Қазақстан флорасындағы Delphinium L. туысына жалпы сипаттама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан флорасындағы Delphinium L. туысына жалпы сипаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ақпарат еліміздің флорасын зерттеушілерге таптырмас мәліметтер қоры болмақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚАЗАҚСТАН ФЛОРАСЫНДАҒЫ DELPHINIUM L. ТУЫСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Белгілі бір аймақтардың өсімдіктерін зерттеп білу Қазақстанның өсімдіктер әлемі жөніндегі зерттеулерді толықтыра түседі және ұқыпты пайдалануда көмегін тигізеді. Зерттеу жұмыстарының көптігіне қарамастан кең байтақ Қазақстанның жабайы табиғатының пайдалы өсімдіктері әлі толық зерттеліп бола қойған жоқ.

Қазақстанда халық емшілігінде өте ерте кезден пайдаланып келе жатқан, бау-бақшаның көркіне айналған Ranunculaceae Juss. тұқымдасының Delphinium L. туыстарының көптеген түрлері таралған. Қазіргі уақытта халықтық медицинаға деген қызығушылық артып келе жатқанда барлық мүшелері биологиялық активті заттарға бай туыс өкілдерін зерттеу өзекті болып тұр.

Өсімдіктер жамылғысы – толық зерттеліп бітпеген Қазақстанда халық емшілігінде өте ерте кезден пайдаланып келе жатқан, бау-бақшаның көркіне айналған сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) кең таралған.

Сарғалдақтар тұқымдасы (Ranunculaceae) — қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдасы. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі.

Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, Қазақстанда 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіні – тегеурінгүл (Delphinium L.).

Тегеурінгүл (Delphіnіum) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдемдері мен Африканыңтропиктік тауларында кездесетін 250-дей түрі белгілі. Қазақстанда 28 түрі бар, оның 4 түрі – эндемиктер.

1. Delphinium mirabile Serg. - ғажап тегеурінгүл – живокость удивительная

2. D.sauricum Schischk. - сауыр тегеурінгүлі – живокость саурская

3. D. inconspicuum Serg. - белгісіз тегеурінгүл – живокость незаметная

4. D.elatum L. - биік тегеурінгүл – живокость высокий

5. D.laxiflorum DC. - сирек гүлді тегеурінгүл – живокость редкоцветная –

6. D.dictyocarpum DC. - торжеміс тегеурінгүл – живокость сетчатоплодная

7. D.altaicum Nevski. - алтай тегеурінгүлі – живокость aлтайская

8. D.cheilanthum Fisch. - ерінгүл тегеурінгүл – живокость губоцветная

9. D.grandiflorum L. - ірігүл тегеурінгүл – живокость крупноцветная

10.D.consolida L. – дала тегеурінгүл, арам тегеурінгүл, сүмелек, зәлел – живокость полевая

11.D.dasyanthum. Kar. et Kir. – түктігүл тегеурінгүл - живокость пушистоцветковая

12. D.corymbosum Rgi. - бұтақты тегеурінгүл – живокость ветвистая

13. D.cyananthum Nevski. - көк гүлді тегеурінгүл – живокость синецветковая

14. D.divaricatum L. – тарбақ тегеурінгүл – живокость растопыренная

15.D.camptocarum Fisch.- иілген жемісті тегеурінгүл - живокость согнутоплодная

16. D.songoricum Nevski. – жоңғар тегеурінгүлі – живокость джунгарская

17. D.rugulosum Boiss. – живокость мелкоморщинистая

18. D.paradoxum Bge. – ерекше тегеурінгүл – живокость необыкновенная

19. D.mirabile Serg. – таңғажайып тегеурінгүл – живокость удивительная

20.D.oreophilum Huth in Engl. – таусүйгіш тегеурінгүл – живокость горолюбивая

21. D.confusum M. – шатасқан тегеурінгүл - живокость спутанная

22. D.iliense Huth in Engl. – Іле тегеурінгүлі – живокость илиская

23. D.corumbosum Rgl. – жапырақты тегеурінгүл – живокость ветвистая

24.D.laxiflorum DC. – сиректүсті тегеурінгүл – живокость редкоцветная

25.D.longipedunculatum Rgl. – ұзынаяқты тегеурінгүл –живокость длинноножковая

26. D.batalini Huth in Engl. – Баталин тегеурінгүлі – живокость Баталина

27. D.puniceum Pall. – қырмызы тегеурінгүл - живокость пунцовая

28. D.karataviense Pavl. – каратав тегеурінгүлі – живокость каратавская

Тегеурінгүлдер (Delphinium L.) көп жылдық сәндік өсімдіктер арасында алдыңғы орындардың бірінде тұрады. Ерте заманнан бері тегеурінгүлдерді тек гүлінің әсемдігі үшін ғана өсіріп қоймаған. Оған дәлел: Солтүстік Америкада үндістер гүлінен "көгілдір ұн" деп аталатын зат алып, оны қабырды сәндеу үшін пайдаланған; Монғолияда улануға қарсы пайдаланса, қазіргі кезде Иран мен Ауғаныстанда әйгілі парсы кілемдерін бояу үшін жуғанда кетпейтін тұрақты бояулар алады.

Тегеурінгүлдер туысының жеке түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері, географиясы мен экологиясы жөнінде деректер көптеген флористикалық еңбектерде және Ranunculaceae тұқымдасының аймақтық зерттеулерінде кездеседі. Қазіргі кезде отандық тегеурінгүлдерден 40-қа жуық алкалоид түрлері табылып зерттелген. Тегеурінгүлдерден табылған метиллекалонитин, кондельфиннің басқа кураре тәрізді әсері бар алкалоидтардан ерекшелігі асқазанда сіңіріледі.

Тегеурінгүлдердің зигоморфты гүлдерінің жеке жапырақшалары жапыраққа ұқсаған тостағанша жапырақшадан құралған. Гүлінің өзіне тән бір ерекшелігі – тегеуріннің болуы. Өсімдіктердің қазақша тегеурінгүл аталуы осыған байланысты болуы керек, ал латынша Delphinium деп аталу себебі тегеуріннің дельфинге ұқсастығынан болуы мүмкін. Ол үстіңгі тостағанша жапырақшаның воронка тәрізді кеңейген жерінде орналасады. Тегеурінде екі балшырын жолы болады. Туыстың кейбір түрлерінде тегеуріндер қысқа, ұзындығы 5-6 мм ғана. (мысалы, D. inconspicuum Serg., D. dictyocarpum), ал екінші біреулерінде ұзын (мысалы, D. comptocarpum Fisch.et Mey., D. divaricatum Ldb., D. sauricum Schischk, D. etatum L.). Әдебиеттерде, бұл өсімдіктерді «бақтың көк түсті таңғажайыптары», «көк таңдар патшасы» деп те атайды. Көгілдір немесе қара көк түсті күлтеде ірі ақ немесе қара дақтар ерекше әдемілік беріп тұрады. Тегеурінгүлдердің гүлдері 3-15 гүлден тұратын сыпыртқы гүлшоғырға жинақталған. Гүлшоғырдың үстіңгі гүлдері астыңғы гүлдерге қарағанда ерте ашылады. Кейбір түрлерінде пирамида тәрізді жай немесе бұтақтанған гүлшоғырлар да кездеседі, онда қысқа немесе ұзын гүлсағақты 50-80 гүлдер болады. Мұндай гүлшоғырда гүлдері төменнен жоғары қарай ашылады. Бұл ерекшелік айқас тозаңдануға мүмкіндік береді. Туыстың кейбір түрлерінде тегеуріндер қысқа, ұзындығы 5-6 мм ғана. (мысалы, D. inconspicuum Serg., D. dictyocarpum DC), ал екінші біреулерінде ұзын (мысалы, D. comptocarpum Fisch.et Mey, D. divaricatum Ldb., D. sauricum Schischk., D. etatum L.). Гүлі әдемі көк түсті болғандықтан өсімдіктерді сәндік мақсатта көп өсіреді. Көгілдір немесе қара көк түсті күлтеде ірі ақ немесе қара дақтар ерекше әдемілік беріп тұрады.



1 сурет - Тегеурінгүлдердің гүлінің құрылысы


1 – жоғарғы тостағанша, 2 – бүйір тостағанша,3 – төменгі тостағанша, 4 – гүлсағақ.


Тегеурінгүлдердің жапырақтары пішіндері жағынан өте әртүрлі. Көпшіліктерінде төменгі және ортаңғы жапырақтар дөңгелек пішінді 3,5,7 бөлікті, тіпті кейбір түрлерінде жапырақтар бірнеше рет қауырсын бөлікті болады. Жапырақтарының сигменттері ромб тәрізді тісті немесе ара тісті жиекті келген. Кейде жапырақтардың бөліктері бір-бірінен алшақ кетсе, кейде жиі жақын орналасады. Жапырақ тақтасының тілімделуі жоғарыдан төмен қарай азаяды.

Көптеген тегеурінгүлдердің тамырлары шашақ тәрізді болғандықтан негізгі тамырлары болмайды, тамырсабақ түзіледі. Ірі өсімдіктерде тамырдың орталық бөлімі біртіндеп өле бастайды, ал бүйір өркендері жеке бір өсімдікке айналады. Өсу үрдісінде тамырсабақ топыраққа 6-7 см енеді. Топыраққа енген тамыр қосалқы тамырдың өсуін қамтамасыз етеді. Тамыр жүйесі топырақтың құрамы әсіресе ондағы ылғал мөлшеріне байланысты дамиды. Құмды және тасты жерлерде тамырсабақ орнына бірталай тереңдікке кететін негізгі тамыр пайда болады. Бір – екі жылдық тегеурінгүлдерде кіндік тамыр жүйесі қалыптасады. Оңтүстіктің далалы және шөлейт жерлерінде өсетін тегеурінгүлдерде пішіні мен мөлшері әртүрлі түйнек жасалады. Мұндай өсімдіктер әдетте көктемде гүлдейді де, құрғақшылық кезеңде және келесі жылға дейін тыныштық күйге енеді. Ең ұсақ түйнектердің мөлшері бұршақ тәрізді болады.

Қолдан отырғызған тегеурінгүлдер туысының өкілдерінің жер асты мүшесі – шашақ тәрізді тамырлары бар тамырсабақ болып келеді. Өскіндерінің алғашқы сабақты қоректендіруші негізгі тамыры гүлдеген соң қызметін тоқтатады да, жаңа жас сабақтардың төменгі бөлігінен пайда болған тамырлармен алмасады Көпшілік авторлар еліміздің түрлі ендіктерінде болатын өзгерістердің өсімдіктердің жер асты мүшелерінің өсіп, қалыптасуында үлкен роль атқаратындығын ескермегендіктен де олардың тамыр жүйесінің құрылысы туралы қате қорытынды жасайды.

Ең жиі кездесетіні – биік тегеурінгүл (Delphіnіum elatum) және көкгүлді тегеурінгүл (D. cyananthum Nevski).

Биік тегеурінгүлдің ересек тамырының анатомиялық құрылысын зерттеу барысында ақезу бәрпінің тамырында байқалған ерекшеліктерді де кездестіреміз. Тамырдың қабық паренхимасында түзуші ұлпаға ұқсас ұсақ жасушалар тобы бар. Ол жаушалар паренхиманың арасында шеңбер құра орналасып, әр жерде шашылып жатыр. Олар эндогенді жолмен жасалатын жанама тамырдың бастамасы болар деген қорытынды жасаймыз.

Биік тегеурінгүлдің сағағында төрт ашық коллотеральды ірі шоқтар арасында тұйық коллотеральды орташа және ұсақ көлемді шоқтар жатыр. Шоқтар сыртынан склеренхимамен қоршалған. Механикалық жасушалар шоқтың сыртын айнала қоршап жатады. Механикалық жасушалар өте қалыңдап кеткен және тығыз орналасады. Жас тамырдың көлденең кесіндісінде паренхима жасушаларында жинақталған заттар өте көп.

Зерттеу нәтижесінде сағақтың үлпекқабаты екі қатар жасушалардан тұратындығы анықталды. Жасушалардың мөлшері шамамен бірдей және өте тығыз орналасқан.Үлпекқабаттың астында колленхима топтаса орналасып, қырлар түзеді. Соның салдарынан мәдени түрде үш қырлы, биік тегеурінгүлде екі қырлы жарты ай тәрізді сағақ пайда болады.

Сағақтың әр қырында ірі ашық коллотеральды шоқтар бар. Мәдени тегеурінгүлдің қырларында колленхима мөлшері көп болғандықтан, үшкірленіп “киль” түзеді. Сондықтан биік тегеурінгүлге қарағанда ірі шоқтар үстіндегі склеренхима мөлшері де ірі болып келеді. Мәдени тегеурінгүлдің сағағы қос қатар үлпекқабатпен қоршалғанымен, кей жерлерде үлпекқабат астында ауа жинаушы қуыстарды көреміз. Қос қатар үлпекқабат «киль» тұсында қабық паренхимасымен нашар байланысқандықтан кесінді жасаған кезде ажырап та кетеді.

D. cyananthum Nevski-Көкгүлді тегеурінгүл

Биіктігі 70-100 см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік; сабақтары түксіз, жалаңаш, тек сабағының түп жағы аздап түкті. Ұзындығы 1 см-дей қысқа гүл сағақты гүлдері бұтақтанған шашақ гүлшоғырының төменгі жағында тығыз орналасып, төбесіне қарай сирейді. Гүл сағағы тығыз орналасқан имек түктермен қапталған. Гүл жапырақтары біз тәрізді немесе кейде қандауыр тәрізді, гүлдің түбіне жақын орналасқан, ұзындығы 1,5-5 мм, ені 0,5-1 мм. Гүлдері ашық-көк немесе қою көгілдір, гүл серігі қалың түкті, жапырақшалары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 1-1,1 см, тегеурін көлденең немесе аздап иіліп орналасқан, ұзындығы 1,1-1,3 см және түп жағының жуандығы 3 мм, шырын жолдары және стаминодийлері көк. Тығыз түкпен қапталған үш таптама жемісі бар. Шілде - тамыз айларында гүлдейді.

Жапырақ сағағы жалаңаш, кейде сирек ұсақ түктері бар; жапырақ тақтасы дөңгеленген жүрек тәрізді, жиектері мен жүйкелерінің астыңғы жағында қысқа түктер кездеседі, үстіңгі жағы түксіз, терең саусақ салалы болып 5-7 кең ромб тәрізді бөліктерге бөлінген; ортаңғы бөлік бүйірлік бөліктерге қарағанда тереңірек тілімделіп 3-5 тілімге бөлінген; ортаңғысы ірі өткір үштісті және бүйір тілімдері әртүрлі 1-2 тісті, бүйір жағының тісшелері ортаңғыға ұқсайды.

Екпе тегеурінгүлі. Ол – биіктігі 30 – 50 см шамасында болатын, бір жылдық шөп тектес, улы өсімдік. Гүлі көк түсті болады. Өсімдіктің өне бойы улы. Оның құрамында көп мөлшерде улы алколоидтар бар. Улылығының күштілігі бойынша бірінші орында – тұқымы, екінші орынды – жапырағы, үшінші орынды – гүлі, одан кейінгі орынды сабағы алады. Практикада бұл шөппен қой мен ірі қараның жиірек, ал жылқының сирек уланатыны анықталды.

Тегеурінгүлдің бірқатар түрлері медицинада қолданылады. Соның ішінде Шығыс Қазақстанда кездесетін үштармақ тегеурінгүл, ерінгүл тегеурінгүл, түкті тегеурінгүл, торжеміс тегеурінгүл, алтай тегеурінгүлі, дала тегеурінгүлі, биік тегеурінгүл ерте заманнан бері халық емшілігінде адамның асқазан, жүйке, тіс ауруларын, мерез және әр түрлі жарақаттарды емдеуде пайдаланады. Сондай-ақ, үштармақ тегеурінгүлден сары, дала тегеурінгүлінен қара-көк бояу алады (1 – кесте ).

Халық арасында тегеурінгүлдер қарлыған шөп, сүмелек, сепсегүл деген аттармен де таныс. Дәрілік мақсатта пайдалану үшін бұларды жаз бен күз айларында жинап алып, турап кептіреді.

Delphinium L. күн сәулесі жақсы түсетін ашық алаңқайларда, тау беткейлерінің бұта-қараған арасында өсетіндіктен ксерофиттік қасиеті басым. Өзен аңғарларында қалың бұта, ағаштардың арасында кездесетіндіктен анатомиялық құрылысындағы мезофитті белгілері де анықталған.

Зерттелген түрлердің жапырақ алақаны саусақ салалы телімделіп, ұзын сағақ арқылы сабаққа бекінгенімен, сағақтардың ұзындығы жапырақ алақанының көлеміне сәйкес төменнен жоғары қарай қысқарады. Жапырақ алақанының домалақ пішіні екі рет ромб тәрізді телімделген, ірі ара тісті, 3-7 бөлімді саусақ салалы жалаңаш болады.

Тегеурінгүл жапырағының тек астыңғы үлпекқабатында лептесіктер ретсіз таралып жатқандықтан эпистомалық жапырақтар тобына, ал лептесік аппараттары энергетикалық тұрғыдан пайдалы, онтогенез ұзақтығы ең қысқа, аналық жасушаның екі рет бөлінуі арқылы жасалатындықтан аномоцидті лептесіктерге жатқызамыз. Жапырағының жүйке маңайында лептесіктер саны көп және лептесік көлемі ұсақ болып келеді. Көкгүлді тегеурінгүлдің лептесігі домалақ, биік тегеурінгүлдің лептесігі сопақ пішінді.

Тегеурінгүл күн көзі мол түсетін ашық, топырақтағы ылғал мөлшері төмен жағдайда тіршілік ететіндіктен, негізгі тамыры қарқынды дамып, топыраққа тереңдей еніп, кіндік тамыр жүйесі қалыптасады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі