Қазақ тілінің әлем деңгейіндегі көрінісі
Қазақ тілі - түпкі түркі түрін сақтаған байырғы тіл. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес, оның шыққан ата тегі бар. Қазақ тілі түркі тілдері деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. Бір негізден өрбіп, түркі ата тілінен тарағандықтан әзербайжан, болгар, башқұрт, ғағауыз, қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарашай, құмық, қырғыз, ноғай, өзбек, саха (якут) , татар, тофа, туба, түрік, түрікмен, ұйғыр, чуваш, хакас тілдері түркі тілдері деп аталады. Қазақ тілінің түркі тілдерімен туыстас болатын себебі ай, тәңір, көк, жер, су тәрізді зат есімдер, бас, тіс, көз, қол, аяқ тәрізді дене мүше атаулары, ақ, қара, көк, сары, қызыл тәрізді сын есімдер, ондық, жүздік, мыңдықты білдіретін сан есімдер, бар, кел, жүр, ұш, отыр, тұр, жат тәрізді етістік, апа, қарындас, ата, келін, қайын т.б. сияқты туыстық атаулар ортақ болып келеді.
Туыстығы жағынан қарақалпақ, ноғай, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі, сондай-ақ татар, қырғыз тілдері қазақ тіліне ең жақын тілдерге жатады. Туыстығы алыс саха, чуваш тәрізді тілдерді, туыстығы бір шама жақын, туыстығы өте жақын тілдердің деректерін салыстыру арқылы тіліміздің қандай көнелік белгілерді сақтағанын, дыбыстық, мағыналық жақтан қандай өзгерістерді өткергенін өз зерттеулерінде тіл мамандары айқындап береді. Ғылыми мәні зор болғандықтан тілдердің туыстығына зерттеушілер ерекше көңіл бөледі.[1;20]
Қазақ тілі түркі тілдерінің негізгі бір тобы ретінде, ежелгі сақ (б.з.д.ғ.), үйсін және қаңлы тайпаларынан басталатын бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі болып саналған түркі тілдерінің тобына кіреді. Қазақ тілінің қалыптасу тарихына тоқталсақ,
VII-VIII ғ.ғ. – Батыс-түрік қағанаты; Түркеш қағанаты; Қарлұқ қағанаты.
IX-X ғ.ғ. – Оғыз мемлекеті; Қарахан мемлекеті; Қимақ мемлекеті.
XI-XII ғ.ғ. - Моңғол-татар шапқыншылығының нәтижесінде құрылған Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттерінің түрік-моңғол ресми тілі;
- Түркі тілдерінен бөліне бастау кезеңі және Дешті Қыпшақ мемлекетінің ресми тілі болып қалыптасуы.
XV-XVII ғ.ғ. – Қазақ ұлтының және Қазақ халықтарының ұлттық және ресми тілі ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы;
XIX-XX ғ.ғ. – Ресей құрамындағы қазақ халқының ұлттық тілі.
1920 ж. 26.08. – Қазақ АКСР-ның ресми тілі.
1923 ж. 20.03. – Іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу жөнінде ҚазОАК- нің Декреті.
1933 ж. 15.05. – Республикалықтерминологиялықкомиссияныңқұрылуы.
1936 ж. 05.12. – Қазақ КСР-нің ресми тілі.
1957 ж. 05.11. – «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жетілдіру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.
1989 ж. 22.03. – «Қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.
1991 ж. 16.12. – ҚР Президентінің Жарлығымен қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
1995 ж. 25.09. – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: 7-бап – Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
1996 ж. 04.10. – ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.
1997 ж. 11.07. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы қабылданды.
1998 ж. 05.10. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасы» бекітілді.
1999 ж. 08.01. – Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2001 ж. 07.02. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілді. [2; 11]
Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының сарапшылары мәліметтеріне сүйенсек, әлемдегі 6 мыңнан аса тілдердің жартысына жуығы қауіпті жағдайда екен. Америкалық лингвист Дэвид Хариссон: «Әлемде әр екі аптада бір тіл жойылып отырады», – дейді. Осыған орай, Ресейдің БАҚ-ы да орыс тілі мәселесін жиі көтеріп, ағылшын тілінің ықпалынан үрейлене бастады. Дамыған, мықты мемлекеттер өз тілінің жойылып кетуінен қауіптеніп, ағылшын тілінің алдында едәуір әлсіз екендігін мойындағанда, қазақ тілінің күні нешік? Жалпы, біз Тіл мәселесін дұрыс жолға қоя алдық па? Ағылшын тілі экспансиясынан қалай сақтануға болады? Тілдік ресурстарымыз бен сөздік қорымызды сақтап қалуға қам жасап жатырмыз ба? Дүниежүзінде орыс тілінде 260 млн. адам сөйлейді екен. [3; 32]
Филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Хасанұлы:
«Қазақ тілі – әлемдегі сөйлермені көп 70 тілдің санатына қосылады. Қазақтар да, өзге халықтар сияқты, көптілділік жағдайында болғандықтан, ана тілінде әр түрлі деңгейде сөйлейді. Жалпы, қазақ тіліне байланысты әлемдік социолингвистикалық зерттеу жүргізілгенде ғана ХХІ ғасыр қазағының тілі жан-жақты сипатталады. Ж.С. Смағұлованың 2006 жылы қазақтар арасында өткізген социолингвистикалық сауалнамасы бойынша, қазақ тілінде сөйлейтіндердің 19-35 жас арасындағылардың 98,3%-ы, ал 1,7%-ы қазақша білмегендер, 36-55 жас арасындағылар түгелдей қазақша сөйлеген. Сонда 55-тен жоғары жастағы қазақтар ана тілін 100% жақсы білген. Бұл зерттеулер социолингвистикалық талаптарға сай жүргізілген”.
Қазір барлық елде қанатын кең жайған ағылшын тілі ертеректе Британ аралдарында бірнеше мың адам ғана сөйлейтін тіл болған. Ол кезде Еуропада француз тілі үстем еді. Ағылшын ақсүйектерінің өзі француз тілін қолданатын. Қазіргі жағдай мүлдем өзгеше. Ал неміс тілінде қазір 110 млн. адам сөйлейді. Ол тіл Германия, Австрия, Швейцария, Лихтенштейн, Люксембург сияқты елдерге таралған. Ал ағылшын тілін қазір 341 млн. Адам өзінің ана тілі санайды. Ол тіл Ұлыбританияда, АҚШ-та, Жаңа Зеландияда және т.б. елдерде мемлекеттік тіл дәрежесінде... және статистикалық мәліметтер бойынша әлемде 900 млн.-ға жуық адам ағылшын тілін жетік меңгерген. Орыс тілінде қазір 200 миллионнан аса адам сөйлейді. Бірақ бұл көрсеткіш жылдан-жылға төмендеп келеді. Тіл тарихын зерттеуші мамандар алдағы он жылда әлемде орысша сөйлейтіндердің саны 150 млн.-ға түсетінін болжайды.[4;12]
Қазақ тілі сөйлейтін адамдарының саны жағынан әлемдік тілдер арасында 70, тіл байлығынан үшінші орында. Ең бай тіл саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз болса, бұл көрсеткіш ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың екен. Ал қытайлар болса 87019 иероглифті қолданады. Демек, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алады.
ЮНЕСКО-ның есебіне сүйенсек, бүгінде әлемде 6700-ден аса тіл бар болса, 2100 жылға дейін 3500-дей тіл қолданыстан шығып, жоғалады екен. Бұл дүниежүзіндегі бүкіл тілдердің тең жартысы. Лингвистер 14 күнде бір тіл жойылып кететіндігін айтады. ЮНЕСКО тілдердің өміршеңдігін 9 критерий бойынша өлшейді. Оның ішінде ана тілінде сөйлеушілер саны, ұрпақтан ұрпаққа таратылуы, оқу материалдарының қолжетімділігі, қоғамның ана тіліне деген көзқарасы. Мұнан кейін барлық тілдер 6 категорияға бөлінеді: «қауіпсіз жағдайда», «қауіпті жағдайда», «жойылып кету қаупінде», «жойылып кету қаупінің шақ алдында», «тілдің өмір сүру мүмкіндігі екіталай», «жойылған тіл».
Мамандардың есебінше, Ресейде 136 тіл жойылу қаупінде тұрса, соның 20-сы өлі тіл (айн, юг, убых, т.б тілдері) саналады. (Естеріңізде болса, кеңестер одағында 100-ге тарта тіл жойылған еді). Қазіргі күні одан басқа тағы 22 тіл (алеут, терско-саама, ительмен, т.б)– өмір сүру мүмкіндігі екіталай, 29 тіл (нивхи, чукот, карель) – жойылып кету қаупінің шақ алдында тұр. Сондай-ақ 49 тіл (қалмық, удмурт, идиш, т.б) жойылып кету қаупінде, 20 тіл (якут, тува) қауіпті жағдайда тұр.[5; 14] Ал біздің қазақ тіліміз қауіп төнген тілдер қатарына кірген екен.
Тағы да мынаны айтқан жөн: кезінде тілдердің жойылуына тікелей тарихи оқиғалар, әртүрлі жойқын шапқыншылықтар мен басып алу жорықтары әсер етсе (бір ғана мысал, еуропалықтар американдық байырғы халықтардың 2000 тілін жойып жібере алды), бүгінгі тілдердің жоғалуы тілдердің өз ішінде іріктелуінен, сұрыпталуы себебінен болып жатыр. Демек, кезінде Дарвин дәлелдеген «бейімделу, сұрыпталу» заңы қазір тілдердің Бүгінгі тілдердің таралуына, меніңше, екі негіз бар. Бірінші, ағылшын тілі сияқты ақпарат тіліне айналуы, яғни тілдің компьютерленуі, әлемдік шырмауық (интернет) тіліне айналуы, екінші, ғылым тіліне айналуы, қай тілде әлемдік жаңалық ашылса, сол тілдің абыройы асатыны белгілі.
Тіл мен диалектіге шекара қою қиын. Мысалы,Ұлыбритания,АҚШ, Жаңа Зелландия, т.б. жерлердегі ағылшын тілінің түрліше сөздік құрамы, сөйлеу, жазылу, айтылуы жөніндегі мәселелер әлі ортақ шешімін таппаған. Сондай-ақ, саяси, діни, әдеби алшақтықтар салдарынан хинди мен урду, бенгал мен ассам, серб пен хорват тілдері жеке-жеке дара тіл деп танылды. Ал қытай тіліндегі диалектілердің бір-бірінен алшақтығы соншалық, сол диалектіні ана тілім деп қабылдап, иероглифті танитындар ғана бірін-бірі ұғады;
Дүние жүзі тілдерінің қайсыбірінің арнайы атауы жоқ және кейбірінің атауы өзіне сай келмейді. Тілдер санын есептеу олардың атауларын есептеу арқылы жүрмейді. Мысалы, көптеген қауымдастық тілдерінің арнайы атаулары жоқ, атау ретінде сол тайпа өмір сүрген жердің, не өзеннің атауы, т.б. қолданылады. Дүние жүзі тілдерінде сөйлейтіндердің саны жайындағы мәлімет “Халықаралық лингивистикалық энциклопедияда” жинақталып берілген. Энциклопедияда көрсетілген 6604 тілдің ең үлкен тобын сол тілде сөйлейтін адам саны 1000-нан асатын 1631 тіл (25%) құрайды, ал ең аз тобын сол тілде сөйлейтін адам саны бір миллионнан асатын 283 тіл (4%) құрайды. Қазақ тілі миллиондық тіл тобына кіреді. 20 ғ-дың 80 — 90-жылдарындағы мәлімет бойынша, сөйлеушілерінің саны 15 млн-нан асатын тілдер саны 40-қа жетті. Дүние жүзі тілдерін жүйелеу мен сипаттау тілдердің жіктелімі түрінде жүргізіледі. Тілдердің жіктелімі генеалогиялық жіктелім және типологиялық жіктелім болып бөлінеді.Генеалогиялық жіктелім бойынша, дүние жүзі тілдері өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай тілдер шоғыры мен макро шоғырларға бөлінеді. [6;25]
Қорытындылай келе, бүгінгі дәуірде байқалатын жағдай – тілдердің жойылуының тым жылдам жүріп жатқандығы, тілдер көптеп тарих сахнасынан сырғып жатыр. Бұған себеп – дүниежүзілік саясаттың виртуалды жүзеге асуы. Осыдан келіп мынандай тұжырым жасауға болады: тілді айқындайтын мемлекеттік саясаттан бұрын - халық. Халқымыз өз дүниетаным формасын өзгертпесе, тіл де сақталады. Сондықтан қазіргі қазақ тіліне ұлттық, халықтық қамқорлық қажет. Өйткені, қазақ тілі дүниежүзі тілдерінің ішіндегі ең бай тілдер санатының 3орынында.
Әдебиеттер тізімі:
-
Нұргелді Әлиұлы. Қазақ тілі қандай тіл?(лингвистикалық очерк).//Ана тілі газеті, 2006 ж № 3. Б 20-21
-
Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
-
Айгүл Сәметқызы. Қазақ тілінің қанша жұрты бар? ).//Ана тілі газеті, 2005 ж № 4. Б 32-34
-
Айгүл Сәметқызы. Қазақ тілінің қанша жұрты бар? ).//Ана тілі газеті, 2005 ж № 4. Б 12-14
-
Д.Асауов (ЮНЕСКО сайтынан әзірленді)
-
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз