Материалдар / Қазақстан халқы көптеген ұлттардан құралған.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан халқы көптеген ұлттардан құралған.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан халқының ұлттық құрамы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
164
2 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты «Атақоныс» елді мекені Абдурахман Жами атындағы №24 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі география пәнінің мұғалімі Эшбаев Шухрат Батурбекович.

Тақырыбы: Қазақстан халқы көптеген ұлттардан құралған.  

Халық сөзі көп мағынаны білдіреді (көп халық келді, халық айтады, қазақ халқы, біз Қазақстан халқымыз).Ғалымдар Этнос сөзін жеке халық (ұлт) түсінігінде қолданады. Ал онымен байланыстының бәрін этникалық (ұлттық) деген терминмен атайды (мысалы, этникалық (ұлттық) аумақ). Әрбір ұлттың өз тарихы, тілі, мәдениеті, тарихи отаны болады. Ұлттың бір бөлігі өз елінен басқа жерде тұруы да мүмкін. Оны- диаспора «шашылған») деп атайды. Халықтардың шығу тегін, әркелкі орналасуын, мөдениеті мен тұрмыс жағдайын жеке ғылым этнография немесе этнология зерттейді. Қазақстан мемлекеті аумақтағы ең көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Айта кететін жәйт тілі бөлек болғанмен тарихи тағдырымыз ортақ 130 дан астам ұлыстың өкілдері өмір сүреді. Қазақстан мемлекетінде халқының көпшілігі әрине қазақ ұлттарына басымдық беріледі. Екінші кезекте орыстар, Украиндар, Белорустар мен өзбек және тәжіктер тұрады. Қалған ұлттар ұсақ түйектен құралған халық бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бір сөзбен айтқанда ежелгі КСРО-ның құрамындағы халықтар. Мемлекетте халқы 100 мыңнан асатын алты этнос бар. Осы ұлттар бірігігіп еліміздің 96% құрайды. Ғалымдар халықтың ата тегін анықтау үшін классификациялар жасайды. Классификациялау тілдік және этникалық болып бөлінеді де ол халықтың ұқсастықтарын анықтап көрсетеді. Классификация 3 сатыдан тұрады. Біріншісі жеке халықтар, екіншісі тіл, үшіншісі әулет топтарын құрайды. Әлем бойынша қазақ ұлтының саны 13,5 млн, оның 9,2 млн-нан астамы Қазақстан мемлекетінде тұрады. Қалған қазақтар шет елдің 44 мемлекетінде 4,3 млн адам өмір сүріп жасап жатыр. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алған жылдан бастап шет елдерде өмір сүріп жатқан қандас бауырларымызды өз отанына қайтару бойынша арнайы бағдарламалар енгізілген. Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында қазақтар өмір сүреді. Қазақстанның барлық өңірлерінде орыстар бар. Әрбір Қазақстандық азамат пен азаматтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарды қалпына келтіріп жетілдіруге толық жағдай жасалған. Ешқандай ұлтты бөліп жармай оларға ҚР конституциясы кемсітушілік пен қысым көрсетуге қатаң тыйым салады. Барлық ұлттың ұйысып өмір сүрулеріне Қазақстан Республикасының жанынан Ассамблея құрылған. Қазіргі кезде Қазақстан халқында өзіндік қазақстандық рух, қазақстандық мінез, жалпы қазақстандық мәдениет қалыптасуда. Оның негізгі сипаттары - ұлттар арасындағы достық пен діндер арасындағы келісім болып табылады. Қазақстан Республикасы ұлттық діни құрамы басым көпшілігі Ислам дінін қабылдаған. Түркістанның төрінде қасиетті күмбез тұрғызылған қасиетті кесене Қожа Ахмет Йассауидің дін жолының таралуының негізін қалағанын білеміз. Әлем түркі халықтары Қожа Ахмет Йассауйді Мухаммед пайғамбардан кейінгі қасиетті адам ретінде санайды. Әмір-Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йассауиға арналып кесене тұрғызылған. Қазақстан бұл жөнінде өз алдына дербес тәуелсіз зайырлы мемлекет. Мемлекетімізге діннің әкелер пайдасы орасан зор. Себебі мусулман діні адамдық қасиеттермен тәрбиелейді. Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік Ислам(70%) сандары басым. Қазақ, Өзбек, Татар, Түрік, Ұйғыр, Курд, Тәжік, Башқұрт, Қырғыз, Чешен, Ингуш, дүнгендердің басым көпшілігі мұсылман- сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады. Орыс, Украин, Белорус, Болгар, Молдаван, Грек, Шуваш, Мордва, Удмурт пен марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен католиктер көп. Көрістер негізінен протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар барлық облыстарда, негізінен — солтүстікте, шығыста және орталықта таралған.Жалпы, елдегі дін географиясы ұлттардың әркелкі орналасуымен сәйкес келеді. Сонымен Қазақстанда халықтың полиэтникалық және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара сыйластықта өмір сүруге жағдай жасалған.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!