Материалдар / Қазақстан тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сертификат алу үшін қажет. Ұстаз тілегі сайтынан өте тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2021
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ диаспорасы мен ирреденттері

«Диаспора» деген сөздің өзі грек тілінде «шашырау», «шашырай орналасу» дегенді білдіреді, яғни ұлт шашырандысы деп қолдануға болады. Әу баста Палестинадан тыс жерлерге тарап кеткен еврейлерге байланысты қолданылған болса, бүгіндері әлемдегі күллі діни және этникалық топтарға қатысты терминге айналған. Диаспора міндетті түрде көші-қонның нәтижесінде немесе салдарынан болады және осыған сәйкес қалыптасуы да әртүрлі болуы мүмкін Диаспора – жоғарыда атап өткеніміздей, миграция нәтижесінде пайда болса, ирреденттер – соғыс аннекция, даулы шекара сызықтары немесе отарлау саясаты нәтижесінде қайта бірікпей өз елінің шегінен тыс, тарихи автохтонды ұлттың шекаралас өлкелерде қалыпқойған бөлшектері болып табылады. «Ирредент» сөзі, грекше – «қайта бірікпеген» деген мағына береді .

Енді қазақ диаспорасы мен қазақ ирреденттері турасына көшелік. Әлемдегі күллі қазақтың саны шамамен 15 млн-дай болса, соңғы санақтың алдын-ала қорытындысы бойынша 10 млн.-нан астамы Қазақстанда, 5 млн.-дайы 40-қа жуық шетелдерде өмір сүріп жатыр және осы 5 млн.-ның 4 млн.нан астамы «ирредент», қалғанбөлігі«диаспора» болып табылатыны анық.«1932 жылы Қазақстан байырғы халқының 64 процентінен айрылған. Қазақстан халқының саны 1930 жылы 5,9 миллион адамнан 1933 жылы 2,5 миллион адамға дейін азайды. Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағының шекарасынан әрі асып, Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мың»,- деп көрсетеді «Қызылдар қырғыны» атты деректі зерттеу мақалалар жинағында. Дегенмен, осынау дүрбелең жылдары шетел асқан қазақтардың көбісі, әсіресе Қытайға өткендері өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін туған жерлеріне қайта оралғаны мәлім. Ал Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстанның ішкі аудандары, Тәжікстанға, Ресейге өткен қазақтардың бірсыпырасы тұрақты мекендеп қалды. Міне, осылар – қазақ диаспорасының негізгі шоғыры.Қазақ ирреденттері де өздерінің байырғы мекенінен тыс, өзі тұратын мемлекеттердің астаналары мен ірі қалаларында, өнеркәсібі дамыған өлкелерінде диаспора түрінде өмір сүріп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеудегі 12 мың қазақ соған себеп бола алады.

Сонымен, ирредент пен диаспораның ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай дейтін болсақ – екеуі де Қазақстаннан тыс жерлерде тұрады. Мәдени-рухани проблемалары да бірдей. Және оларға ұлттық құндылықтарды сақтаудағы мүмкіндігіне қарай әркелкілік сипат тән деуге болады. Ал айырмашылығы – ирреденттер – ата-бабасының мұраға қалдырған жерінде отырған қазақтар, диаспоралар – тағдыр талайымен шетелде жүрген ұлт шашырандылары.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!