Қазақстан Республикасының «Масс-медиа» туралы заңы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан Республикасының «Масс-медиа» туралы заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада Қазақстан Республикасының “ Масс-медиа” заңы жайлы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының «Масс-медиа» туралы заңы


Қазіргі қоғамда ақпарат үлкен рөл атқарады. Бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, интернет сайттары) қоғамға маңызды ақпарат жеткізіп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан медиа саласының қызметі арнайы заңмен реттеледі. Қазақстанда бұл саланы реттейтін негізгі құқықтық құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының “ Масс- медиа ” туралы заңы.

Бұл заң 2024 жылғы 19 маусымда қабылданды. Бұған дейін Қазақстанда медиа саласын негізінен Қазақстан Республикасының “ Бұқаралық ақпарат құралдары” туралы заңы реттеп келген еді, алайда, уақыт өте келе ақпарат тарату тәсілдері өзгерді: интернет журналистика, әлеуметтік желілер, онлайн-платформалар дамыды. Осыған байланысты медиа саласын жаңарту қажеттілігі туындап, жаңа заң қабылданды.

Масс-медиа туралы жаңа заңды қабылдаудың басты себептерінің бірі – ақпараттық кеңістіктегі өзгерістер. Қазіргі кезде жаңалықтардың көп бөлігі интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралады. Сондықтан журналистердің құқықтарын қорғау, фейк ақпаратпен күресу және медиа саласының жұмысын жүйелеу қажет болды. Сонымен қатар заңда журналистің кәсіби мәртебесін нығайту мәселесі де қарастырылған. Журналист қоғамға маңызды ақпарат жеткізетін маман болғандықтан, оның құқықтары заңмен қорғалуы тиіс.

Масс-медиа туралы заңға сәйкес журналистің бірнеше негізгі құқықтары бар;

Біріншіден, журналист ақпаратты еркін іздеуге, алуға және таратуға құқылы. Ол мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және ресми тұлғалардан ақпарат сұрата алады.

Екіншіден, журналист қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуға құқылы. Мысалы, баспасөз конференциялары, брифингтер, сот процестері немесе ресми жиындар.

Үшіншіден, журналист ақпарат көзінің құпиясын сақтауға құқылы. Егер ақпарат берген адам өзінің аты-жөнін жарияламауды сұраса, журналист оның дерегін құпия сақтай алады.

Журналистің құқықтарымен бірге белгілі міндеттері де бар;

Ең басты міндет – шынайы және тексерілген ақпарат тарату. Журналист кез келген ақпаратты жарияламас бұрын оның дұрыстығын тексеруі керек.

Екінші міндет – адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Жалған немесе дәлелсіз ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Үшінші міндет – кәсіби этиканы сақтау. Журналист қоғамды адастыратын немесе араздық тудыратын ақпарат таратпауға тиіс.

Қазақстанда журналистердің құқықтары мен міндеттерінің қалай жүзеге асатынын көрсететін нақты мысалдардың бірі – Қуандық Бишімбаевтың сот ісі.

2024 жылы бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сот процесін көптеген журналистер мен медиа ұйымдар бақылап отырды. Алғашқы сот отырыстарында журналистердің бір бөлігі сот залына кіре алмаған жағдайлар болды.

Себебі; залдың сыйымдылығы шектеулі болды. Кейбір журналистер бұл жағдайды ақпаратқа қол жеткізу құқығының шектелуі ретінде бағалады. Сонымен қатар сот барысында алқабилердің суреттері жарияланып кеткен жағдайлар да болды. Осыдан кейін сот тәртібін сақтау мақсатында кейбір журналистерге шектеу қойылды. Бұл жағдай журналистердің тек құқықтары ғана емес, сонымен бірге міндеттері де бар екенін көрсетті. Яғни олар сот процесінің ережелерін сақтауы тиіс.

Қорытындылай келе; Қазақстан Республикасының “Масс-медиа” туралы заңы еліміздегі медиа саласын дамытуды көздейтін маңызды құқықтық құжат. Бұл заң журналистердің кәсіби қызметін қорғап, олардың ақпаратты еркін жинау және тарату құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар қоғамға шынайы, тексерілген ақпарат жеткізу үшін журналистердің жауапкершілігін де арттырады. Журналистің еркін әрі қауіпсіз жұмыс істеуі – демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан бұл заң журналистердің құқықтарын қорғап қана қоймай, олардың кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, медиа саласының сапалы әрі ашық жұмыс істеуіне ықпал етеді. Осындай құқықтық негіздің болуы елімізде цензурасыз, ашық және еркін ақпараттық орта қалыптастыруға, журналистиканың дамуына және қоғамның шынайы ақпарат алуына жол ашады.


Материалды дайындаған; Амангелді Айша Бекжанқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенті

Жетекшісі: фил ғ.к, доцент Р. С Жақсылықбаева


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі