Материалдар / «Қазақ тілінің негізгі диалектілері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ тілінің негізгі диалектілері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба мұғалімдерге көмек үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
2928
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

«ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» мемлекеттік мекемесі

«Теміртау қаласы №17 жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы:

«Қазақ тілінің негізгі диалектілері»



Секциясы: қазақ тілі









Орындаған 7 «Ә» сынып оқушысы

Сауытов Әділет

Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Катпатаева Риза Кабыловна













Мазмұны

Кіріспе

I.Негізгі бөлім

Диалектілердің пайда болуы

II.Зерттеу бөлімі

2.1 Солтүстік-шығыс диалект – қазіргі қазақ әдеби тілінің негізі

2.2 Қазақ тілінің оңтүстік диалектісінің белгілері

2.3 Батыс диалектінің лексикалық ерекшеліктері

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер









































Кіріспе

Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Қазақ тілінің негізгі диалектілері». Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін. Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды.Атап айтатын болсақ, Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері»деген кітаптары бар.

Мақсаты:

Қазақ халқының диалектологиясымен терең танысып, диалектизмдердің өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, СҚО бойынша әр жерде әр түрлі аталатын, бірақ, бір ғана ұғымды білдіретін диалектизмдерді жинақтай отырып, мағынасын зерттеп, сөздің шығу тарихын ашып, әдеби тілге жақынын ортақ атау ретінде жалпы халыққа ұсыну.

Міндеттері:

Диалект сөздердің жергілікті өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Көркем шығармаларда кездесетін диалектизмдердің ерекшеліктерін анықтау;

Фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін анықтау;

Әдеби тілге жақын түрін анықтау.

Өзектілігі:

Диалектілердің көбеюі ұлттың тұтастығы үшін аса қауіпті. Қазір қазақ тілінде диалект пайда болып қана қоймай, қолданыс аясы кеңейіп барады. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренулеріне қолайсыздық тудырады деп ойлаймын. Сөздердің жақындығы – ұлттық жақындыққа әкеледі. Егер біздің тілімізде диалектілер мен сөйленістер көп болса, адамдар бір - бірін дұрыс түсінісе алмай, ұлттық тілімізден жұрдай болып, әдеби тілімізді сақтап қала алмайтын күйге жетерміз.Тіліміздің иесі біз емес пе?! Өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сондықтан мен өзімді ойландырған, сауал тудырған сөйленістерді жинақтап, зерттеп, оны жалпы халыққа ұсынғым келеді.


Болжамы:

Егер сөйленістерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, әрбіреуінің мағынасын аша отырып, әдеби тілге жақынын тапсам, оны ортақ атау етіп барша халыққа ұсынар едім.


Әдіс – тәсілдері:

Қазақ тіліндегі диалектілік лексикалардың қолданылу себебін анықтап, оның ішінде әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған жеке атаулық мағынаға ие болып, қазіргі заман талабына, яғни тілдік норма талаптарына сай келетін диалектизмдерді айшықтап, ажыратып көрсету.


Жаңалығы:

Зерттеуде жергілікті диалектизмдердің бір облыс ішінде айырмашылықтарын айқындау.


Зерттеу жұмысының құрылымы:

Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


























Негізгі бөлім

Диалектілердің пайда болуы.

Қазақ тілінде диалектілердің пайда болу себебін Сәрсен Аманжолов осы өңірлерді бағзы заманда мекен еткен ру-тайпалармен байланыстырады. Алайда, академик Нығмет Сауранбаевтың айтуынша, диалектілерді жүздің не рудың тілінен пайда болған деу қате пікір, олар XV ғасырда қазақ тілі қалыптасқаннан кейін, халық өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өзгерістердің себебінен пайда болған құбылыс екен.

Бір-бірінен азғантай ғана айырмашылықтары бар қазақ тілі диалектілерінің арасында нақты шекара жоқ немесе әлі күнге шейін анықталмаған. Тек әдеби тілдің емес, ауызекі халық тілінің тұтастығына шексіз қазақ даласының географиялық ерекшеліктері әсер еткен болуы мүмкін. Бірақ Сәрсен Аманжолов қазақтардың арасында еркін көшіп-қону дегеннің мүлдем болмағанын, басқа рулардың меншігіндегі жерлермен жүру қанды қақтығыстарға әкеп соқтыратындығын алға тартып, халықтың еркін қарым-қатынасына жағдай болмағанын тұжырымдаған. Қазақ тілінде негізгі үш диалекті бар (бұл пікірді қазақ диалектологиясының негізін қалаушылардың бірі Сәрсен Аманжолов ұстанған) — батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс диалектілері. Кейбір зерттеушілер қазақ тіліне өте жақын саналатын қарақалпақ тілін қазақ тілінің бір диалекті ретінде қарастырады (әсіресе оның солтүстік-шығыс диалектісін). Кейде қазақ тілі диалектілерінің қатарына өзбек тілінің қыпшақ диалектісі мен құрамалықтардың тілі де жатқызылады.

Жұмат Досқараев пен Нығмет Сауранбаев қазақ тілі оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс деп белгіленген екі диалектіден тұрады деп есептеген. Шора Сарыбаев Сәрсен Аманжоловтың пікірімен келісіп, бірақ солтүстік-шығыс диалектіні солтүстік және шығыс деп екі субдиалекті ретінде қарастырған. Қазіргі кезде қазақ тілінде батыс, оңтүстік, шығыс және орталық-солтүстік деген төрт диалекті бар деген пікір таралған.



















Зерттеу бөлімі

    1. Солтүстік-шығыс диалект – қазіргі қазақ әдеби тілінің негізі


Абай Құнанбаев шығармалары тілі мен бүкіл қазақ халқы тілінің, тіпті солтүстік-шығыс диалектісі мен Абай шығармаларының тілі арасында айырмашылықтар бар. М.Горкий әдеби тіл мен халық тілінің айырмасын анық көрсеткен. Ол былай деп жазды: «Тілді жасайтын халық екенін еске салған орынды. Тілді әдеби және халықтық деп бөлу,былайша айтқанда, «өңделмеген» және сөз шеберлері өңдеген тіл бар дегенді ғана білдіреді.Мұны бірінші болып ұққан Пушкин болды, ол халықтың сөйлеу материалын қалай пайдалану, оны қалай өңдеу керектігін алғаш рет көрсетті».

Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсаринге дейін Қазақстанның ақын-жазушыларының ешқайсысы да олар сияқты поэзияны мұндай бағаламаған, ешкім ана тілінің тазалығына бұлайша көңіл аудармаған, ешкім көркем сөздің рөлі мен мәнін олардай анықтамаған.

Қазақ тілі лексикасының өткен ғасырлардың өзінде араб-парсы және орыс сөздерінің есебінен қаншалықты байығаны қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың шығармалары нақты дәлелдейді. Мысал үшін ақынның бір өлеңін алайын:


Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы – бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

Өзім де басқа шауып, төске өрледім,

Қазақта қара сөзге дес бермедім.

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.










Абайдың 14 жолдан тұратын осы өлеңінде араб, парсы және орыс тілдерінен ауысып кірген 10 сөз бар.


  1. Ғылым – араб сөзі,

  2. Пайда – иран сөзі,

  3. Махрұм – араб сөзі,

  4. Адам – араб сөзі,

  5. Медресе – араб сөзі,

  6. Қызмет – иран сөзі,

  7. Шен – иран сөзі,

  8. Дес – иран сөзі,

  9. Еш – иран сөзі,

  10. Жазалы – араб сөзі.


ЛЕКСИКАДАН

Солтүстік-шығыс диалектісі мен әдеби тілде

Оңтүстік диалектісінде

Батыс диалектісінде

1.

қабырға

дуал

жар

3.

тостаған

зерен,кездей

ая,көзгелдек

4.

қысқаш

аташ,әтешкі

әскір,әшкәр

5.

Шырпы,сіріңке

кеуірт,шақпақ

шағар

6.

тістеуік

кемпірауыз

атауыз,балық ауыз


Үш диалектінің лексикасында әр түрлі мағына білдіретін сөздер де көп екенін зерттедім, оны төменгі кестеден көруге болады.


Солтүстік-шығыс диалектісі мен әдеби тілде

Оңтүстік диалектісінде

Батыс диалектісінде

1.

аламан, аламан-саламан,

(алба-жұлба)

аламан (атжалман)

аламан(әскер)

2.

арыс (ұзын бөрене)

арыс (терте, жетек)

арыс (екі доңғалақты арбаның отырғышы)

3.

ақта (қаңғыр, қайыр сұра: ақта)

ақта (азбан, ат)

ақта ( су қосқан айран, сусын)

4.

долы (ұшқалақ, қызба)

долы (нөсер)

Долы (құдық тазалау үшін істелген)

5.

зауал (өлім)

Зауал (жүрек)

Зауал (тал түс)






Мақал,мәтел және жұмбақтар

Батыс нұсқасы

Солтүстік-шығыс нұсқасы

1.Шешесі мәсін кигенше, қызы Мәскеуге барып қалды.

Шешесі мәсісін кигенше, қызы Мәскеуге барып қалды.

2. Бір нәрсе өзі нәжік, қорқады бала-шаға, қатын, еркек, өзінің қаны қалал, еті арам, мылтықсыз жа қылышсыз ұстайды ептеп.

Бір нәрсе өзі нәзік, қорқады бала-шаға, қатын, еркек, өзінің қаны адал, еті арам, мылтықсыз йә қылышсыз ұстайды ептеп.

3. От басында таукешік жатыр.

От басында құман жатыр.

4. Той болғанда, қу бас жұмалайды.

Той десе, қу бас домалайды.













































2.2 Қазақ тілінің оңтүстік диалектісінің белгілері

Экспедициялардың және басқа материалдардың мәліметтеріне қарағанда,оңтүстік диалекті мен басқа диалектілердің,сонымен бірге әдеби тілдің лексикасы арасында үлкен айырма бар. Оңтүстіктің лексикасы бұрыңғы қаңлы, үйсін, дулат және жалайыр тайпалық тілдерінен көп нәрсені сақтап қалған деуге болады. Оңтүстік диалектісінің неғұрлым жиі қолданылатын терминдері мен сөздерін көрнекілік үшін жіктеп беруді жөн көрдім.

ЛЕКСИКАДАН

Диалектілік сөздер

Әдеби нұсқасы не түсінігі

Айыр

Ашық-машық, топша, тұрым

Асалал

Асадал

Аташ, әтешкер, әтешкі

Айуан, дәліз, далаң

Абдрия

Баспа, зұлпын

Белдік, қайыс

Білік

Зүк

Зәмбіл

Кірші

Кепсер, кесер, табала

Шаттауық

Шабала

Шаңғырақ, шаңғарақ

Шіләужін, шылаушын

Шылад

Шайдоз

Шалша

Шаш түлек

Әулі

Әмбердке

Әк

Әтешкі

Іше, шише

Ілім, сілеген, үрлік

Үй там

Үстін

Үстірік


Ұжыра

Қамба

Құмқан, құмған

Қыжым


Қол шаршы

Қыш, қыс

Құм

Қиқана

Қол киіз

Қуыр

Қабақ


Қазаншық

Қара теппе

Қопын

Құрма


Бақан

Топса

Алабақан, кебеже

Кебеже

Қысқаш

Үйдің алдындағы бөлегі, ауыз үй жастықтың астына қоятын ағаш

Күршек,ілмек

Белбеу

Білте

Жүк

Нәселке

Басқыш, биік саты

Кір жуатын леген, үлкен леген

қысқаш

сүзгі темір

шаңырақ

шылапшын, леген

шылбыр

қара құман

кішкентай алаша

шашбау

қора, қақпаның іші

кәмперке

ақ топырақ

қысқаш

шыны сауыт

мәтке

қысқы үй

діңгек, тіреу

үстірік, қалыптың үстіне салатын қосымша

жатақхана

дүкен, амбар

құман

жібек орамал


қол орамал

кірпіш

балшықтан күйддіріп істеген ыдыс

қиық

тұтқыш

пештің мойны

асқабақтың қабығынан істелген ыдыс

құмыра табақ

отын, қи

жер үй, үйшік

каршок






































2.3 Батыс диалектінің лексикалық ерекшеліктері

Батыс диалектінің лексикасының, оңтүстік диалектідегі сияқты, солтүстік-шығыс диалектінің лексикасынан, дәлірек айтқанда, әдеби тіл лексикасынан айырмашылығы күшті екені бірден көзге түседі.Мұнда тіпті әрбір сөз әдеби тілге қарағанда басқаша айтылады. Мысалы, үйреншікті ірілеу сөзі онда іргіл, жаман – зыбан, мазасыз – мазаң ерекше – ерек, шың – дің, белгісіз –білімсіз т.б болып табылады.Сөздік саласында мұндай айырмашылықтың болуы алшын тайпалық одағы, оңтүстегі дулат, үйсін және қаңлы сияқты, өзінің тайпалық тілінің көп элементін сақтап алған деп, қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді.Енді батыс диалектісі мен әдеби тілдегі сөздердің айырмашылығына зер салайық.

Диалектілік

Әдеби

Аққы, әккі

Бересен

Биқат

Бұйқыт

Бопайке

Боржыған

Білімсіз

Дода

Дулаған

Дөсүр


Үйренген, ысқаяқ

Ересен,орасан

Елеусіз,байқаусыз

Тымық,бұйығы

Бопыр,болбыр

Борсыған,шіріген

Белгісіз

Топырлаған,сансыз

Жайнаған

төкүр



























Микрозерттеу

Ең алдымен сыныптардан сауалнама алмас бұрын Орталық Қазақстан облысындағы тұрғындарымен бірге жұмыс жасап,қала тарихы туралы көп мәлімет білдім. Қала тарихына тоқтала кететін болсам, II дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейден Орталық Қазақстанға, яғни,Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды қалаларына келіп зауыт фабрикалар салған болатын.Сол кезде көптеген орыс мамандарды шақыртып осында жұмыс жасауға келді де, біздің ОҚО-на бейімделіп,сіңісіп кеткен. Сондықтанда бұл аймақта көбінесе орыс тілін қосып сөйлегендіктен,диалект сөзін көп қолдана бермейді. Бірақ, соңғы жылдары әр аумақтан және басқа елден көшіп келген қандастарымыздың тілді жанындай құрметтеуінің арқасында, сөз мәдениеттілігінің болуының арқасында халқымыздың тілі, яғни, сөздік қоры дамып,өркейе түсуде.Бұл қуанатындай жағдай деп ойлаймын.

Менің зерттеуім бойынша 5-11 сыныптар арасында ең көп диалект сөзін қолданатын 5 сынып оқушылары. Себебі,олардың қазіргі қазақ тілі пәнінен өтіп жатқан тақырыптары диалект ұғымымен тығыз байланысты.



5 сынып оқушыларына келесі сұрақтарды қосатын сауалнама ұсынылды:

1.Сіз диалект сөздерін көп қолданасыз ба?

Иә-37%, жоқ-45%,кейде-18%

2.Сіз диалект сөзін қолдану барысында басқа адамдар тарапынан дөрекелік байқайсыз ба?

Иә-57%, жоқ-43%

3.Сіздің үйіңізде диалект сөздерін қолданасыз ба?

Иә-19%, жоқ-64%, кейде-17%

4.Қоғамдық ортада диалект сөзін барынша көп қолданған сізге ыңғайлы ма?

Иә- 28%, жоқ 60%

5.Болашақта сөздік қорыңызды көбеюіне диалект сөздер ықпал ете алады деп ойлайсыз ба?

Иә-32%, жоқ-52%, білмеймін-16%



















Қорытынды

Атамыз қазақ: «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» - деп бекер айтпаған. Қазақ сахарасында ер құнын бір ауыз құдіретті билер сөзі шешіп отырған. Сондықтан біздің халқымыз сөзге, оның мағынасына зор көңіл бөледі, айтқан сөздерінде тұрады. Айтылған сөзді атқан оққа теңейді. Өмірде болған құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Сондықтан сөз тарихы – тіл тарихымен, тіл тарихы – халық тарихымен, халық тарихы – қоғам тарихымен тығыз байланысты. Осындай ұлағатты халықтың ұрпағы болғандықтан, сөзге, оның мағынасының тіл мәдениетіне көңіл бөле отыра, осы мәселелердің мағынасын аша алдым деген үміттемін.













































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сәрсен Аманжолов «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері»

  2. О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы»

  3. Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері»

  4. http://bilimdiler.kz/gilim/20100-zhergilikti-aymaktarda-dialekt-sozderdi-koldanu.html

  5. https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_тілінің_диалектілері

  6. Ниязгалиева А., Турганалиева Г. Қазақ диалектологиясы

  7. С.Аманжолов. Вопросы диалектологии и истории

казахского языка. А., 1954 ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!