Материалдар / Қазақстан халқының ынтымағы мен бірілігі мерекесіне арналған концерттік бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан халқының ынтымағы мен бірілігі мерекесіне арналған концерттік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерлер мен сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2021
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесіне

арналған концерттік бағдарлама


Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі көрермендер!

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан- болашақтың жолашары» атты ЕКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналаған концертімізді бастайық деп отырмыз. 

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 

 

Сіздердің алдарыңызда концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші сахнаға шығады.

1-жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

 Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

  Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

  Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

«Ата толғауы» орындайтын «» аспаптық ансамблі

 

2-жүргізуші:

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

Дуэт: Досмагамбетова Жансая және БагитАянның орындауында «Астана кеші» әні, қабыл алыңыздар.

 

2-жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

«Аққу» биі: орындайтын Сагимбаева Фатима

 

1-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

 

2-жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

 

Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін  мектеп директорына сөз беріледі.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» 

 

1-жүргізуші:

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

 

2-жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.

 

Әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді. 1-ән, 1-қазақ биі. 

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

 

2-жүргізуші:

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

 

2-жүргізуші:

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілім сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

1-жүргізуші: 

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!»-деп сыбырлаған

Жаным менің,Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол да оның шырылдаған.

 

(Татар халық әнінің сазы естіліп,сахнаға Татар халық ұлт өкілдері шығады.

1-ән,1-биін көрсетеді.

Жүргізуші:

Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы! 

(Сахнаға Грузин халқын шақырамыз.

Жүргізуші:

Әйнегі күн,шатыры аспан,

Кең дала,төсі толқыған ән.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!

Жүргізуші: 

(Енді сахнаға Үнді ұлтының өкілдерін шақырамыз).

Ынтымағы жарасқан берек күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

(Келесі сахнаға Ұйғыр ұлтының өкілдерін шақырамыз).

 

1-жүргізуші: Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік,достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық,ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынынына кәміл сенеді.

2-жүргізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып,Қазақ елінің нығайып,өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

 

Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық 

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

 

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!

1-жүргізуші: 

Қазақ жері достықтың гүлстаны 

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Ән «Ақ көгершін»

Ән «Атамекен»-орындайтын хор.

 

1-жүргізуші: Осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды.Мереке құтты болсын ағайын!Құттықтау сөз ата-аналар атынан  сөз беріледі.

2-жүргізуші: 

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!