Материалдар / «Қазақстан – көпұлттың ортақ үйі» музыкалық кеші.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қазақстан – көпұлттың ортақ үйі» музыкалық кеші.

Материал туралы қысқаша түсінік
1-мамыр-бірлік күніне сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2021
275
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы

















«Қазақстан – көпұлттың ортақ үйі» музыкалық кеші















Тәрбиеші:

Баймуратова Н.Ж.















Ақтөбе2021ж

(мамыр)

Тақырыбы: «1-мамыр – Бірлік күні»

Мақсаты: Балаларды достыққа, ынтымақтастыққа және бірлікке баулу.

Мерекелік іс-шараның ашылуына сәлемдесу биі.

1 - жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші
«1-мамыр – Бірлік күні» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!
1-жүргізуші
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың белгісі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
2 - жүргізуші
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
1 - жүргізуші
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.
2 - жүргізуші
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келе
Бірлік күніне арналған өлең шумақтарын тамашалаңыздар!


Ақгүл: Кең-байтақ жеріміз,
Татулық тұрағы.
Бауырмал еліміз,
Ынтымақ ұраны.
Жаңғыртып даланы,
Шырқап ән салады.
Халықтар достығы –
Бірліктің қамалы.
Қызыққан шартарап,
Береке – тірлігі.
Құрған сән-салтанат,
Жарасқан бірлігі.


Азамат:Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.


Бекзат: Берік болса бірлігім –
Биік болар жұлдызым.
Бақытты боп ұл-қызым,
Күлімдесін нұр-жүзім.


Зухра: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!


Вячеслав:Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!


Ермек:Бірінші мамыр достық күні,бірлік күні
Ұлттардың қосылатын басты күні
Бір ұлт болып,бір жерде бірігеміз
Бір елде мәңгі өмір сүреміз.
Бірлік достық айырылмас әніміз
Бірге жүріп,бірге оны шырқаймыз
Өзбек,орыс,түрік бол
Дос болудан қашпаймыз


1 - жүргізуші
Б
ұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
2 - жүргізуші
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр
1 - жүргізуші
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
2 - жүргізуші
Көрініс: «Бірлік»
Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсы
сыңды біртіндеп құртады.
1 - жүргізуші
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын. - дей келе
«Ақ көгершін» әніне кезек берейік.


Ақ көгершін, көгершін,

Қолғанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

 

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

 

Тыныш-бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

 

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына


2 - жүргізуші
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.


Би «Попурри»


1 - жүргізуші
«1-мамыр – Бірлік күні» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!