жоны шығып, алқымы түсіп, семіріп кетті

  1. Сипаттау мәтіні

  2. Әңгімелеу мәтіні

  3. Пайымдау мәтіні

  4. Суреттеу мәтіні


3-тапсырма

Бөлменің іші терезеден түскен күн сәулесінің жарығымен ап-анық көрініп тұр. Төбеде алтын шынжырмен бекітілген аспалы хрустальді сәнді шам. Еденде қалың, ашық түсті ұалы кілем. Терезеге сол кілемнің түсіне үйлесімді қымбат торғын перде ілініпті. Бөлменің оң жақ шетіне үлкен пианино қойылған. Пианиноның жанындағы журнал үстелінің үсті толған нота қағаздары.

  1. Әңгімелеу мәтіні

  2. Пайымдау мәтіні

  3. Суреттеу мәтіні

  4. Сипаттау мәтіні


4-тапсырма

Бөлменің іші терезеден түскен күн сәулесінің жарығымен ап-анық көрініп тұр. Төбеде алтын шынжырмен бекітілген аспалы хрустальді сәнді шам. Еденде қалың, ашық түсті ұалы кілем. Терезеге сол кілемнің түсіне үйлесімді қымбат торғын перде ілініпті. Бөлменің оң жақ шетіне үлкен пианино қойылған. Пианиноның жанындағы журнал үстелінің үсті толған нота қағаздары.

  1. Әңгімелеу мәтіні

  2. Пайымдау мәтіні

  3. Суреттеу мәтіні

  4. Сипаттау мәтіні


5-тапсырма

Қысқы азық дайындап әуре болмайтын аңдар да бар. Олар жылы уақытта көп қоректенеді. Әбден семіреді. Денелеріне қалың май жинайды. Май оларды қысқы аштықтан да, суықтан да қорғайды.

  1. Әңгімелеу мәтіні

  2. Пайымдау мәтіні

  3. Суреттеу мәтіні

  4. Сипаттау мәтіні


6-тапсырма

  1. Сипаттау мәтіні туралы не білдіңіз?

  2. Мәтіннің басқа түрлерінен қалай ажыратасыз?

Сипаттау мәтінінің қандай ерекшеліктерін атап өтесіз?






5-сабақ


Мәтіннің (формасы) нысаны 4 ке бөлінеді.

1.Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)

«Оқу сауаттылығында мәтіннің қомақты бірліктерін қамтыған көркемсөз мәтіндерінен тұратын “тұтас мәтіндер” болып табылады. Тұтас мәтіндер өзара сабақтасқан сөйлемдерден тұрады, олар бөлiмдер, тарау, кіріспе және кітаптардан топтастырылады. Мағыналы азат жолдары сатылы құрастырылған және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуіне көмектесетін тақырыппен, тақырыпшамен белгіледі. Тұтас мәтiндерге сипаттама (көркем және техникалық), баяндау (әңгiме, есеп берулер, репортаж), түсiндiру (пiкiр, қорытынды, талдау) жатады.

1-тапсырма

МӘТІН. БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН

Эзоптың мысалы

Дүниеде жасқаншақ бір шал өмір сүріпті, оның жалғыз ұлы болыпты. Әкесі бәрінен де баласының аң аулауға құмарлығы мен оның батылдығынан қорқыпты. Бірде оның түсіне ұлын арыстан өлтіретіні кіріпті. Түсі орындалатынынан қорқып, әкесі ұлына өте үлкен, әсемденген үй салып, баласы әрқашан көз алдында болу үшін оны биік жерге қойыпты. Ұлының көңілін аң аулаудан қалай аудару және оның ынтасын қанағаттандыру үшін әкесінің өтініші бойынша жаңа тұрғызылған үйдің қабырғаларына әр түрлі жануарлардың суреті салыныпты, солардың бірі арыстан болыпты. Жас жігіт бұл суреттерді қанша қараса да, бойын билеген қамығуды жеңе алмапты.

Бір күні жас жігіт қабырғалардың біріне жақындап, ондағы арыстанға ұрысады: «Аһ, сені ме, сайтанның құбыжығы?! Мен сен үшін және әкемнің оғаш түсіне бола осында, мына түрмеге, қамалдым. Сенімен не істесем екен?»

Осыны айтады да, ол арыстанның көзін шығару үшін қабырғаны жұдырығымен ұрады. Сол сәтте оның тырнағының астына тікен тұрып қалады, оны жігіт суырып ала алмайды. Саусағы қатты үлкейіп, ісіп кетеді. Қызу көтеріліп, безгек басталады. Безгектің қатты болғандығы соншалық, жас жігіт одан өліп кетеді.

Арыстан тек суретте бейнеленген болғанымен, шынында, оның әкесіне сәуегейлік етілгендей, жас жігітті өлтіріпті.

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін Эзоптың «Бала мен суретте

бейнеленген арыстан» мысалын қараңыздар


Сұрақ 1: БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН

Мысалда не туралы жазылған?

A.Баласы әкесін құрметтеуге лайық.

  1. Әкесі баласының махаббатына ие бола алмады.

  2. Әкесі баласын сақтап қалғысы келді.

  3. Баласы әкесіне бойұсынуға үйренгелі жатыр.


Сұрақ 2: БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН

Төменде мына мысалды оқыған екі адамның сөйлесуінің бөлігі берілген.

Қалай ойлайсыз, бейнеленген арыстан шалдың ұлын өлтірді ме, жоқ па? Жауабыңызды мысалдың мағынасын қалай түсінгеніңізді көрсетіп жазыңыз.


Сұрақ 3: БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН

Әңгіме екі жарым мың жылдан астам уақыт бұрын жазылған. Қалай ойлайсыз, әкесінің баласына деген сезімі мен әрекеттері біздің заманға сай ма? Оның баласына қарауын біздің заманымыздағы ата-аналардың балаларына қарауымен салыстырыңыз. Жауабыңызды осы әңгімемен байланыстырыңыз.


2-тапсырма

  1. Тұтас мәтін туралы не білдіңіз?

  2. Қандай түрлері болады?

Тұтас мәтінінің қандай ерекшеліктерін атап өтесіз?




6-сабақ



Жадағай мәтін туралы түсінік

2. Жадағай (тұтас емес) мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама,

сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)

3. Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді,

авторлық веб парақтар).

4. Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).

«Дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер кестелер мен сызбалар, графиктер, журналдың не кітаптың мұқабалары, карталар, диаграмма сияқты мәтіннің ақпараттық бірліктерінен тұратындықтан, басқа оқу дағдыларының әрекеттерін талап етеді.

1-тапсырма


  1. Келгендер санының ең жоғарғы деңгейі қай жылға тиесілі? а/ 2002ж в/ 1994ж с/ 2005ж д/1991 ж

  2. Суретте келтірілген мәліметтер дереккөзін ұсынған кім?

  3. 1991-2005 жж. аралығындағы сыртқы миграция динамикасын зерттеңіз. Ақпараттарды салыстырып, талдаңыз.

  4. Графиктің бастапқы нүктесіне қай жыл сәйкес келіп тұрғанын анықтаңыз. Автордың дәл осы нүктені таңдауының себебін түсіндіріңіз.



2-тапсырма

ХАБАРЛАНДЫРУ

Сіз планетарийдің не екенін білесіз бе? Планетарийдің негізгі бөлмесі – бұл жұлдызды бөлме. Оның ортасында «Цейс» маркалы «Планетарий» аппараты қондырылған. Осы аппараттың көмегімен жасанды күмбезден жұлдыздар әлемін көруге болады. Табиғаттың тамаша құбылыстарын Күн мен Айдың тұтылуы мен, поляр шұғыласын, метеорлық жаңбыр, Күннің ұясынан шығуы мен батуын қосалқы проекциялық аппараттардың көмегімен тамашалауға болады. Планетарий фойесінде көрермендер «Күн жүйесі», «Марс планетасы» және «Еліміздің ғарышкерлері», сондай ақ астрономиялық бұрышпен танысып, көптеген мағлұмат алуына мүмкіндік жасалған. Шақырумен танысыңыз да, бізге келіңіз!


3-тапсырма

Көрермендерге арналған АҚПАРАТ

Мекен-жай: Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көшесі 50Аүй Жұмыс уақыты: күн сайын 10.00-20.00 (касса 19.00дейін) Бір сеанстың билет құны:

Балалар (4-17 жас), студенттер мен зейнеткерлерге – 500 теңге: Ересектерге 1000 теңге.

Билеттерді тек планетарийдің кассасынан ала аласыз («on-line сатылым» белгісі бар шаралардың билетінен басқа)

  1. Хабарландыруда айтылған планетарий қайда орналасқан?


  1. Егер билетті on-line сатып алғың келсе, нені ескеруің керек?


  1. Үш адамнан тұратын отбасы үшін , оның ішінде екеуі ересек (зейнеткер емес) және біреуі үш жастағы бала болса, билет алуға қанша ақша қажет? Өз жауабыңды түсіндір.



  1. Планетарийге бірінші келуші үшін хабарландырудан білуге болатын деректерді белгілеңіз

    • Планетарийге жету маршруттары

    • Планетарийдің жұмыс уақыты

    • Планетарийде нені тамашалауға болатыны

    • Планетарийге кіру құны

    • Планетарийдің қай қабатта орналасқаны

Хабарландыруда мына сұрақтардың жауабы бар не жоғын анықтаңыз. Егер бар болса «Иә» бағанына, жоқ болса «Жоқ» бағанына белгі салыңыз

Сұрақ

Иә

Жоқ

Планетарийде астрономиялық бұрышпен

танысуға бола ма?



Поляр шұғыласын, метеорлық жаңбырды

ненің көмегімен тамашалауға бола□ы?



Планетарий қай жылы ашылған?



Ересектер үшін сеанстың билет құны қанша?



Планетарийде қанша жұлдызды бөлме бар?




4-тапсырма

  1. Жадағай мәтін деген не?

  2. Тұтас мәтіннен қандай айырмашылығы бар?

Жадағай мәтінді талдауда, сұраққа жауап беруде нені ескеру керек?





7-сабақ


«Аралас мәтіндер» «тұтас» және «дискретті мәтіндердің» ерекшеліктерін біріктіреді. Аралас мәтіннің вербалды және бейвербалды элементтері бір-бірін толықтырып тұратын сөз және сөзсіз көрсетілген элементтер арқылы ерекшеленеді. Бүгінгі күні көптеген ақпараттық мәтіндер презентациялық форматта (веб-парағы, журналдар және

т.б.) әзірленеді.



1-тапсырма

МӘТІН. ЖЕЙДЕЛЕР

Өздеріңізге жейдені фирмалық белгі бойынша таңдамаңыздар Жейдедегі фирмалық белгі және биркада көрсетілген жоғары баға тек бір бұйымның сапасын білдіреді.

Қалай болғанда да, жейде шығаратын фирмалар сіздің дәл осылай пайымдауларыңызды қалайды.

Бірақ әмбебап сауда үйлері мен дүкендерде төмен бағамен, мысалы 900 теңгеге, сатылатын арзан жейделер 5000 теңге немесе одан да қымбат тұратындарынан анағұрлым жақсырақ болып шығуы мүмкін екені белгілі.

Тұтынушылар Қауымдастығы берген мәліметтер бойынша бұл арзан жиделер тек жақсырақ тігілген ғана емес, олардың киілу мерзімі де ұзақрақ және машиналық жуудан кейін түрін жақсырақ сақтайды. Эксперимент үшін ер адамдардың 27 ақ жейдесі таңдалынып алынды, олар матаның, ілгектердіңжәне тігісінің сапасы бойынша салыстырылды.жағалары мен жеңдерінің пішімі дәлдігін бағалау үшін мұқият өлшеулер жүргізілді, сондай-ақ күнде кейгеннен кейін жағасы мен манжеті қалай көрінетінін анықтау үшін эксперимент жүргізілді.

Жейделер 25 рет жуылды, яғни олардың әдетте 6 ай ішінде қанша рет кірін жуса, сонша рет, ал содпн кейін отыруы мен бүлінуі тестіленді.кәдімгі әмбебап дүкендер мен жай дүкендерден сатылып алынған жейделер жақсы сапаға ие екені анықталды. Тұтас алғанда, «Ерлер киімі», «Салтанат», «Дәулет» дүкендерінен сатылып алынған жейделер әйгілі сәнгер Т.Клейн и Валентино Ко фирмалық дүкендерде ұсынатын құны 5000-7000 теңгелік жейделерден жақсырақ болып шықты.

Тұтынушылар қауымдастығының мүшесі Торғын Оңғарова былай деп мәлімдеді:

«Тіпті егер бюджетіңіз шамалы болса да, сапалы заттардан бас тартудың қажеті жоқ. Біздің тестілерімізде 25 рет жуылғаннан кейін ең көп балл алған кейбір жейделер фирмалық дүкендерден емес, кәдімгі әмбебап дүкендерден сатылып алынды, олардың бағасы фирмалықтардан төмен болды».

Жүргізідген зерттеулер полимақталық матадан тігілген бұйымдардың ішінде бағасы 1400 теңге тұратын «Дәулет» (Т45 Классикалық), мата мақтадан тігілгендердің ішінде 4100 теңге тұратын «Салтанат С» жейделері ең жақсы екенін көрсетті.

Құрамында мақта бар жейделердің ішінде 1700 теңге тұратын «Салтанат Д» бұйымы мен қыртысталмайтын ол да 1700 теңге тұратын «Жетісу» жейдесі ең жақсы болып шықты.

Бұл зерттеудің нәтижесі осы жылы фирмалық жейделердің бедел-бейнесіне (имиджіне) екінші соққы берді. Өткен айда Джеймс Бонд туралы кең көп тараған шиеленіскен сюжетті «Ертеңгі күн ешқешан өлмейді» атты фильмді жасаушылар экран жұлдызы Пирс Броснанға әдеттегі әмбебап дүкеннен сатып алынған, қымбат емес жейделер кигізгені анықталды, өйткені, олардың пікірі бойынша, бұл жейделер экранда фирмалық дүкендерден алынған жейделерге қарағанда, әлдеқайда жақсырақ көрінеді.

Алдыңғы беттерде келтірілген газет мақаласына сүйене отырып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Сұрақ 1: ЖЕЙДЕЛЕР

Соңғы абзацтың алдындағы абзацта: «Бұл зерттеулердің нәтижелері осы жылы фирмалық жейделердің бедел-бейнесіне (имиджіне) екінші соққы берді,» дейді. Бірінші соққы қандай болды?



Сұрақ 2: ЖЕЙДЕЛЕР

Егер біреу қыртысталмайтын жейде сатып алғысы келсе, соңғы өңдеу бұйымның сапасын анықтайды деп санаса, онда қандай жейде ол үшін ең жақсы тағдау болар еді.



Сұрақ 3: ЖЕЙДЕЛЕР

Бұл мақала кімге арналған?

A. Модельерлерге B. Өндірушілерге C. Тұтынушыларға D. Дүкен иелеріне





2-тапсырма

  1. Аралас мәтін деген не?

  2. Аралас мәтіннің басқа мәтіннен қандай айырмашылығы бар?

Аралас мәтінді талдауда, сұраққа жауап беруде нені ескеру керек?





8-сабақ


«Құрамдас мәтіндер» мағына ғана емес, формат жағынан да әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз әртүрлі /бірнеше/ мәтіндерден құрастырылады. Сонымен қатар мұндай мәтіндер өзінің мағыналық жағына байланысты және ойды толық аяқтап, мәтіннің диагностикалық мақсатын анықтайды.


1-тапсырма

МӘТІН. ГРАФФИТИ

Мектептің қабырғасын граффитиден арылту үшін тазартып, төртінші рет бояғандығын көргенде, менің бойымды ашу кернейді. Шығармашылық тамсануға тұрарлық, алайда адамдар қоғамды қосымша шығындарға батырмайтын өзін көрсетудің басқа жолдарын іздеуі тиіс.

Неліктен сіздер граффитиді тыйым салынған жерге салып, жастардың беделін бұзасыздар? Кәсіби суретшілер өз суреттерін көшеде іліп қоймайды, солай емес пе? Оның орнына олар қаржыландыруды іздейді және заңды көрмелерде атаққа ие болып жатады.

Менің ойымша, ғимараттар, қоршаулар мен саябақтардағы орындықтар өзінше бір өнер туындылары болып табылады. Ал енді бұл сәулет бұйымдары граффитимен бүлінген болса, бұл аса қуанатын жағдай емес, оның үстіне сурет салудың бұл түрі ауадағы озон қабатын бұзады. Шынымен де, мен осы «қылмыскер» суретшілер олардың «өнер туындыларын» баршаның назарынан қайта-қайта алып тастаған кезде неліктен абыржитындарын түсінбеймін.

Хельга Қандай да бір талғамға назар аудару деген жоқ. Қоғам хабарламалар мен жарнамаға толып кеткен. Компаниялардың логотиптері, дүкендердің аттары. Көшедегі үлкен, көңіл аударатын плакаттар. Оларды қолайлы деп ойлайсыз ба? Иә, көптеген жағдайларда. Ал граффити қолайлы ма? Кейбір адамдар «иә» деп жауап берсе, кейбіреулері «жоқ» дейді.

Граффитидің құнын кім төлейді? Ақыр аяғында жарнаманың құнын кім төлейді?

Дұрыс. Тұтынушы.

Билбордтарды орнатқан адамдар сіздің рұқсатыңызды сұрады ма? Жоқ. Граффитидің жасампаздары да солай істеуі керек пе? Мұның барлығы тек ақпаратты – сіздің атыңыз, бандалардың аттары және көшедегі үлкен өнер туындыларын берудің мәселесі ғана болып табылмайды ма?

Бірнеше жыл дүкендерде пайда болған жолақтар немесе торлы суреті бар киімдер туралы ойлаңызшы. Сондай-ақ шаңғы тебуге арналған киім. Үлгілері мен түстері суреттер салынған бетон қабырғалардан алынған. Осы үлгілер мен түстердің қабылданып, танылғандығының өзі таңқаларлық жағдай, алайда тура осы стильдегі граффити қорқынышты деп саналады. Өнер үшін қиын кезең.


София Жоғардағы екі хат ғаламтордан алынды және олардың екеуі де граффитиге қатысты. Граффити бұл қабырғалар немесе тағы да бір жерлердегі заңсыз салынған суреттер мен жазбалар. Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін осы хаттардың мәтініне

қараңыздар.


Сұрақ 1: ГРАФФИТИ

Әр хаттың мақсаты болып мыналар табылады.

  1. Граффити деген не екенін түсіндіру.

  2. Граффитиге қатысты пікірлерді ұсыну.

  3. Граффитидің кең таралатындығын көрсету.

  4. Адамдарға граффитиді жою үшін қанша шығын жұмсалатындығын айту.


Сұрақ 2: ГРАФФИТИ

Неліктен София жарнамаға сілтеме жасады?


2-тапсырма

МӘТІН. АРАЛАР

Шірне жинау

Аралар өмір сүру үшін бал жасайды. Олар үшін бұл басты тамақ. Егер омартада 60,000-ға жуық ара болса, олардың үштен бір бөлігі шірне жинайды, ал қалған омартадағы аралар бал жасайды. Аралардың шағын мөлшері жинаушы немесе іздеуші ретінде жұмыс жасайды. Олар шірненің көзін іздейді, одан кейін омартасына қайтып, ол туралы басқа араларға айтады.

Жинаушылар би арқылы басқа араларға шірненің көзі орналасқан жер туралы білуге көмектеседі, сол би арқылы аралар ұшып өтетін бағыт пен қашықтықты түсінеді. Осы би кезінде аралар, суретте көрсетілгендей, іштерімен бір жақтан екінші жаққа қарай қозғалып, шеңбер болып айналады. Бидің реті тура келесі суреттегідей болады.

Суретте бал ұясының тік жағында омартаның ішіндегі аралардың биі көрсетілген. Егер суреттің ортаңғы бөлігі жоғары қарай нұсқаса, онда бұл аралар күн жаққа қарай ұшса, тамағын таба алады дегенді білдіреді. Егер суреттің ортаңғы бөлігі оң жақты нұсқаса, онда тамақ күннен оңға қарай орналасқан дегенді білдіреді.

Аралар іштерімен қозғалатын уақыттың ұзақтығы тамақтың омартадан бастап орналасқан қашықтықты көрсетеді. Егер тамақ жақын жерде болмаса, онда ара гүлдің ішін біраз уақыт қозғайды


Бал жасау

Аралар омартаға шірнемен ұшып келгенде, олар оны омартадағы араларға береді. Омартадағы аралар шірнені омартаның жылы және құрғақ ауасының әсеріне ұшыратып, төменгі жақтарымен жылжытады. Жиналған шірненің құрамында 80% сумен араласқан минералдар мен қант болады. 10-20 минуттан кейін, артық су буға айналып кеткен кезде, омартадағы аралар шірнені бал ұясының ұяшығына қояды, онда булану үдерісі жалғасады. Үш күннен кейін ұяшықтағы балдың құрамында шамамен 20% су болады. Бұл уақытта аралар ұяшықтарын балауыздан жасалған қақпақтармен жауып қояды.

Әдетте, аралар шірнені бір типті гүлдерден және бір жерден жинайды. Шірненің негізгі қайнар көздері жеміс ағаштары, беде және гүлденген ағаштар болып табылады.

Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін «Шірне жинау» және «Бал жинау» мәтіндеріндегі ақпараттарды пайдаланыңыздар


Сұрақ 1: АРАЛАР

Аралар биі не үшін қажет?

  1. Балдың табысты дайындалғанын атап өту үшін.

  2. Жинаушылар тапқан өсімдіктің түрін көрсету үшін.

  3. Жаңа ұрғашы араның тууын атап өту үшін.

  4. Жинаушылар тапқан тамақтың қайда екенін көрсету үшін.


Сұрақ 2: АРАЛАР

Шірненің негізгі үш көзін жазыңыз.

1.

2.

3. Сұрақ 3: АРАЛАР


Сұрақ 3: АРАЛАР

Шірне мен балдың арасындағы негізгі айырмашылық қандай?

  1. Заттың құрамындағы судың мөлшері

  2. Заттағы қанттың минералдарға қатысы

  3. Зат алынатын өсімдіктің түрі

  4. Затты өңдейтін аралардың түрі


Сұрақ 4: АРАЛАР

Аралар би арқылы тамақтың омартадан қаншалықты ұзақ жерде орналасқанын көрсеткісі келеді ме?



3-тапсырма

  1. Құрамдас мәтін деген не?

  2. Құрамдас мәтіннің басқа мәтіннен қандай айырмашылығы бар?

Құрамдас мәтінді талдауда, сұраққа жауап беруде нені ескеру керек?






9-сабақ


Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам жалпылай көз жүгіртіп оқу , мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін

тез оқып шығу

Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу;


1-тапсырма

Мәтінді көз жүгіртіп оқып шығыңыз, мазмұнын түсініп алып, сұрақтарға жауап беріңіз

МӘТІН. ТОҚАШ

Бойжеткен орталық бекетте поезд күтіп отырды. Ол уақытты өткізу үшін кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге ол бір қорап тоқаш сатып алды. Содан соң ол күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды.

Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы орындықта болатын. Ол бір тоқашты алған кезде, ер адам да біреуін алды. Ол таңқалғанымен, ешнәрсе айтпады және одан әрі оқи берді. Ол ішінен «Сене алар емеспін! Егер мен батылдау болғанда, міндетті түрде бірдеңе дер едім» деп ойлады.

Ол әрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді. Қорапта бір тоқаш қалғанға дейін солай бола берді. Бойжеткен ер адамның не істейтінін көру үшін күте тұрмақ болып шешті. Ал, ол соңғы тоқашты алып, оны екіге бөліп, оған жартысын берді.

Таңқалған ол кітапты сөмкесіне лақтырып салып, орнынан тұра жүгірді. Ол сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, ол кітабын алуға сөмкесін ашты. Тек сонда ғана, ол өзінің қорабы ашылмаған тоқашы сөмкесінде жатқанын көрді.

Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін жоғардағы «Тоқаш» әңгімесін пайдаланыңыздар.

Сұрақ 1: ТОҚАШ

Әңгіменің басында бойжеткен не істеді?

  1. Ол бекетте поезд күтіп отырды.

  2. Ол бекеттен кетейін деп жатты.

  3. Ол бекетте ер адаммен сөйлесіп жатты.

  4. Ол бекетте газет сатып алып жатты.



Сұрақ 2: ТОҚАШ

Соңғы абзацта не туралы айтылады?

  1. Поезд күтіп отыруы.

  2. Өзінің қателескенін түсінуі.

  3. Газет оқып отырған адаммен кездесуі.

  4. Екі адамның тоқашты бөлісуі.


Сұрақ 3: ТОҚАШ

Автор осы мысал әңгіме арқылы оқырманға қандай ой салғысы келді?



2-тапсырма

  1. Мәтін мазмұнын түсіну үшін қалай оқу керек?

Мәтін идеясын анықтауда шолып оқудың көмегі бар ма?





10-сабақ



Детальді түрде оқу- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу.

Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.

Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.


1-тапсырма


МӘТІН. МІНСІЗ КЕҢСЕ

МІНСІЗ КЕҢСЕ өзінің 10-жылдығын атағалы отыр және кеңсе тауарын сатып алу барысында Сізге 5000 теңгеге дейін қайтарып береді!




О СЫ ҰСЫНЫСТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?

  1. «Мінсіз кеңсе» өнімін (бір немесе одан көп атауды) 15 желтоқсаннан 31 қаңтарға дейінгі аралықта кез келген күні өзіңізге жақын орналасқан дүкеннен сатып алыңыз:

5000 тг. бастап 15000 тг. дейінгі сатып алған затқа «Мінсіз кеңсе» Сізге 1000 тг. қайтарады.

17500 тг. бастап 32500 тг. сатып алған затқа «Мінсіз кеңсе» Сізге 2500 тг. қайтарады. 35000 тг. бастап және одан жоғары сатып алған затқа «Мінсіз кеңсе» Сізге 5000 тг. қайтарады.

  1. Төменде келтірілген баспабетті толтырыңыз.

  2. Өз чегіңіздің көшірмесі мен сондай-ақ алған тауарыңыздың сызбашакодын немесе баға көрсеткішін бірге салыңыз.

Алынған күннен бастап, 15 күн ішінде келесі мекенжайға жіберіңіз: 050000, Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 40-үй. «Мінсіз кеңсе» 10 жыл 5000 теңге


САТЫП АЛҒАН ЗАТ ҚҰНЫНЫНҢ БІР БӨЛІГІН ҚАЙТАРУ БАСПАБЕТІ

Электрондық поштадан (еркіне қарай толтырылады) басқа барлық жол толтырылуы тиіс. Кімге: Қайда:

Индекс:

Электрондық пошта: @










КҮШІНДЕГІ ҰСЫНЫСТЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ

  1. Акция тура осындай тауар түрін сататын көтермелі және бөлшек бағамен сатушыларға жарамайды.

  2. Ұсыныс «Мінсіз кеңсе» ұсынатын келесі тауар түрлеріне ғана жарамды: кеңсе тауарлары, картридждер, толымдаушылар, кеңсе техникасы. Ұсыныс жиһазды қоса алғанда «Мінсіз кеңседе» сатылатын басқа кез келген тауарға жарамсыз



2-тапсырма

Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін «Мінсіз кеңсе» мәтінін қолданыңыздар.

Сұрақ 1: МІНСІЗ КЕҢСЕ

Сатып алушы «Мінсіз кеңседен» тауар сатып алды. Ұсынысты пайдалану үшін сатып алушы жіберуі тиіс құжаттардың барлығын жазыңыз.


Сұрақ 2: МІНСІЗ КЕҢСЕ

Төмендегі келтірілген сатып алушылар «Мінсіз кеңседен» сатып алған затқа жұмсалған шығынның бір бөлігін қайтарып ала алады ма? Әрбір сатып алушы үшін

«Иә» немесе «Жоқ» сөздерін қоршаңыз.


С ұрақ 3: МІНСІЗ КЕҢСЕ

Алма кейбір кеңсе тауарларын сатып алды және содан соң төменде келтірілген, сатып алған заттарына жұмсалған ақшаның бір бөлігін қайтарып алу үшін баспабетті толтырды. Алмаға қанша ақша қайтарылады?


Сұрақ 4: МІНСІЗ КЕҢСЕ

Автор мәтінді кімдерге арнап жазған? Жазудағы мақсаты не деп ойлайсыз?


3-тапсырма

  1. Детальді түрде оқудың қандай көмегі бар, не үшін қажет?

Комментарий жасап оқудың ерекшелігі неде?






11-сабақ



Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.

Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.



1-тапсырма

МӘТІН. ЖҮГІРУШІЛЕР КӨҢІЛ КҮЙЛЕРІҢІЗ ЖАҚСЫ БОЛСЫН, ЖҮГІРУШІЛЕР!

Лиондағы (Франция) спорттық медициналық орталық 14 жыл бойы жас спортшылардың жарақаттанушылық мәселелерiн зерттейдi. Зерттеудің 30 нәтижесінде, жарақатты болдырмаудың ең тиімді тәсілі, ол – оларды алдын алу және жақсы деп анықталған

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «Жүгірушілер» мақаласындағы мәліметтерді пайдаланыңыздар.


2-тапсырма

Сұрақ 1: ЖҮГІРУШІЛЕР

Бұл мақалада автор не айтқысы келді?

A Көптеген аяқ киімдердің сапасы әлдеқайда жақсарды.

B Егер жасыңыз 12-ден кем болса, футбол ойнамау керек.

C Жастар көбінесе өздерінің физикалық күйлеріне байланысты әр түрлі жарақаттардын азаптанады.

D Жас спортшыларға жақсы спорт аяқ киімін кию өте маңызды.

Сұрақ 2: ЖҮГІРУШІЛЕР

Мақалада: «Жақсы спорт аяқ киімі төрт белгілерге сәйкес келу керек» делінген. Қандай төрт белгілер жайлы сөз қозғалды?


Сұрақ 3: ЖҮГІРУШІЛЕР

Мәтіннен екі факті бола алатын ақпаратты анықтап жазыңыз



3-тапсырма

  1. Зерделеп оқу не үшін қажет?

Басқа оқылым стратегияларынан ерекшелігі неде?







12-сабақ





Мәтін стильдері, жанрлары, ерекшеліктері туралы еске түсіру.

  • Талдап оқу стратегиясы арқылы стиліь мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.

  • Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін,

автордың оқырманмен байланысын анықтау.





1-тапсырма. Талдап оқу стратегиясын қолдана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 жылы солтүстік-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қазақ диаспорасының әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, көшпенді қазақ тайпалары солтүстік- батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жөңкіле көшкен.

Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардияшылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді. Алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары 1,9 млн. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солтүстігінде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанға, Иран мен Ауғанстанға ауып барған.

Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының ҚР-мен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.


1.Мәтіндегі 1 абзац не туралы?

А) қазақ халқының ұлан-байтақ жері туралы

В) қазақ халқының салт-дәстүрі туралы

С) қазақ халқының еркіндікке қол жеткізгендігі туралы

Д) қазақ халқының басынан кешкен қиындықтары

Е) қазақ халқының қиын-қыстау кездердегі көшіп-қонуы


2.Мәтін кімдерге арнап жазылған?

А) балаларға

В) көпшілікке

С) оралмандарға

Д) әйел адамдарға

Е) қарияларға



3.Мәтіннің стилі мен жанрын анықтаңыз



2-тапсырма

  1. Талдап оқу не үшін қажет?

Мәтін стильдерін қалай ажыратасыз?







13-сабақ



Әрбір мәтіннің тақырыбы онда не туралы айтылатындығын білдіреді. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер тек тақырып бойынша ғана байланыспайды, белгілі бір негізгі ой, айқын идея арқылы да бірігеді.

Яғни мәтіндегі негізгі ой онда қандай мәселеге баса назар аударылады, неге көз жеткізу мақсат етіледі, неге үйретеді деген cұрақтар арқылы анықталады.

Негізгі ой мен тақырып мәтіннің өн бойынан ажырамас бірлікте көрінеді. Мәтіннің негізгі ойын қалай анықтауға болады? Кез келген мәтінді талдау, оның ішінде негізгі ойды анықтау мәтін мазмұнын түсінуден басталу керек.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің құрылымына және азатжолдарына назар аударыңыз. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз, яғни бұл мәтін не туралы немесе кім туралы екенін түсінуіміз қажет.

Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз және олардың синонимдерін анықтаңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтауға кілт сөздер мен сөз тіркестері көмектесе алады.

Берілген мәтіннің авторын не қызықтырады деген сұраққа жауап беруге тырысыңыз. Мәтінді жазудағы автордың мақсатын анықтаңыз.

Автордың оқырманға не айтқысы келгенін түсінуге тырысыңыз.

Автордың мәселеге көзқарасы қандай?

Автор мәтіндегі оқиғаларға, құбылыстарға қандай баға береді? Осындай сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтауға болады.

Автордың қорытындыларына талдау жасаңыз. Оларды нақты сөйлемде немесе сөз тіркестерінде, әдетте, мәтіннің соңында кездесуі мүмкін.

Автор ұстанымы – бұл мәтін авторының пайымдауы, жасаған қорытындысы. Мәтіндегі астарлы ой – нақты, айқын, тұжырым ретінде берілмеген, бірақ мәтінді оқу барысында жасырын сарын байқалатын ой түрі..

Автор көзқарасы дегеніміз шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге, оқиғаға, өмір құбылысына автордың беретін бағасы,оның өз ойы мен пікірі.

Жалпы оқиға, құбылысқа автор көзқарасы кейіпкер көзімен беріледі. Кейіпкердің ұнатқаны – автордың ұнатқаны, кейіпкердің жек көргені автордың жек көргені.


1-тапсырма

Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз

Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы бар емес пе. Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты ұстаным етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар достығы қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға қойылды. Қазақстандағы халықтар достығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып, жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз.

Қазіргі Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның кеңестік дәуірдегі тарихын есте ұстауымыз керек. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде қалыптасқан халықтар достығы қазір жалғасып жатыр. Бұл күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан. Өзінің алға қойған мақсатты жобалары, шаралары бар. Ұлттар достығының шынайы ұйытқысы, рухани күші болған Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойы өзімізде ғана емес, өнеге-үлгі ретінде кейбір шетелдерде де аталып өтсе жаман болмас еді. Өйткені, ұлтаралық, дінаралық араздық кейбір мемлекеттерде қантөгіске әкелуде. Достық отаны Қазақстан гүлдене берсін.


1.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз

А) Қазақстан жетістіктері

В) Ассамблеяның құрылуы

С) Ұлттар достығы

Д) Абайдың мерейтойы


2. Мәтінде көтерілген негізгі ойды анықтап, жазыңыз


3.Қазақстандағы ұлттар достастығына қатысты автор көзқарасы қандай деп ойлайсыз? Осы мәселеге қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай?



2-тапсырма

  1. Автор көзқарасы мен ұстанымын қалай тануға болады?

  2. Мәтіннің тақырыбы дегеніміз не?

Мәтіндегі негізгі ойды қалай анықтайсыз?







14-сабақ



Қарапайым жоспар:

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Күрделі жоспар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

1.

2.

3.

4...

Қорытынды бөлім


А мәтіні бойынша қарапайым жоспар құрастырыңыз.

Айтыс – халық ауыз әдебиетiндегi өзiндiк ерекшелiгi мол күрделi жанрлардың бiрi. Ежелден айтысу – сөз жарысы, пiкiр таласы деген ұғымда қолданылып келген. Айтыс өнерінің туу тарихы, даму жолдары, өзіндік ерекшеліктері оның сан ғасырлар бойы келе жатқанын білдіреді.

Айтыста қоғам өмiрiндегi маңызды мәселелер көтерiлiп отырған. Атап айтсақ, ел ішіндегі әлеуметтік жағдайлар, тартыстар, адамдар арасындағы қатынастар, жетістіктер мен кемшіліктер, замана өзгерістері, бейбітшілік, гуманизм, қоршаған орта мәселесін ортаға салған. Жалпы айтқанда айтыста өмірдің барлық саласы сөз болады, өйткені, айтыс – халық тұрмысының шындығын бейнелеуші жыр. Ол суырып салма шеберлiктi, тапқырлықты, жылдамдықты талап етіп, домбыра немесе қобыз сүйемелдеуi негiзiнде айтылады.

Қазақ фольклорын зерттеушілердің ішінде айтыс поэзиясына Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Әуелбек Қоңыратбаев, Ханғали Сүйіншәлиев, Мұхамедрахым Жармұхамедов және тағы да көптеген ғалымдар айрықша көңіл бөлді. Сондай-ақ олар суырып салушылық, табан астынан ұтымды сөз, өрнекті ой табушылықты айтыстың басты талаптары ретінде атаған.

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытыны


В мәтіні бойынша күрделі жоспар құрастырыңыз

Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардыңролі ерекше. Әке отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенім мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері, білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой» деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі. Әке – бәйтерек, бала - жапырақ. Ата – балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды. Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйтеріп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген. Баласының ата өнерін қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының ертедегі өсиет сөздеріне мән берсек, жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын жалғастырушы, өнерлі, талабы таудай, жан-жақты білімі бар азаматты тәрбиелеу ұлттық педагогиканың мақсатына жатады. Ертеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде қалыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-құлықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез-келген ата-ана қызының ертең барған жерінде балдай татып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесіне баланысты. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс. Отбасы дегеніміз бұл шағын мемлекет. Мемлекеттің шаңырағы биік, керегелері тең, уықтары нық болуы үшін ұлттық бағытта тәрбие берудің маңызы жоғары. Ұлттық дәстүрлерден қол үзушілік тәрбиенің қайнар көзінен үзушілікке әкелетінін, ұрпақтар байланыстығы мен сабақтастығын бұзатынын, адамгершіліктің құлдырауын, еңбектің тәрбиелік мәнін құнсыздандыратынын тарихи тәжірибе қуаттап отыр. Демек, отбасы педагогикасымен байланысты мәселелердің маңызы ерекше. Сондықтан, қазіргі уақыттың маңызды проблемасы оқушылардың тәрбиесінде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығын толық жүзеге асырудың қажеттілігі туындайды.

Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.


2-тапсырма

  1. Қарапайым жоспардың ерекшелігі неде?

Күрделі жоспардың ерекшелігі қандай?







15-сабақ



Қарапайым сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылар белгілі бір ақпаратты еске түсіреді, қайталайды, яғни, бұл сұрақтарды танысқан материалды қаншалықты меңгергенін, есте сақтағанын анықтау үшін қолданған тиімді. Сұрақтың бұл түрі дәстүрлі бақылау кезінде қолданылады: сынақ, тест, терминдік диктант.

Проблемалық сұрақ ойлау қабілеттерін айқындауға бағытталған тыңдаушының жеке пікірлері мен түсініктемелерін білдіруді талап етеді. Сондықтан бұл санатқа «проблемалық» сұрақтар жатады. «Проблемалық сұраққа» берілетін жауаптың саны белгісіз. Сонымен қатар бұл сұрақ жауап берушіден өз пікірі мен көзқарасын білдіргенін көздейді, адамнан түсініктеме беруді, ойлануды талап етеді. Бұл сұрақтар «неге», «қалай», «не үшін», «Сіз қалай ойлайсыз», «...туралы не ойлайсыз»?» т.б. сөздерден басталады. Мысалы, «Сіздің пікіріңізше, ол кейіпкердің мінезі қандай?»,

«Ол неге бұл әрекетке барды деп ойлайсыз?» т.б


Мәтінді оқыңыз. Берілген сұрақтардың қарапайым не проблемалық сұрақ екенін ажыратыңыз.

Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың»,- деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсіздік болар деп біраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұтаздык құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді.

Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігін айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері адақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кіреді.

Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.

Сұрақ

Қарапайым

Проблема-лық

Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді?



Мәтіндегі негізгі ойды қандай мақалмен тұжырымдар едіңіз?



Мәтіннің стилі қандай?



Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді?



Патша баласы қандай еді?



Патшаның кұлағына сыбырлай айтқан сөзіне

ұстаздың таңғалу себебі неде?



Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты көзқарасыңыз

қандай?





3-тапсырма

  1. Қарапайым сұрақтың ерекшелігі неде?

  2. Проблемалық сұрақтың ерекшелігі қандай?

Мәтін бойынша ойланып, қорытынды жасау, талдауды талап ететін қандай сұрақ?







16-сабақ



Негізгі ақпарат дегеніміз басты ақпарат.

Қосымша ақпарат дегеніміз сол айтылған ойды толықтыру, негіздеу.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды қалай анықтауға болады

Негізгі ақпарат

Не үшін келтірілген?

Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор. (Жануарлардың адам өміріндегі маңызы туралы автордың екінші

азатжолдағы пікірі)

Автор мәтіннің негізгі идеясын, қарастырылатын мәселенің төркініне кіріспе ретінде берген.

Қосымша ақпарат

Қандай мақсатта пайдаланылған?

Олардан әртүрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) және өнеркәсіп шикізаттарын (жүн, тері, былғары, талшық) алады. (Олардың адамға не беретіндігі туралы қосымша ақпарат)

Автор өз тұжырымына дәлел келтіру, ойын растау үшін пайдаланған.

Негізгі ақпарат

Не үшін келтірілген?

Ал өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі - барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы.

(Адам да, жануар да өсімдікке тәуелді екендігі туралы автордың пікірі).

Осы ақпарат арқылы автор өсімдік туралы айқын да нақты ұстанымын көрсеткен.

Қосымша ақпарат

Қандай мақсатта пайдаланылған?

Өсімдіктер ауаны әртүрлі шаң-тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы

бактерияларды жояды.

(Өсімдіктердің қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады деп есептейді).

Ақпаратты кеңейтіп, онда қарастырылатын құбылыстардың мәнін ашып түсіндіру үшін қолданған.



2-тапсырма

Мәтіндегі негізгі ақпараттар мен қосымша ақпараттарды ажыратып, теріп жазыңыз Қазақстанның «Қызыл кітабы»

«Қызыл кітап» жәндіктер мен жануарларды қорғауға арналған мемлекеттік

шара.

Қазақстан Республикасы «Қызыл кітабына» тіркелген түрлер 5 санатқа бөлінеді.

I санат жойылып бара жатқан түрлер мен түршелер;

ІІ санат – саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер;

ІІІ санат сирек кездесетін түрлер мен түршелер;

  1. санат – белгісіз түрлер мен түршелер;

  2. санат қалпына келтірілген түрлер мен түршелер.

Ендігі міндет – «Қызыл кітапқа» тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес, жергілікті жерлердегі белгісіз түрлерді тауып, зерттеу.

Негізгі ақпараттар:

Қосымша ақпараттар:


3-тапсырма

  1. Негізгі ақпараттың ерекшелігі неде?

Қосымша ақпараттың ерекшелігі қандай?







17-сабақ



Мәтінді интерпретациялау сол мәтіннің ішіндегі мазмұнды ашу деген сөз. Нәтижесінде, кез келген мәтінді оқу, жалпы кез келген сөзді қабылдау (адам оқығанын немесе естігенін түсінген жағдайда ғана) интерпретациялау болып табылады.



1-тапсырма

-МӘТІН. СУПЕРМАРКЕТТЕГІ ЕСКЕРТУ


Берілген ақпаратты төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыздар. Сұрақ 1: СУПЕРМАРКЕТТЕГІ ЕСКЕРТУ

Осы ескертудің мақсаты қандай?

  1. Лимон қосылған кремі бар печеньені жарнамалау

  2. Адамдарға печеньенің неден жасалатындығын айту

  3. Адамдарды печенье туралы ескерту

  4. Лимон кремі қосылған печеньені қай жерден сатып алуға болатындығын түсіндіру


Сұрақ 2: СУПЕРМАРКЕТТЕГІ ЕСКЕРТУ

Егер сіз осы печеньені сатып алсаңыз, не істер едіңіз?



2-тапсырма

-МӘТІН. КІТАП ТУРАЛЫ

Жарқын және тапқыр осы кітап кез-келген кітапқұмарға қуаныш сыйлайды 12 жасар Моска барлық кітаптар мен әңгімелер қатал цензурадан өтетін әлемде өсіп жатыр. Оның әкесі, қуғында жүрген зиялы жан, оның көкірегінде сөздердің сиқырлы әлеміне деген жалынды оятады. Бірақ Моска осы жалынның қаншалықты қауіпті және алысқа апаратын салдары бар болуы мүмкін екенін әлі білмейді…

Бірде Моска туған ауылын тастап кететін уақыт болды деп шешеді. Басында онымен бірге жалғыз сенімді досы – үлкен, төбелесқой үйрек жүреді, бірақ олар жақын арада кәрі айлакер ақын және бос сөзі көп Клентпен танысады. Оның тамаша әңгімелер айту қабілеті Москаны баурап алады, сонымен олар шытырманға толы

саяхатқа бірге аттанады, сөйтіп қауіпті әзәзілдікке ұшырайды. Тірі қалу үшін Моска өзінің алғыр ақылы мен оқу қабілетіне сүйенуі тиіс!

Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін алдыңғы беттегі «Кітап туралы» мәтінін пайдаланыңыздар.


Сұрақ 1: КІТАП ТУРАЛЫ

Екі пікірсараптың қайсысының осы кітаптың келесі басылымында соңғы беттен орын алуға мүмкіндігі көбірек? «1-пікірсарап» немесе «2-пікірсарап» қоршаңдар және өз жауаптарыңды түсіндіріңіздер.

1-пікірсарап

2-пікірсарап

Сұрақ 2: КІТАП ТУРАЛЫ

«Кітап туралы» материал үш мәтіннен тұрады: аңдатпа, 1-пікірсарап және 2- пікірсарап. «Түнгі ұшу» кітабы туралы кейбір идеяларды үш мәтіннің біреуінен ғана табылуы мүмкін, ал кейбіреуі үш мәтіннің екеуінде кездесуі мүмкін. Кестенің сол жақ бағанында берілген әрбір идея үшін «Аңдатпада», «1- пікірсарапта», «2-пікірсарапта» атауларымен берілген бағандардағы «Кездеседі» немесе «Жоқ» сөздерін қоршаңыздар.

3-тапсырма

  1. Мәтінді интерпретациялау дегенді қалай түсінесіздер?

Мәтіндерді өзара салыстыруда нені ескеру керек?





18-сабақ



Мәтінге баға беру мәтінде көтерілген мәселені анықтап, сол мәселеге қатысты автор көзқарасымен салыстыра отырып, сол мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру, оң не теріс бағасын беру.

Ал тәжірибеде қолдану мәтінде қарастырылған мәселеге қатысты шешім қабылдай білу.

1-тапсырма

Мейрамханалар.

«Бүгінгі таңда адам демалатын орындар көптеп кездеседі, солардың ішіндегі еліміздің батыс өңіріндегі қалаларда бәрімізге белгілі «Stigl, Renaissance, Grand Nur Plaza, Golden palace, Arabika, Фараон» сияқты тағы да басқа өзге тілде аталатын орындар жетерлік. Енді осы атаулардың қандай ұғым, мән-мағына беретініне тоқтала кетсек,

«Stigl» сөзі шешен тілінен аударғанда «Аспан» деген мағынаны береді. Ал

«Renaissance» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ғылым, мәдениет» деген ұғымдарды береді екен. Көріп тұрғандарыңыздай, кереметтей атаулары бар, тамаша мағыналарды беретін мекемелер. Қазақта не көп? Әдемі-әдемі сөз көп емес пе?! Неге сол әдемі сөздермен өзіміздің мекемелеріміздің атын қоймасқа?!.»


1-сұрақ. Мейрамханалар.

Қашан біз қазақша атаулардың да тамаша ұғым беретін сәнді, мәнді атау екенін мойындаймыз? Автор көтерген мәселеге қатысты баға беріңіз.


2-сұрақ. Мейрамханалар.

Егер сіздің жеке мейрамханаларыңыз болса, оларға қандай атау берер едіңіз? Не себепті?


2-тапсырма

Театр өнері.

Көптеген мәдениеті жоғары дамыған елдердің театр залы үнемі көрерменге толы болады. Театрды күнделікті өмірінің бір бөлшегіндей көріп, тіпті кейбірі өмірін онсыз елестетуге қорқады. Ал бізде ше? Бізде қалай? Сахна бос емес, шымылдық ашулы... Ал көрермендер залы ше? Сахна ауасын сағынып, өнерге шөлдейтіндердің саны тым азайып барады.

«Театр мұражай сияқты, біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына қарсы емеспіз» дейді атақты актриса Гленда Джексон. Иә, расында солай ғой. Театр, театр деп жар салып жатамыз. Ал оған барып жатқан қаншамыз бармыз? Уақыт жоқ дейсіз бе? Тұрмыстық проблемалар, күнделікті күйбең тіршілік, күн көріс үшін жанталас, бала-шағаның қамы үшін қарбалас... Сізді демалыссыз жұмыс жасауға мәжбүр ететін де осы бітпейтін проблемалар. Уақыт тауып, демалыңыз. Материалдық байлықпен қоса рухани байлық та жинаңыз... Компьютермен дос болған балаңызды неге театрға алып бармасқа?

«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады» дейді атақты режиссер Робер Лепаж. Театр нағыз тәлім-тәрбие мен тағылымның ортасы. Киелі өнердің ордасына бас сұққан бала мәдениетті де үйренеді. Сахнаға көз тіккен бала өмірді көреді. Жақсы мен жаман арпалысып жатқан заманның ащы шындығын біліп, ақ пен қараның ара жігін ажырата алады. Нағыз мәдениет те, нағыз өнер де театрда.


1-сұрақ. Театр өнері

Мәтінде қандай мәселе көтерілген?

  1. Театр актерлерінің әлеуметтік жағдайы

  2. Театр көрермендерінің аздығы

  3. Бала тәрбиесі

  4. Тұрмыстық проблемалар


2-сұрақ. Театр өнері.

«Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады» дейді атақты режиссер Робер Лепаж. «Адам болу» деген тіркесті қалай түсіндірер едіңіз?



3-сұрақ. Театр өнері.

«Театр мұражай сияқты, біз оған бармаймыз, бірақ оның бар болғанына қарсы емеспіз» дейді атақты актриса Гленда Джексон. Сіз де солай ойлайсыз ба? Халықтың театрға бармау себебін қалай түсіндірер едіңіз?



4-сұрақ. Адамдардың театрға қызығушылығын арттыру үшін қандай кеңес ұсынар едіңіз?







19-20 сабақ



Сабақ тақырыбы: Қорытынды тестілеу


МӘТІН. ALIEXPRESS-ТЕ КИІМДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

Онлайн сатып алудың артықшылығы мынада: үйден шықпай-ақ киім-кешектің кең ассортиментін, түр-түсін таңдау мен тиімді әрі қолжетімді бағаға сатып алуында. Осындай тиімді онлайн дүкендердің бірі - AliExpress.

Киімді іздеуді іздеу жолағында кілт сөздерді жазу арқылы немесе сол жақтағы мәзірдің көмегімен жүзеге асыруға болады. Іздеу нәтижесінде сіз мыңдаған тауарларды таба аласыз. Сондықтан, өзіңізге қажетті тауарды таңдау үшін іздеу жолағының үстінде орналасқан сүзгіні (фильтр) пайдалануға кеңес береміз.

  • Брендтер сіз көптеген заттардың маркаларымен таныссыз деп ойлаймыз. Қажеттісін белгілеңіз.

  • Бағасы қажетті баға межесін белгілеңіз.

  • Тауар жұлдызшасы 4 не одан да көп жұлдызшасы бар тауарларды белгілеңіз. Осылайша сапасыз тауарлар көрінбейтін болады.

Осылайша сүзгінің көмегімен өзіңізге қажетті және критерийлеріңізге сәйкес келетін тауарларды іріктеп алдыңыз. Өзіңізге ұнаған өнімнің үстінен түртіп, сатушының рейтингімен және артықшылықтарымен танысыңыз. Тауардың бетіндегі негізгі суреттің үстіңгі жағында орналасқан:























1-сурет

Рейтинг жанында түрлі медаль, кристаллдар ороналасқан баллдар. Сатушының жұмысы бойынша оң кері байланыстар негізінде есептелінеді.

  • Оң кері байланыстар % мөлшерде жалпы бағалар санының оң кері байланыстар санына қатынасына байланысты. Егер бұл сан максималды 100% жуық болса, тіпті жақсы.

  • Тапсырыстар саны егер тапсырыстар саны көп болса, демек сенімді сатушы болғаны.

Сіз өз өлшеміңізді білетініңізге сенімдіміз. Дегенмен, тауарды коризнаға салмас бұрын «Sizing info». Жазуы бар сызғыш белгісін түртіп қараңыз. Ескеретіні, кейбір сатушылардың өзінің стандартты емес өлшем сызбалары болады. Өлшем сызбасы ашылады, өзіңізге қажетті өлшемге тапсырыс бергеніңізге көз жеткізіңіз.























2-сурет



  1. сұрақ. ALIEXPRESS-ТЕ КИІМДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

Сіз өз өлшеміңізді білетініңізге сенімдіміз. Дегенмен, тауарды коризнаға салмас бұрын «Sizing info». Жазуы бар сызғыш белгісін түртіп қараңыз. Бұлай ескерту жасауының себебі неде?



  1. сұрақ. ALIEXPRESS-ТЕ КИІМДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

Бұл мақала кімге арналған?

  1. Модельерлерге

  2. Өндірушілерге

Тұтынушыларға Д. Дүкен иелеріне



  1. сұрақ. ALIEXPRESS-ТЕ КИІМДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

Сатушының рейтингі және артықшылықтары туралы ақпарат қай жерде орналасқан?

  1. сұрақ. ALIEXPRESS-ТЕ КИІМДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?

1-суретте берілгендей, сатушының жұмыс тәжірибесі, тапсырыстар саны және оң кері байланыстар пайызы не мақсатта көрсетіледі?



МӘТІН. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ КИІЗ ҮЙ.

Киіз үй қаңқасын түгел ағаштан – берік ағаштан (қайыңнан, талдан) жасалады. Киіз үйдің ағаштарын (уық, кереге, шаңырақ, күлдіреуіш) деформациялайды. Деформация – дене пішінің немесе көлемінің өзгеруі. Қайың мен тал басқа ағаштармен салыстырғанда деформациялауға, яғни июге, бұруға, қысуға, созуға ыңғайлы, бір жағынан берік, қатты жақсы материал болып табылады. Үйшілер кептірілген ағаштарды алып қидың малмасына (диффузия процессі жүреді) немесе ыстық шоқ араластырылған күлге (жұмсарту, балқыту) салып балқытады.

Киіз үйдің негізгі құрылыс материалы киіз болып табылады. Синтетикалық материал айналасына оң зарядталған өріс тудырады. Ол өріс адамның ағзасына қолайсыз әсер етеді. Ал киіз – табиғи материал. Қой жүнін сабалап, біріктіріп жасайды. Жүннің жылу өткізгіштігі нашар, өйткені қалай сабаласа да , жүн талшықтарының арасында бірталай ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар болады, өйткені ауа молекулалары бір – бірінен алыс орналасады да, энергияның бір молекуладан екіншісіне берілуі қиынға соғады. Сондықтан киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болады.






  1. сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Киіз үйді құрастыруда киіздің қандай түрлері пайдаланылады?

1.

2.

3.

4.


  1. сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Киіз үйдің табалдырығын биік, маңдайшасын төмен етіп жасаудағы мақсат қандай?

  1. сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Материалда «киіз үйдің салмағы жиһаздарды қоса алғанда 300-400кг, бір түйе көтере алатын жүктің шамасы» делінген. Киіз үй салмағының түйе көтере алатындай болу қисындылығын қалай түсіндірер едіңіз?



  1. сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Мәтінде киіз үйдің аптап шілдеде сая, ызғырықта жылы баспана болатыны айтылған. Осы ақпаратты қандай деректермен дәлелдер едіңіз?



  1. сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Киіз үй құрылысында ең соңғы жасалатын әрекетті белгілеңіз А) Киіз жабылады

В) Кереге орнатылады

С) Үлкен бақанмен шаңырақты көтереді Д) Киіз үйдің жарма есігі бекітіледі


  1. сұрақ. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ – КИІЗ ҮЙ

Киіз үй құрылысында қайың мен тал ағаштарының және қой жүнінің пайдаланылу себебін түсіндіріңіз.



МӘТІН. НАНОНТЕХНОЛОГИЯ

Нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанотехнология (грек. nanos – ергежейлі және технология) – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым.

Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады. Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химия қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. Нанотехнология терминін қолданысқа алғаш рет 1974 жылы жапон физигі Норио Танигути енгізген. Макроскопиялық заңдылықтарға сүйенетін басқа инженер ғылымдардан нанотехнологияның негізгі ерекшелігі, нанонысандар үшін кванттық және молекулааралық өзара әсерлесуінің күшті болуына байланысты. Нанотехнология саласындағы зерттеулер қазірдің өзінде практикалық маңызы зор нәтижелер беруде.

Нанотехнология да өмірге осындай қиял мен әуестік нәтижесінде келген еді. 1986 жылы студент Эрик Дрекслер өзінің "Жасампаз машина" аталатын футуристік эссесінде тұңгыш рет молекулярлы технология атауын қолданады. Ол фантаст- жазушы Станислав Лемнің идеяларына өз қиял-болжамдарын қосақтай отырып, "Саналы тіршілік ортасының" жалпы бет-бейнесін жасап шығады.

Қазіргі кезде ең жақсы зерттеліп жатқан сала осы нанотехнология мен нейрожелі және жасанды интеллект жақсы қолға алынып жатыр.

  1. сұрақ. НАНОТЕХНОЛОГИЯ

Мәтіннің стилін анықтаңыз

А/ публицистикалық стиль

В/ көркем әдебиет стилі

С/ ресми іс-қағаздар стилі

Д/ ғылыми-көпшілік стиль


сұрақ. НАНОТЕХНОЛОГИЯ

Мәтіннің мүмкін болатын қолданылу аясын белгілеңіз

А/ бұйрықтарда қолданылады.

В/ прозалық шығармада қолданылады.

С/ хроникада қолданылады

Д/ ғылыми баяндамаларда қолданылады.


сұрақ. НАНОТЕХНОЛОГИЯ

Жоғарыда берілген мәтінге тән стильдік, тілдік ерекшеліктерді белгілеңіз

А/ ресми сөздер, даяр тіркестер қолданылған

В/ образды, эмоционалды, экспрессивті сөздер қолданылған

С/ көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары қолданылған Д/ ғылыми терминдер қолданылған

Е/ деректер дәлелді, зерттелген

Ж/ стильдік қайталау, антитеза қолданылады


сұрақ. НАНОТЕХНОЛОГИЯ

Мәтіндегі қарамен берілген сөздер қандай принципке негізделіп жазылған?

А/ морфологиялық принцип

В/ фонетикалық принцип

С/ морфологиялық-фонематикалық принцип

Д/ тарихи-дәстүрлік принцип


сұрақ. НАНОТЕХНОЛОГИЯ

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз және көтерілген мәселеге қатысты баға беріңіз.


сұрақ. НАНОТЕХНОЛОГИЯ

Мәтіннен өзіңіз таңдаған екі терминдік атауға түсініктеме беріңіз














Пайдаланылған әдебиеттер


  1. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. 331 б.

  2. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде), ҚРҒБМ 25.10.2017 545 б. 2-қ.

  3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.- Астана: 2012.

  4. Даулетова Н.А. « Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар» /PISA халықаралық зерттеулері бойынша/ әдістемелік құрал. Н.А.Даулетова. – Атырау: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, 2019.- 83 б

  5. PISA Халықаралық зерттеуінің тест тапсырмаларының үлгілері, Астана 2014

  6. Мәтінмен жұмыс – оқушының функционалдық оқу сауаттылығын дамытудың негізгі тәсілі, Р.О.Хамза http://zkoipk.kz/ru/2015c1/1107-conf.html





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2025
98
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі