Қазақстан - мейірімділік мекені

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан - мейірімділік мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына бір көмегі болар. Өзімнің екі бірдей оқушым эссе байқауына өз туындыларын ұсынған болатын. Сондықтан сол екі эссені көпшілікке ұсынып отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан – мейірімділік мекені

Адам деген ардақты ат

Қазақстан деген құзіретті, қадірлі елдің бір перзенті екендігімді үлкен әріппен мақтанып тұрып айтар едім.Өйткені, Қазақстан - төл теңгесі, шырқап айтар гимні, елтаңбасы, ең бастысы мемлекеттік тілі бар елу елдің қатарына енген керемет мемлекет емес пе?

Қазақстан – менің Отаным.Отанын сүймейтін адам жоқ шығар.Мен де Отанымды кішкене ғана жүрегіммен сүйемін, құрметтеймін.

Қазақстан атты осынау мемлекетте қаншама ұлт өкілі өмір сүріп жатыр.Бірақ олар «сен өзбексің немес сен кәріссің» деп бірін – бірі бөліп жатқан жоқ.Қайта бір – бірімен бауыр болып, ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр.Бірлікте, ынтымақтастықта адам өмір сүруі үшін адамның бойында мейірімділік, көргенділік болуы керек емес пе?

Ал қонағына баласынан жасырғанын аямай төгіп салатын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін қазақ деген бауырмал елдің қанында мейірімділік кішкене кезден қалыптасқан.

Баласы атқа шапса, тақымын қысатын қазақ халқы «баланы – жастан» демей ме?

Кіп – кішкентай кезінен тәрбиеленген бала, өзі – ақ ертең әке – шешеге берген тәрбиесін қарымта етіп қайтарары сөзсіз.Бала – ата – анадан көргенін жасайды, қайталайды.

Үш –ақ ауыз сөзбен тәрбие берген қазағым «Ұят болады, обал болады, жаман болады» деген сөздерді жиі – жиі қайталап, ұрмай – соқпай үлкен тәрбие беріп келе жатыр.

Адам болып өмірге келген соң, адам өмірден көп нәрсе алады, көп нәрсе түйеді. Бірақ адам ең бірінші тәрбиені ата – анадан алады.

Адамның бойындағы жақсы қасиеттерге: адамгершілік, ибалылық, жомарттық, сыпайылық, кішіпейілділік, шыншылдық тағы басқалары жататынын бәріміз білеміз.Осы адам бойындағы қасиеттердің ішінде мейірімділік қасиеті ең бірінші болып саналады. Адам қанша мейірімді болса, сонша жақсылық жасай алады.Ал сол мейірімділік қасиетті адам бала жастан жадына сіңіретіні жасырын емес.

Мейірімді адам «мен ең мейірімді адаммын» деп айқайламайды.Мейірімді адам өзінің біреуге жасаған мейірімін бұлдамайды, қайталап айтпайды.

Сонда мейірімді адам деген қандай адам?

Мейірімді адамның ең бірінші жүрегі жұмсақ, бетінде күлкісі бар иманды болуы керек деп ойлаймын.Жүрегі жұмсақ адам тек жақсылық жасайды.

Адам жақсылық жасаса да – өзіне, жамандық жасаса да – өзіне.Жақсылық екі еселеп қайтап айналары атйпаса да түсінікті жайт. Ал жамандықтың арты өзіне айналып келетіні тағы бар.Сондықтан Алланың берген жасында, Құдайдың сыйлаған ғұмырында тек жақсылық жасап жүргенге не жетсін?!

Адамдардың бәрі бірдей, адамдардың бәрі мейірімді.

Ал сонда қандай адам мейірімге зәру? Біздің өмір сүріп жатқан дәуірімзде мейірімге зәру адамдар деп мен жетім балаларды айтар едім. Жетімін жылатпаған халық жетімге барынша жақсылық жасап, мейірімін төккен. Бала – ата – анадан туғанда жетімдіктің не екенін білмейді. Құдай басқа салмасын, жетім деген бір жағы жоқ немес тұл жетім екі жағы жоқ жандар бізде кездеседі. Бірақ оларға бұндай тағдырды құдайдың өзі сыйлайды емес пе?

Олар ең бірінші ата - ана құшағын, мейірімін аңсайды.Сондықтан сондай кезде қол ұшын беріп, барынша мейірім көрсету біздің адами борышымыз.

Иіскеп, бетінен сүю, құшақтау, керек затын алып беру, маңдайынан сыйпалау – кез келген адам қолынан кеелді. Бірақ пендешілікпен кейде оны да ұмытып кетіп жатататынымыз бар.Әйтсе де, мейірімді адамдарымыз баршылық.Жетімдер үйінің балаларын бауырына басып, өз баласындай асырып алып немесе жетім баларларға қамқорлық жасап, киім – кешектерін алып беріп, оқуының ақшасын төлеп жатқандарды теледидардан көріп, қуанып қаламыз.

Мейірімділік, қамқорлықты мұқтаж адамдарға мемлекет те көрсетіп келеді.

Мысалы жетім баларға тегін тамақ беріп, киім үйлестіру, баспана беру, жұмысқа орналастыру мемлекетіміздің керемет президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатыр.

Адам өмірге адам болып келген соң мейірімділік қасиетті аса жоғары бағалап, сол мейірімділікпен о дүниеге атттанса, аламның дұрыс өмір сүргені, дұрыс жолға қадам басуы деп білемін.

Мейірімділік қасиет ақшаға сатып алар бұйым емес немесе сатып жіберетін де зат емес.

Ендеше, елім деп еңірейтін ұл – қызымыздың бойынынан мейірімділік қасиеті жоғалмасын.жанымызда тек мейірімді адамдар ғана жүрсін.Мейірімділіктің жалауы желбіресін!

Өмірімнің белгілі ғой өтері,

Сол өмірде болмасыншы бекері.

Бес саусақтың бірдей болмайтыны сияқты

Адамдар да бар емес пе не түрлі

Бірақ, бірақ, қатыгездер жойлып,

Өрге бассын мейірімділір мекені

Қазақстан – мейірімділер мекені






Қалдыбай Алтынай

5- сынып оқушысы

«Балғын дауыс» үйірмесі



Қазақстан – мейірімділік мекені

Көп ұлтты , көп тілді, ең бастысы салт – сана, ата – дәстүріне адал Қазақстан деген тәуелсіз елдің мен де бір баласы, мен де бір перзентімін.Кең байтақ елімде қаншама адам өмір сүрсе, сол адамдардың өзіндік қызықты, қиындығы бар тағдыр тартысы бар.Сол адамдардың мінезі бір – біріне ұқсамайды, бір – бірімен әр түрлі байланыста араласады.

Адам баласы адам баласынан мінезімен, ақылымен, мінезімен , бойындағы асыл қасиетімен ерекшеленеді.

Адам бойындағы асыл қасиеттерге мейірімділік жатады емес пе?

Ендеше мейірімділік деген керемет қасиет адамның бойында міндетті түрде болуы тиіс.

Қазақстан деген елімде адамдардың бәрі мейірімді.Мейірімді адамдардың бәрі қазақшылық деген керемет сөзд қолданады.Адамның адамға кеңдігі, бір – біріне деген мейірімі көзге көрінбейді, іс жүзінде ғана болады.

Мен де мейірімділік қасиетті өз үйімде өз ата – анамнан алдым.

Кіп – кішкентай шырылдап жерде құлап жатқан балапанды көргенде, кез келгеннің жүрегі ауырары белгілі.

Мен өзім адам түгіл жер бетіндегі жәндіктерге де қатыгездік жасамаймын.Өйткені, олар да табиғаттың бір бөлшегі, пір перзенті.

Ендеше, елімнің ертеңін ойлайтын жас адам ең бірінші мейірімділік қасиетті үйрену керек. Адамдар бір – біріне мейірімді болуы керек.

Мейірімді адам жұмаққа барады. Мейірімді адамның әрдайым жолы болады. Мейірімді адамның бағы жанады. Мейірімді адам өмірде жақсы өмір сүреді.

Елімізде мейірімді адамдардың тобы, тобыры көбейсін!

Қазақстан – мейірімділер мекені. Адамдардың бәрі мейірімін шашып, әрбір ісіне жауапкершілікпен қараса, өмір мәнді, сәнді болар еді.

Мейірімді адамдардан құралған Қазақстаным жайнасын, жарқырасын, тасысын!

Қазақстаннның Астанасындағы Бәйтеректің өзі барша жанға мейірімін шашып тұрғандай .Қазақстан жасасын!







Мұрат Айзада

Форт –Шевченко мектеп – интернаты

7-сынып оқушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2018
2450
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі