Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінің заманауи кеңістіктегі рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы, әсіресе интернет пен әлеуметтік желілердегі орны мен қызметі қарастырылады. Тілдік норманың бұзылуы, жаңа лексиканың енуі, сапалы цифрлық контенттің тапшылығы және мемлекеттік тіл саясатының өзекті тұстары талданады. Әлеуметтік желідегі нақты мысалдар мен мемлекеттік бастамаларға сүйене отырып, қазақ тілінің заманауи жағдайы сипатталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҒТАХР 16.01.11

«ХЭШТЕГ АСТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ: ЛАЙК ҚУҒАН ЛЕКСИКА»



ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЗАМАНАУИ КЕҢІСТІКТЕГІ РӨЛІ.

Махаш Нұрлықыз

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

6В01700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

ББ студенті

Тараз қ. Қазақстан Республикасы.


Ғылыми жетекшісі: Бейсенұлы Жақып

Тараз қаласы,

Қазақстан Республикасы.

Аннотация


Бұл мақалада қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы, әсіресе интернет пен әлеуметтік желілердегі орны мен қызметі қарастырылады. Тілдік норманың бұзылуы, жаңа лексиканың енуі, сапалы цифрлық контенттің тапшылығы және мемлекеттік тіл саясатының өзекті тұстары талданады. Әлеуметтік желідегі нақты мысалдар мен мемлекеттік бастамаларға сүйене отырып, қазақ тілінің заманауи жағдайы сипатталады.

Түйін сөздер: қазақ тілі, интернет, әлеуметтік желі, цифрлық контент, мемлекеттік тіл саясаты, жаңа лексика, тілдік норма.


Кіріспе. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде елдің рухани-мәдени болмысын, ұлттық кодын, тарихи санасын бейнелейтін басты құндылықтардың бірі. ХХІ ғасырдың цифрлық дәуіріне аяқ басқан тұста тілдің қоғамдық қатынастағы рөлі бұрынғыдан да күрделене түсті. Әсіресе интернет пен әлеуметтік желілердің жаппай қолданысы, ақпарат алмасудың жылдамдығы және жаһандану процестері қазақ тілінің заманауи кеңістіктегі орнын қайта пайымдауды талап етеді. Қазіргі қоғамда тіл тек қатынас құралы ғана емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігі мен мәдени тәуелсіздігінің де көрсеткіші ретінде қарастырылады.

Интернет пен әлеуметтік желілерде қазақ тілінің кең қолданысқа ие болуы – тіл саясатының табысы ғана емес, сонымен қатар әдеби тіл нормасына деген жауапкершілік жүгін де күшейтеді. Алайда бүгінгі таңда бұл кеңістікте тілдік нормалардың бұзылуы, сапасыз контенттің көбеюі, жастар сленгінің шектен тыс таралуы сияқты өзекті мәселелер орын алуда. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың дамуымен бірге қазақ тіліне жаңа сөздер (неологизмдер) мен терминдердің енуі де байқалады, бұл құбылыс әдеби нормаларды жаңғырту мен үйлестіру қажеттігін туғызады.

Бұл мақалада қазақ тілінің заманауи кеңістіктегі рөлі, атап айтқанда интернет пен әлеуметтік желілердегі қолданылуы, жаңа лексиканың тілдік нормаға әсері және мемлекеттік тіл саясатының цифрлық контентпен байланысы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында нақты статистикалық деректер, әлеуметтік желіден алынған мысалдар мен мемлекеттік бағдарламалар негізінде талдау жасалып, қазақ тілінің болашағына қатысты тұжырымдар ұсынылады.

Интернет және әлеуметтік желілердегі қолданылу

Қазақстанда интернет пен әлеуметтік желілер белсенді түрде дамып келеді. Datareportal-дың 2024 жылғы мәліметтері бойынша, елімізде 17,06 млн интернет қолданушы бар, бұл халықтың 89,5%-ын құрайды. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының саны 12,2 млн-нан асады [1]. Мұндай көрсеткіштер қазақ тілінің осы цифрлық ортадағы ықпалын арттыру қажеттілігін көрсетеді.

Дегенмен, интернеттегі қазақ тілінің жағдайы көңіл көншітпейді. Әлеуметтік желілердегі жазбаларда жиі тілдік нормалар сақталмайды, емле және грамматика ережелері ескерілмейді. Мысалы, Instagram желісінде кең таралған мынадай жазбалар кездеседі:

«Бүгин менин туған күнім» – мұнда «бүгін» сөзі «г» әрпінің қатесімен, «менин» – «менің» орнына жазылған. Дұрысы: «Бүгін – менің туған күнім». Бұл мысал орфографиялық нормалардың сақталмауын көрсетеді. Тағы бір типтік қате – кіріктірме сөздерді қосып жазу. Мысалы, «биылғы жыл», «былтырғы жыл», «бүгінгі күн» деген тіркестер әдеби тіл нормасына сәйкес қате саналады. Себебі «биыл», «былтыр» және «бүгін» сөздері кіріккен (біртұтас) сөздер болғандықтан, олардың қасына «жыл» немесе «күн» сөздерін тіркеу қажет емес. Яғни дұрыс үлгілері – тек «биыл», «былтыр», «бүгін». Бұл және басқа да грамматикалық қателер халық тілінің кіріспе сөздерінен туындайтыны байқалады [2].

Мемлекеттік тілде сапалы контенттің жетіспеушілігі де күрделі мәселе. Youtube, TikTok сияқты платформаларда қазақ тіліндегі білімдік контенттің үлесі төмен. Бұл жағдай жастардың орыс және ағылшын тілді ортаға бейімделуіне ықпал етеді, әрі тілдік ортадан алыстатады.

Жаңа лексиканың тілдік нормаға әсері

Тіл – тірі жүйе. Қоғамда болып жатқан өзгерістер, ғылым мен технологияның дамуы, жаһанданудың ықпалы жаңа сөздердің пайда болуына әкеледі. Әлеуметтік желіде қарым-қатынас кезінде әдеби тіл нормалары жиі сақталмайды. Мәтін қысқа, спонтанды құрылып, сөздік құралдары үнемделеді; орфографиялық, пунктуациялық қателер көбеюде. Мысалы, желілік жазбаларда қысқарған сөздер қолданылып, арнайы графикалық белгілер мен эмоция белгіленеді. Сөз үнемдеу қағидаты әлеуметтік желі тілін басқаша етіп құрады: «аз уақытта көп ақпарат беруге» ұмтылғандықтан, арнайы эмодзи мен қысқартулар қолданылады. Осындай желілік тілдегі ерекшеліктер әдеби тіл нормасын бұзып, кең таралып жатыр. Бұл кеңістік тек коммуникациялық орта ғана емес, сонымен қатар тілдік жаңғыру мен өзгерістің алаңы болып отыр. Атап айтқанда, TikTok, Instagram, YouTube платформаларындағы белсенді блогерлердің тілі арқылы қазақ тіліне көптеген жаңа сөздер, тіркестер, шет тілдік лексемалар еніп, халық арасында кең қолданысқа ие болуда.

Блогерлер мен контент жасаушылар бір жағынан қазақ тілінің цифрлық көрінісін қалыптастырса, екінші жағынан, жаңа лексикалық бірліктердің таралуына ықпал етуде.

Мысалы, көптеген видео немесе жазба сипатында:

• «Контент жасау»,

• «Рилс түсіру»,

• «Гивке қатыс»,

• «Хайп болу»,

• «Фидбэк жаз»,

• «Пост сал»,

• «Реакция жаса»,

• «Тред оқыдың ба?»,

• «Трендке кірдік»,

• «Сториске сал»,

• «Лайк пен камент қалдырыңыз»

сияқты тіркестер жиі кездеседі.

Бұл тіркестердің барлығы әдеби тілдік нормадан тыс, яғни калька жолымен немесе толықтай шет тілінен (көбіне ағылшыннан) енген сөздерден құралған. Тіпті кейбір сөздер бұрмаланып, өзге дыбыстық формада бейімделіп кетуде: «гив» (giveaway), «лайк» (like), «фоллов» (follow), «каммент» (comment), «сторис» (stories).

Бүгінгі жастар осы сөздерді әңгіме барысында, жазба тілде, тіпті оқырманға бағытталған ресми контенттерде де ешқандай күмәнсіз қолданып жүр. Бұл құбылыс – тілдің бейімделу мүмкіндігін, сондай-ақ әдеби тіл нормасының әлсіреу қаупін көрсетеді. Мысалы, «пост салу» деген тіркестің орнына «жазба жариялау» десе де болар еді, бірақ ол «интернет тіліне» тән қысқа, эмоционалды әсер қалдырмайды.

Әлеуметтік желілер қазақ тілін кең аудиторияға алып шыққанымен, тілді өзгеше арнаға бағыттап отыр. Жаңа лексиканың күнделікті қолданысқа енуі — сөзсіз. Бірақ оның орнықты формасы, мағынасы мен қолданылу аясы ғылыммен анықталып, әдеби тіл деңгейінде реттелмесе, тілді механикалық гибридке айналдыру қаупі бар. Сол себепті тіл мамандары мен медиа мамандардың, әсіресе, жас блогерлердің тілді саналы қолдануы аса маңызды.

Осы орайда ғылыми зерттеушілер пікіріне тоқталсақ. Қазақ тілінің мәртебесі мен дамуы жөніндегі мәселелерге академиялық зерттеушілер де назар аударып келеді. Ұлттық ғалым Рабиға Сыздықованың пікірінше, тіл – ұлттың ең құнды қазынасы, сондықтан оны сақтап қана қоймай, әдеби нормалар мен қолдану заңдылықтарын сақтай отырып, әрі қарай байытуымыз керек . Сыздықова әңгімесінде: «Әр ұлт өзін-өзі сақтап қалу үшін ең бірінші осы тілі мен мәдениетін, болмыс-бітімін, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын ұмытпауы үшін оны сол құнарымен, байлығымен, сөл-шырынымен сақтап, байытпасақ кемітпеудің, жоғалтпаудың жолын іздеу керекпіз. Ол үшін Рәбиға Сыздықова сөз етіп отырған тілдік нормаларымызды, әдеби тіліміздің қолдану заңдылықтарын, сөз саптау ережелерін, айту мен жазу стилдерін сақтай отырып, дамытуымыз, байытуымыз, олардың көкжиегін көркемдеп, кеңейтуіміз керек сияқты» – деп көрсетеді [3]. Яғни ол әдеби тілдің дәстүрлі нормаларын құрметтеп, оны қазіргі заманға лайықты деңгейде дамыту қажет екенін баса айтады.

Ал терминтанушы Шерубай Құрманбайұлы кейбір кең тараған түсініктерге сын көзбен қарайды. Мысалы, тіл қоғамның түрлі ұғымдарын бергенімен, «біздің тіліміз мұндай ұғымдарды бере алмайды, сондықтан шет тілдерінің сөздерін дайын қалпында қабылдай берейік» деген дәлел – негізсіз пікір екенін көрсетеді [4,20б]. Бұл ретте ол шетел сөздерін ендірудің шегі болуы және қазақ терминдік жүйесін дамыту керек деп атап өтеді. Яғни әдеби нормаға қарсы келген кез келген «қауырт енгізулерге» тойтарыс беріп, төл сөздер мен өзге тілдердің терминдерін сәйкестендіруді ұсынады .

Қоғамдық пікір және тіл реформасы

Қоғам белсенділері мен журналистер қазақ тілінің жағдайы туралы жиі ой бөліседі. Мысалы, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы министрліктер мен мемлекеттік мекемелердегі қазақ тілінің орнын сынға алды. Ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп Конституцияда жазылғаннан кейін ешқандай кедергі болмай, барлық ресми іс-әрекетті қазақ тілінде жүргізуге заңдық негіз бар екенін ескертеді [5]. Асанғазының айтуынша, тіпті мемлекеттік тіл туралы заң болғанымен, министрліктерде хабарламалар мен есептер әлі күнге дейін орысша дайындалады; қазақ тілінде жүргізілген заң жобалары өте аз. Бұл – қабылданған тілдік бағдарламалардың жүзеге аспай қалғанын, тілге бөлінген қаржының нәтиже бермегенін көрсетеді . Ол біз «тіл қолданылмай қалды» деп өкініш білдіріп, өткен уақыттың керексіз жоғалтылғанын айтады.

Бұл пікірлер – қоғамда қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру жолында нақты шаралар қабылдау қажеттігін көрсететін қоғамдық пікірдің айғағы.



Мемлекеттік тіл саясаты және цифрлық контент

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ тіліне қатысты бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Бұл бағытта электронды ресурстар, мобильді қосымшалар, онлайн-аударма жүйелері, қазақша нейрожүйе жобалары іске қосылды. Мысалы, «Qazaq Resmi» жазу стилі, «Sozdikqor.kz» және «Balbala» сияқты білімдік платформалар қазақ тілінің цифрлық қорын байыта түстеді. Жастардың қызығушылығын арттыру үшін қазақ тілін меңгеруге арналған қолданбалар мен платформаларды ұсыну қажет. Abai Alemi (Абайдың шығармалары мен олар туралы подкасттар), Qazaqstan3D (география мен мәдениет туралы 3D визуализация) сынды жобалар балалар мен ересектерге арналған қызықты материалдар береді. “Кто умнее?” викторинасы қазақша терминология мен жалпы білімді тексерсе, QazaqComics комикстер арқылы тіл үйретеді. Сондай-ақ Qazaq by Example (үйлесімді сөйлеу мысалдары), Qazaq App, «Ситуативный қазақша» сияқты тіл үйрену құралдары бар.

Алайда интернеттегі қазақша интерфейстер мен аудармаларда сапа мәселесі әлі де өзекті. Көптеген сайттар мен қосымшаларда аударма жасанды, стильсіз және мағынасыз беріледі. Бұл жағдай пайдаланушының сенімін азайтады. Сонымен қатар, қазақша контентке сұраныстың аздығы да мәселені ушықтырып отыр [6].

Сапалы қазақша контент авторларын қолдау. Әлеуметтік желілерде қазақ тілін таза қолданып, мазмұнды контент беретін авторлар маңызды. Masamedia басылымының 2025 жылғы мәліметі бойынша, Instagram және TikTok платформаларында танымал қазақ тіліндегі авторлардың қатарына мынадай шығармашылық тұлғалар жатады:

  • QazaqGrammar – тіл мәдениеті туралы парақша, қазақ тілінің фонетикасы мен емлені жеңіл әрі қызықты түсіндіреді

  • Әлия Әшім (@aliyaashim) – Бостон университетін тәмамдаған журналист, тарихи тақырыптағы қысқа фильмдер мен аудиоблогтар түсіреді.

  • Бейбарыс Сейтақ (@qazaqbubble) – «Kazakh Bubble» жобасының жетекшісі, тіл саясаты туралы қысқа видеолар мен шолу мақалаларымен қазақ тілінің қазіргі ахуалын талдайды.

  • Перизат Мырзахмет (@perizatmyrzakhmet) – филолог, әдебиет пен мәдениет туралы қазақша пікірлер мен кітап талдауларын ұсынады

Әрбір осы автордың парақшасын мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар тартып, қаржылық әрі технологиялық қолдау беру керек . Олардың жетістіктері қазақ контентінің үздік үлгілерін көрсетеді және басқаларды қазақша сөйлеуге ынталандырады. Бұл бастамалардың бәрі азаматтарды қазақ тіліне бейжай қарамауға, оны күнделікті өмірде қолдануға тартады.

Мемлекеттік тіл саясаты тек заңмен шектеліп қалмауы тиіс. Ол қоғамның әр мүшесінің тілдік жауапкершілігін арттырумен қатар, цифрлық кеңістікте сапалы, тартымды, пайдалы контентпен қамтамасыз етуді көздеуі қажет. Себебі қазіргі жастардың ақпаратты қабылдау формасы – цифрлық формат.




Қорытынды

Қазақ тілі бүгінгі заманауи кеңістікте өз орнын қалыптастыру кезеңінде тұр. Интернет пен әлеуметтік желілердегі белсенді қолданылуы, жаңа лексиканың пайда болуы және мемлекеттік тіл саясатының цифрлық контентпен байланысы – осы дамудың басты бағыттары. Бұл үрдістер қазақ тілінің табиғи дамуын көрсетеді, алайда олар белгілі бір қауіптерді де қамтиды. Тілдік норманың бұзылуы, сапасыз аудармалар, сленг пен шет тілдік лексемалардың көбеюі – осы кеңістікте тілдің мәдениеті мен мәртебесін сақтауда айрықша назар аударуды қажет етеді.

Болашақта қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі ықпалын арттыру үшін сапалы контент жасау, нейротехнологиялар мен жасанды интеллектке бейімделген тілді дамыту, терминологиялық саясатты жүйелеу – басты міндеттердің қатарында болуға тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларын тіл мәдениетін сақтауға шақыру – тілдің өміршеңдігіне қосылған үлес болмақ.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Datareportal. (2024). Digital 2024: Kazakhstan. https://datareportal.com/reports/digital-2024-kazakhstan

2. Қате қолданылатын сөздер мен тіркестер (2023): https://kostanaytany.kz/qate-qoldanylatyn-soezder-men-tirkester/

3. ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕБИ ТІЛІ академик Рәбиға Сыздықованың еңбектерінде қалай зерттелді? (2012) https://anatili.kazgazeta.kz/news/8656#:~:text=сақтай%20отырып%2C%20дамытуды%20дәріптейді,ғалым%20Р.Сыздықова%20қазақ%20әдеби

4. Құрманбайұлы Ш., Қазақ терминологиясы – Алматы; «Сардар» Баспа үйі, 2014-20б.

5. Оразкүл Асанғазы: Мемлекеттің тілі қазақ тілі екенін түсінбей отырған өзге ұлт жоқ: https://nege.kz/news/orazkul_asangazi_memlekettin_tili_kazak_tili_ekenin_tusinbei_otirgan_ozge_ult_zhok_20220824143008

6. Мұсабекова, Ж. (2023). Цифрлық дәуірдегі тіл саясаты: қазақ тілі қай бағытта? – «Egemen Qazaqstan», 3 наурыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12