Қазақ тілінің қалыптасуындағы А.Байтұрсыновтың қосқан үлесі
Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы Торғай жерінде 1872 жылы 5 қыркүйекте дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы.
Ахмет Байтұрсыновты өткен ғасырдың қазақ қауымының басшысы етіп танытқан – оның «қазақ халқын» жұрт қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы - ағартушылық идеясы болды.
Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсыновтың әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл платформаны мықтап ұстауға итермелеген - оның туған халқының тағдырын ойлаған әрекеті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы білім жағынан дамымаған ел болатын. Халқы үшін сол кезде жаны ашып, ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу.
Ахмет Байтұрсынов қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына көп көңіл бөлген. Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынов қазақ балаларының көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылы «Қазақ» газеті арқылы ол қазақ қоғамына оқу-білімнің қажеттігін, халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. А.Байтұрсыновтың сол кездегі айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны - халқының білім-ғылымынан қалып келе жатқандығы. Мұның себебі - қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін - деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.
Ахмет Байтұрсынов қазақ әліппесі мен қазақ тіліндегі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса, қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына жақындатады, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы болуы үшін белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Осылайша, оқу-ағарту идеясына қазақ халқы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспасөздерге жарық көрген. А.Байтұрсыновтың әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліпбидің» жаңа түрін жазды.
А.Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін халқымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. Сәбит Мұқанов өзінің бір мақаласында А.Байтұрсынов туралы былай жазған екен: «Оның Қазан төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тіліне арналған еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – А.Байтұрсынов еді. Бұл тарихи еңбектің маңызы зор».
А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі - мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.
«Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша.
Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы А.Байтұрсыновтың тағы бір зор еңбегі – қазақ тілінің терминдерін жасауы. Қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген «зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз» деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы А.Байтұрсыновтікі.
А.Байтұрсыновтың 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен тұратын екі кітапты «Тіл жұмсар» деген еңбегі белгілі. Ол методика саласында 1910 жылдардан бастап 1928 жылға дейін бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру әдістерінің жобасын «Әліпби астары» атты әдістемелік еңбегінде көрсетіледі. «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі әдістемесіне арналған бірнеше мақала жариялайды.
А.Байтұрсынов өз қолымен жазған “Өмірбаянында” былай деген екен: “Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін, орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; төртіншіден, проза тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған “Қазақ” газеті арқылы іске асты”. Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған.
Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші А.Байтұрсынов өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойғаң бұл үшін «Тіл құралды» жазған.
Міне, өзіміз көргеніміздей А.Байтұрсыновтың қазақ тілінің қалыптасуына қосқан үлесі зор. А.Байтұрсыновтың бастамасымен біздің кезімізге жеткен қазақ тілі атты ғылым саласын зерттеу, оқу, үйрену біздің, яғни жастардың қолында.
Бексултанова Зарина Серикбаевна
"№1 Затобол орта мектебі" ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қазақ тілінің қалыптасуындағы А.Байтұрсыновтың қосқан үлесі" атты мақала

шағым қалдыра аласыз