Қазақшаңыз қалай?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақшаңыз қалай?

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы бiлiм беретiн № 85 мектеп














Біз бір шаңырақ баласымыз!

(өзге ұлт оқушылар арасында сайыс)





Жауапты мұғалiмдер:

Койшыбаева Ж.Т.

Атабаева Г.С.












Алматы қаласы.


Тақырыбы: Біз бір шаңырақ баласымыз!


Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
 

Көрнекiлiктерi:


1.Тiл туралы даналық сөздер.

2. Қабырға газеттерi.

3.Теледидар, караоке, DVD- плейер, магнитофон, үнтаспа.

Сайыс барысы:

Әнұраным – жан ұраным

Айтар әнiм – сөйлер сөзiм.

Туған жерiм – сағынарым,

Мәңгi бақи шырқалады ,

Республика Әнұраны.


1. Мемлекттiк әнұранының орындалуы.

2. Кiрiспе.

Құрметтi ұстаздар! Бүгiнгi бiздің 8-сынып оқушылары арасында тіл мерекесіне байланысты өткізілгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер! Құрметті ұстаздар сіздерді кеше ғана өткен ұстаздар мерекесiмен құттықтаймыз!

Адамның сәні – өнер, білім, ақылы,

Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы,

Сөздің сәні – өнегесі, нақылы,

Пікірдің сәні – ең пайдалысы, мақұлы, -

Демекші – білімді, ақылды, парасатты, елімізді сүйетін ұрпақ болып өсіп келе жатқан, туған тіліміз – ана тілін құрметтейтін бүгінгі сайысқа қатысатын командаларды қошеметтеп ортаға шақырайық.

8 «А» сынып оқушылары: « Бәйтерек» тобы

8 «Б» сынып оқушылары: «Шаңырақ» тобы

8 «В» сынып оқушылары: « Қыран» тобы

8 «Г» сынып оқушылары: «Достық» тобы

(Осы жерде мақсатымен таныстыру).





Келмей жатса қазақ шәкiрт шамасы,

Сөйлегенде төмен қарап күбiрлей,

Қуантады басқа ұлттың баласы

Мемлекеттiк тiлде сөйлеп мүдiрмей!

Ойлантады бiздi жүйрiк шабысы,

Қазақшаға шындап көңiл бұрғаны.

Осыдан-ақ ұстаздардың намысы

Бiлiнедi қай деңгейде тұрғаны.


3.Мемлекеттiк тiлдi бiлу - әркiмнiң мiндеттi парызы дей отырып,бүгiнгi сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейiн.

Жоспар :

1-кезең. Командалардың өзін-өзі таныстыруы (эмблемалары)

2-кезең. « Сөз тапқанға қолқа жоқ» ( сұрақтарға жауап беру)

3-кезең. Мақал – сөздің мәйегі. ( берілген суреттерге байланысты мақал-мәтел айту)

4-кезең. «Ассоциация». ( берілген сөздерге қатысты бірнеше сөздер айту) Мақсаты: баланың сөздік қорын тексеру)

5. «Өнерпаз болсаң ....» (өз өнерлерін көрсету)

6-кезең. «Сен білесің бе?» (топ басшылар сайысы.)


Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздерн!

Сайысымызды бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділ қазылар алқасы таныстырылады

Әр жүргізілген кезең шарттары түсіндіріліп, әр команданы әділқазылар бағалап отырады.


1. Қазақ тілінің ідістеме бірлестік жетекшісі: Муратбековна Н.Н.

2. Оқу – iсi жөнiндегi директордың орынбасары: Еркибаева Н.Г.

3. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Клышева Т.А.

4. Оқу-ісі тәрбие жөніндегі директордың орынбасары: Исапаева Қ.А.


Сұлулық бар бұл бидің қимылында,

Саздылық бар, қазақтың ән - жырында.

Тамашалап балалардың өнерін,

Қол соғыңдар, кәнеки, барлығың да!

Бұралып қыздар біздің билегенде,

Қазақтың асқақ әнін тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар, айтыңдаршы қандай пенде.

7 «А» сынып оқушысы Насибаның шашу биін билейді, қабыл алыңыздар!


Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық - деп, кезекті сайысқа қатысушы командаларға берейік.

Келесі сайысымыз: «Бәйге» деп аталады. Бұл сайыста оқушылар сұрақтарға жауап береді


Жарайсыңдар! Енді келесі сайыс кезеңі – «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады.

Шарты: интерактивті тақтада берілген суретке байланысты мақал-мәтелдер айту. Тақтада берілген суреттер:

Кітап, отбасы, нан, тамақ, Отан


Келесі сайысымыз ассосация шарты: оқушыларға тақырып беріледі, сол тақырыпқа байланысты бірнеше сөздер айту керек. Ұпай саны сол тақырыпқа байланысты айтылған сөз санына байланысты есептеледі.


« Бәйтерек» тобына «Қазақстан»

«Шаңырақ» тобына «Табиғат»

« Қыран» тобына «Достық»

«Достық» тобына «Отбасы»

Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.

Келесі кезең «Өнерпаз болсаң ...». Бұл кезеңде оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

Қабыл ал, қазақ халқы күйімізді,

Ашамыз әсем күй мен сырымызды.

Әніміз бен биіміз, жырымыз аз да болса, көптей көріп.

Соғайық шын көңілмен қолымызды.

Оқушылар, келіңдер,

Әліппені көріңдер.

Әріптерді таныңдар,

Бәрін жаттап алыңдар.

Онда қызық ойын бар, оған көңіл қойыңдар.

Ойлаңдар да, ойнаңдар,

Қызығына тоймаңдар.

Бәрін қарап шығыңдар,

Әріп сырын ұғыңдар.

Топ басшылар сайысы кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде

таңдаған әріптерден басталатын сөзбен сұрақтарға жауап береді.

Шаңырақ тобы: (А, С, О, Б, Ж)

  1. Сен бүгін нешеде тұрдың?

  2. Досыңның аты кім?

  3. Сен қай қалада тұрасың?

  4. Жасың нешеде?

  5. Қандай жемістерді ұнатасың?

  6. Қандай ақын жазушыларды білесің?

  7. Бір сан есімді ата.

  8. Әкең қайдан келді?

  9. Қазақстан қандай мемлекет?

  10. Саған қандай сыйлық ұнайды?


Бәйтерек тобы: (М, Қ, Т, Е, С)


  1. Сенің атың кім?

  2. Сенің досың қай қалада тұрады?

  3. Анаңның жасы нешеде?

  4. Қазақ тілі пәні ұнай ма?

  5. Саған не ұнайды?

  6. Қазақстан қандай мемлекет?

  7. Бір сын есімді ата.

  8. Мектеп мұғалімдері қандай?

  9. Қандай әншілерді білесің?

  10. Сыныпта неше оқушы бар?


Достық тобы: (Д, Ш, А, Б, Н)


  1. Театрға кіммен барасың?

  2. Ағаң қайда тұрады?

  3. Досың неше жаста?

  4. Сүйікті ісің қандай?

  5. Сенің әкеңе не ұнайды?

  6. Сен қайдан келдің?

  7. Бір зат есімді ата.

  8. Сен қандайсың?

  9. Сен кім болғың келеді?

  10. Алматы қандай қала?


Қыран тобы: А, С, Қ, Т,Н

  1. Сүйікті тағамың не?

  2. Сен неше жастасың?

  3. Сүйікті ісің не?

  4. Анаңның аты кім?

  5. Сынып жетекшіңнің аты кім?

  6. Сен мектепке немен келдің?

  7. Бір етістікті ата?

  8. Қандай жемісті жақсы көресің?

  9. Астанаға немен бардың?

  10. Қай көшеде тұрасың?

Бойларында от бар екен, байқадым

Жүректерде шоқ бар екен, байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Достарым, түсініңдер сөздің парқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарын,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.

- Осымен, құрметті қонақтар, бүгінгі «Біз бір шаңырақ баласымыз!» атты сайысымызды аяқтай отырып, қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша, әсем әнді қабыл алыңыздар!

8 «Б» сынып оқушысы: Потапова Ксюшаның орындауындағы «Қазақ тілім» әні.


1- жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дегендей, қатысушы

командаларды бағалау үшін әділ қазыларға сөз берейік.

(Командалар мақтау қағаздармен марапатталады)













Тақырыбы:  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте  сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.

Түрі: Топтық сайыс

Барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)2.Кіріспе бөлім.

          Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»-деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда, ойынымызда өзімізді жаңаша қырыннан көрсетіп, жақсы атсалысайық.

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер,-дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.

Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Бөлімдермен таныстырып өтейін: 

 

Әр пәннің сырлары ,

Қызықтырды біздерді .

Ойынға бірге қатысуға,

                                             Шақырамыз сіздерді- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ- қазылар алқасымен танысып өтейік.      

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік.

Жеткізер сіздей өренді

Білімдінің сырына!

Қадамдарың оң болсын,

Сәт-сапар енді тілейін!

І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 8 оқушыдан қатысады)   

1топ «Алғырлар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

              Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

                   Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

                  Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

                  Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

2топ. «Тапқырлар»

Ұраны:Білікті бірді жығады

             Білімді мыңды жығады

Сәлемдесуі:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

                 Көрсетеміз бізде қандай күш барын

               Алға қойған мақсатымыз бір екен

              Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ – кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».

 Нұсқау:  Әр топқа берілген жиырма лездік сұрақтарға жауап беру.

 

ІІІ – кезең: «Ойлан, тап!».

  Нұсқау: Кестеде құс аттары жасырылған. Егер дұрыс тапсаңдар, Қазақстан жерінде тіршілік ететін құстардың аттарын білесіңдер.

ІV- кезең: «Ойна да ойла».

Нұсқау:  топ басшылары ортаға шығып, орындыққа отырады. Сіздерге көрсеткен суретіндегі бейнені тек қана қимыл-әрекет, ым-ишарамен топ басшыға түсіндірулеріңіз шарт.

 

V – кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Нұсқау: Тапсырмадағы сұраққа ойланып жауап беру.

 

Көрермендермен жұмыс.

Есептер шығару

  1. 1.     Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?

  2. 2.     Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұр. 72 сағаттан кейін күнді

көруге бола ма?

3. Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, ал аяқтарының

саны 50 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?

 

VI – кезең: «Әрі қысқа, әрі нұсқа».

Нұсқау: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше бір сөзбен

 қысқаша айту керек.

 

VII – кезең: «Тіл ұстарту».

Нұсқау:  Табиғатта байланысты өлең шумағын құрастыру.

 

Сонымен оқушылар сайыстың ақ пен қарасын шешетін кезеңде келіп жетті. Жеңіске жеткен топты білу үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Олай болса, ұщқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырыңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсіңдер демекпін. Өздеріңнің құрбыларың әдемі биден шашуын тамашалайық.

Келесі кездескенше аман болайық!

 

 

 

САБАҚТЫ ӨЗІНДІК ТАЛДАУ

 

«№7 орта мектебі» ММ

Мұғалім аты-жөні: Балапашева Гүлмира Бидоллақызы

Күні: 20.09.2013ж.

Түрі: Зияткерлік сайыс (сыныптан тыс сабақ)

Сынып: 3 «Ә»

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!»

Сынып бойынша қысқаша мәлімет: Барлық оқушының сабаққа яғни әсіресе зияткерлі сайысқа деген ынталары мен қызығушылықтары өте жоғары деңгейде. Себебі, кез-келген тапсырмаларды дұрыс шеше білуге, қарсы топпен жарыса біліп, өз ойларын толық жеткізе білуге, күш сынасуға дағдыланған. Жалпы сыныптың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау қабілеттері жақсы дамыған.

Сайыста келесі мақсат-міндеттер іске асырылды:

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте  сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Міндеті:

  1. 1.     Тәртіп сақтау;

  2. 2.     Бір-бірінің сөзін, ойын тыңдау;

  3. 3.     Өз ойларын жеткізе білу;

  4. 4.     Білім, білік және дағдыны қалыптастыру.

Сайыста төмендегідей құралдарды қолдану арқылы жүргіздім:

  1. 1.     Түрлі кезеңдердегі тапсырмалар түрі(таратпа карточкалар);

  2. 2.     Интерактивті тақта

Сайыстың түрі мен типіне байланысты төмендегідей құрылымдар құрастырылды:

  1. 1.     Оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын арттыру;

  2. 2.     Дүниетануымын қалыптастыру;

  3. 3.     Шығармашылық ойлауды дамыту;

  4. 4.     Сайыстың әр түрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігін арттыру.

Сайыстың кезеңдері:

1-кезең; «Таныстыру»

2-кезең; «Жүйрік болсаң, шауып көр»

3-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

4-кезең: «Әрі қысқа, әрі нұсқа»

5-кезең: «Ойна да ойла»

6-кезең: «Ойлан, тап!»

7-кезең: «Тіл ұстарту»

Сайыста бақ сынасқан 2-топ «Алғырлар» мен «Тапқырлар» тобы өз мүмкіншіліктерін түрлі кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің қаншалықты білімді меңгергендерін сынап, көрсете білді. Топпен бірлесе отырып нақты жауап шешу, орындау, тексеру, сайысу, топ үшін бар мүмкіншілігін құр жіберіп алмау, ұпай санын көп жинау  сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре алды. Екі топтың жалпы ұпай сандарын әділ-қазы мүшелері ақылдаса шеше отырып, «Алғырлар» тобы І-орынға, ал «Тапқырлар» тобы ІІ-орынға иеленгенін айтып, сыйлықтармен марапаттады. Оқушыларға сайыс ұнады. Мұғалімнің сайысқа қойылған мақсат-міндетіне толықтай жете білді.

1топ

Топтың аты: «Алғырлар».

 

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

           Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

 

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

                 Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

                  Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

                  Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

   

 

 

2топ.

Топтың аты: «Тапқырлар».

 

Ұраны:Белікті бірді жығады

             Білімді мыңды жығады

 

Сәлемдесу:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

                 Көрсетеміз бізде қандай күш барын

               Алға қойған мақсатымыз бір екен

              Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

 























Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар! Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз!

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз 
Әр таңды бақытпенен атырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға 
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң 
Отбасыларымызды шақырамыз. 
( Музыка ойнап тұрады) 
1. « Қайсар тобы» 

2. «Барыс тобы» 
3. «Қыран тобы» 
4. «Ақ отау тобы» 

Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңіздер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңіздер! 
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін. 

Сайыстың бағдарламасында 
-Топтың аты;ұраны, топты таныстыру 
-; 
5 тур: 
- Қаппен жүгіру 
- Доппен жарыс 
- Жүгіреміз де секіреміз 
- Су бетінде секіру
- Шарды жару 
- Дартс. 
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. 
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
Сайысымызды бастаймыз. 
Мұғалім: Өнер қуып отбасы өтер дейміз, 
Бір басына өнері жетер дейміз. 
Сайысқа келген топтар кезектесіп. 
Таныстырып өздерін кетер дейміз. 
1 турымыз ұраны отбасымен таныстыру 
1-ші «Қайсар» тобын ортаға шақырамыз 

Өздерін таныстыру.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз

2-ші «Қыран»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны 
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап трмаспа
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
3-ші «Барыс»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз. 

Нұрғалиевтер отбасы.
Қане,қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізд шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.
5-ші «Ақ отау» тобын шақырамыз 
Қане,босқа арап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық., 
Әділ-қазы алқасы сіздердің барлық топта эмблема барын ескеру бағаларыңыз
Ойнайық, ойнайық та ойлайық! 
Қатардан артта қалып қоймайық, 
Белсенді болайық ортада, 
Уақытты тектен-тек жоймайық! 
Олай болса, екінші турымызға өтеміз. 
Қаппен жүгіру, ойынның шарты уақыт санағы басталды деген белгіден бастап алдымен оқушы-баламыз, кейін анасы, соңында әкесі аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу. 
Сәт сапар, бастаймыз! 
Жақсы! Керемет! Әділ-қазы алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?! 
Келесі біздің турымыз үшінші тур алға қойылған бөгеттерден допты секіртіп жүру.Рахмет! 
Әділ-қазы алқасы сіздердің бағаларыңыз! 

Шынықсаң шымыр боласың, 
Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 

Ойынымызды жалғастырамыз, 4 турымыз «Жүгіреміз де секіреміз» 
Қолданыс табатын заттар: 3 волейбол добы, 3 обруч, 3 скакалка (2 әрбір командаға бір бірден). 
Екі тізесімен әкелер допты қысып, жерде жатқан обручқа дейін жетуі тиіс, оған жеткен соң допты қойып, скакалкамен секіріп келу керек, ал анасы скакалкамен обрусқа дейін секіріп, допты тізесіне қысып орнына дейін келуі тиіс.

Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.. 

Ойынымызды жалғастырамыз, 5 турымыз «Су бетінде секіру» 
Қолданыс табатын заттар: 6 обруч (әрбір топқа екі екіден) 
Бұл жарыста аналар мен балалар ойнайды.. Ойынды судан аясын былғамай өту.Анасының қолына екі обруч беріледі,біріншісін алдына лақтырып соның үстінен лақтырады, сол жерде тұрып екіншісін оның үстіне тұрады...яғни солай орнына қайтып оралғанша жалғаса береді. 

Келесі біздің 5 турымыз «Шарды жару» 
Қолданыстағы заттар: 5шар. Шарты: шарды шешіп алып 1-2 Минутта шарларды

Келесә турымыз кл клюшка мен кішкентай допты кедергілерден алып өту.
Жан әке, шертіп сезіп 
Домбырасын 
Кеудемді қуанышқа толтырасың 
Арманның асқарына құлаш ұрсам 
Алдымда асқар тау боп 
Сен тұрасың демекші асқар тауға теңелетін жан әкелеріміз келесі турымызда жол сіздерде.. 
Сонымен келесі соңғы сегізінші турымыз дартс

Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
Олай болса біздің әділ –қазыларға соңғы турымызды және қорытынды баға бергенше, сіздерді,яғни отбасыларды қолдап ата-ана ұжымы келіп отыр...ортаға шықарамыз. 

Әділ-қазы алқасы сіздерге сөз беріледі! 
Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз! 
Мараппаттау рәсімі! 
Біз қазақпыз, 
Ел үшін атқа мінген. 
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген, 
Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын, 
Отбасылар ел қамын сақтап жүрген 
демеші бүгін алтын уақыттарын қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

VII. «Арқан тарту» ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.

Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Осымен сайысымыз аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.02.2019
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі