Қазақстан футболы. Екі жақты ойын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан футболы. Екі жақты ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ойын ережесі тарихымен таныстыру. Қазақстан футболы. Екі жақты ойын (Спорттық ойын ФУТБОЛ)

Мақсаты: оқушыларға футбол ойынын ойнату

1. Білімділік: жаттығулар орындау

2. Тәрбиелік: шапшаңдық қабілеттерін қалыптастыру.

3. Дамытушылық: Оқушылардың икемділігін дамыту.

Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Құрал-жабдықтар: секундамер.

Өтілетін сыныбы: 11 А, Ә,Г,Д,Ж,З

Өтілетін уақыты:

Өтетін орны: Спорт алаңы.

Өтілетін уақыты: 45 минут

Сабақтың барысы:



С/б


Сабақтың мазмұны


Уақыт мөлшері


Әдістемелік нұсқау


Дайындық бөлімі

Сап түзел, тік тұр. Кезекшінің баяндамасын қабылдау. Сәлемдесу . Журнал бойынша тексеру. Спорттық киімдерін тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, мазмұнын түсінтіру. Саптық жаттығулар орындау. Алаңда бір қалыпта жүгіру. Бір қалыпта жәй жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

Б.қ. қолдар белде басты солдан оңға қарай 1-4 рет, оңнан солға қарай 1-4 рет айналдырамыз.

Б.қ қолдар иықта, иықтарды 1-4 рет алға, 1-4 рет артқа айналдырамыз.

Б.қ қолдар көкрек алдында 1-2 алдында, 3-4 рет қолдар жан жаққа.

Б.қ н.т. қолдарды 1-4 рет алға, 1-4 рет артқа айналдырамыз.

Б.қ. қолдар белде 1-4 рет белді солдан оңға қарай, 1-4 рет оңнан солға қарай белді айналдырамыз.

Б.қ. қолдар тізеде, тізелер жартылай бүгілген, 1-4 рет ішке қарай, 1-4 рет сыртқа қарай айналдырамыз.

Б.қ. сол аяқпен 10 рет, оң аяқпен 10 рет, екі аяқпен 10 рет бір орында секіреміз.

15 минут


Сабақты уақытылы бастау, оқушылардың спорттық киімін қадағалау.





Әр бір орындалған жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.




Негізгі бөлім


А) Теориялық тұрғыда сабақ түсіндіру кезеңі.Футбол – екі жақты команда арқылы ойналатын спорт түрі. Шарты бойынша екі командада 11 ойыншыдан болу керек. Ойыншы допты тура алып жүру кезінде аяқтың сырт жағымен, ал бұрылып немесе қарсылас ойыншыны айналып өту кезінде аяқтың іш жағымен тебеді.

Допты қарсыласынан тартып алу үшін оның қимыл-қозғалысын алдын-ала сезіп-біліп, соған орай әдістер қолданылады. Мұнда негізінен доптың қай бағытқа ұшатынын немесе ұшып келе жатқанын тез байқап, бірден шешім қабылдай білу керек.

Допты ойынға қосу. Допты ойынға қосу дегеніміз – алаң сызығының сыртына шығып кеткен допты өз ойыншыларына баратындай етіп, қолмен алаңға лақтырып енгізу. Лақтырар кезде ойыншы допты екі қолмен желке тұсынан да ұстап, сол жаққа шалқая беріп өз әріптестеріне сілтей лақтырады. Доп қолда тұрғанда аяқты жерден көтеруге рұқсат етілмейді.

Ә) Екі жақты ойын. Сынып екі командаға бөлініп, жаңа тақырыпты меңгере отырып, футбол ойынын ойнау.

25 минут

Спорттық жаттығулардың техникалық ережесін сақтай отырып орындалуын қадағалау.

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу. Кеткен қателіктерді түсіндіру. Ентікпелерін басу. Сабақтың қортындысы бойынша сабаққа жақсы (ынталы) қатысқан оқушыларды бағалау

5 минут

Оқушылардың жетістіктерін, кемшіліктерін ескере отырып бағалау.

Тыныс алу жаттығулары.


Д/ш пәні мұғалімі : Е.Смайлов

Оқу ісінің орынбасары :


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
3368
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі