Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілінің грамматикасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақ тілінің грамматикасы
Авторлық бағдарлама
Түсінік хат
Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті – оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.
Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы – тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойынша сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізуге білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының,ана тілінің мұрагері болуға тиісті. Осы орайда 5 пен 7-ші сыныптардағы «Қазақ тілі әлемі» тақырыбындағы авторлық бағдарламаны атап өтсек болады.
Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Ғылым-білім дегендерден алыс жүрген замандардың өзінде де тіл өнерін — өнердің өнері, «Өнер алды — қызыл тіл» деп бағалаған. Асылы, жақсы сөзді жанына азық ете білген, атқан оққа тоқталмаса да жүйелі сөзге бас иген, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен теңестірген бір халық болса, ол қазақ халқы болар.
Жаңадан «тіл мәдениеті», «сөйлеу мәдениеті» деген күрделі ұғым-түсініктер пайда болды, кейін оның арнасы кеңейіп, өзіндік бір мақсаты бар жеке ғылымға айналды. «Тіл мәдениеті» дегеніміз мағыналық өрісі кең дүние.
Қысқасы, санай берсек, сөздің беретін ұғымы өте кең. Сондықтан «тіл мәдениеті» дегенді — «сөйлеу мәдениеті», «сөз мәдениеті» деп те айта береміз. Сөз — тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Тіл мәдениеті» — тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды.
Тіл мәдениеті — тілдік нормаларының, тіл тәсілдерінің жетіп, ширап даму дәрежесі. Тіл мәдениеті негізінен сөзді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Сөйлеу коммуникативтік қызмет атқарумен қатар, адамның ішкі өмірінің рухани байлығын жарыққа шығарып, жан сарайын танытады
Тіл мәдениетін меңгерудің ендігі бір жолы-пәнаралық байланысы, әдебиеттен өтілетін көркем шығармаларын да пайдалануға болады.
Мақсаты:
Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ тілі сабақтарында ақпараттық,тілдік қарым – қатынасты дамытып, өзінің ана тілі-қазақ тілін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.
Міндеті:
-
Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсететінін ұғындыру;
-
Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да қатты бағалағанын түсіндіру;
-
Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу
-
Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру. Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту
-
Тіл — адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:
-
7 – сынып оқулығы бойынша берілетін лексикалық тақырыптар бойынша білімдерін дамыту.
-
Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы
-
Ұлттық мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы.
Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Оқушылар нені біледі:
-
қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;
-
білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;
-
талдау машығының жоғары болуы;
-
орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;
-
салыстыра алу қабілетінің басым болуы;
Оқушылар нені үйренеді:
-
тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;
-
грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;
-
сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;
-
деңгейлік
Білім – білік дағдылары
-
Лексикалық нормаларды білу.
-
Жалпы халыққа бірдей жиі қолданылатын сөздері тануы;
-
Қосымшаларды таңдап, талғай жалғай білуі;
-
Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алуы;
-
Сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін білуі;
-
Сөздердің байланысу тәсілдерін білуі;
-
Сөздердің байланысу түрлерінің (қиысу, матасу, меңгеру қабысу, жанасу) бір-бірінен ерекшелігін білуі.
Қолданылған әдебиеттер:
-
"Қазақстан-2050" стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты : Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
-
«Қазақ тілі» қоғамы-20 жыл . Шежіре.ІІ том. – Алматы 2009
-
Ерназарова З.Ш., Мұхамадиева Н.Қ., Әшірова Б.С. Қазақ тілі: (елтану) орта және жалғастырушы топтар үшін: Оқу құралы.- Алматы: Ол-Жас, 2005.
-
Саутова Т.А. Қазақ тілі. Бастауыш және жалғастырушы деңгейге арналған: Оқу әдістемелік құрал. - Петропавл: Полиграфия, 2011.
-
Бектұров Ш. Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис.- Алматы: Атамұра, 2006.
-
Алексеевская А.Т. Мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру. - М., 2008 ж
«Қазақ тілі әлемі» авторлық бағдарламасының мазмұны
Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны толықтырылған курстан тұрады. Және де курстың деңгейінің жоғарылығы айқын бейнеленген. Бағдарламаның бұл бөлімінің негізі нақты пәннің мазмұндық құрылымы мен теориялық аспектісін таңдау болып табылады. Оқу пәнінің мазмұнын тұрақтылау курсы нақты және бағдарламаның түсінік хатында көрсетілген барлық мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру бойынша ұсынылылған.
-
Тіл білімінің салалары.Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы түсініктерін кеңейту – 1 сағат. Тіл білімінің салалары оның ішінде Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы түсініктерін кеңейту. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Фонетика. Дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары - 1 сағат. Фонетика бөлімінде дауысты дыбыстардың ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары туралы білімдерін меңгерту. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау. -
Дауыссыз дыбыстар, емлесі – 1 сағат. Дауыссыздар емлесі бөлімінде дауыссыз дыбыстардың жіктелуі, олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Орфография мен орфоэпия. Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптері – 1 сағат. Орфографияның қарастыратын мәселелері, негізгі принциптерін талдау. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Үндестік заңы.Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері. Сингармонизм заңы – 1 сағат. Бұл тарауда үндестік заңы туралы, оның түрлері және буын үндестігі туралы толық мәлімет беру. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Буын. Тасымал – 1 сағат. Білімгерлерге жаңа сабақ жайлы түсінік беру, сөздің буынын таба білуге, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Лексиканың салалары туралы – 1 сағат. Лексика бойынша өткен тақырыптарға шолу жасау, тіл білімінің лексика саласынан алған білімдерін жинақтау. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Қолдану аясы шектеулі сөздер Бір-бірінен ажырата білу – 1 сағат. Термин сөздер мен басқа да қолданылу аясы шектеулі сөздерді ажырата алуға баулу. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі – 1 сағат. Сабақ барысында тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жазуға, әңгіме құрауға жаттықтыру. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сөз мағынасы. Антоним. Синоним. Омоним – 1 сағат. Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін дамыту сөздердің мағынасын меңгерту. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сөзжасам. Сөз құрамы – 1 сағат. Сөз және оның құрамы туралы түсініктерін кеңейту. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері – 2 сағат. Жалғаулар мен жұрнақтар туралы жалпы түсініктерін анықтау. Қарапайым сөйлем құрап үйренужәне жалғаулардың қолданылуын үйрету. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Морфология. Сөз таптары. Зат есім – 3 сағат. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Етістік – 2 сағат. Білімгерлерге етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысын, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сын есім. Түрлері.Қызметі – 1 сағат. Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру, сын есім туралы жалпы мағлұмат беру, сын есімнің сындық қасиетін ашу. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сан есім. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.Емлесі – 1 сағат. Сан есім туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен сан есімді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Есімдік. Есімдіктің түрлері – 1 сағат. Есімдік және оның түрлерін меңгерту, есім сөздердің орнына қолданыла алатынын түсіндіру. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Үстеу. Түрлері – 1 сағат. Үстеудің түрленбейтін сөз табы екенін , тұлғасына, құрылысына, мағынасына қарай түрлерін ажырата білу,үстеу туралы толық мағлұмат алу. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Одағай. Түрлері – 1 сағат. Сөз табының түрлерін пысықтау, одағай сөздердің қолданылу аясы, жазылу емлесі, тыныс белгілері туралы білімдерін тиянақтауға тапсырмалар орындату. Одағайдың түрлерін меңгерту. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Шылау. Атқаратын қызметі – 1 сағат. Шылау туралы түсінік беріп, білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай бөлінуін түсіндіру. Шылаудың емлесін меңгерту. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті – 1 сағат. Сөз тіркесі туралы алған білімдерін пысықтау, сауатты, таза жазуға үйрету. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сөйлем. Түрлері – 2 сағат. Әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сөйлемдегі сөздердің мағынасы – 2 сағат. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтай білуге үйрету. Сөйлем құрастыра білуге дағдыландыру, сөз таптары мен сөйлем мүшелері туралы білімдерін бекіту. Сөйлеу мәдениетіне төселдіру. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сөйлем мүшелері – 2 сағат. Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру дағдылрын қалыптастыру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Бірыңғай мүшелер.Ерекшелігі – 1 сағат. Білімгерлердің бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздердің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сөздердің байланысу түрлері – 2 сағат. Білімгерлердің сөздердің байланысу түрлері туралы алған білімдерін нығайту,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімін бағалау. Грамматикадан өткен материалдарды қайталау.
-
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар – 2 сағат. Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастар туралы толық білу,өзіндік ерекшеліктерін түсіну.
НОРМАТИВТІ БӨЛІМІ
Күнтізбелік тақырыптық жоспары
аптасына
5-7- сынып, аптасына – 1 сағат, барлығы – 36 сағат)
р/с |
Тақырып |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Білім – өнімі мен нәтижесі |
|
||
Бар-лығы |
Лекция/ Теория/ Прак-тика1
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |